Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысы

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің     
      2015 жылғы 23 сәуірдегі
      № 267 қаулысымен  
      бекітілген     

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары    

      Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет) Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
      3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісімшарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай кезекті қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді.
      Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторының ұйымдарына жатады.
      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық қорға жіберілетін және ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің шоттарына аударылатын түсімдер сомаларының алдағы айға арналған болжамын ҚР ҰБ-ға ұсынады.
      5. Ұлттық қорға ұлттық валютада түсетін түсімдер Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептелген ағымдағы жұмыс күні үшін түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына  аударуы тиіс. Ұлттық қорға түсімдер сомасын аудару ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген Төлем тапсырмаларын, төлем талап-тапсырмаларын, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасының негізінде күн сайын жүзеге асырылады.
      6. Ұлттық қорға жіберілетін, бюджетке артық төленген, қате немесе жаңылыс түскен сомаларды төлеушілерге қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық органдары арасында  есепке жатқызу ҚР ҰБ-да ашылған Үкіметтің шоттарынан есептен шығармай, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекіткен  Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүзеге асырылады. Бұл ретте Ұлттық  қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында дебеттік сальдоға жол беріледі.
      7. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотында өндіріп алу үшін жеткілікті қаражат жиналғаннан кейін қаржы нарығындағы ахуалға қарай қаражат Ұлттық қордың ҚР ҰБ-да шетел валютасында ашылған шотына есептеле отырып, теңгелік шоттан айырбасталады.
      8. Шетел валютасындағы түсімдерді ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарына есептейді. Ұлттық қорға есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша ҚР ҰБ-дан үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган теңгемен алынған соманы Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызады және Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес сол жұмыс күні шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударады, ҚР ҰБ белгілеген Үкіметтің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесін сақтайды.
      9. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Ұлттық қор кастодианының шоттарында Ұлттық қор активтерінің құрамында көрсетіледі.
      10. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық қорға түсiмдер және ҚР ҰБ Үкiметтiң шоттарына аударымдар туралы есептi «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп» нысаны бойынша Үкiметке ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне ұсынады.
      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған Ұлттық қорға түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің шоттарына аударады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі

      12. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қаражатын жұмсау Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттер түрінде, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер (бұдан әрі – Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер) түрінде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша  қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді, оларға сәйкес республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген және  нысаналы трансферттерді қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге көзделгеннен аспайтын көлемде тарту жүзеге асырылады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде айлар бойынша бөлінген Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттердің бекітілген көлемін, Ұлттық қордан нысаналы трансферттердің бекітілген көлемін ҚР ҰБ назарына жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.
      13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің Ұлттық қордан кепілдік берілген трансфертке қажеттілік көлемін ай сайын болжайды.
      Алдағы айға Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансфертке республикалық бюджет қажеттілігінің көлемін болжау республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемінің болжамдары мен алдағы айда республикалық бюджет  шығыстарының күтілетін атқарылуын және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын ақпараты ескеріле отырып айқындалады.
      14. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажетті көлемін аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
      Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттерді аудару ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге  асырылады.
      Ұлттық қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды, оған бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды және ҚР ҰБ-ға келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
      ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде оны алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде кепілдік берілген трансферттің мәлімделген сомасын, күнтізбелік бес күн ішінде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансфертті республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.
      Ұлттық қордың өтінімді/өтінімдерді орындау үшін қажетті теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайда ҚР ҰБ Ұлттық қордың шетел валютасындағы шотынан ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ-ның басқармасының қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.
      15. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде айқындалған алдағы айға арналған бюджеттік ақшасы жеткілікті болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір айдың 25-күніне дейін ҚР ҰБ-ға хат жібереді, онда алдағы айға Ұлттық қордан  кепілдік берілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтінін хабарлайды.
      16. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген немесе нысаналы трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
      17. Өткен қаржы жылында аударылмаған Ұлттық қордан бөлінген кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының  басында төленбеген тіркелмеген міндеттемелердің сомасынан аспайтын көлемде өткен жылдың ағымдағы бюджеттік бағдармаларын және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған  кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмауы себептерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлінісінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, республикалық бюджеттік даму бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
      18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
      1) өткен қаржы жылында тіркелген шарттар бойынша төленбеген міндеттемелері бар ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік  даму бағдарламаларының тізбесін;
      2) өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы туралы ақпарат;
      3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету  арқылы төленбеген міндеттемелер бөлігінде ағымдағы қаржы жылында ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
      19. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 17–18-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
      20. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомаларын өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ның назарына жеткізеді.
      21. Ұлттық қорды басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.
      22. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.
      23. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Үкімет арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.
      ҚР ҰБ Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.
      Ұлттық қордың хабарламаны орындау үшін қажетті қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында теңгедегі ақша болмаған немесе жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайда ҚР ҰБ Ұлттық қордың шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.
      24. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ақша қозғалысын салыстырып тексеру ведомості» деген осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ай сайын шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
қорына активтерді есептеу және   
Қазақстан Республикасының     
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына
1-қосымша              

Нысан

№ ____ бет
Қалыптастырылған күні_______

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы
_________ жағдай бойынша есеп

Өлшем бiрлiгi __________

Бiрыңғай бюджеттiк
сыныптаманың
коды

Атауы

Жыл басынан бастап өсу қорытындысының сомасы

I. Кірістер:

1

Салықтық түсiмдер


01

Табыс салығы


1

Корпоративтiк табыс салығы


05

Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтiк табыс салығы


06

Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көздерiнен мұнай секторының ұйымдары ұстайтын корпоративтік табыс салығы


07

Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көздерiнен мұнай секторының ұйымдары ұстайтын корпоративтік табыс салығы


05

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге салынатын iшкi салықтар


3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түсетiн түсiмдер


22

Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық


25

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн бонустар


26

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық


27

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн экспортқа салынатын рента салығы


28

Қазақстан Республикасының мұнай секторының ұйымдарынан жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi


29

Мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi


2

Салықтық емес түсiмдер


04

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


2

Мұнай секторының ұйымдарына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


01

Мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


02

Мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


03

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат


06

Өзге де салықтық емес түсiмдер


1

Өзге де салықтық емес түсiмдер


11

Мұнай секторының ұйымдарынан түскен басқа да салықтық емес түсiмдер


3

Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер


03

Жер және материалдық емес активтер сату


1

Жер сату


02

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер


II. Қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер

6

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


01

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


1

Ел ішінде қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


03

Республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер


III. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ арналған түсiмдерiнiң жиыны

IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дан аударымдар

13

Өзге


9

Өзге


217

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi


005

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражат аударуды ұйымдастыру


349

Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiндегі өзге ағымдағы трансферттер


V. Түсiмдер мен аударымдар сальдосы

VI. Қаржы жылының басында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дағы ақша қалдығы

VII. Есептi кезеңнің соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi органның басшысы           _________________________
                                           (қолы, Т.А.Ә.)

Есептi қалыптастыруға жауапты
құрылымдық бөлiмшенiң басшысы        _________________________
                                           (қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының Ұлттық 
қорына активтерді есептеу және  
Қазақстан Республикасының     
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына
2-қосымша            

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
трансферт бөлуге
________ ж. «__» ___________ өтінім

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақшаны
мынадай деректемелер бойынша аудару қажеттігі туралы хабарлайды:кепілдендірілген/нысаналы
(керегінің асты сызылсын) 

Бюджеттің атауы

Бенефициардың атауы

Бенефициардың ЖСК

Бенефициар банктің БСК

БСН

Бюджеттік сыныптауыш коды

Төлем мақсатының коды

Теңгедегі сомасы

Республикалық
бюджет








      Бюджетті атқару жөніндегі
      орталық уәкілетті органның басшысы _________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
қорына активтерді есептеу және   
Қазақстан Республикасының     
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына
3-қосымша             

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша шығыстарды және жыл сайынғы сыртқы аудиттi өткізуді негiздейтiн құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Үкiметінің шотынан мынадай шығыстарды есептен шығаруға келiсетiнi туралы хабарлайды:

Шығыстардың түрлерi

Теңгедегі сома

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы


Сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы


Кастодиандардың көрсетілетін қызметтері


Заң кеңесшiсiнiң көрсетілетін қызметтері


Сыртқы аудитордың көрсетілетін қызметтері


Басқа шығыстар


Сыртқы басқарушымен келiсiмдi мерзiмінен бұрын бұзған кезде туындаған шығындар


Барлығы


Қазақстан Республикасының Қаржы министрi ____________________
                                           (Т.А.Ә.,қолы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық   
қорына активтерді есептеу және    
Қазақстан Республикасының       
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына  
4-қосымша            

Ай басындағы қалдық ______________
           20__жылғы ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ақшасының қозғалысын салыстырып тексеру ведомосі

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері бойынша жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша жүргізілді

Айыр
машы
лық

Күні

төлем құжатының №

Қазынашылық комитетінің БСК

Сомасы

Күні

Төлем құжа
тының №

БСК

Сомасы

Де
бет

Кре
дит

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























Барлығы есептелгені __________________
Ескертпе: аударылды
Ай соңындағы қалдық __________________
Айырмашылық себептері:
Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның басшысы ___________________________
                                 (Т.А.Ә., қолы)
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның жауапты орындаушысы ___________________________
                                 (Т.А.Ә., қолы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті
бөлімшесінің басшысы  ________________________
                           (Т.А.Ә., қолы)
Орталық бөлімнің/уәкілетті
Басқарманың жауапты орындаушысы ________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары

1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы
ЕСЕП

күнi ___________________

Р/с

Атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын (бұдан әрі – Ұлттық қор) есепті кезеңнiң басындағы жағдай бойынша қаражаты, БАРЛЫҒЫ


2

Түсiмдер, БАРЛЫҒЫ:



Оның iшiнде:
- мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оның ішінде: корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық; бонустар;
пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық;
экспортқа салынатын рента салығы;
Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi;
мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді қоспағанда) оның ішінде:
мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат;
мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер;
- республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
- инвестициялық кiрiстер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.


3

Пайдаланылуы, БАРЛЫҒЫ:



Оның iшiнде:
кепiлдiк берiлген трансферт;
нысаналы трансферттер;
Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу


4

Ұлттық қордың есептi кезеңнiң соңындағы жағдай бойынша қаражаты, БАРЛЫҒЫ:


Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілеттi органның басшысы ______________________
                              (Т.А.Ә., қолы)

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы ______________________
                                           (Т.А.Ә., қолы)

2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша

Алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша

1

2

3

Активтер



Ақша қаражаты және оның баламалары



Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары



- Ұлттық қордың меншігінде



- РЕПО мәмілелері бойынша кепілге салынған



Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар



Туынды қаржы құралдары



Дебиторлық берешек



Активтердің жиыны






Міндеттемелер



Туынды қаржы құралдары



РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек



Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар



Міндеттемелердің жиыны






Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер



Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басшысы     __________________        ________________________
                  (қолы)                       (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
бас бухгалтері
және/немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің есептілікті
жасауға жауапты
бөлімшесінің басшысы   _________________   _____________________
                             (қолы)               (Т.А.Ә.)

3-нысан
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдалары мен шығындары туралы
      20 __ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
есеп

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Есепті кезең үшін

Алдыңғы есепті кезең үшін

1

2

3

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер



Дивидендтер түріндегі кірістер



Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан түсетін таза кіріс/(шығын)



Форвардтық валюталық келісімшарттардан таза кіріс/ (шығын)



Валюталық активтерді және міндеттемелерді қайта бағалаудан таза кіріс/(шығын)



Кірістердің жиыны



Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар



Кастодиандық көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу шығыстары



Аудиторлық көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу шығыстары



Кәсіби көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу шығыстары



Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорларды пайдаланғаны үшін ақы төлеу шығыстары



Шығыстардың жиыны



Таза пайда (шығын)



Басқа да жиынтық кіріс (шығыс)



Бағамдық айырма



Кезең ішіндегі жалпы жиынтық кіріс/(шығын)



Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басшысы             __________________   ________________________
                          (қолы)                 (Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
бас бухгалтері
және/немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің есептілікті
жасауға жауапты
бөлімшесінің басшысы __________________   ________________________
                          (қолы)                 (Т.А.Ә.)

4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатының қозғалысы туралы
есеп

20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Есепті кезең үшін

Алдыңғы есепті кезең үшін

1

2

3

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Таза пайда (шығын)



Түзетулер:



Қазақстанның мемлекеттік компанияларының облигациялары бойынша (дисконттың)/сыйлықақының амортизациясы



РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар



Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/шығын



Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы






Операциялық активтердің (ұлғаюы)/азаюы:



Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары



Туынды қаржы құралдары



Дебиторлық берешек



Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы/(азаюы):



Туынды қаржы құралдары



РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек



Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар



Операциялық (қызметтегі)/қызметтен түсетін ақша қаражатының таза (пайдаланылуы)/түсуі






Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстанның мемлекеттік компанияларының облигацияларын (сатып алу)/өткізу немесе өтеу



Инвестициялық (қызметтегі)/қызметтен ақша қаражатының таза (пайдаланылуы)/түсуі






Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түсетін түсімдер



Республикалық бюджетке аударымдар



Өзге де аударымдар



Қаржылық қызметтен/(қызметтегі) ақша қаражатының таза (пайдаланылуы)/түсуі






Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы /(азаюы)



Жыл басындағы жағдай бойынша ақша қаражаты және олардың баламалары



Кезең (жыл) соңындағы жағдай бойынша ақша қаражаты және оның баламалары



Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басшысы              __________________    ________________________
                            (қолы)                  (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
бас бухгалтері
және/немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің есептілікті
жасауға жауапты
бөлімшесінің басшысы    ____________________   ______________________
                                (қолы)               (Т.А.Ә.)

5-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер туралы
есеп

20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

20 __ жылғы _____ жағдай бойынша қалдық






Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түсімдер






Республикалық бюджетке аударымдар






Өзге де аударымдар






Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы қалдығына әсері






Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және өзге де ауыстыруларға әсері






Кезеңдегі таза пайда (шығын)






20 __ жылғы _____ жағдай бойынша қалдық












Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түсетін түсімдер






Республикалық бюджетке аударымдар






Өзге де ақша аударымдары






Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы қалдығына әсері






Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және басқа да ауыстыруларға әсері






Кезеңдегі таза пайда (шығын)






20 __ жылғы ______ жағдай бойынша қалдық






Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басшысы              __________________ ________________________
                             (қолы)              (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
бас бухгалтері
және/немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің есептілікті
жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы   ___________      _____________
                                           қолы)           (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 113-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібін айқындайды.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібі

       1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есептілік 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 133 және  134-баптарына сәйкес жүргізіледі.
      2. Ұлттық қордың түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі айдың 5-ші және 20-шы күні тиісінше 1-ші және 15-ші күнгі жағдай бойынша жасайды.
       3. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – ҚР ҰБ) бірлесіп, Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін енгізе отырып жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін жасайды.
       4. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте мыналар:
      осы қаулымен бекітілген 1-нысан бойынша Ұлттық қордың түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есеп;
      мынадай:
       1) осы қаулымен бекітілген 2-нысан бойынша Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша ҚР ҰБ бухгалтерлік теңгерімі;
       2) осы қаулымен бекітілген 3-нысан бойынша Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша ҚР ҰБ пайдалары мен шығындары туралы есеп;
       3) осы қаулымен бекітілген 4-нысан бойынша Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша ҚР ҰБ ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті;
       4) осы қаулымен бекітілген 5-нысан бойынша Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп нысандары бойынша теңгерімнен және есептерден тұратын Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару бойынша Ұлттық қорының қызметі туралы есеп қамтылады.
      Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алудың түрлі әдістерін (есептеу және кассалық) қолдануына байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебінен есеп бойынша айырмашылық сомасы көрсетілетін жолды қамтуы мүмкін.
       5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы аудиттің жүргізілген нәтижелерін қоса бере отырып, жылдық есепті ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.
       6. ҚР ҰБ және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.