РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.2) "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.";
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.";
5-тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – адвокат, жеке сот орындаушы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады;";
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібімен оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.";
9-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5), тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз қызметкерлерінің табыстарынан ұсталған сомаларды аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетуге тиiс.";
28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттің уақытында ұсталмаған (есебіне жазылмаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген әрбір күн үшін (Орталыққа төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.";
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, мемлекеттік кірістер органдары агенттерге кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Орталыққа аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама):";
39-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада мемлекеттік кірістер органы хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.";
40, 41, 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынады.
41. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдері қоса берілген, мемлекеттік кірістер органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
42. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде мемлекеттік кірістер органы бенефициарды – Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассолық өкімдерді ұсынады.
Агенттің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.";
43-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды мемлекеттік кірістер органы мынадай жағдайларда жүргізеді:";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Мемлекеттік кірістер органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк алған күннен бастап күшіне енеді.";
45-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін мемлекеттік кірістер органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.";
"Агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Орталық күн сайын өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген міндетті зейнетақы жарналарының қате келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері;
2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама
20__ ж. "___" ______ № ______
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді ______________________________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН),
____________________________________________________________________
мекенжайы)
20__ ж. "___" __________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде
теңге
Берешектің | Негізгі төлем сомасы | Өсімпұл сомасы |
жиыны |
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екені туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде __________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынуыңыз қажет.
Бес жұмыс күні өткен соң пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері ұсынылмаған жағдайда ____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
агенттің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Банктік шоттар болмаған немесе банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда,________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Бұл ретте Сізге "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) ______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым __________________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді ________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама
20__ж. "__" _____ № ____
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді ______________________________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)
20__жылғы "__" ____________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде:
теңге
Негізгі төлем
Атауы Жалпы берешек сомасы Өсімпұл сомасы
Міндетті
зейнетақы
жарналары
Міндетті кәсіптік
зейнетақы
жарналары
Жиыны
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екені туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде __________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының органының атауы)
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынуыңыз қажет.
Бес жұмыс күні өткеннен кейін пайдасына берешек өндірілетін жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдері ұсынылмаған жағдайда ____________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Он бес жұмыс күні өткеннен кейін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда,____________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
агенттің банктік шоттары және кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Бұл ретте Сізге "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімақы есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Басшы (мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары)
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөр)
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөр, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды ________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді _________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі
20__ жылғы "__" ___________ № ____________
(үзінді көшірменің күні)
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес ____________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(агенттің Т.А.Ә., атауы, сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекенжайы)
касса бойынша барлық шығыс операцияларын (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берешекті өтеу операциясынан басқа) тоқтата тұрады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Агент осы өкімді алған кезден бастап келіп түсетін барлық қолма-қол ақшалар, олар түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есепке алуға жатады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өткізу бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органдарының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөр)
Өкімді алдым _______________________________________________________
(агенттің Т.А.Ә., қолы, мөр, күні)
Өкім салық төлеушіге тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Өкім салық төлеушіге жіберілді_____________________________________________________________________(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)