Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1283 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 6 және 7-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1283 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):

      "Екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" деген бөлімде:

      "0С Материалдар" деген кіші бөлімде:

      2-ескерту: В 0С004-тің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      QвАв

      Мұндағы СF - қайта есептеу коэффициенті= ----------

      z Az";

      "1E Технология" деген кіші бөлімде:

      1Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1Е101 "Технологиялар" 1A102, 1B001, 1B101, 1B102, 1B115 – 1B119, 1C001, 1C101, 1C107, 1C111 – 1C118, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын тауарларды "пайдалану" үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.";

      "7-Санат Навигациялық жабдық және авиациялық электроника" деген кіші бөлімде:

      7А101 деген бөлікте:

      Техникалық ескертудің 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А101-тармақта "ығысу" және "масштабты коэффициент" шамалары тіркелген калибрленген шамаға қатысты бір жыл ішіндегі кезең аралығында стандартты ауытқушылыққа (бір сигмаға) сәйкес келеді.";

      "9-Санат Қозғағыш қондырғылар, ғарыштық аппараттар және тиісті жабдық" деген кіші бөлімде:

      9А120-бөлікте орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" деген бөлімде:

      "Жалпы химиялық ескерту" деген кіші бөлімде:

      "МL1. 20 мм-нен кем калибрдегі тегіс ұңғылы қару, басқа да қару-жарақ және 12,7 мм калибрдегі (калибрі 0,50 дюйм) немесе одан аз автоматты қару, сондай-ақ зеңбірек керек-жарақтары мен бұл үшін арнайы құрастырылған компоненттер" деген бөлікте:

      2-тармақтың (c) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "(с) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қолданатын әскери қол атыс қарулары;".

      2. "Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген 3-бөлімде:

      4. "Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын сындарлы технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау." деген кіші бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын сындарлы технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау";

      төртінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      5. "Қазақстан Республикасының жағдайына бейімдеуге келетін бар проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибелерге шолу" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының жағдайына бейімдеуге келетін бар проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибеге шолу".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 801 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 784-құжат):

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жылдық жиынтық кірістің кемiнде 70 пайызын мынадай қызмет түрлерінен өзi өндiрген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) кірістер құрайды:

      дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;

      серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері);

      ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алынған (алынуға жататын) кірістерді осы Қағидалардың

      4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен түсетін кірістерге жатқызу туралы дербес кластерлік қордың растамасын қоса бере отырып ұсынады.";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган өтінішті түскен күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде қарайды және мынадай:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тізбеге енгізу (тізбеден шығару) туралы шешімдер уәкілетті органның бұйрығы нысанында қабылданады, ол осындай шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.".

      7. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын және орналасқан жері бойынша салық органында тіркелген ұйымдар үшін "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiнен меншікті өндіріс тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 404 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 433-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.";

      8. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасында (Іс-шаралар жоспарында):

      2-бағандағы реттік нөмірлері 5, 54-жолдарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1283 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 наурыздағы
№ 307 қаулысымен
бекітілген

Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық
аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда
осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.

2. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі

      2. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының немесе дербес кластерлік қордың (бұдан әрі – басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор) бюджет шығындарын өтеу мақсаты үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) мынадай тәсілдермен:

      1) ақшалай;

      2) банк кепілдігімен;

      3) кепілгерлікпен;

      4) мүлік кепілдігімен;

      5) сақтандыру шартымен жүргізіледі.

      Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру арқылы таңдайды.

      Екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру арқылы қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілін таңдаған кезде басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынуы, қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру және бюджет шығындарын өтеу таңдалған тәсілге байланысты көрсетілген іс-әрекеттерді реттейтін осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мәні өзгерген жағдайда, басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органына осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген және айлық есептік көрсеткіштің жаңа мәнін негізге ала отырып ресімделген құжаттарды ұсынады, оларды қарау осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайда да осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынады.

3. Ақшалай қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі

      4. Ақшалай қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін шартты банк салымын ашуға арналған шарт жасалады.

      5. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашады.

      Бұл ретте шартты банк салымы бір уақытта мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

      1) басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда қаржылық қамтамасыз ету қаражатына иелік ету мүмкіндігінің болмауы;

      2) айлық есептік көрсеткіш мәнінің өзгеруі нәтижесінде басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың шартты банк салымындағы ақшаны толтыру және (немесе) басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор берген іс жүзінде тұтыну туралы құжаттардың негізінде салық төлеушілерге іс жүзінде қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сомаларын ұлғайту мүмкіндігі;

      3) бюджет шығындарына әкеп соқтырған іс жүзіндегі тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органында қаржылық қамтамасыз ету қаражатынан өсімпұлды ескере отырып, бюджет шығындарының сомасына тең сомада ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығару құқығының болуы;

      4) мемлекеттік кірістер органы тарапынан шартты банк салымындағы ақшаның қозғалысын бақылау мүмкіндігі.

4. Банкі кепілдігі арқылы қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру тәртібі

      6. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін мемлекеттік кірістер органы екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – ЕДБ) нарықтағы қызметін кемінде он жыл жүзеге асыруы шартымен ЕДБ берген банк кепілдігін ескереді.

      7. Мемлекеттік кірістер органы басқарушы компаниядан немесе дербес кластерлік қордан банк кепілдігін алған кезде мұндай кепілдікті берген ЕДБ-ға 3 жұмыс күні ішінде оның төлнұсқалығы және/немесе мазмұны тұрғысынан жазбаша сауал жібереді.

5. Кепілгерлік шарты арқылы қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру тәртібі

      8. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларына сәйкес кепілгермен кепілгерлік шартын жасасады.

      Бұл ретте кепілгер заңды тұлға болады.

      9. Кепілгерлік шарты жазбаша нысанда жасалады және нотариалдық куәландырылады.

      10. Кепілгер қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашады.

      Бұл ретте шартты банк салымы бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

      1) кепілгерде қаржылық қамтамасыз ету қаражатына иелік ету мүмкіндігінің болмауы;

      2) айлық есептік көрсеткіш мәнінің өзгеруі нәтижесінде басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың шартты банк салымындағы ақшаны толтыру және (немесе) басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор берген іс жүзінде тұтыну туралы құжаттардың негізінде салық төлеушілерге іс жүзінде қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сомаларын ұлғайту мүмкіндігі;

      3) бюджет шығындарына әкеп соқтырған іс жүзіндегі тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органында қаржылық қамтамасыз ету қаражатынан өсімпұлды есепке ала отырып, бюджет шығындарының сомасына тең сомада ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығару құқығының болуы;

      4) мемлекеттік кірістер органы тарапынан шартты банк салымындағы ақшаның қозғалысын бақылау мүмкіндігі.

6. Мүлік кепілдігі арқылы қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру тәртібі

      11. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларына сәйкес басқарушы компаниямен немесе дербес кластерлік қормен мүлік кепілдігі шартын жасасады.

      12. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушының кепілдікке қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың кепілдік шартын жасасу туралы жазбаша өтініші түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың және осындай басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органының арасында мүлік кепілдігі шарты жасалады.

      Кепілдегі мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтінішін берген күніне дейін күнтізбелік он бес күн ішінде жасалады.

      13. Мүлік кепілдігі шарты мынадай шарттар сақталған кезде жасалады:

      1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;

      2) кепілге берілетін мүлік өтімді, жоғалтудан немесе зақымдаудан сақтандырылған болуы және оның нарықтық құны, оны өндіріп алу бойынша шығыстарды қоса алғанда, осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген қаржылық қамтамасыз ету сомасынан кем болмауы тиіс.

      Мыналар:

      тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

      энергияның электр, жылу және басқа түрлері;

      тыйым салынған мүлік;

      мемлекеттік органдар шектеу салған мүлік;

      үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

      тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері;

      мүлік құқықтары кепіл заттары ретінде қаралмайды;

      3) кепілге берілетін мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүлік кепілдігі шартын міндетті түрде мемлекеттік тіркеу көзделген жағдайларда, басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеу органында тіркелуін қамтамасыз етеді және кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжат тіркелген күннен бастап келесі күннен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

7. Сақтандыру шарты арқылы қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру тәртібі

      14. Сақтандыру ұйымдары Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларының нормаларына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиялары негізінде және көрсетілген операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру шарттарын беруді жүзеге асырады.

      15. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін мемлекеттік кірістер органы сақтандыру ұйымдары нарықта қызметін кемінде 10 жыл жүзеге асырған жағдайда, осындай сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарын ескереді.

      16. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор ұсынған сақтандыру шартының төлнұсқалығына және/немесе мазмұнына қатысты күдік туындаған кезде, мемлекеттік кірістер органы 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының осындай шартты жасасу фактісін растауы туралы сауал жібереді.

8. Басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда қаржылық
қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну және оларды
мемлекеттік кірістер органдарының қарау тәртібі

      17. Қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы хабардар ету мақсаты үшін басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор өзі тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

      Басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомаға қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 7-бөлімдеріне сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың таңдалған тәсіліне (таңдалған тәсілдеріне) байланысты құжаттар өтінішке қоса беріледі.

      Мемлекеттік кірістер органы осы тармақта көзделген өтінішті басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді қабылдағанын растайтын жазбаша нысандағы құжатты басқарушы компанияға немесе дербес кластерлік қорға береді.

      Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың түсініктеме ұсынбауы осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды қабылдамауға негіз, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз етуді қабылдау фактісін растамау болып табылады.

      19. Мемлекеттік кірістер органдары басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор ұсынған осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттардың мазмұнында сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы анықталған сәйкессіздіктер бойынша түсініктеме беру қажеттігі туралы хат жібереді, бұл ретте басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор 3 жұмыс күні ішінде осындай түсініктеме береді.

      20. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарларды іс жүзінде тұтыну туралы басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор берген құжаттардың (бұдан әрі – іс жүзінде тұтыну туралы құжат) негізінде салық төлеушілерге қайтарылған қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомаларын негізге ала отырып, басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор іс жүзінде қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сомаға қаржылық қамтамасыз ету сомасын ұлғайтуды көздейтін осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор есептік тіркеуінде тұрған мемлекеттік кірістер органынан қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сомалар туралы мәліметтер алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Бұл ретте басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор берген іс жүзінде тұтыну туралы құжаттардың негізінде басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына салық төлеушілерге қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сомалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынады.

      21. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор таңдаған қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілін негізге ала отырып, өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) ақшалай қалыптастыру кезінде:

      басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашу шарты;

      шартты банк салымында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомаға қаражаттың болуы туралы банктің үзінді көшірмесі;

      2) банк кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:

      басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      кепілгер-банк пен басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арасында жасалған банктің кепіл шарты;

      банк кепілдігі;

      3) кепілгерлік шарты арқылы қалыптастыру кезінде:

      басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      кепілгер мен басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арасында жасалған кепілгерлік шарты;

      қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашу шарты;

      шартты банк салымында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомаға қаражаттың болуы туралы банктің үзінді көшірмесі;

      4) мүлік кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:

      басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүлік кепілдігі шартын міндетті мемлекеттік тіркеу көзделген жағдайларда, кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжат;

      кепілге берілетін мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;

      5) сақтандыру шарты арқылы қалыптастыру кезінде:

      басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      сақтандыру ұйымы мен басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арасында жасалған сақтандыру шарты.

      22. Мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген, келіп түскен өтініштер мен құжаттар бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу жөніндегі журнал жүргізеді.

      Қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу жөніндегі журнал нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітіледі.

9. Қаржылық қамтамасыз ету қаражатының есебінен бюджет
шығындарын өтеу тәртібі

      23. Іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы бюджет шығындарын өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды.

      Бұл ретте бюджет шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігін анықтау көздері: салықтық тексерулер актілері, құқық қорғау органдарының материалдары, басқа мемлекеттік органдардың ақпараты және т.б. болып табылады, бірақ мұнымен шектелмейді.

      24. Бюджет шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігі нәтижесінде бюджет шығындарының сомасын айқындау мақсаты үшін ҚҚС-тен асып кеткен соманы заңсыз қайтару жүзеге асырылған салық төлеушіге қатысты мемлекеттік кірістер органы салықтық тексеру жүргізеді.

      25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджет шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігі нәтижесінде салық төлеушіге заңсыз қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сома айқындалған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінде көзделген нысан бойынша және тәртіппен хабарлама шығарады.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген хабарлама орындалмаған жағдайда, осы хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген тәртіппен қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды.

      Бюджет шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің анық еместігі нәтижесінде ҚҚС-тен асып кеткен сомаларды заңсыз қайтаруды жүзеге асырған салық төлеуші таратылған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы тікелей қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды.

      Бұл ретте басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор анық емес мәліметтер ұсыну нәтижесінде салық төлеушілерге заңсыз қайтарылған ҚҚС-тен асып кеткен сомаларды бюджеттің кірісіне ерікті түрде енгізу туралы шешім қабылдайды.

      27. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор осы Қағидалардың 26-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген ҚҚС-тен асып кеткен сомаларды бюджеттің кірісіне ерікті түрде аудармаған жағдайда, қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың таңдалған тәсіліне байланысты бюджет шығындарын өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) ақшалай қалыптастыру кезінде:

      мемлекеттік кірістер органы басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың шартты банк салымынан ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығарады;

      2) банк кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:

      мемлекеттік кірістер органы бюджет шығындарын өтеу туралы кепіл-банкке талап қояды;

      3) кепілгерлік шарты арқылы қалыптастыру кезінде:

      мемлекеттік кірістер органы кепілгердің шартты банк салымынан ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығарады;

      4) мүлік кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:

      мемлекеттік кірістер органы сот тәртібімен кепіл затынан өндіріп алады;

      5) сақтандыру шарты арқылы қалыптастыру кезінде:

      мемлекеттік кірістер органы бюджет шығындарын өтеу туралы сақтандыру ұйымына талап қояды.

  Қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру, арнайы экономикалық
аймақтың басқарушы компаниясында
немесе дербес кластерлік қорда
осындай қамтамасыз етудің болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету
қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың атауы)

      ____________________________________________________________________

      ЖСН/БСН, СТН (бар болса),

      ____________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

Өтініш

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

      туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)

      244-2-бабына сәйкес қалыптастырылған қаржылық қамтамасыз ету бойынша

      құжаттарды қабылдауды сұраймын.

      Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілі:

      ____________________________________________________________________

      Қосымша ____ парақта:

      1.____________________________________________

      2.____________________________________________

      3.____________________________________________

      4.____________________________________________

      Күні _________________________________________ __________________

      ______________________________________________ (басшының және

      (немесе) оны алмастыратын тұлғаның лауазымы (тегі, аты, әкесінің

      аты) _________

      (қолы)

      Қабылданды ______________________________ (күні, мемлекеттік кірістер

      органының мөртаңбасы) _______________________________ _______________

      (мемлекеттік кірістер органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты,

      әкесінің аты) ______________

  Қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру, арнайы экономикалық
аймақтың басқарушы компаниясында
немесе дербес кластерлік қорда
осындай қамтамасыз етудің болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету
қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша

      ____________________________________________________________________

      (басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың атауы)

      ____________________________________________________________________

      ЖСН/БСН, СТН (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________ "Салық және бюджетке төленетін

      (мемлекеттік табыстар органының атауы)

      басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес қалыптастырылған қаржылық

      қамтамасыз ету қабылданғанын хабарлайды.

      Күні ______________

      Мөр орны

      ______________________________ ________ ___________________ _________

      (мемлекеттік кірістер органы басшысының және (немесе) оны

      алмастыратын тұлғаның лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

  Қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру, арнайы экономикалық
аймақтың басқарушы компаниясында
немесе дербес кластерлік қорда
осындай қамтамасыз етудің болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету
қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша

Қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу жөніндегі журнал

Р/с

Басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың атауы

Басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың заңды мекенжайы

Сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (бар болса)

Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілі

Қаржылық қамтамасыз ету сомасы (теңге)

Құжаттарды тапсырған басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

Құжаттарды қабылдаған мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының аты, әкесінің аты

Қаржылық қамтамасыз ету бойынша құжаттардың қабылданған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10