Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысы

Жаңартылған

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 13 және 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.10.2016 № 620 қаулысымен.
      2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының лауазымына белгіленген тәртіппен тағайындау үшін Дмитрий Владимирович Панкиннің кандидатурасы бойынша ұсынысына келісім берілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 27 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 85 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 1001 қаулысы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1384 қаулысының 1-тармағының 2-тармақшасы.