Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысы

Жаңартылған

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 489 қаулысына    
қосымша        

Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)

Р/с

Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы

Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы

1

2

3

Мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялау

1

Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай- химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану

1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру;

2) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар);

3) мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

4) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды құрлықта; теңізде; ішкі су айдындарында бұрғылау;

5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);

6) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу;

7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;

8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;

9) құрлықтағы; теңіздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгілуін болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;



10) мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;



11) көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын, технологиялық регламенттерін, техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;



12) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану.

Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

2

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету

1) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық аудит.