2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-1-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1188 қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет) Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
3. Мұнай секторы ұйымдарына:
1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берген, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.
Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық қорға жіберілетін және ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің шоттарына аударылатын түсімдер сомаларының алдағы айға арналған болжамын ҚР ҰБ-ға ұсынады.
5. Ұлттық қорға ұлттық валютада түсетін түсімдер Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептелген ағымдағы жұмыс күні үшін түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуы тиіс. Ұлттық қорға түсімдер сомасын аудару ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген Төлем тапсырмаларын, төлем талап-тапсырмаларын, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасының негізінде күн сайын жүзеге асырылады.
6. Ұлттық қорға жіберілетін, бюджетке артық төленген, қате немесе жаңылыс түскен сомаларды төлеушілерге қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық органдары арасында есепке жатқызу ҚР ҰБ-да ашылған Үкіметтің шоттарынан есептен шығармай, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекіткен Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүзеге асырылады. Бұл ретте Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында дебеттік сальдоға жол беріледі.
7. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотында өндіріп алу үшін жеткілікті қаражат жиналғаннан кейін қаржы нарығындағы ахуалға қарай қаражат Ұлттық қордың ҚР ҰБ-да шетел валютасында ашылған шотына есептеле отырып, теңгелік шоттан айырбасталады.
8. Шетел валютасындағы түсімдерді ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарына есептейді. Ұлттық қорға есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша ҚР ҰБ-дан үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган теңгемен алынған соманы Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызады және Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес сол жұмыс күні шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударады, ҚР ҰБ белгілеген Үкіметтің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесін сақтайды.
9. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Ұлттық қор кастодианының шоттарында Ұлттық қор активтерінің құрамында көрсетіледі.
10. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық қорға түсiмдер және ҚР ҰБ Үкiметтiң шоттарына аударымдар туралы есептi "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" нысаны бойынша Үкiметке ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне ұсынады.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған Ұлттық қорға түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің шоттарына аударады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
12. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қаражатын жұмсау Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттер түрінде, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер (бұдан әрі – Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер) түрінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді, оларға сәйкес республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге көзделгеннен аспайтын көлемде тарту жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде айлар бойынша бөлінген Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттердің бекітілген көлемін, Ұлттық қордан нысаналы трансферттердің бекітілген көлемін ҚР ҰБ назарына жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.
13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің Ұлттық қордан кепілдік берілген трансфертке қажеттілік көлемін ай сайын болжайды.
Алдағы айға Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансфертке республикалық бюджет қажеттілігінің көлемін болжау республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемінің болжамдары мен алдағы айда республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуын және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын ақпараты ескеріле отырып айқындалады.
14. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажетті көлемін аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттерді аудару ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды, оған бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды және ҚР ҰБ-ға келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде оны алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде кепілдік берілген трансферттің мәлімделген сомасын, күнтізбелік бес күн ішінде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансфертті республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.
Ұлттық қордың өтінімді/өтінімдерді орындау үшін қажетті теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайда ҚР ҰБ Ұлттық қордың шетел валютасындағы шотынан ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ-ның басқармасының қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.
15. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде айқындалған алдағы айға арналған бюджеттік ақшасы жеткілікті болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір айдың 25-күніне дейін ҚР ҰБ-ға хат жібереді, онда алдағы айға Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтінін хабарлайды.
16. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген немесе нысаналы трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
17. Өткен қаржы жылында аударылмаған Ұлттық қордан бөлінген кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында төленбеген тіркелмеген міндеттемелердің сомасынан аспайтын көлемде өткен жылдың ағымдағы бюджеттік бағдармаларын және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмауы себептерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлінісінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, республикалық бюджеттік даму бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында тіркелген шарттар бойынша төленбеген міндеттемелері бар ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесін;
2) өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы туралы ақпарат;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету арқылы төленбеген міндеттемелер бөлігінде ағымдағы қаржы жылында ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
19. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 17–18-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
19-1. Өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансферттерді толық пайдаланбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) кезекті қаржы жылына Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің тартылатын сомасын өткен жылғы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасына азайтуды;
Бұл ретте, өткен жылғы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасы кезекті жылдың Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің бір бөлігі ретінде пайдаланылады;
2) республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету жолымен Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаттың бір бөлігін қайтаруды;
3) республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету жолымен республикалық бюджетке тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады.
Ағымдағы қаржы жылында күтілетін кірістер түсімі (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) жоспарланған кірістерден (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) асып түскен кезде, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін Ұлттық қорға қайтаруды жүзеге асырады.
Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1188 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомаларын өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ның назарына жеткізеді.
21. Ұлттық қорды басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.
22. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.
23. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Үкімет арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ҰБ Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.
Ұлттық қордың хабарламаны орындау үшін қажетті қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында теңгедегі ақша болмаған немесе жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайда ҚР ҰБ Ұлттық қордың шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.
24. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ақша қозғалысын салыстырып тексеру ведомості" деген осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ай сайын шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан | |
№ ____ бет Қалыптастырылған күні ____ |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.06.2017 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 03.04.2018 № 154; 01.11.2019 № 821 қаулыларымен
_________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп
20 ___ж. есепті кезең
Индексі: ДДКСННФ- 1
Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Есеп комитеті, Ұлттық экономика министрлігі
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде
Өлшем бірлігі ________
Бiрыңғай бюджеттiк | Атауы | Жыл басынан бастап өсу қорытындысының сомасы | ||
I. Кірістер: | ||||
1 | Салықтық түсiмдер | |||
01 | Табыс салығы | |||
1 | Корпоративтiк табыс салығы | |||
05 | Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтiк табыс салығы | |||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге салынатын iшкi салықтар | |||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетiн түсiмдер | |||
22 | Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық | |||
25 | Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн бонустар | |||
26 | Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық | |||
27 | Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн экспортқа салынатын рента салығы | |||
28 | Мұнай секторының ұйымдарынан жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi | |||
29 | Мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық | |||
2 | Салықтық емес түсiмдер | |||
04 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | |||
2 | Мұнай секторының ұйымдарына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | |||
01 | Мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiпалулар | |||
02 | Мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар | |||
03 | Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат | |||
06 | Өзге де салықтық емес түсiмдер | |||
1 | Өзге де салықтық емес түсiмдер | |||
11 | Мұнай секторының ұйымдарынан түскен басқа да салықтық емес түсiмдер | |||
3 | Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер | |||
03 | Жер және материалдық емес активтер сату | |||
1 | Жер сату | |||
02 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер | |||
II. Қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер | ||||
6 | Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер | |||
01 | Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер | |||
1 | Ел ішінде қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер | |||
03 | Республикалық меншiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер | |||
07 | Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер | |||
III. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына арналған түсiмдерiнiң жиыны | ||||
IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан аударымдар | ||||
13 | Өзге | |||
9 | Өзге | |||
217 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi | |||
005 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражат аударуды ұйымдастыру | |||
349 | Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берілетін өзге ағымдағы трансферттер | |||
V. Түсiмдер мен аударымдар сальдосы | ||||
VI. Қаржы жылының басында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы | ||||
VII. Есептi кезеңнің соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы |
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы __________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) |
Есептi қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы ____________________________ (қолы, Т.А.Ә.) |
Нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 125-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Есеп комитетіне, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" кестесінде:
нысанның 1-бағанында бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың коды көрсетіледі;
нысанның 2-бағанында түсімдер атауы көрсетіледі;
нысанның 3-бағанында жыл басынан бастап өсу қорытындысының сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
трансферт бөлуге
________ ж. "__" ___________ өтінім
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақшаны
мынадай деректемелер бойынша аудару қажеттігі туралы хабарлайды:кепілдендірілген/нысаналы
(керегінің асты сызылсын)
Бюджеттің атауы | Бенефициардың атауы | Бенефициардың ЖСК | Бенефициар банктің БСК | БСН | Бюджеттік сыныптауыш коды | Төлем мақсатының коды | Теңгедегі сомасы |
Республикалық |
Бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның басшысы _________________
(Т.А.Ә., қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша шығыстарды және жыл сайынғы сыртқы аудиттi өткізуді негiздейтiн құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Үкiметінің шотынан мынадай шығыстарды есептен шығаруға келiсетiнi туралы хабарлайды:
Шығыстардың түрлерi | Теңгедегі сома |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы | |
Сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы | |
Кастодиандардың көрсетілетін қызметтері | |
Заң кеңесшiсiнiң көрсетілетін қызметтері | |
Сыртқы аудитордың көрсетілетін қызметтері | |
Басқа шығыстар | |
Сыртқы басқарушымен келiсiмдi мерзiмінен бұрын бұзған кезде туындаған шығындар | |
Барлығы |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi ____________________
(Т.А.Ә.,қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 4-қосымша |
Ай басындағы қалдық ______________
20__жылғы ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ақшасының қозғалысын салыстырып тексеру ведомосі
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері бойынша жүргізілді | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша жүргізілді | Айыр машы лық | ||||||||
Күні | төлем құжатының № | Қазынашылық комитетінің БСК | Сомасы | Күні | Төлем құжа тының № | БСК | Сомасы | |||
Де бет | Кре дит | Дебет | Кредит | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Барлығы есептелгені __________________
Ескертпе: аударылды
Ай соңындағы қалдық __________________
Айырмашылық себептері:
Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның басшысы ___________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның жауапты орындаушысы ___________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті
бөлімшесінің басшысы ________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Орталық бөлімнің/уәкілетті
Басқарманың жауапты орындаушысы ________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары
Ескерту. Нысандары жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.06.2017 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 03.04.2018 № 154; 01.11.2019 № 821 қаулыларымен.
1-нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен
пайдаланылуы туралы есеп 20 ___ж. есепті кезең
Индексі: ФФИНФ- 1
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі
Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде
Р/с № | Қаржылық есептілік баптарының атауы | Сомасы, мың теңге |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 | Есепті кезеңнiң басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, БАРЛЫҒЫ | |
2 |
Түсімдер, БАРЛЫҒЫ: | |
3 |
Пайдалану, БАРЛЫҒЫ: | |
- кепiлдiк берiлген трансферт; | ||
4 | Есептi кезеңнiң соңындағы Ұлттық қордың қаражаты, БАРЛЫҒЫ: |
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық |
уәкiлеттi органның басшысы _____________________________ |
(Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы) |
Бюджетті атқару жөніндегі орталық |
уәкілетті органның жауапты |
орындаушысы _____________________________ |
(Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы) |
1-нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің" нысаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі ________ жылға дейінгі мерзімде жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп" кестесінде:
нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
нысанның 2-бағанында қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;
нысанның 3-бағанында қаржылық есептілік бабының сомасы көрсетіледі;
2-нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп 20___ ж. есепті кезең
Индексі: ФФИНФ- 2
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.
(мың теңге) |
Қаржылық есептілік | Ағымдағы күн | Алдыңғы күн |
Активтер | ||
Ақша қаражаты және оның баламалары | ||
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары: | ||
Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар | ||
Туынды қаржы құралдары | ||
Дебиторлық берешек | ||
Активтер жиыны | ||
Міндеттемелер | ||
Туынды қаржы құралдары | ||
РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек | ||
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар | ||
Міндеттемелер жиыны | ||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
Қазақстан Республикасы Ұлттық |
Банкінің есептілікті жасауға жауапты |
бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
2-нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есептің" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп" кестесінде:
"Қаржылық есептілік бабының атауы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;
"Ағымдағы күн" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы күнгі мың теңгемен көрсетіледі;
"Алдыңғы күн" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы алдыңғы күнгі мың теңгемен көрсетіледі.
3-нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп 20___ ж. есепті кезең
Индексі: ФФИНФ- 3
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.
мың теңге |
Қаржылық есептілік бабының атауы | Ағымдағы кезең | Алдыңғы кезең |
Кірістер | ||
Сыйақы түріндегі кірістер | ||
Дивидендтер түріндегі кірістер | ||
Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан түскен таза кіріс /(шығын) | ||
Форвардтық валюталық келісімшарттардан түскен таза кіріс /(шығын) | ||
Шетел валютасымен операциялардан түскен таза кіріс (шығын) | ||
Кірістердің жиыны | ||
Шығыстар | ||
Активтерді басқарғаны үшін комиссия | ||
Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар | ||
Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар | ||
Кәсіби қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар | ||
Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорларды пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша шығыстар | ||
Шығыстардың жиыны |
__________________________________ | |
Таза пайда/(шығын) | ||
Басқа да жиынтық кіріс /(шығын) | ||
Қайта санау кезіндегі бағамдық айырма | ||
Басқа да жиынтық кіріс/(шығын) | ||
Кезең ішіндегі жалпы жиынтық кіріс /(шығын) жиыны |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
Төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
Қазақстан Республикасы Ұлттық |
Банкінің есептілікті жасауға жауапты |
бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
3-нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп" кестесінде:
"Қаржылық есептілік бабының атауы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;
"Ағымдағы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі;
"Алдыңғы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы алдыңғы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі.
4-нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп 20___ ж. есепті кезең
Индексі: ФФИНФ- 4
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.
мың теңге |
Баптың атауы | Ағымдағы кезең | Алдыңғы кезең |
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы: | ||
Таза пайда /(шығын) | ||
Мыналарға түзетулер: | ||
Қазақстанның мемлекеттік компанияларының облигациялары бойынша (дисконттың) /сыйлықақының амортизациясы | ||
РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар | ||
Әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/шығын, олардың өзгерістері кезеңдегі пайданың немесе шығынның құрамында көрсетіледі | ||
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының операциялық активтердегі және міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы | ||
Операциялық активтердің (ұлғаюы)/азаюы: | ||
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары | ||
Туынды қаржы құралдары | ||
Дебиторлық берешек | ||
Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы): | ||
Туынды қаржы құралдары | ||
РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек | ||
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар | ||
Операциялық қызметтегі/қызметтен ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы) | ||
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы: | ||
Қазақстанның мемлекеттік компанияларының облигацияларын (сатып алу)/сату немесе өтеу | ||
Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы: | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түсімдер | ||
Республикалық бюджетке аударымдар | ||
Қаржылық қызметтен/қызметтегі ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы) | ||
Ақша қаражатының және олардың баламаларының таза ұлғаюы (азаюы) | ||
Кезең басындағы ақша қаражаты және оның баламалары | ||
Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
Төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
Қазақстан Республикасы Ұлттық |
Банкінің есептілікті жасауға жауапты |
бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
4-нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің" толтыру нысанын жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" кестесінде:
қаржылық есептіліктің "Баптың атауы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;
"Ағымдағы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі;
"Алдыңғы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы алдыңғы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі.
5-нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп 20___ ж. есепті кезең
Индексі: ФФИНФ- 5
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.
мың теңге
Баптардың атауы | Түсімдер | Аударымдар | Таза пайда/ (шығын) |
Валютаны қайта бағалау бойынша резерв | Барлығы |
Таза пайда/(шығын) | _______ | ________ | _______________ | ______________ | ________ |
Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар | |||||
Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы | Түсімдер | Аударымдар | Таза пайда/ ____(шығын) | Валютаны қайта бағалау бойынша резерв |
Барлығы |
Кезеңдегі басқа да жиынтық кірістің барлығы | ___ | ____ | ________ | ______________ | ___ |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
Төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
Қазақстан Республикасы Ұлттық |
Банкінің есептілікті жасауға жауапты |
бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні |
(қолы) |
5-нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептің" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп" кестесінде:
қаржылық есептіліктің "Баптың атауы" деген бағанда қаржылық есептілік баптарының атауы көрсетіледі;
"Түсімдер" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;
"Аударымдар" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;
"Таза пайда/(шығын)" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;
"Валютаны қайта бағалау бойынша резерв" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;
"Барлығы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының жиынтық сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары
Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 113-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібін айқындайды.
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібі
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есептілік 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 133 және 134-баптарына сәйкес жүргізіледі.
2. Ұлттық қордың түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі айдың 5-ші және 20-шы күні тиісінше 1-ші және 15-ші күнгі жағдай бойынша жасайды.
3. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге, Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін енгізе отырып жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жасайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1188 қаулысымен.4. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте мыналар:
осы қаулымен бекітілген 1-нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімдері мен оларды пайдалану туралы есеп;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы есеп, ол нысандар бойынша мынадай есептерден тұрады:
1) осы қаулымен бекітілген 2-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп;
2) осы қаулымен бекітілген 3-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп;
3) осы қаулымен бекітілген 4-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) осы қаулымен бекітілген 5-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп қамтылған.
Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алудың түрлі әдістерін (есептеу және кассалық) қолдануына байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебінен есеп бойынша айырмашылық сомасы көрсетілетін жолды қамтуы мүмкін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.06.2017 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының 1-тармағына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге жүргізілген сыртқы аудиттің нәтижелері қоса берілген жылдық есепті ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1188 қаулысымен.6. ҚР ҰБ және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.