"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:
1) мұнай және газ саласында – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
2) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласында – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2017 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына қосымша |
Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)
Ескерту. Қосымшалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2017 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы | Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
Мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялау | ||
1 | Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия |
1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; |
Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау | ||
2 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия |
1) шаруашылық және өзге де қызметтің |