2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 13 және 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.04.2022 № 251 қаулысымен.2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.11.2017 № 744 қаулысымен.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 85 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 1001 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1384 қаулысының 1-тармағының 2-тармақшасы.