Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2015 № 1021 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшеріне бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 37, 373-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "75" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі