Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2015 № 1021 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеңілдетілген бағаның мөлшері барлық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеке меншікке сатылатын жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының 50 пайызы болып бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.11 N 482 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі