Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қаулысына:
көрсетілген Қағидаларға қаулысына:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" деген нысанда:
"II. Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер" деген бөлімде:
мына:
"
3 | Республикалық меншiктегi және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Республикалық меншiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер |
";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
7 | Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер |
";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қаулысына:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп" деген 1-нысанда:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 |
"Түсімдер, БАРЛЫҒЫ: |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |