"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 671 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
      21-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2), 19-3), 19-4), 19-5), 19-6), 19-7), 19-8), 19-9), 19-10), 19-11), 19-12), 19-13), 19-14) және 19-15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
      19-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
      19-3) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
      19-4) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын бекітеді;
      19-5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташелері аппараттары қызметкерлерінің қызметін және олардың қызмет өткеруі шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      19-6) жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженi бекітеді;
      19-7) азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекітеді;
      19-8) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;
      19-9) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;
      19-10) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді;
      19-11) әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекітеді;
      19-12) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;
      19-13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
      19-14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу қағидаларын бекітеді;
      19-15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекітеді;».
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 28 тамыздағы 
№ 671 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Әскери, әскери-әуе және әскери теңіз атташелер аппараттары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 тамыздағы № 892 қаулысы.
      2. «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 593-құжат).
      3. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 265-құжат).