Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы N 1001 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2015 № 27 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 272 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов