Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 716 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, № 732-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінің барлық жылдары бойынша жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсу қарқынының көрсеткішін алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне сұраныс жібереді.".
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 113-құжат);
2) "Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 36, 257-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |