Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса бepiліп отырған Өрт қayiпciздiгi қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 253-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 50-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1077 қаулысымен
бекiтiлген

Өрт қауiпсiздiгi қағидалары
1. Жалпы ережелер
Ұйымдық-техникалық iс-шаралар
Жалпы ережелер

      1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Ұйымдардың жұмыскерлері тек өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі мен өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын
ұстау тәртібі

      3. Электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктері, тарату құрылғылары, аппараттары мен өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғылары, ажыратқыштары және барлық өзге де іске қосатын аппараттары мен аспаптары тек жанбайтын негізге (мрамор, текстолит, гетинакс) орнатылады.

      4. Сымдар мен кәбілдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізіледі.

      5. Сымдар мен кәбілдердің талсымдары жалғанатын және тармақталатын жерлері, сондай-ақ жалғаушы және тармақтаушы қысқыштар осы сымдар мен кәбілдердің тұтас жерлері талсымдарының оқшаулағышына тең етіп оқшауланады.

      6. Оқшаулағыш тіреуіштерде төселген сымдардан басқа, сымдар мен кәбілдердің жалғанымы мен тармақталуы жалғаушы және тармақтаушы қораптарда, жалғаушы және тармақтаушы қысымдардың оқшауланған корпустарында, құрылыс конструкцияларының арнайы қуыстарында, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың корпустарының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерде төсегенде сымдарды жалғау немесе тармақтау тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтерде немесе олардың үстінде, сондай-ақ роликте орындалады.

      Жалғаушы және тармақтаушы қораптар қорғағыш қақпақтармен қамтамасыз етіледі.

      7. Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-монтаждау жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр сымдары ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс.

      8. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппаратурасы үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, арнайы осы мақсатқа арналған иілгіш кәбілдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.

      9. Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін дербес электр желісі көзделеді.

      10. Құрылыс алаңындағы уақытша электр сымы оқшауланған сымнан жасалып, арқанға ілінеді және жұмыс орындарынан кемінде 2,5 метр, өтетін жерлерден 3 метр, өту жолдарынан 6 метр биіктікте берік тіреулерге орнатылады.

      11. Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады.

      Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған жабындарда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.

Ғимараттар мен құрылыстардың жылыту жүйелерін
ұстау тәртібі

      12. Өндірістік және басқа да үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған, арнайы бөлінген адамдар (пеш жағушылар) жүргізеді.

      13. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағу жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал тәулік бойы адамдар болатын объектілерде ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.

      Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін кемінде бір сағат бұрын аяқталады.

      14. Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет.

      15. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың ағып кетуіне жол берілмейді.

      16. Жылу генераторларын пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:

      1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы қажет;

      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі қажет.

      17. Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде:

      1) отын өткізгіштердің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз жалғанбаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтар кезінде жұмыс істеуге;

      2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;

      3) ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);

      4) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдарынан жасалған қоршаулар орнатуға;

      5) отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;

      6) жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;

      7) жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;

      8) ауа жинау коллекторларында қорғағыш торы болмағанда және ақаулы болғанда жылу шығаратын аппараттың жұмыс істеуіне;

      9) жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;

      10) жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа бейімделмеген үй-жайларда (орындарда) орналастыруға;

      11) түтін құбырларының, желдеткіш арналарының жарамды жай-күйін және оларда тартқыштың бар-жоғын тексермей, әртүрлі отын түрлерімен жұмыс істейтін жылу шығаратын жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

      18. Желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруге жол бермейтін жарамды дабылы мен бұғаттағышы және электр мен жылудан қорғалып көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы бар электркалориферлер пайдалануға беріледі.

      19. Калориферлерді пайдалану кезінде:

      1) дабылды немесе бұғаттағышты сөндіруге;

      2) электркалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;

      3) электркалориферден шығу жолындағы ауаның дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температурасын арттыруға;

      4) желдеткіш жұмыс істемегенде электрокалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);

      5) электрокалориферде немесе оның маңында киімді немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.

Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі

      20. Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексеріледі және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын қондырмалар, термосезгіш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақтылы тазартылады.

      21. Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Желдеткіш камералары үнемі құлыппен жабылады. Желдеткіш камераларына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі

      22. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларында кемінде екі хладоагент буының газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғы желдеткішпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады.

      23. Хладоагенттері (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлімшелерінде сақтауға жол берілмейді.

      Хладоагенті бар коммуникацияларды эвакуациялау дәліздерінде және өтетін жерлерде, сатылы торларда, көтергіш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауіпті үй-жайлар арқылы транзиттік төсеуге жол берілмейді.

      24. Машина және аппарат бөлімшелерінің желдеткіш жүйелері басқа үй-жайлардың желдеткіш жүйелерінен оқшауланады.

      25. Аппарат және машина бөлімшелерінің авариялық жарық беруі үнемі жарамды күйде ұсталады.

      26. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық ақаусыз күйде ұсталады.

      27. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану процесінде жеңіл лақтырылатын элементтерді (панельдерді, терезелерді, есіктерді) конструкциялардың басқа түрлеріне ауыстыруға жол берілмейді.

      28. Компрессорлар мен газ құбырларының герметикалығына жүйелі бақылау белгіленеді. Газдың ағуы байқалған жағдайда, ақауын жою үшін компрессор тоқтатылуы тиіс. Компрессордың тығыздағыштары арқылы хладоагенттің ағуы байқалған кезде олар дереу ауыстырылуы тиіс.

      29. Қысымда тұрған жабдықты жөндеуге, жұмыс істеп тұрған компрессорлар мен сорғылардағы тығыздағыштарды толтыруға және тартуға, жүйедегі қысымды төмендетпей (түсірмей) аппараттардағы және құбырлардағы фланецтерді тығыздауға жол берілмейді.

      Компрессорлардың барлық үйкелетін бөліктері үнемі майланады.

      30. Жүйені толтыруды тездету үшін хладоагенттері бар баллондарды жылытуға жол берілмейді. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерінен кемінде 10 метр және жылу беру аспаптарынан 5 метр қашықтықта алыс орналастырылады.

      31. Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста ғана сақтауға рұқсат етіледі.

      32. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттің түсу мүмкіндігіне жол берілмейді.

      33. Аппараттардан майды жіберу май жинағыштағы ерітілген хладоагентті алдын ала сорып алғаннан кейін сол арқылы жүргізіледі.

      Май жинағыштан май желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде суы бар ыдысқа жіберіледі.

      34. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында ішкі өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкіндік беретін шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.

      35. Компрессорлық бөлімшелердің үй-жайларында компрессорлармен констукциялық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттарды немесе жабдықты орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол берілмейді.

      36. Құбырларды, бекіту қондырғыларын және басқа жабдықты ашық оттың көмегімен қыздыруға жол берілмейді. Оларды қыздыру үшін ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады.

      37. Хладоагенттері бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгілеулермен қамтамасыз етіледі.

      38. Хладоагенті бар құбырлардың қолданыстағы орналасу сызбасын өзгертуге, сондай-ақ хладоагентті тиісті жоспарды әзірлемей және оны бекітпей ауыстыруға жол берілмейді.

      39. Хладоагенттері бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкін жерлеріне қорғайтын бүркеніштер, торлар, кішкене көпіршелер орнатылады.

      40. Хладоагенттері бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатын оқшаулағышқа ауыстыруға жол берілмейді.

      41. Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары тығыз тығыны бар өздігінен жабылатын есіктермен жабдықталады.

2. Елдi мекендердi ұстау тәртiбi
Тұрғын ғимараттар мен жатақханаларды ұстау тәртiбi

      42. Тұрғын үйлердің пәтерлерi мен жатақханалардың тұрғын бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауiптi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әртүрлi шеберханалар мен қойма үй-жайларын орнатуға жол берiлмейдi.

      43. Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде:

      1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды сақтауға;

      2) төсекте темекі шегуге;

      3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;

      4) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға жол берiлмейдi.

      44. Техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткiш камераларын, бойлерлiк орындарды, лифтiлер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тiкелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретiнде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы үй-жайлардың есiктерi құлыппен жабылады, олардың кiлттерi тәулiктiң кез келген уақытында алу үшiн белгiлi бiр, қолжетiмдi, тәулiк бойы кезекшi персонал болатын жерде болады).

      45. Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар "Темекi шегуге арналған орын" деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекi тұқылын салғыштармен жабдықталады.

      46. Газ өткiзгiштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлiк коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшiн ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Қатып қалған құбырларды, жабдықты, инженерлiк коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргiзiледi.

      47. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      48. Шам қойғыштар, ашық отты пайдаланатын шырағдандар жанбайтын берiк тұғырларға орнатылады және олардың құлауын болдырмайтындай жағдайларда пайдаланылады.

      49. Шырақтарды пайдалану кезiнде:

      1) жанып тұрған шырақтарды желдiң өтiне қоюға;

      2) жанып тұрған шырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;

      3) жанып тұрған шырақтарды қараусыз қалдыруға;

      4) жанып тұрған шырақтарды балалар мен үй жануарларына қолжетiмдi жерлерде қалдыруға жол берiлмейдi.

      50. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 143-147-тармақтарының талаптарына сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Саяжай кооперативтерiн, бау-бақша серiктестiктерiн, ауылдық
елдi мекендердiң аумақтарын ұстау тәртiбi

      51. Автокөлiктiң бау-бақша серiктестiктерiне баратын жолдарында негiзгi магистральдан өту кезiнде, одан соң әрбiр бұрылыста немесе жол айрығында саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң атауы мен оларға дейiнгi қашықтықты нұсқағыштар орнатылады.

      52. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң аумағына өту жолдарында ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі" талаптарына сәйкес оларға қолданыстағы және салынып жатқан және уақытша ғимараттар (құрылыстар), өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң, өрт сөндiру және байланыс құралдарының, өрт техникасының орналасқан орны көрсетiлген схемалар iлiнедi.

      Схемалар атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      53. Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында:

      1) өрт шыққан жағдайда адамдарға хабарлау үшiн дыбыстық сигналдар (сирена, қоңырау, қоңыраулы рельс бөлiктерi) арнайы бұйымдар орнатылуы және өрт сөндiру мақсатында су қоры құрылуы тиіс;

      2) жазғы маусымда әрбiр тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемiнде 200 литр сыйымдылық немесе өрт сөндiргiш болуы тиіс;

      3) жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi. Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады.

      54. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      55. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      56. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң аумағында әр 20 учаскеге бiр қалқан есебiмен өрт қалқандары орнатылады.

      57. Су тегеурiнi мұнараларында, сондай-ақ жазғы уақытта пайдаланылатын су өткiзу жүйелерiнде (диаметрi 100 миллиметр және одан астам) әрбiр 120 метр сайын өрт шыққан жағдайда өрт техникасымен су алуға арналған бұйымдар көзделеді. Бұл бұйымдар жарамды күйде ұсталады.

      58. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң күзетшiсiнiң қасында жақын орналасқан төтенше жағдайлар органының (бөлiмшесiнiң) екi телефон нөмiрi және нақты мекенжайы көрсетiлген тақтайша iлiнедi.

      59. Саяжайларды, бағбандық үйлердi ұзақ уақытқа жапқан кезде электр желiсi ток көзiнен ажыратылады, газы бар баллондардың бұрамалары (клапандары) тығыз етіп жабылады.

      60. Атқарушы органдар және орман пайдаланушылар ормандарда орналасқан елдi мекендер үшiн өртке қарсы қорғағыш жолақтарды орнатуды, жапырақты шөптердi отырғызуды, жазғы маусымда құрғақ өсiмдiктерді жинауды қамтамасыз етедi.

      61. Ауылдық жердегi тұрғын үй құрылыстары шатырға жететiн жалғамалы сатылармен, ал жабында төбенің басына дейiн жететiн сатымен жабдықталады.

      62. Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен кәсiпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларын жағуға жол берiлмейдi.

      63. Елдi мекендер мен жеке орналасқан объектiлер өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарлау үшiн жарамды телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.

      64. Тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі жемшөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 5 метрге дейiн қысқартылады.

      65. Мыналарға:

      1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларына;

      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына;

      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол берілмейді.

      Көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын орналастыруға жол берiлмейдi.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      66. Iрi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      67. Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.

      68. Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.

      69. Елді мекендерде, саяжай және бау-бақша үйлерінің аумағында тамақ даярлау үшін жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді) пайдалану кезінде:

      1) мангал (барбекю, гриль) орнын өрт сөндіргіш затының салмағы кемінде 2 кг бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау;

      2) жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдардың (мангалдың, барбекюдің, грильдің) жиегінен бастап ғимараттар мен құрылыстарға дейін ең қысқа қашықтық (жоспарда) кемінде 10 метр болуы қажет.

      70. Жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді):

      1) құрғақ өсімдіктері бар орындарда;

      2) ағаштардың түбінде;

      3) жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында;

      4) тұрғын ғимараттың үй-жайларында, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда;

      5) шаруашылық құрылыстарда, гараждарда, шатырларда, жазық төбелерде орнатуға жол берілмейді.

      71. Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ас даярлау аяқталған соң бықсу толық тоқтағанға дейін жанған көмірге су құю қажет.

Қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтердi ұстау тәртiбi

      72. Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өрт қауiпсiздiгi қағидалары бар жадынамалар iлiнедi. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауiпсiздiгi туралы жадынама бiрнеше тiлде толтырылады.

      73. Қонақ үйлердiң, мотельдердiң, кемпингтердiң нөмiрлерiнің және жатақханалардың есiктерiнiң iшкi жағында жоспарда нөмiрдi немесе бөлменi, эвакуациялық шығу жолдары мен оларға қарай қозғалыс жолдарын, өрт сөндiру және дабыл құралдарының орналасу орындарын қажеттi түсiндiрме мәтiнiмен көрсете отырып, өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялаудың жеке жоспарлары iлiнеді.

      74. Қонақ үйлердiң тұрғын қабаттарында қоймалар, кеңселер орналастыруға жол берiлмейдi.

      75. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Ғылыми және оқу орындарын, мектепке дейiнгi балалар
мекемелерiн ұстау тәртiбi

      76. Оқушылармен және студенттермен тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларымен және өрт шыққан жағдайдағы iс-әрекеттермен танысу сабақтарын ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныптармен, сондай-ақ мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде өртке қарсы тақырыпта әңгiмелесулер өткiзу қажет. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауiпсiздiгi қағидаларын зерделеу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткiзу қажет.

      77. Зертханаларда тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етiледi. Үй-жайға сұйықтықтар жабық қауiпсiз ыдыста жеткiзiледi.

      78. Егер сорып шығатын шкафта орындалатын операцияларға қатысы жоқ заттар, материалдар мен жабдық болса, сондай-ақ олар жарамсыз және желдеткiш жүйесi iске қосылмаған болса, онда олармен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      79. Сорып шығатын шкафтардың тез тұтанатын заттармен жұмыс жүргiзiлетiн ағаш бөлiктерi оттан қорғайтын лакпен сырланады немесе жанбайтын материалдармен боялады.

      80. Қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар жұмыс соңында арнайы жабық ыдысқа жиналып, бұдан әрi пайдаға асырылуы үшiн зертханадан шығарылады.

      81. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды кәрізге төгуге жол берiлмейдi.

      82. Тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргiзiлген ыдыстар тәжiрибеден кейiн өртке қауiпсiз ерiтiндiлермен жуылады.

      83. Балалар мекемелерiнiң ғимараттарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың топтары (сыныптары) үшінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      84. Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықты орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарын алуы қамтамасыз етiледi.

      85. Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу процесін қамтамасыз етуге қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады.

      86. Оқу сыныптары мен кабинеттерiндегi парталар (үстелдер) саны жобалау құжаттамасында белгiленген саннан аспауы тиiс.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      87. Сабақтар аяқталғаннан кейiн кабинеттердегi, зертханалардағы және шеберханалардағы өрт, жарылыс және өрт қауіпті барлық заттар мен материалдар жеке үй-жайларда орналастырылған жанбайтын шкафтарға (жәшiктерге) қойылады.

      88. Жұмыс аяқталғаннан кейiн үздiксiз жұмыс iстейтiн аппараттар мен электр құралдарынан басқа, қолданыстағы электр тұтынушыларды сөндіріп, барлық үй-жайларға тексерiс жүргiзiледi.

      89. Балалар тәулiк бойы болатын мектеп ғимараттары мен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде телефон байланысымен қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету персоналының тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi.

Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру
лагерьлерiн ұстау тәртiбi

      90. Балалардың сауықтыру лагерьлерiнiң ағаш ғимараттары бiр қабатты етiп көзделеді. Каркас және тақтай ғимараттар сыланады және олардың жанбайтын жабыны мен жанбайтын жылытқышы болады.

      91. Мыналарға:

      1) ғимаратты жанғыш материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға;

      2) балалар жұмыс iстейтiн ағаш ғимараттарда асханалар, кiр жуу орындарын орнатуға;

      3) жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам баланы орналастыруға;

      4) жазғы маусымда балалар жұмыс iстейтiн үй-жайларда пеш жағуға, керосиндi және электрлiк қыздыру құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.

      92. Балалардың жазғы демалыс орындарындағы, сауықтыру лагерьлерiндегi кiр жуатын бөлмелер мен асүйлер балалар орналасатын ағаш ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықтағы оқшау құрылыстарға орналастырылады.

      93. Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлмеген жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерiнде орналастыруға жол берiлмейдi.

      94. Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлерi телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берiлетiн дабыл белгiсiмен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Оларда қызмет көрсетушi персоналдың тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi. Кезекшiлердiң үй-жайларына телефон орнатылады.

Мерекелiк iс-шаралар өткiзілетін орындарды ұстау тәртiбi

      95. Адамдар жаппай болатын iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде:

      1) кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

      2) шыршалар мықты негізге орналастырылады және үй-жайдан шығу жолдарын үймелемеуі қажет;

      3) шыршалардың бұтақтары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр алшақта орналастырылуы қажет;

      4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда, шырша жанындағы iс-шаралар күндiзгi уақытта ғана өткiзiледi;

      5) иллюминация электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторынсыз электрмен жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты – 25 Ватт;

      6) иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюi, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы), ол дереу сөндiрiледi;

      7) iс-шараларды өткiзу кезiнде залда, сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың, өртке қарсы құралымдардың мүшелерiнiң немесе өртке қарсы қызмет жұмыскерлерiнiң кезекшiлiгi ұйымдастырылады. Iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

      Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      96. Мыналарға:

      1) iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлардың терезелерiнде торлар болған жағдайда оларды өткiзуге;

      2) доғалы прожекторларды, шырақтар мен шартылдақтарды қолдануға, отшашулар мен өрттiң шығуына әкелуi мүмкiн басқа да жарықтандырғыш өрт қауiптi әсерлердi өткiзуге;

      3) отпен байланысты және басқа да жарылыс-өрт қауiптi және өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзуге;

      4) үй-жайларды қараңғылау үшiн терезелерге қақпақтар орнатуға;

      5) қатарлар арасындағы өту жолының енiн қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар қоюға;

      6) үй-жайда қойылымдар жүрiп жатқан уақытта жарықты толықтай өшiруге;

      7) үй-жайды жобалық құжаттамада белгiленгеннен артық адамдармен толтыруға;

      8) қолдан жасалған электрлік гирляндаларды, жарық музыкалық қондырылғыларды, электрлік музыкалық аппаратураны, шыршаларды айналдыруға арналған құрылғыларды пайдалануға және шырша гирляндаларының жыпылықтап жанатын әсерлерін жасауға жол берілмейді.

      97. Ашық от көзi қолданылатын басқарылмайтын ұшпалы фонарьларды пайдалануға және iске қосуға жол берiлмейдi.

      98. Пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде:

      1) салюттерді ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын, жабындар мен ағаштардың астында атуға;

      2) қатты желде пайдалануға жол берілмейді.

Сайлау учаскелерiн ұстау тәртiбi

      99. Әрбiр сайлау учаскесiнде оның жұмысы басталғанға дейiн кемінде 10 күн қалғанда сайлау учаскесi орналастырылған объект (ғимарат, үй-жай) басшысының бұйрығымен тиiстi өртке қарсы режим белгiленедi, осы Қағидалардың ережелерiн орындау қамтамасыз етiледi, оның iшiнде:

      1) сыртқы және iшкi өртке қарсы су құбырларының (мiндеттi түрде су жiберу арқылы), жарықтандыру және қуат желiлерiнiң, түтiнге қарсы желдеткiш пен өрт дабылы және өрт сөндiру жүйелерiнiң жарамдылығы тексерiледi, сондай-ақ акт дайындалып, қажеттi тексерiстер жүргiзiледi. Барлық ақаулықтар сайлау учаскесiнiң жұмысы басталғанға дейiн жойылады. Анықталған кемшiлiктердi жою нәтижелері бойынша немесе олар болмаған жағдайда сайлау учаскесiнiң дайын екендiгi туралы акт дайындалады (актiлер сайлау учаскесiнiң жұмысы аяқталғанға дейiн объектiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамда сақталады);

      2) алғашқы өрт сөндiру құралдарының, өрт автоматикасының, байланыс және хабарлау құралдарының болуы, жарамдылығы және пайдалануға үнемі дайындығы қамтамасыз етiледi;

      3) сайлау комиссиясының мүшелерiмен және қызмет көрсету үшiн жұмылдырылған персоналмен өрт қауiпсiздiгi шаралары мен өрт шыққан кезде iс-қимыл жасау туралы қол қойып, нұсқаулықтан өтедi;

      4) өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялаудың әр қабатта жоспарлары (схемалары) және адамдарды, бюллетеньдер мен мүлiктi эвакуациялау бойынша қызмет көрсетушi персонал мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң iс-қимылдарын анықтайтын нұсқаулықтар әзiрленедi және iлiнедi, өрт туралы адамдарға хабарлау тәртiбi анықталады, сондай-ақ iс-шаралар басталғанға дейiн эвакуациялау жоспары мен хабарлау жүйесiн машықтау бойынша оқу жаттығулары өткiзiледi;

      5) тамақ дайындауға арналған орындар белгiленедi және қыздыру аспаптарын пайдалану тәртiбi анықталады;

      6) темекi тартуға арналған орындар анықталады және жабдықталады;

      7) үй-жайларды тексеру және жабу тәртiбi орнатылады.

      100. Сайлау учаскелерi отқа төзiмдiлiгi I-III дәрежелi, екiншi қабаттан жоғары емес ғимараттарда орналастырылады. Цокольдық қабатта және сайлау учаскесiнiң үй-жайларының үстiнде сайлау комиссиясы мүшелерi мен қызмет көрсетушi персоналдың жұмыс кабинеттерi, демалыс және тамақтану үй-жайлары орналастырылады.

      101. Ауылдық жерлерде отқа төзiмдiлiгi IIIа-V дәрежелi ғимараттарда бiреуден аспайтын сайлау учаскесiн орналастыруға жол берiледi. Бұл ретте сайлау учаскесi бiрiншi қабатта орналастырылады, ал уақытша сауда, буфеттер, кино-бейнефильмдер көрсету ғимараттан тыс ұйымдастырылады.

      102. Сайлау учаскесi телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында өртке қарсы қызметті шақыру телефонының нөмiрi бар тақташа орнатылады (iлiнедi).

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      103. Дауыс беруге арналған үстелдердi, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықты орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етудi ескере отырып, үй-жайдың периметрi бойынша жүзеге асырылады.

      104. Сайлау учаскелерiнiң жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу) пайдаланумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Көрсетiлген жұмыстар қызмет көрсетушi персоналдың тұрақты бақылауымен жүргiзiледi.

      105. Сайлаушыларды тiркеу, бюллетеньдердi беру, дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерiнiң (буфеттер, ұяшықтар және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар) орындары әр жерге орналасқан кемiнде екi эвакуациялау жолы бар үй-жайларда орналастырылады. Ғимараттың вестибюлiнде ашық киiм-кешек iлу орындарын орналастыруға және орналастырылатын жабдық өрт кезiнде эвакуациялау жолдарының енiн тарылтпайтын және эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiн болса, уақытша сауда орнын ұйымдастыруға болады.

      106. Сайлаушылардың қозғалысы қиылысатын және қарсы лектi болдырмайтындай етiп ұйымдастырылады. Адамдар легінің қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгiленедi.

      107. Сайлаушыларды тiркеу үй-жайларынан эвакуациялық шығу жолдарын, бюллетеньдер берудi, дауыс берудi нұсқағыштар жарамды күйде ұсталады және сайлау учаскесi жұмыс iстеп тұрған уақытта қосулы тұрады. Егер "Шығу" деген жарықтандырылған нұсқағыштарды орнату жобада көзделмесе, көрсетiлген үй-жайлар эвакуациялау бағытын нұсқағыштармен қамтамасыз етiледi.

      108. Сайлау учаскелерiн пайдалану кезiнде:

      1) сайлау учаскесiнiң үй-жайлары мен ғимаратынан эвакуациялық шығу жолдарында дауыс беруге арналған кабиналар, бюллетеньдерге арналған жәшiктер мен үстелдер орнатуға, уақытша сауда нүктелерiн (ұяшықтар, буфеттер) қоюға, iс-шаралар (кино-бейнефильмдер және басқаларын көрсету) өткiзуге;

      2) эвакуациялау жолдарын, өрт сөндiру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшiру құрылғыларына қол жеткiзу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты iс-шараларды өткiзу кезiнде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есiктерiн жабуға жол берiлмейдi.

      109. Сайлау учаскесiнiң ғимараты электр энергиясы өшiрiлген жағдайда авариялық жарықтандырумен жабдықталады.

Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiн ұстау тәртiбi

      110. Мұражайлар мен сурет галереяларында экспонаттар мен басқа да құндылықтарды эвакуациялау жоспары, ал цирктер мен хайуанаттар парктерiнде жануарларды эвакуациялау жоспары әзiрленедi.

      111. Көрермен залдары мен мiнбелерде барлық креслолар мен орындықтардың арасы жалғанады және еденге мықтап бекiтiледi. Ложадағы 12 орыннан аспайтын креслоларды (орындықтарды) бекiтпеуге болады.

      Би кештерiн өткiзу үшiн пайданылатын 200 орыннан аспайтын көрермен залдарында орындықтарды бір қатарда бiр-бiрiмен мiндеттi түрде жалғаған кезде олар еденге бекiтілмейді.

      112. Сахналық қораптардың ағаш констукциялары (желтартқыштар, сахна төсемелерi, аспалы көпiрлер, жұмыс галереялары) құрылыс процесінде антипирендермен қанық сiңiрiледi. Аталған констукциялар, сондай-ақ жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелiк безендiрулер, көрермендiк және экспозициялық залдардағы маталл перделер, фойелер, буфеттер оттан қорғау құрамымен мерзiмдi түрде өңделiп тұрады. Мекеме басшыларында сiңiрген күнін, оның қолданылу мерзімі мен өңдеу сапасын тексеру актiсiн көрсете отырып, осы жұмысты орындаған ұйымның тиiстi актiсi болуы қажет.

      113. Ойын-сауық театрлық мекемелердiң сахналық қораптарының шегiнде бiр мезгiлде екi қойылымға арналған декорациялар мен сахна құралдары болуы тиiс. Сахнада декорацияның сақталу орны таңбалармен белгiленедi. Декорацияларды, бутафорилердi, ағаш станоктарды, бөктерлердi, құрал-саймандарды және басқа да заттарды трюмаларда, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда), саты баспалдақтарының және алаңдарының астында, сондай-ақ көрермен залдарының жертөлелерiнде сақтауға жол берiлмейдi.

      114. Сахна планшетiнiң айналасын безендiру кезiнде енi кемiнде 1 метр болатын еркiн айналма жол қамтамасыз етiледi. Көрiнiс аяқталғаннан кейiн барлық декорациялар мен бутафориялар бөлшектенiп, сахналардан арнайы қоймаларға (қоймалар, қоралар, сейфтер) жинастырылады.

      115. Сахнада темекi шегуге, ашық оттарды (шырақтарды, май шамдарды, шырағдандарды), доғалық прожекторларды, отшашулар мен басқа да от түрiндегi әсерлердi қолдануға жол берiлмейдi.

      116. Iрi көлемдегi декоративтiк безендiрудi (залдың тұтас биiктiгiмен) пайдалану кезiнде жабынның алып жүретiн құрылымдарының төменгi белiне дейiнгi биiктiгi 12 метр және одан асатын спорт залдарында осы безендiрудi (уақытша су перделерiн, тез алынатын бекiткiштердi монтаждау) қорғаудың қосымша iс-шаралары көзделеді.

      117. Көрермендерге арналған уақытша орындарды (жылжымалы, алынатын, жиналып бөлшектелетiн), сондай-ақ жабық және ашық спорт құрылыстарының мiнбелерiндегi орындықтарды жану кезiнде қауiптiлiгi жоғары және өте қауіпті жану өнімдерін бөлiп шығаратын синтетикалық материалдардан жасауға жол берiлмейдi. Уақытша орындардың астында кез келген жанғыш материалдар мен жабдықтарды сақтауға, сондай-ақ техниканы тұрақтандыруға жол берiлмейдi. Уақытша мiнбелердiң астындағы бос орын әр жарыстың алдында жанғыш қоқыстан және қураған шөптен тазаланады.

      Эвакуациялау жолдарында қосалқы орындықтарды орнатуға жол берiлмейдi.

      118. Спорттық-көркемдiк мерекелердi, халықаралық жарыстарды немесе басқа халықаралық iс-шараларды, сондай-ақ мәдени ойын-сауық iс-шараларды ашу және жабу кезiнде мiнбелерде фонды орналастыруға арналған эвакуациялау люктерiндегi уақытша орындықтар алмалы-салмалы етiп жасалады. Оларды тез бөлшектеу үшiн арнайы аспаптар көзделедi және осы жұмыстарды жүргiзу үшiн адамдардың тиiстi саны бөлiнедi.

      119. Спорт залдарындағы көрермендерге арналған креслоларды жайғастыру тұрақты және уақытша мiнбелерден көрермендердiң қарама-қарсы немесе қиылысатын легi болмайтындай етiп көзделеді.

      120. Жабық спорттық құрылыстарда көрермендердiң отыруына арналған уақытша констукцияларды бекiтуге, сондай-ақ тұғырларды, эстрадаларды, рингтердi бекiтуге арналған аспаптар ақаусыз күйде ұсталады. Ақаулы бекiткiштерi бар осындай құрылымдарды орнатуға жол берiлмейдi.

      121. Спорттық құрылыстарда телевизия камераларын орнату орындары мiнбелер қатарының арасындағы өтетiн жолдарға орнатылмауы және өрт кезiнде адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмеуi тиiс.

      122. Көрермендерге арналған мiнбелерi бар спорт залдарында жасанды мұз жабындары болған жағдайда, мұз тазалайтын машиналарды (жарыстарды, ойындарды, жаттығуларды, репетицияларды өткiзу кезеңiнде) уақытша тұрақтандыруға арналған орындар көзделеді. Машиналар тұрақта эвакуациялау жолдарының есептiк енi тарылмайтындай етiп орналастырылады. Жарыстар, ойындар, жаттығулар, репетициялар аяқталғаннан кейiн олар арнайы бөлiнген үй-жайға жинап алынады. Уақытша тұрақта мұз тазалайтын машинаға жанар-жағармай құюға жол берiлмейдi.

      123. Спорт керек-жарақтарын, залдардың жинау-бөлшектеу констукцияларын, залдардың алмалы-салмалы жабындарын және басқа материалдарды сөрелерi жоқ жерлерде сақтаған кезде олар ауданы 100 м2 аспайтын қатарларда жиналады. Қатарлардың биiктiгi 2,5 метрден аспайтындай және қалқаның немесе жабынның тірек констукцияларынан кемiнде 0,5 метр етiп қабылданады. Қатарлар арасындағы өтетiн жол және қатарлар мен қабырғалардың арасы енi кемiнде 0,8 метр етiп орындалады. Өтетiн жолдардың қоймалық және мiнбе астындағы үй-жайларындағы есiк орындарына қарсы енi есiктердiң енiнен кем емес етiп жасалады. Өтетiн жолдардың және жинау орындарының енi еденге бейнеленген, жақсы көрiнетiн шектеу жолақтарымен белгiленедi.

      Сөрелерде материалдар мен спорттық керек-жарақтарды сақтау олар сөрелердiң габаритiнен аспайтындай етiп жүргiзiледi.

      124. Қаруларды тазалауға арналған үй-жайларда майланған шүберектi жинауға арналған металл жәшiк көзделеді. Тир немесе атыс жұмысы ақталғаннан кейiн осы жәшiктi тазалау, ал iшiндегi заттарды қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға алып тасталады.

      125. Жұмысшылардың арнайы киiмi осы мақсатқа арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайларда сақталады. Объект әкiмшiлiгi әрбiр үй-жай үшiн майланған арнайы киiмдi тазасына ауыстырудың нақты тәртiбiн белгiлейдi.

      126. Спорт залдарында жанғыш материалдарды, сондай-ақ құрылымдары жанғыш материалдардан жасалған үй-жайларды металл және ағаш көтергiш құрылымдарды бекiту тораптарының астына тiкелей орнатуға жол берiлмейдi.

      Жоғары меншiктi жылу ұстайтын және жану кезiнде қауiптiлiгi жоғары және өте қауіпті жану өнімдерін бөлiп шығаратын синтетикалық материалдарды қолданып дайындалған спорттық керек-жарақтарды сақтау үшiн басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлiнген үй-жайлар пайдаланылады. Жаттығулар мен жарыстар арасындағы кезеңде, сондай-ақ олар аяқталғанда синтетикалық материалдардан жасалған жұмсақ толтырмасы бар жерге қонуға арналған шұңқырлар қалқандармен немесе брезенттермен жабылады. Залдардың шегiнде қатарларға жиналған поролон маттар брезентпен жабылады.

      127. Спорттың техникалық түрлерi бойынша жарыстар мен жаттығулар өткiзу кезiнде:

      1) жанармай толтыру қатты жабыны бар және қоршайтын ернеулерi жанбайтын материалдардан жасалған және спорттық құрылыстан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлiнген алаңдарда жүзеге асырылады;

      2) далалық жағдайларда отын құюға арналған орын жарыс трассасынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналасқан және қатты жабыны мен жарыс трассасынан басқа жаққа қарай еңіс алаңға орналастырылады;

      3) отын құюға арналған орындарда кезекшiлiк ұйымдастырылады, темекi шегуге және ашық отты қолдануға тыйым салатын белгiлер орнатылады, сондай-ақ алғашқы өрт сөндiру құралдарының қоры көзделеді;

      4) көлiк құралдарымен жұмыс істеуді бастауға дайындау орындарында осы құралдарды кiшiгiрiм жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге болады. Осындай орындар көрермендерге арналған мiнбелердiң астына орналастырылмайды. Пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жинау үшiн тығыз жабылатын қақпақтары бар металл ыдыстар көзделеді. Спорттық құрылыстардың мiнбе астындағы бос орнында көлiк құралдарын дайындауға жол берiлмейдi;

      5) автомотоклубтардағы көлiк құралдарын тұрақты сақтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету орындары осы Қағидалардың ережелерiне сәйкес орындалады. Кернеудi реттеу үшiн барлық электр аппаратурасы (реостаттар, автотрансформаторлар, дроссельдiк катушкалар, iске қосу реостаттары) тасымалданатын эстрадалар мен тұғырлардан тысқары орналасқан аппараттық үй-жайларда орналастырылады.

      128. Қойылым немесе иллюминациялық жарық беру үшiн лазерлердiң блоктарына қуат беретiн лазерлiк қондырғылар пайдалану кезiнде жанғыш конструкциялар мен декорациялардың үстiңгi қабатынан кемiнде бiр метр алшақтықта аппараттық үй-жайларда жанбайтын материалдардан жасалған тұғырларға орнатылады. Көрсетiлген жұмыстар үшiн өрт қауiпсiздiгi сипаттамалары бар лазерлiк қондырғылар қолданылады.

      129. Софиттер мен рампаларды орнату кезiнде жанбайтын материалдар ғана қолданылады. Софиттердiң корпустары оларды ұстап тұрған арқандардан оқшауланады. Прожекторлар мен софиттер жанғыш материалдардан жасалған декорациялар мен конструкциялардан кемiнде 0,5 метр алшақ орнатылады. Линзалық прожектордан жанғыш декорацияға дейiнгi қашықтық кемiнде екi метр етiп сақталады.

      130. Тұғырдың (эстраданың) ағаш рампасы мен электр шамдарының қаптамалары арасында қалыңдығы 8-10 миллиметр жанбайтын материал салынады, ал эстрадаға немесе тұғырларға орнатылған барлық тасымалданатын электр фонарьлары (кiшкентай шамдар) сыртқы жағынан жанбайтын кiлемшелермен қорғалады. Кiшкентай шамдарды эстраданың немесе тұғырдың планшетiне орнату кезiнде олардың астына жанбайтын кiлемшелер орнатылады. Жарықтандырылған сүзгiштерi жоқ эстрада, тұғырдағы софиттер және жұмыс жағдайында жарық беру үшiн пайдаланылатын эстрада, тұғырлар әйнекпен жабылады.

      Барлық софиттерге жарық жағынан шамдардың әйнектерiнiң және лампалардың жарылған колбаларының сынықтарының түсуiн болдырмайтын қорғайтын металл торлар орнатылады.

      131. Прожекторлар мен софиттерге әйнектердiң орнына жанғыш материалдардан жарықтандырылған сүзгiштердi қолдануға жол берiлмейдi.

      132. Қарайған немесе кеуiп қалған белгiлерi бар лампалар, әйнектер дереу жаңасымен ауыстырылады.

      133. Өрттiң шығуына әкелуi мүмкiн пиротехникалық бұйымдар мен ашық от көздерiн қолданумен байланысты арнайы от әсерлерiн қолдану қажет болған жағдайда, отшашу өткiзетiн ұйымның басшысы мыналарды:

      1) отшашудың басталу және аяқталу күнін, орнын, пиротехникалық қондырғыларды орналастыру схемасын, пайдаланылатын бұйымдардың сипатын;

      2) ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi қашықтықтарды көрсете отырып, жергiлiктi жерлерге отшашу, пиротехникалық бұйымдарды сақтау және монтаждау бекеттерiнiң байланысу схемаларын және қауiптi аймақтардың шекараларын көрсете отырып, отшашулар өткiзу орындарын қоршау схемасын;

      3) отшашулар өткiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықты;

      4) өрт сөндiру құралдарын орналастыру схемаларын;

      5) өрттiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтитын өрттiң алдын алу және жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады.

      134. Пиротехникалық бұйымдар iске қосылатын алаңдарда темекi шегуге және от жағуға, пиротехникалық бұйымдарды қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.

      135. Отшашуларды орнату орындарын күзету отшашуларды өткiзетiн ұйымға жүктеледi.

      136. Iске қосу алаңдары алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiштермен, суы бар сыйымдылықтармен немесе құммен) қамтамасыз етiледi.

      137. Отшашу аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған бұйымдар мен пиротехникалық зарядтардың элементтерiн анықтау және жинау мақсатында iске қосу алаңы мұқият тексерiледi.

Спорттық құрылыстардың емдеу-сақтандыру үй-жайларын,
оңалту-қалпына келтiру орталықтарын ұстау тәртiбi

      138. Спорттық объектiлерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын емдiк дәрi-дәрмектердi сақтау үшiн бiрге сақтауға болатын заттардың тiзбесi бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф көзделеді. Шкаф жылу беру және қыздыру аспаптарынан кемiнде бiр метр қашықтықта орнатылады. Шкафта әртүрлi өрт қауiптi қасиеттерi бар дәрi-дәрмектердi бiр сөреде сақтауға жол берiлмейдi.

      139. Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшiн жабылатын қақпағы бар металл жәшiк орнатылады. Объектiнiң жұмысы аяқталғаннан кейiн жәшiктер қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға шығарылады.

      140. Спорттық объектiлерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық аспаптарды зарарсыздандыру үшiн сұйық және газ тәрiздi (керогаз, керосин лампалары, примус) отынмен жұмыс iстейтiн қыздыру аспаптарын, сондай-ақ спиралi ашық электр плиталарын пайдалануға жол берiлмейдi.

Бассейндердегi суды зарарсыздандыру кезiнде
пайдаланылатын үй-жайларды ұстау тәртiбi

      141. Суды зарарсыздандыруға арналған натрий немесе кальций гипохлоридiн, хлор әгiн және басқа арнаулы өнiмдердi пайдалану кезiнде оларды сақтау үшiн күн көзiнен және атмосфералық ылғалдан қорғалған, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерiне сәйкес келетін, оңашаланған, жақсы желдетiлетiн үй-жай көзделеді.

      142. Натрий, кальций гипохлоридiн және басқа химиялық препараттарды сақтау кезiнде ерiтiндiлердiң кеуiп қалу, олардың 40о С жоғары температураға дейiн қызу, сондай-ақ қышқылдармен және органикалық заттармен байланысу мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар көзделедi.

Монша-сауналарды ұстау тәртiбi

      143. Тас пештi, электр желiсiне электр қыздырғышты қосу үшiн пайдаланылатын электр сымдары, сондай-ақ шырақтар мен электр арматурасы жоғары температуралы ортада пайдалану жағдайына есептеледі. Жылу электр қыздырғыштарды электр желiсiне қосу құрғақ ыстық камерасынан тысқары жүргiзiледi.

      144. Құрғақ ыстық камераның тас пешінің астынан таза ауаның келу арнасы шаңнан және басқа да бөгде заттардан жүйелi түрде тазаланып тұруы тиіс.

      145. Құрғақ ыстық камераның жабдығында ақаулық байқалған немесе жану белгiлерi (түтiн, күйiк иiсi, құрғақ ыстық камераның ағаш қаптамасының көмiрге айналуы) пайда болғанда оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл жөнiнде объектiнiң әкiмшiлiгiне хабарланады.

      146. Құрғақ ыстық камерадан соратын ауа өткiзгiшті оқшау етіп жасап, тiкелей сыртқа шығару керек.

      147. Сауналардың үй-жайларында:

      1) желiге қосылып тұрған тас пештiң электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға;

      2) қолдан жасалған жылу электр қыздырғыштарын орнатуға;

      3) ажыратылған немесе ақаулы термореттегiшi бар тас пештi пайдалануға;

      4) сауналардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол берiлмейдi.

Сауда объектiлерiн ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      148. Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлердi уақытша сақтауға жол берiлмейдi. Жиналып қалуына байланысты олар күн сайын алынып тасталып отырады. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелерiне жақын жинауға болмайды.

      149. Терезелiк ойықтары жоқ немесе түтiн жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берiлмейдi.

      150. Сiрiңкелердi, одеколонды, иiс суларды, аэрозоль орамаларын және өртке қатысты өзге де қауiптi тауарларды сақтау басқа заттардан бөлек арнайы бейімделген үй-жайларда жүзеге асырылады. Оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдар өртке қарсы қалқалармен оқшауланған үй-жайларда орнатылған металл шкафтарда сақталады. Көрсетілген шкафтарды жертөле үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді.

      151. Сауда кәсiпорындарында:

      1) сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге;

      2) эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ойма және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрi-дәрмек, газет, кiтап дүңгiршектерiн орналастыруға;

      3) сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;

      4) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуациялау жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;

      5) 15000 мыңнан артық аэрозоль орамдарын сақтауға;

      6) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды (газ баллондарын, бояуларды, лактарды, еріткіштерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозоль орамдарын, оқ-дәрілерді және пиротехникалық бұйымдарды басқа мақсаттағы ғимараттарда орналастырғанда оларды сатуға жол берiлмейдi.

      152. Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да iс-шараларды өткiзу кезiнде басшылар олардың қауiпсiздiгiн (келушiлердiң кiруiн шектеу, қосымша кезекшiлердi тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайды.

      153. Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастыру кезiнде мынадай өрт қауiпсiздiгi шаралары орындалады:

      1) ашық базарлардың сауда қатарларының үстіндегі жабындары жанбайтын материалдардан жасалады;

      2) жабық базарларда сатылы торларда, холлда және дәлiздерде сауда жүргiзуге жол берiлмейдi;

      3) төбенi жабатын торларды оттан қорғау құрамдарымен өңделген ағаштан жасауға болады;

      4) сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын матамен, қағазбен, үлдiрмен жабуға жол берiлмейдi.

      154. Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлiгiне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол берiлмейдi.

      155. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгiршектер мен шағын дүкендер жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектер тобында отқа төзiмдiлiгi I, II, IIIа дәрежелi етiп салынады.

      156. Жұмыс уақытында тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсiру сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланыспайтын жолдар арқылы жүзеге асырылады.

      157. Шыны ыдыстарға бөлiнiп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ "От қауіпті", "Отқа жақын шашыратпа" деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасысыз өрт қауiптi тауарларды сатуға жол берiлмейдi. Өрт қауіпті тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.

Сауда павильондары мен дүңгiршектерiн ұстау тәртiбi

      158. Бөлiнген аумақта дүңгiршектердi, сондай-ақ ауданы қоса алғанда 20 шаршы метрге дейiнгі бiр қабатты павильондар топтарымен орналастырылады. Бiр топта отқа төзiмдiлiк дәрежелерiне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастырылады.

      Топтағы олардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.

      159. Ауданы 20 шаршы метрге дейінгі жеке ораналасқан дүңгiршектерден (павильондардан) бастап басқа ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      160. Алдыңғы тармақта көрсетiлген топтар арасындағы, ауданы 20 шаршы метрден астам павильондар мен дүңгiршектер арасындағы, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар мен газдарды (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады. Топта отқа төзiмдiлiк дәрежесi әр түрлi дүңгiршектер мен павильондар болған жағдайда топтан бастап көршiлес ғимараттарға дейiнгi қашықтық отқа төзiмдiлiк дәрежесi едәуiр төмен құрылыс бойынша қабылданады.

      161. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгiршектер мен павильондардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналасады.

      162. Орама материалдар мен құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етiп көзделеді.

      163. Ауданы 20 шаршы метрге дейiнгi сауда дүңгiршектерi мен бiр қабатты павильондар ғимараттарының отқа төзiмдiлiк дәрежесi регламенттелмейдi.

      164. Жанғыш сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған павильондар мен дүңгiршектердiң отқа төзiмдiлiгi әдетте, бөлек тұратын немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектермен бір топта I, II, IIIа дәрежелі етiп орындалады.

      165. Елдi мекендерде орнатылатын дүңгiршектерге электр (майлы радиаторларды, сәйкестiк сертификаты бар қыздыратын панельдердi қолдана отырып), бу немесе су арқылы жылу беруге болады.

      166. Елдi мекендерден тыс орналастырылатын дүңгiршектерде осы Қағидалардың ережелерiне сәйкес пешпен жылу берудi қолдануға болады.

      167. Қыздыру лампалары бар электр шамдары қорғағыш қақпақтарымен, ал люминесцент лампалары стартерсiз жасалады.

      168. Павильонның немесе дүңгiршектiң және құрылыстар тобының электр желiсiн токтан ажырату үшiн ажырату құрылғысы жанбайтын негiзде орнатылады.

      169. Дүңгiршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылымен (автономды өрт хабарлағыштары) жабдықталады.

Медициналық ұйымдарды ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      170. Медициналық ұйымның басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейiн күн сайын өрт сөндiру бөлiмiне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректердi хабарлайды.

      171. Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.

      172. Ауылдық жерлерде орналасқан медициналық ұйымдар әр ғимаратқа бiр саты есебiнен қосалқы сатылармен жабдықталады.

      173. Ауруханалар мен өздiгiнен жүруге қабiлетсiз адамдар үздiксiз келетiн басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бiр зембiл есебiнен зембiлдермен қамтамасыз етiледi.

      174. Мыналарға:

      1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу процесіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;

      2) кереуеттердi дәлiздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;

      3) аурухана палаталарына баллондардан оттегi жiберу үшiн пластмасса және резеңке шлангты қолдануға;

      4) ақаулы емдiк электр жабдықтарын пайдалануға;

      5) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтiк, электр плиталарын және басқа да электрмен жылыту құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.

      175. Су қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнату, медициналық аспаптарды зарарсыздандыру, сондай-ақ парафин мен озокериттi қыздыру тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда жүргiзiледi. Аспаптар мен төсемдердi қайнату үшiн жабық шиыршықтары бар зарарсыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керогазды, керосин ыдыстарын және примустердi қолдануға жол берiлмейдi.

      176. Зертханаларда, бөлiмшелерде, дәрiгерлер кабинетiнде дәрi-дәрмектер мен реактивтердi (тез тұтанатын сұйықтықтарға және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограмнан аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат берiледi.

      177. Дәрi-дәрмек қоймалары үй-жайларындағы материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.

      178. Оттегi және жанғыш газы бар баллондарды бiрге сақтауға, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық және дәрi-дәрмек қоймаларында сақтауға болмайды. Оттегi мен жанғыш газы бар баллондар арнайы орындарда немесе қалқаның астында сақталады, жылу көздерiнен (жылу беру құралдары, күн сәулесi) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиiп кетуiнен қорғалады.

Физиотерапия кабинеттерiн, анестезиология, жансақтау
және қарқынды терапия, операция жасау бөлiмшелерiн
ұстау тәртiбi

      179. Барлық емдеу электр аппараттары ақаусыз күйде ұсталады, сенiмдi жерге тұйықтағышпен, зауыттық электр сызбасымен және техникалық паспортпен қамтамасыз етiледi. Оқшаулағышы зақымданған, қысатын және аппаратқа қосылатын жерлерi бұзылған электр сымдарын пайдалануға жол берiлмейдi.

      180. Электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерiнде қолданылатын, оның iшiнде ауа қабаты бар стерилизаторлардың тек зауытта дайындалғандары ғана көзделеді және олар жанбайтын материалдардан жасалған үстiңгi қабаттарға орнатылады.

      181. Парафин мен озокерит арнайы бөлiнген үй-жайда зауытта дайындалған жылытқыштардағы сору шкафында немесе су моншасында қыздырылады. Қыздырғыштар орнатылатын үстел жылуға төзiмдi материалмен қапталады. Парафин мен озокериттi ашық жалынмен қыздыруға жол берiлмейдi.

      182. Үй-жайлардың жергiлiктi желдету жүйелерiнiң аппараттары мен қондырғылардан шыққан шығарындылар шатырдың жоғарғы нүктесiнен кемiнде 2 метр биiктiкте жүзеге асырылады.

      183. Аппаратураны профилактикалық тексеріп қарау анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық паспортта (нұсқаулықта) белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi.

      184. Әрбiр электрмен және сәулемен емдеу бөлiмiнде (кабинетiнде) қызмет етушi персоналмен жүргiзiлген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тiркеу журналы жүргiзiледi.

      185. Операциялық кабинеттерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт қауiпсiздiгi шаралары орындалады.

      186. Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларындағы кабинеттердiң есiк орындары мен өтетiн жолдары арқылы науқастарды сүйретпелермен еркiн тасымалдау қамтамасыз етiледi.

      187. Операциялық бөлмелердегi есірткі заттары мен препараттардың өздiгiнен тұтануын болдырмау үшiн жұмыс аяқталғаннан кейiн олар буландырғыштан жабылатын герметикалы ыдысқа құйылады. Осы сұйықтықтарды кәрізге құюға, сондай-ақ наркоз уақытында ақаулы немесе ұшқын шығаратын электр жабдығын қолдануға жол берiлмейдi.

      188. Операция үстелi, наркоз аппараты және барлық электрлiк медициналық аппаратура қорғайтын қалақпен жерге тұйықтайтын сымдарға қосылады.

Медициналық ұйымдардың зертханаларын ұстау тәртiбi

      189. Зертханалардың үй-жайына кiретiн жерде олардың жарылыс-өрт қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша санаттарын нұсқағыштар iлiнедi.

      190. Өндiрiстiк қажеттiлiктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргiзiледi немесе тасымалдауға арналған арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тiкелей берiлетiн заттарды пайдалану орнына төселедi.

      191. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жұмыс iстейтiн үй-жайларда iшiне жанбайтын материал төселген, қақпағы бар металл жәшiкке салынған, қабырғасы қалың шынылы немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтауға рұқсат етiледi. Мұндай сұйықтықтарды полиэтилендi сыйымдылықтарда сақтауға жол берiлмейдi.

      192. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргiзiледi. Химиялық өзара әрекеттесуi нәтижесінде өрт немесе жарылыс шығатын заттарды бiрге сақтауға жол берiлмейдi.

      193. Зертханалық жиһаз бен жабдық адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей етiп орналастырылады.

      194. Өрт, жарылыс қаупi бар сұйықтықтармен және заттармен жұмыс iстеуге арналған үстелдердiң, сөрелердiң, сору шкафтарының жұмыс iстейтiн үстiңгi қабаттары жанбайтын материалдардан жасалған жабын мен ернеулерден көзделеді. Қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа химиялық белсендi заттармен жұмыс iстеу үшiн үстелдер мен шкафтар тотығуға төзiмдi материалдардан жасалады.

      195. Зертханадағы уытты немесе өрт және жарылыс қаупi бар булар мен газдарды бөлу мүмкiндiгiмен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиiс жанбайтын материалдардан жасалған сорып шығатын шкафтарда жүргiзiледi. Әйнектерi сынық немесе желдеткiшi ақаулы сорып шығатын шкафтарды қолдануға жол берiлмейдi.

      Сорып шығатын шкафтардың жармалары, есiктерi мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (сорып шығу үшiн төменгi жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсiрiлген) ұсталады.

      Егер онда орындалатын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар сақталатын болса, сорып шығатын шкафта жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      Сорып шығатын шкафтар өздiгiнен желдететiн каналдары бар желдету жүйесiмен жабдықталады.

      196. Қышқылдары, сiлтiлерi және басқа химиялық белсендi заттары бар әйнек ыдысты iшiне жанбайтын материал төселген арнайы металл немесе ағаш жәшiктерде тасымалдауға рұқсат етiледi. Күкiрт немесе азот қышқылдарын сақтау үшiн ағаш жәшiктердi, себеттер мен жоңқаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

      197. Сұйық оттектi тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бiр үй-жайда сақтауға жол берiлмейдi.

      198. Сығылған, сұйылтылған және ерiтiлген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшiн ойықтар немесе жалюзи торлары көзделеді. Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды беру орталықтан жүргiзiледi.

      199. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорғы желдеткiшiн жұмыс басталғанға дейiн кемiнде 5 минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталғаннан кейiн сөндiрiледi.

      200. Зертханаларда:

      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптарға, оттықтарға және басқа да от көздерiне 1 метрден жақын орналастыруға;

      2) пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәрізге құюға;

      3) едендер мен жабдықты тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;

      4) оттықтар жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгiлген сұйықтықтарды тазалауға;

      5) жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды тастап кетуге;

      6) жұмыс орнында және жұмыс iстейтiн үй-жайларда өрт қауiптi қасиеттері белгісіз қандайда бiр заттар мен препараттарды сақтауға;

      7) жұмыс орнын, жанып тұрған оттықтарды және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға;

      8) iшiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол берiлмейдi.

      201. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы киiмге тиiп кеткен жағдайда оны дереу ауыстыру шаралары қабылданады.

      202. Жарылу және өрт-жарылу қаупi бар заттармен жұмыс iстеу кезiнде, сондай-ақ зертханада (бөлмеде, бокста) түнгi сағаттарда жұмыс iстеу кезiнде кемiнде екi адам болуы қажет, бұл ретте олардың бiреуi аға зерттеушi болып тағайындалады.

      203. Газ плиталары жоба бойынша орнатылады. Газдың иiсi байқалған немесе басқа ақаулықтар анықталған жағдайда, плиталар сөндiрiледi және оларды ақаулықтары жойылғанға дейiн пайдаланылмайды.

      204. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды беруге арналған құбырлар жерге тұйықталады.

      205. Жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн зертхана үй-жайына жауапты қызметкер аспаптар мен аппараттарды, газ және су шүмектерiн тексередi, ортақ электр ажыратқышты және желдеткiштi сөндiредi, сондай-ақ зертхананың үй-жайынан артық жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар, заттар, реактивтер, жұмыс iстелген сұйықтықтар, қалдықтар, қоқыс пен шүберек шығарылады.

      206. Пайдаланылған сұйықтықтар еритiн заттардың қасиеттерiн ескере отырып, герметикалық жабылатын сынбайтын ыдысқа құю және жұмыс күнiнiң соңында қалпына келтiру немесе жою үшiн зертхананың жұмыс iстейтiн үй-жайынан шығарылады. Осы сұйықтықтарды сақтау осы Қағидалардың ережелерiн ескере отырып жүргiзiледi.

Бiр және көп орынды емдеу барокамераларын
ұстау тәртiбi

      207. Барокамералар үй-жайларының есiктерi әйнексiз, тығыздалған ысырмалары бар өздiгiнен жабылатын, құлыпсыз, сондай-ақ басқа iлмек қондырғыларсыз көзделеді. Барозалдардың есiктерiнiң енi аурухана сүйретпелерiнде немесе креслосындағы пациенттердi өткiзуге мүмкiндiк беретiндей, бiрақ кемінде 1 метр етiп көзделеді.

      208. Барокамера үй-жайлары қабырғаларының қаптамасы, аспалы төбелерi жанбайтын материалдардан қапталады. Қабырғалар мен төбелердi бояу үшiн тек су эмульсиялы бояулар пайдаланылады.

      209. Барокамера үй-жайларына жылу беру орталықтан, жылу тасымалдағышының температурасы 95оС аспайтындай етiп көзделеді. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерiнен барокамераға дейiнгi арақашықтық кемiнде 1 метр етiп көзделеді.

      210. Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайлар авариялық жарықпен жабдықталады.

      211. Барокамералардың үй-жайы байланыспен, автоматты өрт дабылымен және үш есе ауа алмастыратын сору желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.

      212. Емдеу барокамераларының iшкi көлемiне жарық түсiру жарық сәуле өтетiн иллюминаторлар арқылы сырттан орнатылған шырақтармен жүргiзiледi.

      213. Барокамераның үй-жайында олардың паспорттық немесе түгендеу нөмiрлерi көрсетiле отырып, құрамындағы оттегiсi жоғары ортада жұмыс iстеуге рұқсат етiлген аспаптардың тiзбесi iлiнедi. Ақаулы аспаптарды тек оларды оттегiсi арттырылған ортада пайдалануға болатындығы туралы тиiстi белгiлерi бар ұқсас аспаптарға ауыстыруға болады, бұл ретте тiзбеге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.

      214. Тiкелей барокамераларға орнатылған шырақтарда тек қыздыратын лампалар қолданылады.

      215. Барокамералар ақаусыз сөйлесу қондырғыларымен қамтамасыз етiледi, бұл ретте жәшiктерiнiң көлемi 0,5х0,5 миллиметр жез торлармен жабылған камера iшiндегi металл жәшiктерде тек динамик және микрофон болуы қажет.

      216. Бароаппараттар олардың бiрде бiреуi басқа аппаратты, барозалдың кез келген жабдығын, сондай-ақ науқастар мен қызмет етушi адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей етіп орналастырылады.

      217. Сеансты немесе операцияларды бастар алдында барокамераның барлық аппаратурасы, өлшеу және бақылау аспаптары, байланыс құралдары, өрт сөндiру дабылдары, ал көп орынды барокамераларда және тасымалданатын аспаптар мұқият тексерiлуi тиiс. Ақаулықтары немесе олқылықтары анықталған жағдайда, сондай-ақ тiзiмдемеге енгiзiлмеген жабдық болған жағдайда анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн сеанстар мен операцияларды одан әрi жүргiзуге жол берiлмейдi.

      218. Бароаппараттары бар үй-жайларда оттегiнiң ұсталуын бақылау үшiн автоматты газ талдағыштар орнатылады.

      219. Оттегi өткiзгiштегi бекiту арматурасы барозалдан тыс орнатылады.

      220. Бароаппараттар мен барозалдарды пайдалану кезiнде:

      1) пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiммен жайғастыруға;

      2) пациенттi сеанс уақытында және оны дәрiгердiң бақылауынсыз 30 минут бойы қалдыруға, бұл ретте оған темекi шегуге және ашық отқа жақындауға;

      3) бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге қоспастан бароппараттарды пайдалануға жол беруге;

      4) жұмыс ортасының қысымын рұқсат етiлгеннен арттыруға;

      5) барокамерадағы оттегiнiң салыстырмалы ылғалдылығын 65 % төмен төмендетуге;

      6) барокамераға тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, оттың немесе ұшқынның пайда болуына қабiлеттi заттар мен бұйымдарды кiргiзуге;

      7) барозалда (үй-жайда, көлiктiң салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағышты, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулердi) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен бұйымдарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық орындалған шырақтарды қолдануға;

      8) майсыздандырылған оттегi жабдығын пайдалануға;

      9) барозалда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның iшiнде таңып байлау материалдарын сақтауға;

      10) барозалдағы оттегi концентрациясының 23 % артық артуына жол беруге;

      11) бароаппаратта баробөлiмдi және бароаппаратты тексерудiң бекiтiлген актiсi болмаған кезде емдеу сеанстарын жүргiзуге;

      12) бароаппаратты рұқсат етiлген кернеуден артық желiге қосуға;

      13) пайдалануды өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарынсыз жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

Дәрiханалар мен дәрiхана қоймаларын ұстау тәртiбi

      221. Басқа мақсаттағы ғимараттардағы дәрiханаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар саны 100 килограмнан аспайтындай етiп қабылданады.

      222. Дәрiханаларда сақталатын оттегi толтырылған баллонның саны екеуден аспайды және олар арнайы орынға тiгiнен тұрғызылған күйде тұрады, сонымен бiрге, қамытпен немесе басқа да құралмен тығыз бекiтiледi.

      223. Дәрiхана қоймаларында:

      1) транзиттi электр кәбілдерi өтетiн үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары мен май сiңген аппаратуралар бар үй-жайларда сақтауға;

      2) өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу берудiң тығыз радиаторлары мен құбырларына жинауға;

      3) материалдарды тiкелей қоймаларда ашуға және буып-түюге;

      4) сумен реакцияға түсетiн сiлтiлi металдар және басқа заттар сақталатын қоймалық үй-жайларға дымқыл немесе ылғалды киiммен және аяқ-киiммен кiруге жол берiлмейдi.

      224. Қалқа артында тек ылғалды ауадан немесе судан шiрiмейтiн, қызбайтын және тұтанбайтын химиялық заттарды сақтауға болады.

      225. Қоймалық және дәрiхана қоймасы үй-жайларындағы материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортиментке сәйкес сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.

      226. Пластмасса бұйымдары желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен кемiнде 1 метр қашықтықта сақталады. Үй-жай ашық оттан, ұшпалы заттардың буларынан шектеледi.

      227. Дәрiхана қоймаларында және басқа жерлерде өрт немесе жану туындаған кезде тиiстi бөлiмшелердiң басшылары өртке қарсы қызмет жұмысшылары келген кезде улы және жарылыс қаупi бар заттардың бар-жоғы және сақтау орындары туралы хабарланады.

      228. Өрт қауiпті және тез тұтанатын сұйықтықтары бар баллондар арнайы лайықталған көтермелерде немесе ұстайтын саптары ақаусыз себеттерде екеулеп тасымалданады. Үлкен бөтелкелерi бар себеттердi, жәшiктердi немесе көтермелердi (салмағы 20 килограммнан асатын), сондай-ақ қатты ыдысқа салынған заттарды тек дөңгелектерi жұмсақ жүретiн арнайы арбаларға салынады.

      229. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары бiртектiлiк қағидасы бойынша және олардың физикалық-химиялық және өрт қауiптi қасиеттерiне және орау сипатына сәйкес сақталуы тиiс.

      230. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және төзiмдi стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз етiледi.

      231. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауға болады.

      232. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар қоймаларының үй-жайларының есiктерi ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылады.

      233. 100 килограмнан астам мөлшердегi тез тұтанатын сұйықтықтар бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.

      234. Медициналық ұйымдардың өндiрiстiк үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшерi 3 килограмнан аспайтындай етiп жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшiкте сақталады.

      235. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың iшiнен есiктерiнде айқын көрiнетiн "От қауiптi", "Жарылыс қауiптi", "Темекi шегуге жол берiлмейдi", "Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 телефонына қоңырау соғу қажет" деген жазулар iлiнедi.

      236. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын әр үй-жайға кiру жолының жанында "Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты (жауапты адамның аты-жөнi)" деген жазуы бар тақта iлiнедi. Жауапты адам қалған от қауiптi және жарылыс қауiптi заттарды жинау және жұмыс күнi соңында өзге де шаралар жүргiзу мақсатымен күн сайын үй-жайға тексерiс жүргiзiледi.

      237. Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлер сұйықтықтардың булануынан алдын алу үшiн тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындалады. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды ашық контейнерлерде және өзге де материалдардан дайындалған контейнерлерде сақтауға жол берiлмейдi.

      238. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен өзге де үлкен сыйымдылықтар соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бiр қатарда сақталады. Жұмыс орындарында бұл заттар ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде тығыз жабылған контейнерлерде сақталады.

      239. Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрi-дәрмек құралдарын:

      1) толықтай толтырылған контейнерде сақтауға жол берiлмейдi. Толтыру деңгейi көлемнiң 90 пайызынан аспайтындай етiп қарастырылуы тиiс. Көп мөлшердегi спирттер көлемнiң 95 пайызынан аспайтындай етіп толтырылатын металл сыйымдылықтарда сақталады;

      2) минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйылтылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калийi, перманганат калийi) бейорганикалық тұздармен сақтауға жол берiлмейдi.

      240. Жанғыш және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақталады, қажет болған жағдайда тығындау құралдарына парафин құйылады.

Биiктігі 28 метрден астам тұрғын үйді және қоғамдық ғимараттарды ұстау тәртiбi

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      241. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      242. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      243. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      244. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      245. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      246. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      247. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      248. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      249. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      250. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      251. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      252. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      253. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      254. Биіктігі 28 метрден астам ғимараттарда:

      1) өрт шыққан жағдайда автосатыларды немесе иінді көтергіштерді орнатуға арналған алаңдарға әр түрлi жабдық, автокөлiк қоюға, үймелеуге;

      2) түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйемен басқару қалқанын токтан ажыратуға;

      3) өрттен қорғау жүйесiн iске қосқанға дейiн жаңадан салынған ғимаратқа адамдарды орналастыруға;

      4) тұйық қалқаларда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, жертөле үй-жайларынан бөлетiн қабырғаларда есiк ойықтарын орнатуға;

      5) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      6) автоматты өрт хабарлағыштары мен суландырғыштарды бояуға, ақтауға;

      7) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8) балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға;

      9) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      10) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. 254-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртiбi

      255. Заттар мен материалдарды сақтау (қаттап жинау) оларды сақтаудың үйлесімділігін өрт сөндiру құралдарының бiркелкiлiгiн ескере отырып, жүзеге асырылады.

      256. Ғимараттардағы барлық үй-жайлар таза ұсталады. Қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшiктер үнемi тазартылады.

      257. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында жанғанда уыттылығы жоғары өнiмдер шығаруы мүмкiн полимерлi материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.

      258. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      259. Ғимараттардың iшiнде су құбырларын, кәріз құбырлары мен жылыту жүйелерiн жылыту үшiн ашық от пен қыздырылған заттарды қолдануға жол берiлмейдi.

      260. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарының қызметтiк үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештердi, электр жылытқыштарын, электр шәйнектерiн) орнатуға және пайдалануға жол берiлмейдi.

      261. Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлiнген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттiлiкке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшiру құралдарынсыз қолдануға жол берiлмейдi.

      262. Үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосиндi шамдар мен шырақтарды қолдануға жол берiлмейдi.

      263. Электрмен жылыту құралдарын, үстел шамдарын, радиоқабылдағыштарды, теледидарларды, тоңазытқыштарды, шаң сорғыларды тек дұрыс штепсельдi розеткалар арқылы ғана желiге қосылады.

      264. Жатын бөлмелерде, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетiлетiн тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтiктердi, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      265. Киiмдердi үтiктеу тек осы мақсатқа бөлiнген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргiзiледi. Үтiктеудi ақаусыз термо реттегiштер мен жарықтанатын iске қосу индикаторлары бар үтiктермен орындауға рұқсат етiледi. Үтiктер жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарда орнатылады.

      266. Жұмыс аяқталғаннан кейiн кезекшi жарықтандырудан, автоматты өрт сөндiру қондырғыларының электрмен қоректендiру көздерiнен, дабыл және түтiн жою жүйелерiнен, сондай-ақ технологиялық процестің шарттары бойынша тәулiк бойы жұмыс iстеуi тиiс электр қондырғыларын қоспағанда, барлық электр қондырғылары ажыратылады.

      267. Әлеуметтiк қызмет көрсету мекемелерiнде қызмет көрсету персоналының тәулiк бойы кезекшiлiгi ұйымдастырылады. Кезекшiнiң қолында үнемi эвакуациялық шығу орындарының есiктерiндегi барлық құлыптардың кiлттерi жиынтығы болуы тиiс. Кiлттердiң басқа жиынтығы кезекшiнiң бөлмесiнде сақталады. Екi жиынтықта да әрбiр кiлттiң тиiстi құлыпқа жататыны туралы жазуы болады.

      268. Қоғамдық ғимараттардың түнгi кезекшiлерi телефон орнатылған үй-жайларда болады және қол электр фонарьларымен қамтамасыз етiледi. Дәлiздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарына кереуеттер орналастыруға жол берiлмейдi.

Ғибадат үйлерін ұстау тәртiбi

      269. Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.

      270. Ырымдар мен салттарды жүргiзу үшiн:

      1) жану тобы Г1-Г4 материалдарынан жасалған көлденең қоршау құрылымдарынан 0,7 метр;

      2) жану тобы Г1-Г4 материалдарынан жасалған тiк қоршау құрылымдарынан 0,5 метр;

      3) басқа жанғыш материалдардан 0,5 метр қашықтықта ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      271. Зауытта шығарылмаған және өндiрушiнiң паспорты жоқ шамдарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      272. Шыны құтылары бұзылған, ашық от қолданылатын шамдарды пайдалануға, сондай-ақ оларды толтыру үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      273. Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.

      274. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулерi қарастырылған, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейiн сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы бетi жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгiлiп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.

      275. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздерi болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемiнде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.

      276. Пештердi тұтату салттар мен ырымдарды жүргiзу басталғанға дейiн екi сағат бұрын аяқталады.

      277. Ғибадат үйлерінде от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға жол берiлмейдi.

      278. Эвакуациялау жолдары бос болып ұсталады және үймеленбейдi.

      279. Салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде эвакуациялау жолдарын құлыптармен және басқа да бекiту құрылғыларымен жауып қоюға жол берiлмейдi.

      280. Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бiр адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткiзу қабiлеттiлiгi негiзiнде шектеледi.

      281. Келушiлердiң қозғалысын қиылыс және қарсы ағын болмайтындай етiп ұйымдастырылады.

      282. Ғибадат үйлерінен және адамдар жаппай болатын басқа да үй-жайлардың эвакуациялық шығу орындарының белгiлерi дұрыс жағдайда және салт ырымдарды жүргiзу кезiнде қосылып тұрады.

      283. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      284. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      285. Телефон аппараттарының жанында көрiнетiн жерлерде ең жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiн шақыру нөмiрi, сондай-ақ "101" және "112" телефон нөмiрлерi көрсетiлген тақтайшалар iлiнедi.

      286. Әрбiр қабаттың көзге түсетiн жерлерiнде саты торларына шығатын және салттар мен ырымдар жүргiзуге арналған үй-жайларға кiретiн жерлердiң жанында өрт болған жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялаудың әр қабаттық жоспарлары iлiнедi, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау және өрт болған жағдайда жасайтын басқа да iс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету персоналы мен күзеттiң мiндеттерi белгiленедi. Өрттiң шыққаны және адамдарды эвакуациялау туралы хабарлағышты iске қосу тәртiбiн ғибадат үйінің өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам анықтайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен уақытша ұстау
изоляторларын ұстау тәртібі

      287. Қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінің аумағында өрт қалқандары:

      1) кезекші бөлімнің қасындағы тұрғын аймақта сотталғандар үшін қол жетпейтін жерде не сотталғандардың кіруі шектелген орында;

      2) әр өндірістік ғимараттағы өнеркәсіп аймағында;

      3) қазандықта, шаруашылық ауласы аумағында;

      4) айыппұл изоляторында (тәртіптік блокта);

      5) көліктік бақылау-өткізу пунктінде (бақылау алаңында, шлюзде) жабдықталады.

      Сотталғандар мен тергеуге қамауға алынған адамдарға қолжетімді орындарда өрт қалқандары балтамен, багормен, күрекпен, сүйменмен, ілмекпен, қайшымен, айырмен, басқа да шаншып-кесетін және шабатын заттармен жарақталмайды.

      288. Сотталғандарды ұстауға арналған жатақханаларда, сотталғандардың еркін жүруіне болатын өндірістік және басқа үй-жайларда өрт крандары мен өрт сөндіргіштер заңсыз ашудан қорғалған шкафта жабдықталады (орнатылады). Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) камераларында және уақытша ұстау изоляторларында (бұдан әрі – УҰИ) алғашқы өрт сөндіру құралдары орнатылмайды.

      289. ҚАЖ мекемелердің өндірістік, шаруашылық және тұрғын аймақтарының қоршауы мен УҰИ қоршаулары өрт сөндіру автомобильдерінің өтуіне арналған қақпалармен жабдықталады.

      290. ҚАЖ және УҰИ аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау желілері немесе табиғи су көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті) сәйкес сыртқы өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің қажетті шығынына есептелген сыйымдылықпен өрт сөндіру су қоймаларын орнатуды қарастыру қажет. Объектiден 200 м радиуста табиғи немесе табиғи су көздерi болған кезде оларға жылдың кез келген мезгiлiнде су жинау және өрт автомобилiн орнату және су алу үшін кемінде 12х12 м көлемi бар қатты жабынды алаңқайы (пирс) бар кiреберiс орнатылуы керек.

      291. Тұрғын аймақ ғимараттарының, құрылыстары мен үй-жайларының жертөлелiк, цокольдық қабаттарында және шатыр үй-жайларында, сондай-ақ медициналық бөлімде шеберханаларды, қоймаларды, қызметтік, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды (оның ішінде діни салттарды жасауға арналған) орналастыруға жол берілмейді. Тұрғын және тәртіптік блоктарда, ұзақ кездесу үй-жайларының блоктарында жарылыс қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдар пайдаланатын немесе сақталатын әртүрлi өндірістік және қойма үй-жайларын орналастыруға тыйым салынады.

      292. Тұрғын және тәртіптік блоктарда діни салттарды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру кезінде осы үй-жайларды 1-типтiк өртке қарсы қабырғалармен бөлу және әр жерде орналасқан кемінде екі эвакуациялық шығу жолдарымен жабдықтау қажет. Шам қойғыштар, шырақтар және басқа да ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.

      293. ҚАЖ мекемелерінің тергеуге қамалғандар мен сотталғандарды, УҰИ күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау камераларынан басқа, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының есіктері кілтсіз ішінен ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет және дабылын кезекшілік бөлімге шығарып, есікті заңсыз ашқанда іске қосылатын күзет дабылымымен жабдықталады.

3. Өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      294. Әрбiр кәсiпорында технологиялық процестерде қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгі көрсеткiштерi туралы мәлiмет болуы қажет, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшiн "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiне сәйкес жарылыс және өрт қауiптiлiгi бойынша санаттар белгiленедi.

      Өрт қаупi және жарылу қаупi бар материалдармен жұмыс iстеген кезде таңбалау және бумаларда немесе iлеспе құжаттарда көрсетiлген ескертпе жазуларының талаптары сақталады.

      295. Бiр-бiрiмен өзара әрекеттескенде тұтану, жарылу немесе жанғыш және уытты газдар (қоспалар) пайда болатын заттар мен материалдарды бiрге пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға (егер технологиялық регламентте көзделмесе) жол берiлмейдi.

      296. Жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу мен профилактикалық тексеру белгiленген және жобада, технологиялық регламентте немесе объект (цех) нұсқаулықтарында көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.

      297. Сору құрылғыларының (шкафтардың, сырлау, кептiру камераларының), аппараттар мен құбыр өткiзгiштерiнiң конструкциясы өрт қауiптi шөгiндiлердiң жиналуын болдырмайтындай және оларды өрт қауiпсiз әдiстермен тазарту мүмкiндiгiн қамтамасыз ететіндей етіп көзделеді. Тазарту жұмыстары кәсіпорын басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргiзiледi.

      298. Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарында және басқа да жерлерде статикалық электрден қорғау жүйелерiнiң ұшқын сөндіргіштер, ұшқын тұтқыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл тұтқыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұсталады.

      299. Жабдықты, бұйымдар мен бөлшектердi жууға және майдан тазартуға жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өрт жағынан қауiпсiз қондырғылар мен әдiстер қолданылады.

      300. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылыту ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi. Бұл мақсаттарда ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.

      301. Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың үлгiлерiн алу және деңгейдi өлшеу күндiзгi уақытта соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүргiзiледi. Аталған операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, сондай-ақ өнiмдi тартып ағызу және тартып шығару кезiнде орындауға болмайды.

      Осындай сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) "құламалы ағыспен" беруге жол берiлмейдi. Резервуарды толтыру және босату жылдамдығы тыныс алу клапандарының (желдеткiш келтеқұбырларының) резервуарларында орнатылған жалпы өткiзу қабiлеттiлiгiнен аспауға тиiс.

      302. Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есiктерi мен люктерi оларды пайдалану кезiнде жабық күйде ұсталуы тиіс. Камералар мен циклондардан жиналған жанғыш қалдықтар уақтылы жойылады.

      303. Өндiрiстiк ғимараттарды, кәсiпорындардың аумақтарындағы қоймаларды тұру үшiн пайдалануға, сондай-ақ өндiрiстiк шеберханалардың қоймаларында орналастыруға жол берiлмейдi.

      304. Жаяу жүру тоннельдерi мен өту жолдарында қойма орнатуға, жабдықты, жанғыш және басқа да материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды iлуге, сондай-ақ қуат кәбілдерін, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол берiлмейдi.

      305. Цехтардағы өту жолдары мен өткелдердiң шектерi нақты белгiленедi.

      306. Қоймалар мен өндiрiстiк үй-жайлар арқылы транзиттi электр желiлері, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбыр жолдары төселмейдi.

      307. Жарылу, өрт қаупі бар учаскелерде, цехтар мен үй-жайларда ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған немесе тиiстi жарылысқа қауiпсiз түрде орындалған құрал-саймандар қолданылады.

      308. Жанғыш шаңдар, жоңқалар шығатын үй-жайлардың қабырғалары, төбесi, еденi, конструкциялары мен жабдығы жүйелi түрде тазартылып тұрады. Жинаудың жүйелiлiгi технологиялық регламенттермен немесе объектiлiк (цехтық) нұсқаулармен (жазбаша) белгiленедi. Жинап тазарту шаңды құйындатуды және жарылыс қауiптi шаңды ауасы бар қоспалардың пайда болуына жол бермейтін тәсiлдермен жүргiзiледi.

      309. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды беру бір орталықтан жүзеге асырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды аз мөлшерде арнайы, қауiпсiз ыдыста жұмыс орнына жеткiзуге жол берiледi.

      Ашық ыдысты қолдануға жол берiлмейдi. Цехтық қойма үй-жайларына нормативтi түрде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, бояулар, лак, ерiткiштердi бiр мезгiлде сақтаудың барынша рұқсат берiлген мөлшерлерi белгiленедi. Жұмыс орындарында ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын материалдар көлемiн ғана (пайдалануға дайын түрдегi) сақтауға болады.

      310. Өртке қарсы қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтар отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғалады.

      311. Жартылай өңделген өнiмдердi ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталы көтергiштердiң жүктеу құрылғылары тек жүктеу кезiнде ғана ашылатын бекiтпелермен жабдықталады.

      312. Өртке қарсы есiктердің өздігінен жабылуына арналған механизмдер жарамды күйде ұсталады. От бөгегiш құрылғылар жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылады.

      313. Жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары адсорберлер мен желiлерде жалпақтығы және материалы бойынша жобаға сәйкес қабылданады.

      314. От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрана клапандарының жарамдылығы жүйелi түрде тексерiлiп, өрт сөндіруші саптамадан тазартылады. Тексеру мерзiмi бекiтiлген цех нұсқауында көрсетiледi.

      315. Адсорберлер өздерiндегi активтi көмiрдiң өздiгiнен тұтанып кетуiне мүмкiншiлiк бермейтiн қалыпта болып, олар үнемi стандартты, көрсетiлген маркадағы активтi көмiрмен толтырылады.

      316. Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидравликалық жүйелерде бактағы май дәрежесiне бақылау орнатылады және жүйедегi май қысымын паспортта қарастырылғаннан арттыруға болмайды.

      Гидравликалық жүйелерден май ағып жатқаны байқалса, дереу қалпына келтiрiлуi керек.

      317. Ағаш аралайтын рамаларды, фрезер-аралағыш және басқа да станоктар мен агрегаттарды пайдалану кезiнде:

      1) аралар қоршауларға тиiп тұрса;

      2) тiстерi жетiспейтiн немесе түзу емес және iрi қабыршақты араларды пайдалануға;

      3) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған болса;

      4) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған немесе салқындату жүйесiндегi қысым кезiнде ағаш аралағыш рамаларды автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететiн қондырғысыз болса;

      5) ара рамасы қисайса және сырғытпалар нашарланса және дұрыс жеткiзбесе;

      6) мойынтiректiң қызуы 70оС-тан асса, пайдалануға жол берiлмейдi.

      318. Шикiзатты турау машинасына жiберетiн конвейерлер металл түсiп кеткен жағдайда, дыбыстық белгi беретiн металл тұтқыштармен жабдықталады.

      319. Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезiнде металл заттарды пайдалануға рұқсат берiлмейдi.

      320. Өндеуге түсетiн технологиялық жоңқа, сондай-ақ преске кiрер жолға дейiнгi жоңқа жасайтын кiлем металл қаққыш арқылы өткiзiледi.

      321. Ағаштан жоңқа жасайтын плиталарға арналған тегiстейтiн станоктар алдында берушi құралмен бекiтiлген және сигнализациямен жабдықталған металл iздегiштер орнатылады.

      322. Майдаланған ағаш бөлiктерiнiң шанақтары және қалыпталған машиналар аспирация жүйесiмен және олардың толғаны туралы хабарлайтын сигнал беретін датчиктермен жабдықталады.

      323. Ыстықтай нығыздауға арналған нығыздағыштың тиеу және түсіру этажеркаларының үстiнде сорып шығаратын шатыр жабдықталады, ол плиталарды қабыстыру және ажырату кезiнде тозаң мен газдың бөлінуіне жол бермейді.

      324. Барабанды кептiргiш пен құрғақ жаңқа шанақтары және аралар өрт сөндiру және жарылысқа қарсы құралдардың автоматты қондырғыларымен жабдықталады.

      325. Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесi оттың таралуына жол бермейтін және өрттi жоюға арналған люктермен жабдықталады.

      326. Аспирациялық және пневмокөлiктiк жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупi бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегi жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етiледi.

      327. Плитаның термиялық өңдеу камералары тәулiгiне бiр рет бөлiнiп шыққан ұшпа шайырдан, ағаш жаңқалардан, шаңдардан, қалдықтардан тазартылып тұрады. Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауiптi газдарды шығару үшiн сорғы құбырдың шиберiн әр 15 минут сайын 2-3 минутқа ашуға арналған автоматты қондырғы болуы тиіс.

      Нығыздалмаған жұмсақ жиектi плиталарды термиялық өңдеуге жол берiлмейдi.

      328. Плиталар термоөңдеуден кейiн бунаққа төселер алдында өздiгiнен тұтануына жол бермеу үшiн ашық буферлi алаңда қоршаған ауа температурасына дейiн суытылады.

      329. Өңдеу камералары мен май ванналарындағы температура автоматты түрде бақыланады.

      330. Жағу газдарын пайдаланатын кептiру барабандары ұшқын тұтқышпен жабдықталады.

      331. Ағаш қабатты пластиктердi нығыздағаннан кейiн технологиялық регламентте белгiленген уақыттан бұрын кесiп, бөлiктерге бөлуге рұқсат етiлмейдi.

      332. Жұмыс соңында сiңдiру ванналары, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды суытатын ванналар қақпақпен жабылады.

      333. Сiңдiру ваннасы және жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналар ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына құйылатын авариялық қондырғылармен жабдықталады.

      Әр ванна жанғыш буларды жергiлiктi сорғымен жабдықталады.

      334. Мерзiмдi қозғалысты кептiру камералары мен калориферлер әрбiр тиеу алдында өндiрiстiк қоқыстар мен шаңдардан тазартылады.

      335. Ауа-бу және газ камераларының енгiзу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталады.

      336. Газ кептiру камералары желдеткiш тоқтап қалған жағдайда, газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталады.

      Газ кептiру камераларының алдында ұшқынның кептiру камераларына түсуiне жол бермейтін ұшқын тұтқыш орнатылады.

      Газ кептiру құрылғылары пештерi көмейiнiң, ұшқын тұтқыш құрылғылардың техникалық жай-күйi үнемi тексерiледi. Пеш көмейiнiң үстiнде сызаты бар және жұмыс iстемейтiн ұшқын тұтқышы бар кептiру қондырғыларын пайдалануға жол берiлмейдi.

      337. Сұйық және қатты отынмен жұмыс iстейтiн газ кептiру камераларының отын-газ құрылғысы күйеден айына екi реттен тазартылады.

      338. Отынмен кептiру бөлiмi кептiру агентiнiң температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жабдықталады.

      339. Ағаш талшықты жұмсақ плиталарға арналған кептiргiш камералары ағаш қалдықтарынан күнiне бiр рет тазартылады.

      Конвейер 10 минуттан артық тоқтаса, кептiру камерасын қыздыру тоқтатылады.

      Кептiру камераларының камерада күю пайда болған кезде калориферлер желдеткiштерiн өшiретiн және тұрақты өрт сөндiру құралдарын қосатын жабдығы болады.

      340. Шикiзаттарға, жартылай дайын өнiмдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептiру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерiлген кезде қыздыруды өшiретiн автоматпен жабдықталады.

      341. Ағаштарды кептiру үшiн жоғары жиiлiктегi токпен қатарлап орналастырар алдында онда металдан жасалған заттың жоқ екендiгiне көз жеткiзiледi.

      342. Кептiру камераларына адамдардың кiруiне және арнайы жұмыс киiмiн кептiруге рұқсат етiлмейдi.

Агломерациялық өндiрiс және металдандырылған шекемтастар
өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      Ескерту. Орыс тілінде тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілмейді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      343. Сөндiрiлмеген әк отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес, еденi жердiң үстiңгi қабатынан кемiнде 0,5 метр көтерiлген арнайы үй-жайларда сақталады.

      344. Металдандырылған шекемтастарды сақтау орындары ылғалдың түсуiнен сенiмдi қорғалады.

      345. Сапа талаптарын қанағаттандыратын металдандырылған шекемтастар құрғақ инерттi газ беру жүйесiмен жабдықталған бункерден түсiрiледi. Бункердегi артық қысым кемiнде 200 Паскаль (су бағанының 20 миллиметр) болуы қажет.

      346. Температурасы 100o С асатын шекемтастар арнайы қондырғымен алаңға лақтырылуы тиiс. Бұл ретте таспаға су беру ұсынылады.

      347. Алаңға лақтырылған шекемтастар жүк тиеушiлердiң көмегiмен 0,5 метрден аспайтын қатпар етіп жиналады және су молынан құйылады.

      348. Мыналарға:

      1) сөндiрiлмеген әктi дымқыл үй-жайларда ылғалды және жанғыш материалдармен бiрге сақтауға;

      2) қайнаған әктi бөлу үшiн суды пайдалануға;

      3) температурасы 100oС асатын (бақылауды әкiмшiлiк жүзеге асырады) ыстық агломератты беруге;

      4) тез жанатын (резеңке битумы, синтетикалық) материалдардан жасалған көлiк таспаларын қолдануға;

      5) дымқыл түйiртпектердi қоймаға тасымалдауға;

      6) металдандырылған тозаңның көлiктiң галереясында, түйiртпектердi елеу, ұсақтау, тиеу және түсiру орындарда жиналып қалуына жол берiлмейдi.

Домна, болат балқытатын, электрмен болат балқытатын және
ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      349. Домна, болат балқытатын пештердi, конвертерлердi, миксерлердi, шөмiштердi және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтарды ішінен қаптаудың жай-күйi мен ақаусыздығы тексерiледi.

      350. Шойынды, шлакты шығару және болатты, ферроқорытпаларды құю кезiнде шөмiштердi, металл қалыптарды және суы немесе ылғал материалдары бар басқа сыйымдылықтарды пайдалануға жол берiлмейдi. Құю орындары технологиялық регламентте көзделмеген жанғыш материалдардан босатылады.

      351. Құю машиналарын, бiр жерге жинаушы машиналарының кабиналарын басқару пульттерi, болатты үздiксiз құюды басқару бекеттерi және балқытылған металл мен шлакты шығаратын жерлерге тiкелей жақын орналасқан басқа да басқару пульттерi металл тормен қорғалған, жылу тартатын әйнекпен шыныланған және кемiнде екi шығу жолы бар жанбайтын материалдан жасалады.

      352. Кәбілді туннельдерге, құю орнына тiкелей жақын орналасқан май жертөлелерiне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кiретiн жерлер балқытылған металдан биiктiгi кемiнде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғалады.

      353. Электр механизмдердiң, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кәбілдерi металды, шлакты құю орындарында және температурасы жоғары аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелi жылудан, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуiнен қорғалады.

Домна өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      354. Колошник алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаң екi шығу жолымен қамтамасыз етiледi.

      355. Конусаралық кеңiстiкке жарылыс қаупi бар қоспалардың пайда болуын болдырмайтын мөлшерде бу немесе инерттi газ берiледi.

      356. Конусаралық кеңiстiкке бу немесе инерттi газды беру буды (инерттi газды) бермегенде тиеу механизмдерi жұмыс iстемейтiндей етiп тиеу қондырғысымен бұғатталады.

      357. Домна пештерi қаптаманың температурасын пештiң барлық биiктiгi мен алаңына бақылау аспаптарымен жабдықталады. Тетiктердiң көрсеткiштерi аспаптармен пештi басқару пультінде белгiленедi.

      358. Өндiрiстiң материалдары мен қалдықтарын домна пештерiнiң iргетастарына жинауға жол берiлмейдi. Iргетастар жүйелi түрде қоқыстан тазаланады.

      359. Күйiп кетпеуiн бақылау үшiн ауа фурмалары сигнал беретін қондырғылармен жабдықталады. Күйiп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      360. Күйiп кеткен тоңазытқыштары бар орындардағы пештердiң қаптамасы сыртынан сумен салқындатылады.

      361. Домна пештерi мен қосалқы қондырғыларды салқындату жүйелерiнiң жай-күйi соңынан арнайы журналға тексерулердiң қорытындылары жазыла отырып, ай сайын тексерiледi.

      362. Бункердiң жоғарғы бөлiгiнiң тас көмiр тозаңы отынының температурасы өздiгiнен жазатын және бункерде өздiгiнен жану кезiнде дыбыстық және жарық сигналдарын беретiн бақылау-өлшеу аспаптарымен бақыланады.

      363. Тозаң өткiзгiштердiң конструкциясы мен тозаң-көмiр аэроқоспасы қозғалысының жылдамдығы оларда тозаңның жиналу мүмкіндігін бодырмауы тиіс. Қондырғының тозаң өткiзгiштерінің жүйесi герметикаланған күйде ұсталады.

      364. Аппаратурада реттейтiн арматура кесiлiп және iлiнiп ақаулы болғанда және бақылау-өлшеу аспаптары ақаулы болған кезде тозаңы көрiнетiн отынды және мазутты домна пешiне үрлеуге жол берiлмейдi.

      365. Пештiң жұмыс алаңында тас көмiр тозаңы аэроқоспасының және мазуттың коллекторларының орналасуына, сондай-ақ бекiтiлетiн және реттейтiн арматураны фурмаларға, омарта тесiгiне және омарта тесiктерiнiң артына орнатуға жол берiлмейдi.

      366. Құятын алаңдардың шатыры мен қалқалары жүйелi түрде шаңнан тазартылады.

      367. Локомотивтердi шаң тұтқыштардың астында және тозаңды жою кезiнде жақын тоқтатуға жол берiлмейдi.

Болат балқыту өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      368. Мартенов пешi ваннасының жай-күйiн үнемi қадағалау жүргiзiледi. Металдың тесiлiп қалуының белгiлерi байқалған жағдайда, оның ағып кетуiнiң алдын алу бойынша шаралар қабылданады.

      369. Балқытылған металл және шлактың түсуi мүмкiн орындарда жабдықтың кез келген түрiн сақтауға және материалдарды (оның iшiнде жанғыш) жинауға жол берiлмейдi.

      370. Мазуты бар шығыс бактарды пештердiң астына қоюға жол берiлмейдi, бактар пештерден кемiнде 5 метр қашықтықта орналасады және арнайы жылылықты өткiзбейтiн экрандармен қорғалады.

      371. Өрт болған жағдайда, мазутты түсiру үшiн шығыс бактар авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсiру және құю құбырларымен бiрiктiрiледi.

      372. Мазут өткiзгiштi цехқа енгiзгенде қызмет көрсету үшiн қолайлы орынға сөндiретiн ысырма орнатылады.

      373. Гидравликалық жетегi бар конвертердiң айналу механизмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.

      374. Салқындатқышта конвертерлiк газдар шығып тұрған кезде конвертердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi. Балқытылған металы бар конвертердiң қаптамасындағы қызған жерлердi сумен салқындатуға жол берiлмейдi.

      375. Құрғатуға болат балқытқыш пештердi, конвертерлердi, миксерлердi қойған кезде газды тұтату үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      376. Кристаллизаторы ақаулы дайын өнiмдердi үздiксiз құю машинасында және құю технологиясы бұзылған кезде болатты құюға жол берiлмейдi.

      377. Өрт, жарылыс қаупi бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негiзiнде ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.

      378. Жарылыс қаупi бар материалдарды құрғақ ұнтақтау қорғалған атмосферада ұнтақтау құралдары автоматты тоқтаған және оттегiнiң ең аз жарылыс қауiптiлiгiн ұстаудың 50 %-ға тең жұмыс концентрациясына жеткен кезде жүргiзiледi. Жарылыс қаупi бар аэроөлшемдердiң пайда болуын болдырмас үшiн өрт-жарылыс қаупi бар материалдардың негiзiнде қоспаны дайындау флегматизацияны немесе қорғалған ортаны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      379. Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бiрге тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.

      380. Өрт, жарылыс қаупi бар ұнтақтарды сұйық металға үрлеу жанғыш ұнтақтардың газ өткiзгiштерге түсуiн болдырмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.

      381. Бункердi тез тұтанатын шихта материалдармен шихта крандардың троллеяларының астына орналастыруға жол берiлмейдi.

      382. Металл қалыптарды майлау олар қолданылатын майлау материалын тұтану температурасынан төмен температураға дейiн салқындағанынан кейiн ғана жүргiзiледi.

Электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi
объектiлерiн ұстау тәртiбi

      383. Тозаңды тазалаудың мерзiмдiлiгi кәсiпорынның нұсқаулығымен регламенттеледi. Қысқа желiнiң ток өткiзгiштерінде тозаңның жиналып қалуына жол берiлмейдi.

      384. Пеш трансформаторларын пайдалану кезiне трансформаторлар артық қызып кеткен және оны оқшаулағыш тез тозған жағдайда, өрттердiң алдын алу үшiн:

      1) температуралық және салмақтық режим, кернеу деңгейi сақталады;

      2) салқындату, кернеудi, майды қорғауды реттеу қондырғылары ақаусыз күйде ұсталады.

      385. Пеш трансформаторлары өрт сөндiру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлеміне есептелген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз етiледi.

      386. Трансформаторларды кептiру негiзгi үй-жайдан (камерадан) арнайы бөлiнген, бөлек сыртқа шығатын есiгi бар үй-жайларда жүргiзiледi.

      387. Индукциялы және доғалы вакуум пештер, сондай-ақ электронды-сәулелiк пештердiң қорытпа камералары жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықталады.

      Сақтандырғыш клапандардың констукциясы олардың қауiпсiз және сенiмдi жұмысын қамтамасыз етедi.

      388. Ауаны тез тұтанатын конденсаты бар вакуумды камераларға оларды тексеру, жөндеу, шаңнан тазалау мақсатымен берудiң тәртiбi зауыттық нұсқаулықтарда регламенттеледi.

      389. Тез тұтанатын конденсатты қорытпа камералардың қабырғасынан алып тастау қауiпсiз тәсiлмен жүргiзiледi.

      Тез тұтанатын конденсатты толықтай жойғанға дейін қызмет етушi персоналдың вакуумды камераның iшiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу, камераны тексеру мақсатымен кiруiне жол берiлмейдi.

      390. Газ бен тозаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын қондырғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кендi қалпына келтiру пештерiнен газ тозаңын бұру жүйелерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      391. Сұйық алюминийдi тозаңдату бункерлерi, камералары тозаңға айналдыру процесiнде ыстық ұнтақтың конвейерлiк таспаға түсуiн болдырмайтын қақпақтармен жабдықталады.

      392. Жабдық жұмыс iстеп тұрған кезде алюминий ұнтағын өндiретiн үй-жайларда ұшқынның пайда болу мүмкiндiгi жоққа шығарылады. Аталған үй-жайлардағы едендер ұру, үйкелеу кезiнде ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалады.

      393. Алюминий ұнтағымен жұмыс iстеу кезiнде ағаштан немесе ұшқын тудырмайтын түстi металдардан немесе ағаштан жасалған құралдар мен ыдыстар қолданылады.

      394. Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздiгiнен жануын және жарылуын болдырмас үшiн оны өндiру және сақтау орындарында ылғал мен дымқылдың болуына жол берiлмейдi.

      395. Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол берiлмейдi.

      396. Жанғыш ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайлардың технологиялық жабдықтары, сондай-ақ құбырлары статикалық электрден қорғалады.

      397. Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын силитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бiрге сақтауға және тасымалдауға жол берiлмейдi.

      398. Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейiм материалдар (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтардың балқыту корпустарында арнайы бөлiнген орындарда екi тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бөшкелерде) сақталады. Кәсiпорында осы материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда ұйымдастырылады.

      399. Балқытылған металл және шлак шығарындысы бар қорытпаны жүргізуге жол берiлмейдi. Шығарып тастаған жағдайда, қорытпаның қызған өнiмдерiнiң түсу аймағын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы аймақта материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.

      400. Тозаңы пирофорлық қасиеттерге ие және асылып тұрған күйде жарылыс қауiптi және өрт қауiптi болып табылатын ферроқорытпаларды ұсақтау кезiнде ұсақтау агрегаттарынан тозаңды жою бойынша, сондай-ақ одан агрегаттар мен аспирациялық қондырғыларды уақытында және жүйелi тазалау бойынша шаралар қабылданады.

      401. Инерттi газ ортасын немесе инерттi қоспаларды қолданбай жарылыс қаупi бар ферроқорытпаларды ұнтақтауға жол берiлмейдi. Жарылыс қаупi бар ұнтақтар пайдаланылатын технологиялық процестерде (ұнтақтау, тасымалдау) жылу, ұшқындау немесе механикалық әсер ету нәтижесiнде жарылыстың пайда болуына жол бермейтін жабдық қолданылады.

      402. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газ бөлiп шығаратын силикокальций, ферросилиций және басқа жанғыш қатты материалдарды газдардың шығуы үшiн жоғарғы қақпағында тесiгi бар құрғақ және таза темiр барабандарға салу қажет. Осы тесiктер дымқылдың түсуiнен қорғалады.

      403. Ұнтақталған жарылыс қаупi бар компоненттердi құбыржол көлiгiнiң пневмо-түрлерiмен тасымалдау инерттi газдар ортасында жүргiзiледi.

      404. Өздiгiнен тұтанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлер осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталады, олардың жұмысы өрт сөндiру құралдарын iске қосумен ұштасқан.

      405. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлуге бейiм дымқыл ферроқорытпаларды ұнтақтауға, сондай-ақ осындай ферроқорытпалардың дымқыл ұнтақтарын тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.

      406. Тозаң тұндыратын камералар және түтік сүзгiлерi мерзiмдi түрде тозаңнан тазартылады. Олардың толып кетуiне жол берiлмейдi.

      407. Бункерлер үй-жайларының, конвейерлiк галереялардың және басқа үй-жайлардың едендерi мен жабдықтарынан жанғыш тозаңды тазалау ай сайын, ал қабырғалардан, төбелер мен металл құрылымдарынан – аптасына бiр рет жүргiзiледi.

      408. Технологиялық процестiң және жабдықты пайдаланудың регламенттелген режимдерiнiң бұзылуы нәтижесiнде өндiрiстiк үй-жайларға шаң бөлiнудiң мөлшерi артқан кезде шаңды тазалау бас инженер бекiткен арнайы кесте бойынша жүргiзiледi.

      409. Шаңның өндiрiстiк тазаланғаны туралы арнайы журналға жазылады.

      410. Жанғыш ұнтақтар мен опаларды өндiру қалдықтарын үйiп шығаруға жол берiлмейдi. Оларды өндiрiсте пайдаланған немесе арнайы бөлінген орындарда өртеп жiберген (бейтараптандырған) жөн.

      411. Моношихтаны дайындау үшiн дымқыл, май, эмульсия және басқа органикалық заттарды ұстайтын материалдарды, сондай-ақ титан жоңқаларын пайдалануға жол берiлмейдi.

Илемдеу, құбыр илемдеу және метиздеу өндiрiсi объектiлерiн
ұстау тәртiбi

      412. Басқару және орталықтан майлау жүйелерiнiң май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.

      413. Гидрожетектiң жүйелерi май құбыры үзiлген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.

      414. Майлау және гидравлика жүйелерiн пайдалану кезiнде майдың ағып кетуiне жол берiлмейдi. Майланған орындар ай сайын үгiндi, шүберектердiң көмегiмен тазартылады.

      415. Жүйенi майлау үшiн өсiмдiк майларын және жануарлар майларын пайдалану кезiнде осы өнiмдермен суланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздiгiнен жануын болдырмау шаралары қабылданады.

      416. Май шаруашылығын пайдалану кезiнде ашық оттың кез келген көзiн пайдалануға, май жертөлелерiнде және жақын маңда май толтырылған жабдықтың ұшқын шығаруына жол берiлмейдi.

      417. Май жертөлелерi мен кәбілдi туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерiнiң түсуiн болдырмау үшiн жауып ұсталады.

      418. Туннельдер мен май жертөлелерiнiң желдететiн қондырғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуi қамтамасыз етiледi.

      419. Iшпек тораптарын қайта iске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етiледi.

      420. Қорғалайтын жарылыс қаупi бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупi бар құрылымдардың құрылуын болғызбайтын технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.

      421. Автоматика қолмен iске қосу ысырмасын белгiлеу арқылы инерттi газды жiберу қондырғысын қайталайды.

      422. Қорғаныш ортаның қысымы түскен кезде қорғау

      газындағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

      423. Өрнектеу бөлiмшелерiнде, сутегi бөлетiн учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелерi Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалып жасалады.

      424. Металды термиялық өңдеу (таспаны үздiксiз күйдiру) кезiнде қорғау газы жоқ ерiтiлген натрийi бар ваннаны пайдалануға жол берiлмейдi. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийi бар ваннаға тиiп кетуiне жол берiлмейдi.

      425. Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.

      426. Титан қорытпаларынан жасалған құбырларды термиялық өңдеу кезiнде темiр қабыршақтармен байланысқа түсу мүмкiндiгiн болдырмауы қажет. Осындай құбырларды жасау кезiнде селитра ванналарын қолдануға жол берiлмейдi.

      427. Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгiндiлерiн, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берiлмейдi. "Титан қалдықтары" деген жазуы бар контейнерлер желдеткiшi үздiксiз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.

      428. Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздiгiнен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейiн қыздыруға жол берiлмейдi.

Отқа төзiмдi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi

      429. Су моншасында қоспаны қыздыруға және керосинде парафиндi, стеариндi ерiтуге болады. Осы мақсаттар үшiн ашық отты, ашық электр спиральдерiн немесе басқа температурасы 100o С жоғары үстiңгi қабаттарды қолдануға жол берiлмейдi.

      430. Керосин-стеориндi қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерiнде өрт сөндiргiштер болмағанда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      431. Керосин-стеориндi қоспалардың төгiлуiне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезiнде жұмыс орындарында керосин-стеориндi қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берiлмейдi.

      432. Жанғыш (жарылыс қауiптi) газдарды отын және қалпына келтiру ортасы ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған
цехтарды, учаскелердi, қондырғыларды ұстау тәртiбi

      433. Бөлшектердi жуу, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргiзiледi және өрт сөндiрудiң тиiстi құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткiштерiмен жабдықталған оңаша өндiрiстiк учаскелерде жүргiзiледi.

      434. Бояу цехтарының (учаскелерiнiң) бояу дайындайтын бөлiмшелерi бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етiледi.

      435. Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың едендерi соққан кезiнде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.

      436. Кемiнде екi метр биiктiктегi үй-жайлар қабырғаларының iшкi қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделедi.

      437. Цехтардың, учаскелердiң, қондырғылардың барлық есiктерi сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.

      438. Бояу жұмыстары, бөлшектердi шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергiлiктi сорғыштары бар қолданыстағы ағынды және сорып шығаратын желдеткiштерi болған кезде ғана жүргiзiлуi қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесi желдету жүйесiмен бұғатталады.

      439. Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорып шығаратын желдеткiшiн суландырғыштарсыз (гидравликалық сүзгiлер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерiн тұтып алуға арналған басқа тиiмдi қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

      440. Каналға кіру жолында орналасқан гидравликалық сүзгілердегі сорып алынған ауаны міндетті тазалау арқылы едендегі торларда камерасыз бояйтын қондырғыларға арналған каналдардан басқа, ағынды және сорғы желдету каналдарын еден астына орнатуға жол берілмейді.

      Тордың астындағы ойық тұрақты деңгейдi автоматты түрде ұстай отырып, биiктiгi кемiнде 0,5 метр су қабатымен толтырылады.

      441. Бояудың және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң (бояу және кептiру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегi электр жабдығы жарылыстан қорғалған болып жасалады.

      442. Лактау-бояу материалдары жұмыс iстейтiн ыдысқа ернеулерi бар түстi металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиiс.

      443. Бояу жабдықтары жанғыш шөгiндiлерден күн сайын желдеткiш iстеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейiн тазартылады.

      444. Камераларды бояулар мен лактардың шөгiндiлерiнен тазалауды жеңілдету үшiн олардың қабырғаларына техникалық вазелин, солидол немесе арнайы құрам жұқалап жағылады. Беткi қабаттарын нитро бояулардың шөгiндiлерiнен тазалау кезiнде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түстi металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.

      445. Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгiндiлерiн күйдiру үшiн қолдануға жол берiлмейдi.

      446. Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi анықталмаған лактау-бояу материалдарын, ерiткiштердi, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берiлмейдi. Осы материалдар тиiстi талдаудан, олардың өрт қауiптiлiк қасиеттерi анықталғаннан және қауiпсiз пайдалануға арналған шаралар әзiрленгеннен кейiн пайдаланылады.

      447. Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшiн жанбайтын құрамдар, пасталар, ерiткiштер және басқа өрт тұрғысынан қауiпсiз техникалық жуу құралдары қолданылады.

      448. Бiлiктердi көтермелерден алғаннан кейiн оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.

      449. Жарылысты болдырмау үшiн сiлтiлi ваннаның бетiне көмiрдiң, күйенiң, майлау материалдарының түсуiне жол берiлмейдi.

      450. Ойып түсетiн соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда көзделеді.

      451. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгiлiп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшiн бордың, әктiң немесе соданың дайын ерiтiндiлері көзделеді.

      452. Бояу цехтарында, бояу дайындайтын бөлiмдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектердi жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлiк дәнекерлеу, ұштау) байланысты жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берiлмейдi.

      453. Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйiнде жеткізілуi тиiс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерiн құрастыру және сұйылту барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлiнген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргiзiледi.

      454. Бұйымдарды нитроцеллюлозды, полиэфирлi және перхлорвинилдi эмальдармен электрлiк бояу кезiнде электрлiк бояу камерасы ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.

      455. Электр статикалық өрiстi бояу камераларында сорғы желдеткiштер сөндiрiлген кезде электр статикалық өрiстi тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.

      456. Еденге төгiлген лак және бояу шығару материалдары мен ерiткiштер дереу тазаланады. Едендердi, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш ерiткiштермен жууға жол берiлмейдi.

      457. Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габариттi болғандықтан боялған бұйымдарды кептiрудi сорғы камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткiшпен және автоматты өрт сөндiру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.

      458. Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.

      459. Май жағылғаннан кейiн құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жiберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.

      460. Май жағуға арналған камераларға құбырларды беру сорғы желдету қондырғыларын iске қосумен бұғатталады. Желдеткiш қондырғысын қосу алдын ала, ал сөндiру – камераны тоқтатқаннан кейiн жүзеге асырылады.

4. Мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      461. Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2,0 метр жанбайтын қоршаулармен қоршалады.

      462. Кәсiпорынның бос алаңшаларына ағаштар мен жапырақты бұталарды отырғызуға, сондай-ақ гүлзар орналастыруға жол берiледi. Резервуарлардың топырақ үйілген жерлерiне ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берiлмейдi.

      463. Объектінiң аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарьларын және басқа да ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      464. Объектінiң аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруi бекiтiлген қозғалыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.

      465. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      466. Мұнай базалары мен мұнай, мұнай өнiмдерiн айдау станцияларында осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетiлген мөлшерде (өрт сөндiру автомобильдерiнде қолда бар жабдықтан басқа) өрт сөндiру жабдықтарының қоры жасалады. Өрт сөндiру құралдарының техникалық жай-күйі үнемi бақыланады. Өрт сөндiру жабдығы мен құралдарын мақсатынан тыс қолдануға жол берiлмейдi.

      467. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылыту ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi.

      468. Жарылыс-өрт қауiптi аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын құрал-сайманмен орындалады. Жездi кiлттер мен құрал-саймандарды қолданған кезде жезбен қапталған бетiнiң тұтастығына және оның уақтылы қалпына келтiрiлуіне бақылау жүргізіледі.

      469. Статикалық электр зарядтарының пайда болуын болдырмау үшiн соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге тұйықтау өткiзгiшiмен жабдықталған үлгi iрiктегiштер қолданылады. Жерге тұйықтау өткiзгiштерi резервуардың төбесiндегi жерге тұйықтау қысқыштарына жалғанады.

      470. Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иiлмелi шағын бөгеттердiң (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етiледi.

Резервуарларды өздігінен тұтанатын пирофорлы шөгiндiлерден
тазарту тәртiбi

      471. Резервуарлардың iшкi қабаттарын пирофорлы шөгiндiлер мен коррозия өнiмдерiнен тазарту объектiнiң басшысы бекiткен кестеге сәйкес жүргiзiледi.

      472. Резервуарды пирофорлы шөгiндiлерден тазарту (мұнай өнiмдерiнен босатқаннан кейiн) және жөндеу алдында ауа кеңiстiгi су буымен толтырылуы тиiс. Бумен үрлеудi төменгi люк жабық және жарық, өлшегiш люктерi ашық болғанда жүргiзу керек. Резервуарды булау процесінде мөлшерлеу құрылғысы болғанда пирофорлы шөгiндiлер ақырын қышқылдану үшiн iшiне кiшкене ауа жiберген жөн (булы ауалы қоспасында оттегiнiң 6 % дейiнгi есебiнен). Мөлшерлегiш құрылғысы болған жағдайда, булауды аяқтағанда резервуарды жоғарғы деңгейiне дейiн сумен толтыру керек, содан кейiн пирофорлы шөгiндiлердің баяу қышқылдануы үшiн су деңгейi сағатына 0,5-1 метрден аспайтын жылдамдықпен төмендетіледі.

      473. Резервуарды тазартқанда iшiнен шыққан лас заттар және шөгiндiлер мұнай өнiмдерiн сақтау аймағынан шығарылғанша дымқыл күйiнде ұсталады.

      474. Резервуарлардағы пирофорлы шөгiндiлердiң сынамаларын тек объект басшысының рұқсаты бойынша арнайы дайындалған тұлғалардың ғана алуына жол берiледi.

Электр техникалық құрылғыларды, автоматтандыру және
байланыс құралдарын ұстау тәртiбi

      475. Кәсiпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етiледi, оны қосу қызмет көрсету персоналы үнемi болатын жерлерде көзделеді.

      476. Мыналарға:

      1) дайындаушы зауыт қоятын жарылыстан қорғау белгiсi жоқ электр жабдығын жарылыс қауiптi аймақтарда пайдалануға;

      2) қорғау жүйесi бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;

      3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылымын өзгертуге;

      4) жарылыс өрт қауiптi аймақтардың аумағының үстінен және осы аймақтардан электр беру желiлерi тiреуiштерінiң биiктiгi 1,5 кем қашықтықта электр беру желiлерiн төсеуге;

      5) сырты бұзылған (тесiктер, жiктерi кесiлген) шланг кәбілдерін қолдануға;

      6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыржолдарын, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшiн оқшауланған құбыржолдарын жерге тұйықтағыштар және жерге тұйықтағыштың өткiзгiшi ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

      477. Электр жабдығын, жерге тұйықтау, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау үшiн жерге тұйықтаудың жалпы нұсқасы көзделеді.

      478. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру найзағай маусымы басталмас бұрын жылына кемінде бір рет жүргізілуі тиіс. Бұл ретте жерге тұйықталатын құрылғылардың қарысуы өлшенеді, ал тексерулер мен өлшеулердің нәтижелері найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына жазылады.

      479. Найзағайдан қорғау құрылғыларына тексеріс жүргізетін адамдар тексеру және сынақ нәтижелері бойынша акт, ал ақаулар анықталған жағдайда хаттама дайындап, құжаттардың бір данасын кәсіпорын басшысына береді.

      480. Электр энергиясын беруде үзiлiс болған жағдайда, кәсiпорын сыртқы электр желiлерiнен ажыратылады. Қайтадан қосу жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы орнатылған үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда газ талдағыш арқылы бу мен газдардың қауiптi концентрациясы жоқ (жарылыс қауiптi бу мен газдың төменгi концентрациялық шегiнің 20 %-ын қамтитын орта қауiптi деп есептеледi) екенi анықталғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.

      481. Жарылыс және өрт қауiптi цехтарда дәнекерлеудi және от немесе жоғары температураны қолданумен байланысты басқа жұмыстарды қолданбай құралдарды тек суық әдiспен жөндеуге рұқсат етiледi. Жұмыс iстеп тұрған технологиялық аппараттармен және құбыржолдармен байланысты, автоматты бақылау және реттеу құралдарын шағын, ағымдағы жөндеуді тек құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқанда және қысымды түсiргенде ғана рұқсат етiледi. Бұл ретте, сондай-ақ ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.

      482. Жөндеуден өткен әр аппарат дайындаушы зауыттың техникалық жағдайларға қойылатын талаптарына сәйкес жөнделiп, бақылау сынақтары көлемiнде сынақтан өткiзiлдi.

      483. Жарылыс қауiптi үй-жайларда орнатылған автоматика құралдарын жөндегенде, сынақтан өткiзгенде және тексергенде қалыпты (жарылыстан қорғалмай) орындалған жабдықты қысқа мерзiмде қолдануға тек от жұмыстарын жүргiзуге қойылатын барлық талаптар орындалған жағдайда ғана рұқсат етiледi.

      484. Бақылау-өлшеу құралдарының үй-жайына бақылау-өлшеу құралдарының үй-жайларына орнатылатын құралдар мен аппаратурасы бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен құбыржолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдар мен сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульстi желiлер енгiзуге рұқсат етiлмейдi. Жеке жағдайларда (қажет болғанда) – бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульстi құбырлар жарылған жағдайда, бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларының iшiне жанғыш газдар мен булардың кiруiн болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульстi құбырларды енгiзуге рұқсат берiледi.

      485. Импульстi желiлердi бөлу ыдыстарынан құралдар мен аппараттарға дейiн тек бақылаудағы өнiммен араласпайтын және оның iшiнде ерiмейтiн, инерттi қатып қалмайтын сұйықтық толтыруға рұқсат берiледi.

Магистральды мұнай өнiмдерi құбырларының желiлік
бөлiмiн ұстау тәртiбi

      486. Мұнай өнiмдерi құбырлары трассасының кез келген нүктесіне көлiктiң, жөндеу және авариялық бригадалардың еркiн өтуi қамтамасыз етiледi.

      487. Магистральды құбыржол трассасында мұнай өнiмiнiң жер бетiне шығуы анықталғанда желiдегi тексерушiлер ол туралы айдау станцияларындағы диспетчерлерге дереу хабарлап және олардың нұсқаулары бойынша әрекет етеді. Сұйықтық шыққан жер 20 метр радиуста қоршап қойылады және оның жанына белгiленген үлгiдегi сақтандыратын қауiпсiздiк белгiлерi қойылады. Түнгi уақытта авария орны қызыл жарық сигналдармен (жарылыстан қорғалып орындалған шамдармен) жарықтандырылады.

      488. Елдi мекендерге, темiр жолға, тас төселген жолға және басқа құрылыстарға жақын жерлерде жер бетiне сұйықтықтың шығуы байқалғанда желідегі тексерушiлер жөндеу-қалпына келтiру бригадасы келгенше сұйықтықтың таралуын айналып өтуді ұйымдастырып, жергiлiктi әкiмшiлiкке, өрт сөндiру күзетi органдарына, полицияға хабарлауы тиiс және олардың көмегiмен халыққа ашық отты пайдалануға тыйым салынғаны туралы хабарлап, сондай-ақ мұнай өнiмi төгiлiп қалған жерге бөгде адамдарды жiбермейдi.

      489. Авария орнын өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етедi, қажет болған жағдайда өрт сөндiру машиналарының кезекшiлiгiн ұйымдастырады және мұнай өнiмдерiнiң басқа коммуникациялар мен желiлерге өтуiне жол бермейтiн шаралар қабылдайды.

      490. Аварияны жою орны 5 метр радиуста шөптен тазартылып, ал топыраққа мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен жерлер тазартылады және топырақ себіледі.

      491. Тракторлардың, автомобильдер мен басқа да iштен жану қозғалтқышы бар агрегаттардың тұрақтарына мұнай өнiмдерi төгiлген жерден кемiнде 30 метр қашықтықта ғана рұқсат етіледі.

      492. Құбыржолдың төбесiнен 0,3 және одан да кем тереңдiкте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарда оларды ашу жөнiндегi жұмыстар соққанда ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен ғана атқарылады.

      493. Елдi мекендегi мұнай өнiмдері құбырының трассасы "Мұнай өнiмі құбыры" деген жазуы бар белгiлермен белгiленiп, мұнай өнiмi сыртқа шыққан жағдайда хабарланатын телефон нөмiрi көрсетiледi.

      494. Мұнай өнiмі құбырының жағдайына үнемi көзбен көрiп, сондай-ақ құбыржолдарды пайдалану процесінде пайда болған құбыржолдардың ақауларын анықтауға мүмкiндiк беретiн арнайы құралдармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.

Мұнай өнiмдерiн айдауға арналған сорғы станцияларды
ұстау тәртiбi

      495. Сорғы станциялары үй-жайларында сорғылар мен құбыржолдардың герметикалығы үнемi бақыланады. Сорғылардың тығыздамаларындағы және құбыржолдардың қосылыстарындағы мұнай өнiмдерiнiң тамшылап шығуы дереу жойылады.

      496. Iштен жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайлар сорғыларға арналған үй-жайлардан өртенбейтiн қабырғалармен бөлінеді. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғылар орнатылған үй-жайларда тегiс қайыс белдiк берiлiстерiн қолдануға жол берiлмейдi.

      497. Сорғы үй-жайларының едендерi мен науалары жүйелі түрде сумен жуылып тұрады. Мұнай өнімдерінің жиналуына жол берілмейді. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғы үй-жайлары резеңке шлангiлерi бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғы үй-жайларының сарқынды су каналдарының кәрізге қосылатын жерлеріндегі гидравликалық бекiтпелер жүйелі түрде тексеріледі.

      498. Қажалатын бөлшектердiң майлануына, мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасына және сорғыларға байқау орнатылады. Сорғылардың әдеттегi жұмыс тәртiбiн бұзатын қандай да бiр ақаулықтар анықталғанда, соңғысы тоқтатылып, ал ақауы жойылады.

      499. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғы үй-жайларындағы тұрақты автоматты газ талдағыштар авариялық желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыспен және жарықпен сигнал беретін қондырғылармен бұғатталады.

      500. Тұрақты газ талдағыштар болмаған жағдайда, мұнай өнімдері буларының қауіпті концентрациясының бар-жоғын анықтау үшін тиiстi кестелер бойынша кезең сайын жылжымалы газ талдағыштармен ауа ортасына талдау жүргiзiледi.

      501. Мұнай өнiмдерiн уақытша жылжымалы айдау станцияларымен айдаған кезде мынадай шаралар сақталады:

      1) станция магистральды құбыржол трассасынан кемінде 25 метр алшақ орналастырылуы және ашық, тегiстелген алаңда орнатылуы тиiс, ал айдау агрегаттары дiрiлдеуді және жұмыс барысында олардың қозғалуын болдырмайтын металл рамаларға бекiтiледі;

      2) мұнай өнiмдерiнiң iштен жану қозғалтқыштарына түсуiн болдырмау үшiн сорғыларда тамшылап шығуы байқалғанда қозғалтқыштар сорғылардан металл қаптамалармен бөлiнуi тиiс;

      3) қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырларын өртенбейтiн, жылу өткiзбейтiн материалмен жауып, ал олардың шеттерiн жерге көмiлген бункерлерге түсiру қажет;

      4) мұнай өнiмдерiнiң тамшылап шығуы ықтимал жерлерін (құбыржолдардың қосылған тұстары және сорғылардың тығыздама қосылыстары) төгiлiп қалған мұнай өнiмiн қауiпсiз жерге шығаруға арналған дренаж құрылғысымен жабдықтау қажет;

      5) станция орманды жерде орналасқанда айдау агрегаттарының айналасындағы аумақ 20 метр радиуста жапырақты ағаштардан, ал қылқан жапырақтылардан – 50 метр радиуста тазартылады және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады, оның аумағы ағаштардан, ағаш кесу түбірлерінен, шыбық отынынан, кеуiп қалған шөптен тазартылады;

      6) резервтi жанар-жағармайды сақтау орны айдау станциясынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналастырылады, өсiмдiктерден тазартылады және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады.

      502. Уақытша айдау станциясын пайдалану кезінде мынадай шаралар сақталады:

      1) мұнай өнiмдерiнiң кемуiн болдырмау үшiн құбыржолдар үнемi тексерiліп, алдын ала жөндеу жүргiзіледі;

      2) құбыржолдар мен сорғы айдау станцияларында мұнай өнiмдерiнiң кемуi дереу жойылады;

      3) кемуді жою мүмкін болмаған кезде айдау жұмыстары тоқтатылады.

      503. Уақытша айдау станциясы жұмыс iстеп тұрған кезде:

      1) сөндiргiштерi ақаулы қозғалтқыштарды пайдалануға;

      2) жарық беру үшiн ашық түрдегi шамдарды қолдануға (бұл мақсатқа жарылысқа қауiпсiз күйде орындалған электр аккумуляторлы шамдарды қолданған жөн);

      3) ашық отты қолдануға, темекi шегуге, дәнекерлеуге және басқа да өрт қауiптi жұмыстар жүргiзуге;

      4) соғылған кезде пайда болған көбiктi шығаратын құралды пайдалануға жол берiлмейдi.

      504. Магистральды құбыржолдардың трассаларындағы әрбiр уақытша айдау станциясында өрт сөндiру жағдайына су қоры мен өрт сөндiру мотопомпасы көзделеді.

Темiржол төгу-құю эстакадаларын ұстау тәртiбi

      505. Мұнай базалары мен құю пункттерінің магистральды өнiм жолдарының (станцияларының) төгу-құю құрылыстары орналастырылған алаңқайларында авария жағдайында жинағышы немесе өндiрiстiк кәрізі бар гидравликалық бекiтпелерi арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергiсiз құйылуы көзделеді.

      506. Төгу-құю құрылғыларының немесе темiржолдарда жеке тұрған тiреуiштердiң екi жағынан (екi осьтi екi немесе төрт осьтi бiр вагондар қашықтығында) сигналды белгi – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, тепловоздардың олардың артына кіруіне жол берiлмейдi.

      507. Бос темiржол эстакадаларына төгуге (құюға) маршруттарды жiберудi мұнай базасының (құю бекетiнiң, станциясының) персоналы бақылайды. Тежеуiш табандықтарын темiржол көлiгiнiң жұмыскерлерi орнатады. Төгу-құю құрылғылары орналасқан темiржолдар бойынша тепловоздардың қозғалуына жол берiлмейдi.

      508. Төгу-құю құрылғылары, құбыржолдар және құбыржол арматурасы үнемi тексерiледі және жоспарлы алдын ала жөндеуге тартылады. Анықталған ақаулықтар мен тамшылап ағып тұрған жерлер дереу жойылады. Төгу құрылғысының (немесе құбыржол учаскесiнiң) бұзылған бөлiгi ажыратылады.

      509. Темiржол цистерналарын iрiктеудi және тiркеуден ағытуды төгу-құю эстакадасы шегiнен тыс жүзеге асыру керек. Бу қысу температурасы 61oC кем мұнай өнiмдерiн төгу-құю операциялары кезiнде эстакадада маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге және бос жолға келесi маршрутты жiберуге жол берiлмейдi. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргiзiлетiн құю операциялары кезiнде мұнай өнiмдерi бар темiржол цистерналарын бос эстакадаларға жiберуге жол берiледi.

      510. Төгуге және құюға темiржол цистерналары баяу, соқпай, жұлқымай жiберiледi және шығарылады. Төгу-құю құрылғыларының аумағында темiржол цистерналарын металл табандықтарымен тоқтатуға және бекiтуге рұқсат берiлмейдi. Бұл мақсаттарға ұшқын шығаруды болдырмайтын ағаш төсемдер мен металлдан жасалған табандықтар қолданылады.

      511. Тез тұтанатын сұйықтықтарды төккенде немесе құйғанда, цистерналар люктерiнiң қақпақтарын жапқанда, темiржол цистерналарына шлангілерді және басқа да құралдарды қосқанда соққылауға жол берiлмейдi. Төгу және құю операциялары кезеңiнде қолданылатын құрал соққанда ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құйғанда шлангiнiң бастиегi цистернаның түбiне түсiрiледi; шашырауды болдырмау үшiн құю сұйықтық деңгейiмен жүзеге асырылады. Цистерналар люктерiнің қақпалары резеңкеден жасалған төсемдермен жабдықталады.

      512. Атмосфералық электр разрядтарында мұнай өнiмдерiн төгуге және құюға жол берiлмейдi; темiр жол цистерналарының люктерi жабылады.

      513. Төгу, құю операциялары кезеңiнде жергiлiктi жарық беру үшiн жарылыс қаупi жоқ аккумуляторлы шамдар қолданылады.

      514. Темiржол төгу-құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өткел көпірлер жасырын бұрандамасы бар ағаш тіректермен немесе ұшқынның шығуын болдырмайтын басқа да материалдармен жабдықталады.

      Ескерту. 514-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      515. Орнынан қозғалту және темiржол цистерналарын төгу-құю орындарына жылжыту үшiн иiнтiректер ретiнде құрыштан жасалған сүймендердi немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берiлмейдi. Темiржол цистерналарын тек жүкшығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.

      516. Техникалық тексерiп-қарау белгiсi жоқ, сондай-ақ тамшылап ағып кету белгiсi анық немесе мұнай өнiмдерiн құюға кедергi жасайтын басқа да ақаулықтары бар темiржол цистерналарын құюға, қабылдауға жол берiлмейдi.

      517. Мұнай өнiмдерiн төгу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдер, ысырмалардың дұрыс ашылған, төгу-құю құрылғыларының дұрыстығы, шлангілері мен телескоп құбырларының қосылу тығыздығы тексерiледi.

      518. Темiржол цистернасының люгiн ашқанда және шлангілерді толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктiң жел жағына орналастырылады.

      519. Құю процесінде темiржол цистернасында тамшылап ағып кету байқалғанда, ол цистернаға құю ақау жойылғанша дереу тоқтатылады. Егер ақауды жою мүмкiндiгi болмаса, цистернаны iшiне құйылған мұнай өнiмiнен босатып, жөнелткен станциясына қайтару керек.

      520. Темiржол цистерналарының төменгi жақтағы ақаулы төгу құралдарын олардың конструкциясында қарастырылмаған, ұшқын шығаруы мүмкiн құралдардың көмегімен ашуға жол берiлмейдi. Цистернаның төменгi төгу құралын төгу-құю коллекторына тек цистернаның доңғалақтарының астына табандықтарды (тiреуiштердi) орнатқаннан кейiн және осы жолдан локомотивтi шығарғаннан кейiн ғана қосуға болады.

      521. Темiржол цистерналарына мұнай өнiмдерiн құюды аяқтағаннан кейiн құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангілер, тiреуiштер және коллекторлар мұнай өнiмдерiнен босатылуы, ал темiржол цистерналарының люктерiнiң қақпақтары герметикалық түрде жабылуы тиіс.

      522. Темiржол цистерналарының төгу-құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнiмдерiн тек бумен, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдалануға жол берiлген арнайы жылытқыштармен ғана жылытуға рұқсат берiледi. Ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.

      523. Темiржол цистерналарында жабысқақ мұнай өнiмдерiн булы шиыршық түтiктерi арқылы жылытқанда соңғыларды мұнай өнiмдерiне кемінде 0,5 метр тереңдiкке толық батырғаннан кейiн ғана iске қосуға болады. Жылыту кезiнде оның температурасы көтерiлiп, мұнай өнiмi көтерілгенде цистернадан атып шығып кетпеуі қадағаланады. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасы осы сұйықтық буының шығу температурасынан 15оC төмен болмауы тиiс.

      Электр жылытқыштармен жылыту кезiнде вагон-цистерналардан мұнай өнiмдерiн ағызуға рұқсат етiлмейдi.

      524. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн герметикаланған ағызу құралдары арқылы ғана төменгi жағынан ағызуға жол берiледi.

      525. Электрлендірілген темiржолдарда орналасқан төгу-құю эстакадаларының темiржолдарында екi оқшаулау жiгiн орнату қажет: бiрiншiсi – ағызу фронтының шегiнен тыс, екiншiсi – тұйық көрсеткiшiнiң жанында.

      526. Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темiржол жүйелерiне құю осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнiмi көлемiнiң көтерілуі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      527. Темiржолдар, эстакадалар, құбыржолдар, телескоптық құбырлар және шлангілердің ұштықтары жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау құрылғыларының қарсылығы кәсiпорынның бас инженерi бекiткен кесте бойынша жылына кемінде бiр рет тексерiледi.

      528. Темiржол эстакадаларындағы жұмыс және эвакуациялау сатылары жарамды жағдайда ұсталады.

      529. Эстакадалардың темiржол тұйықтарының соңында орнатылған жүкшығырлары жарамды жағдайда ұсталады. Мұнай өнiмдерiн төгу-құю операцияларын жүргiзгенде шығырдың арқаны тарқатылып тұрады.

Төгу-құю айлақтары мен жағалаудағы құрылыстарды ұстау тәртiбi

      530. Төгу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдары мен өткел көпiрлер жарамды күйде және әртүрлi заттар үймеленбей ұсталады.

      531. Мұнай өнiмдерiн төгуге-құюға арналған жағалаудағы құбыржолдар айлақтан 30 метр қашықтықта орнатылатын авариялық тиектермен жабдықталады. Құбыржолдар арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған шағын көпiрлер көзделеді.

      532. Жылжымалы төгу-құю құбыржолдардың фланецтерi мен жылжымалы түтіктердiң жалғау муфталары палубаға соғылғанда ұшқынның пайда болуына жол бермейтін металлдан жасалады.

      533. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерi бар кемелердi шынжырлап байлап қою және оларды айлаққа бекiтiп қою металл емес арқандармен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда металл арқанды пайдалануға болады, мұндай жағдайда палубаның жұмыс орындары мен арқандап байлап бекiту кнехтерiнiң битенгтерi ұшқынның пайда болуына жол бермейтін төсенiшпен немесе оқшаулау материалдарымен жабылады.

      534. Мұнай құю кемелерi құбыржолдардың мұнай өнiмдерiн айдап қотаруға арналған түтіктерi жалғанған орынға дейiн жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау қондырғылары тек төгу-құю операциялары аяқталғаннан кейiн және құбыржолдардың кеме жанындағы айлақтың түтіктерiнен ажыратылғаннан кейiн ғана алынады.

      535. Кеме құбыржолдарын жағалаудағы төгу-құю қондырғыларына жалғайтын түтіктерi кеме айлақта еркiн қозғала алатындай ұзындыққа сәйкес болуға тиіс. Түтіктер жұмсақ арқандар немесе ағаш тiреулер арқылы ұсталады. Кеме түтіктерiнiң асқышы мен бекiтпесi олардың құлауына, үзiлуiне және қажалуына жол бермейтiндей бекiтiледi.

      536. Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергiш құралдарын пайдалану кезінде жүк көтергiштер жүйелi түрде майланып тұруады, ал шынжыр мен палубаның түйiсетін тұстары матпен немесе ағаш қалқандарымен жабылады.

      537. Кеменi жағалаудағы құрылғылармен жалғайтын қосқыш құбыржолдар мен түтіктердi құрастырғанда және бұзғанда соғылудан ұшқынның пайда болуына жол бермейтiн құрал пайдаланылады.

      538. Төгу-құю жұмыстары кемiнде екi адамның қатысуымен жүргiзіледі.

      539. Айлақ пен кемедегi қызмет көрсетуші персонал төгу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайын үнемі қадағалауды жүргiзуге мiндеттi. Мұнай өнiмдерiнiң тамшылап ағуы дереу жойылады; ал ол мүмкiн болмаған жағдайда, мұнай өнiмдерiн төгу-құю жөнiндегi операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.

      540. Найзағай жарқылдағанда мұнай өнiмдерiн төгуге және құюға жол берiлмейдi.

      541. Төгу-құю операцияларын жүргiзген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап қотару станцияларында және оларға 20 метрден жақын жерлерде:

      1) отпен жүргізілетін жұмыстарды орындауға, темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;

      2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;

      3) жарық беру үшiн жылжымалы және басқа (жарылу қаупi жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;

      4) мұнай өнiмдерiн төгу-құю жөнiндегi операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;

      5) + 45оC жоғары температураға дейін қыздырылған мұнай өнiмдерiн кемеге қабылдауға және құюға жол берiлмейдi.

Автоқұю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлiнетiн мұнай
өнiмдерiн ұстау тәртiбi

      542. Құю құрылғылары орналасқан жедел алаңқайлардың үстi қатты жабынмен және түрлi сұйықтықтардың гидравликалық ысырма арқылы өндiрiстiк-нөсерлiк кәрізге немесе арнайы жинақтауышқа кедергiсiз құйылуымен қамтамасыз етiледi. Төгiлiп қалған сұйықтықтар сумен жуылады.

      543. Жедел алаңқайдағы автомашиналардың рұқсат берiлген санын кәсiпорынның әкiмшiлiгi белгiлейдi.

      544. Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңқайларға кiруге, сондай-ақ кәсiпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берiлмейдi.

      545. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға арналған автоцистерналар құю эстакадасының жерге тұйықтау контурына қосуға арналған жерге тұйықтау қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың сөндiргiштерi ұшқын сөндiргіштермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астынан алға қарай шығарылады. Автоцистерналардың жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетiн отырғызу шынжыры болуы керек, екi өрт сөндiргiшпен, киiзбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.

      546. Кәсiпорынның өткiзу орны мен мұнай өнiмдерiн құю алаңқайында кәсiпорынның персоналы сыртынан қарау арқылы автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiлуiн тексередi.

      547. Кәсiпорынның қызмет көрсетуші персоналы (операторы немесе басқа адам) автоцистерналарға құю процесін бақылауды жүзеге асырады.

      548. Мұнай өнiмдерi автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс iстемей тұрған кезде құйылады. Бұл ретте жүргiзушi құю процесін бақылайды. Автоматты түрде құю жүйесiнде жүргiзушi осы жүйеге арналған нұсқаулықта қарастырылған әрекеттерді орындайды. Қозғалтқышты iске қосу қиынға түсетін, тек температура төмен болған жағдайларда ғана қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрған кезде құюға рұқсат етiледi.

      549. Автоқұю эстакадасы өрт шыққан жағдайда, автоцистерналарды сүйреп әкетуге арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етiледi.

      550. Құю аяқталғаннан кейiн құюға арналған шлангілерді (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан олардан мұнай өнiмдерiн толық ағызып алынғаннан соң шығару керек. Автоцистерна қылтасының қақпағын жабу баяу, соғылуға жол бермей жүргізіледі.

      551. Автоцистернаның жүргiзушiлерi мұнай өнiмдерiн тасымалдағанда өрт қауiпсiздiгiн сақтау шаралары туралы (автокәсiпорындарда куәлiктер беріледі) нұсқаулықтан өтедi.

      552. Мұнай өнiмiнiң төгiлiп қалуына (асырып құйылуына) жол берiлген жағдайларда, толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын iске қосуға рұқсат берiлмейдi.

      553. Бөліп құю үй-жайында бос және мұнай өнiмдерi толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды ұстауға жол берiлмейдi. Бөліп құю үй-жайында енi кемінде 2 метр болатын орталық өтпе қарастырылады. Өтпеге заттарды үйіп қоюға болмайды.

      554. Мұнай өнiмдерiн бөшке ыдыстарына кәсiпорынның қызмет көрсетуші персонал ғана түсiредi. Мұнай өнiмдерiн түсiрер алдында қызмет көрсетуші персонал құюға арналған ыдысты мiндеттi түрде тексерiп қарап шығады. Мұнай өнiмдерiн жарамсыз ыдысқа құюға рұқсат берiлмейдi.

Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау, өткізу және тазарту
пункттерін ұстау тәртiбi

      555. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау және тиеу пункттерi, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнiмдерiн бөлшектеп босату аймағына орналастырылады. Мұнай өнiмдерiн қабылдауды және босатуды (тиеп жiберудi) кәсiпорынның персоналы немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылады.

      556. Мұнай өнiмдерiнiң пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарлардағы, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағыдай тыныстау және сақтандыру арматурасы, ал пайдаланылған индустриялық және мотор майларын сақтағанда – майларды сақтауға арналған резервуарлардағыдай болады.

      557. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн қыздыру температурасы олардың құрамына кіретін булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 15оC төмен болады.

      558. Тұтану температурасы 120оC және одан төмен болатын пайдаланылған мұнай өнiмдерiне арналған төгу-құю қондырғылары жабық болады.

      559. Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлiмшесiнiң шығыс бактарында тәулiктiк қажеттiктен аспайтын отынның болуына рұқсат етіледi. Бұл бактар үй-жай шегiнен тыс жерлерде орнатылады.

      560. Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтiн шығатын мұржалары қара күйе жиналып қалмас үшiн тәулiгiне кемiнде бiр рет су буымен үрленедi.

      561. Регенерациялық қондырғылардың сүзгі-нығыздауыштары металл рамаларға және жанбайтын iргетасқа орнатылады. Сүзгi-нығыздауыштардың астына төгiлiп қалған майды жинау үшiн металдан жасалған арнайы жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.

      562. Регенерациялық қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асыра толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнiмдерiнен босату керек.

      563. Пайдалануға жiберер алдында жылжымалы регенерациялық қондырғылардың айыратын текшелерi мен бу қазандары гидравликалық қысымға тексерiледi. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс iстеп тұрғанда қызмет етушi персонал бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткiштерiн үнемi бақылайды.

Алаң iшiндегi технологиялық құбыржолдар мен құбыржол
арматурасын ұстау тәртiбi

      564. Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыржолдарына технологиялық сызбалар құрылады, оларда құбыржолдардың әрқайсысында айқын белгiленеді, ал тиек арматурасы нөмiрленеді. Қызмет көрсетушi персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды үйрену үшiн құбыржолдардың технологиялық сызбасымен танысады.

      565. Технологиялық құбыржолдар оларға орнатылған барлық арматураларымен бiрге пайдалануға тапсыру алдында бiрiктiру мықтылығы мен тығыздығы тұрғысынан гидравликалық сынақтан өтедi.

      566. Жер үстiндегi құбыржолдардың бекiтпелерi мен тiреуiштерiнiң қауiп төндіріп салбырап тұруын болдырмау үшін олардың жай-күйі үнемі бақыланып тұрады. Құбыржолдардың, асқыштар мен тiреуiштердiң ақаулары дереу жойылады.

      567. Құбыржолдарың iшiнде пайда болған шөгiндiлердi болаттан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, құбырдың қабырғасына үйкелуден немесе соғылудан ұшқын пайда болуы мүмкiн.

      568. Құбыржолдар мен тиектердің тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Осы мақсатта тек бу, ыстық су немесе қызған құм қолданылады, сондай-ақ зауытта шығарылған электрлі қыздырғыштар пайдаланылады.

      569. Құбыржолдар мен тиек қондырғыларына кәсiпорынның бас инженері бекiткен кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетіледі.

      570. Құбыржолдарда тұйық учаскелер болмауға тиiс. Ал мұндай жерлердiң болуы қажет болған жағдайларда, оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      571. Мұнай өнiмдерi толып тұрған құбыржолдарда жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

5. Мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      572. Бұрғылауға, сынақ жүргiзуге, ұңғымаларды күрделi жөндеуге арналған жер үстiндегi жабдық, шығарындыларға қарсы қондырғылардың бұрғыштары, бақылау станциялары, өндiрiстiк және тұрғын үй-жайлар, қойма орындары, кiреберiс жолдар, тікұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдiң басым бағыты ескеріле отырып орналастырылады.

      573. Қондырғыға бөлiнген аумақ жер үстiндегi және жер астындағы құбыржолдардан, кәбілдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады.

      Жер үстiндегi құрылыстардың айналасында көлiктiң және өрт техникасының қозғалуы үшiн енi 10-12 метр алаңқай көзделеді.

      Аумақтарды жоспарлау кезінде сұйықтықтарды сағасынан және жер үстiндегi құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызу көзделеді.

      574. Құрылыстардың жабындары жанбайтын материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда конструкция оттан қорғайтын құраммен өңделедi.

      575. Отын құятын ыдыстар мен қондырғылар жер үстi үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыржолдардан 20 метр алшақ орнатылады. Отын қондырғылары сорғылармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгiлерi) бар деңгей өлшеуiштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кiреберiс жолы жабдықталады және жанар-жағармай материалдарының сақталу мөлшерi есебiнен топырақ үйiп бекiтiледi.

      576. Арматуралар орнатылатын немесе аппараттар қосылатын жерлерден басқа, жарылыс-өрт қауiптi технологиялық жүйелердiң құбыржолдарында фланецтi және алмалы-салмалы қосылыстарға жол берiлмейдi. Жарылыс қауiптi технологиялық жүйелерде иiлмелi шлангiлердi қолдануға жол берiлмейдi.

      577. Жанармай өнiмдерiн айдап қотаратын сорғылар мен компрессорлардың соратын және айдайтын жолдарында тиек, кесу және сақтандыру қондырғыларын орнату көзделеді.

      578. Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң тамшылап ағуы, герметикалы болмауы, ағып кетуi байқалғанда ақау дереу жойылып, төгiлген жер мұқият тазартылады.

      579. Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарды өрт-жарылыс қауiптi құрылыстардың iшiнде сақтауға жол берiлмейдi.

      580. Өрт сөндiру құралдары (қуат және сорғы блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауiптi жерлерге жақын орналастырылады.

      581. Iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газды шығаратын желілері ұңғыманың аузынан кемiнде 15 метр, таса (ірге) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негiздердiң, еден төсенiшiнiң астына пайдаланылған газ шығатын құбырларды төсеуге жол берiлмейдi.

      Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған газ шығатын желiлер өтетiн жерлерде құбырдың үш диаметрiнен кем емес тесiк қалдырылады. Бұл жерде жылу оқшаулау төсемi мен өртенбейтiн өңдеме орнатылады.

      Пайдаланылған газ шығатын желiлер ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      582. Температура төмен болған жағдайда, қатып қалуға бейім жабдықтар мен құбыржолдар жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етiледi.

      583. Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайларда, негiздердiң астында, газ қауiптi жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнiмдерiн, жанғыш заттар мен реагенттердi сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекi шегуге болмайды.

      Темекi шегу үшiн өртке қауiпсiз аймақта арнайы жабдықталған орындар бөлінеді және жазулармен белгiленедi.

      584. Газдану, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнiмдерiмен ластану кезінде газ қауiптi, отпен жүргізілетін және дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

      585. Қуат, бұрғылау және мұнай кәсiпшілігінің жабдығы, жабындар, объектінiң басы мен аумағы үнемі өрт қауiпсiз жағдайда ұсталады, күйеден, жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң төгiлуiнен ұдайы тазартылады.

Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      586. Ұңғымаларды бұрғылау, бекiту, сынау техникасы мен технологиясы өнiмдi жиектерден бақыланбайтын қабат флюидтiң түсуiн барынша жоғары дәрежеде болдырмауы тиiс.

      Мұнай-газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргiзілген жағдайда, жер үстiндегi жабдық және орап байлау арқылы толық герметикалық, флюидтi ұңғымалардан қауiпсiз қашықтыққа бұру және мұнай-газ дақтарын, аварияларды жою жөніндегі технологиялық процестерді орындау кезінде жарылыс-өрт қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi.

      587. Бұрғыны пайдалануға беру кезінде кәсiпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс-өрт қауiпсiздiгiн, өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман жинағының сәйкестiгiн, авариялық жарықтандырудың, жауынгерлік өрт сөндіру есептобының бар-жоғын тексереді, ол туралы бұрғыны қабылдау актісіне жазады.

      588. Көмiрсутектi негiздегi бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетiлетiн әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмiрсутектi негiздегi ерітіндінің өздiгiнен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу процесіндегі күтілетін ең жоғарғы температурадан 50оС артық болады.

      589. Жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың шектi жол берiлетiн концентрациялары мен шектi жол берiлетiн жарылыс қауiпсiз концентрациялары табылған жағдайларда:

      1) технологиялық процесті тоқтата тұру;

      2) объектiнiң, ауысымның басшысына дереу хабарлау;

      3) газдану себебi мен аймағын анықтау;

      4) жеке қорғану құралдарын пайдалану;

      5) өрт сөндiру құрал-жабдығының әзірлігін тексеру;

      6) Аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.

      590. Бұрғылау, сынау, газ, мұнай, су дақтарын, ашық бұрқақтар мен аварияларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн мұнаралар, бұрғылау жабдығы, аумақ қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғыға баратын жолдар мен кiреберiстер бос болады.

      591. Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезiнде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған газ шығатын құбырлардың ұшқын сөндіргіштері болған кезде ғана қолданылады.

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртiбi
Ұңғымаларды игеру тәртiбi

      592. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргiзiледi, онда арнайы бөлiмдерде технология әзiрленуi тиiс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдар мен өрт, жарылыс қауiпсiздiгiнің шаралары белгiленеді.

      593. Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негiзгi және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесi, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса берiледi.

      594. Жоспар-кестеге ұңғымаларды игеру үшiн қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесi қоса берiледi.

      595. Ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмыстар басталмас бұрын жауапты адам бригада мүшелерiне өрт қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау бередi және "Жұмыс орнындағы қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқау берудi тiркеу" журналына тиiстi жазу жазады.

      596. Бригаданың барлық мүшелерi ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмысқа арнайы киiммен және арнайы аяқ киiммен қатысады.

      597. Игеру объектiлерi өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.

      598. Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары жұмыстардың жауапты басшысының рұқсатымен және мұнай-газ өндiру немесе бұрғылау кәсiпорны геологының қатысуымен жүргiзiледi.

      599. Ату-жару жұмыстарының алдында шығарындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетiлген қысымға мұқият тексерiлiп, қысып нығыздалады.

      600. Көтерiп-түсiру операциялары кезiнде колонналық фланецке ұшқын қауiпсiз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.

      601. Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессор ұңғыманың жел жағынан кемінде 25 метр қашықтыққа орналастырылады.

      602. Ұңғыманы мұнаймен жуып-шайғанда агрегат ұңғыма аузынан кемiнде 10 метр қашықтыққа орнатылады.

      603. Газ және газ конденсатты ұңғымаларды сұңғылау арқылы игеруге, ал бұрқақты ұңғымаларды науалармен қауғалауға жол берiлмейдi.

      604. Ұңғыманы сұңғылау мұнай шығарындысын болдырмайтын герметикалаушы қондырғысын буферлi тиекке бұрқақ арматура орнатылған кезде жүргiзiледi.

      605. Бұрқақты ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:

      1) жұмыс iстеп тұрған агрегатты басқару пультін қорғау үшiн қалқаның жанатын құрылғылары оттан қорғау құрамымен өңделедi;

      2) ұшқын қауіпсіз материалдан жасалған бағыттаушы шүмек орнатылады;

      3) көтергiш трактор ұңғыма аузынан кемінде 25 метр алшақ орнатылады.

      606. Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшiн де, ұңғыма өшiрілген жағдайда да қажеттi агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу мүмкіндігі көзделеді.

      607. Бұрқақ атқылау белгiлерi пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметикалау жоспарына сәйкес iс-қимыл жасалады.

      608. Бұрқақ ұңғыламасын игеру процесіндегі үзiлiстер мен аялдау кезінде бұрқақ арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегi жабылады.

      609. Сығылған ауаны айдау немесе сұйықтықты ауамен аэрациялау арқылы ағын шақырғанда процесте үзiлiстерге жол берiлмейдi.

Бұрқақты ұңғымаларды пайдалану тәртiбi

      610. Пайдалануға берiлген барлық ұңғымалар тиiстi стандартты аппаратурамен жабдықталған герметикаланған сағалармен қамтамасыз етiледi.

      611. Бұрқақты арматураны жинау төсемелері бар түйреуіштердің толық жинағымен жүргізіледі.

      612. Бұрқақты ұңғыма мен коммуникацияларды орау пайдалану колонналарының перфорациясына дейiн ұңғыма өнiмiн қабылдауға дайындалады.

      613. Тұтануды (өртенудi) болдырмау үшiн мұнайды ортақ қамбалар мен торларға ашық арықтар арқылы ағызуға жол берiлмейдi.

      614. Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуiн болдырмау үшiн ұңғымалардың жанында газ бен ауа тарату дүңгіршектерінен шығатын желiлерде керi клапандар орнатылады.

      615. Газ және ауа тарату дүңгіршектерінің газ немесе әуе коллекторларында ұзындығы жобаға сәйкес келуге тиiс желiлер көзделеді.

      616. Газ тарату дүңгіршектерінің сыртқы жағында "Газ! От қауiптi!" деген жазу iлiнедi.

      617. Жылжымалы компрессорлардың iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндiргiштермен жабдықталады.

      618. Құбыр сыртындағы газдың қысымы тек штуцердiң көмегiмен, айқастырмадан бiрiншi (негiзгiсi) ысырма ашық болғанда екiншiсi арқылы төмендетiледi.

      619. Ұңғыманың орамы, бұрып ағызу жолы, аппаратура, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін газ құбырлары тек бумен немесе ыстық сумен ғана жылытылады.

Компрессорлық станцияларды ұстау тәртiбi

      620. Компрессор жұмыс iстеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргiзiледi.

      621. Компрессорды қысатын соңғы сатыны түсіру желiсiнде (компрессор ғимаратынан тыс) қысым жұмыс қысымынан 10 % асқан кезде іске қосылатын сақтандыру құрылғысы құрастырылады.

      622. Компрессордың қалыпты жұмыс параметрлерінен ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерiлгенде, салқын судың келуi тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесiндегi қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.

      623. Компрессордың қажалатын бөлшектерi үнемi майланады, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.

      624. Қысудың әр сатысынан кейiн сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi. Компрессордың жұмысы кезінде май бөлгіштерден жүйелі түрде түсіру қамтамасыз етіледі.

      525. Әуе қоспасы компоненттерi құрамының жұмыстың әр режимiне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетiлгеннен асуына жол берiлмейдi.

      626. Газды сығымдайтын компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желiлерi шамалы артық газ қысымымен ұсталады.

      627. Егер компрессор жұмысының шарттары бойынша сорып алушы желi ыдыратылатын болса, онда сығымдалғаннан кейiн газ құрамында оттегiнің бар-жоғы тұрғысынан үнемі талдау жасалады.

      628. Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосылыстарының герметикалығы үнемі тексерiледi. Газ шығып тұрғаны байқалған жағдайда, компрессор тоқтатылып, ақаулары жойылады.

      629. Жарық беру құралдарын жөндеу кезiнде немесе электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында жарылыс қаупi жоқ жағдайда орындалған аккумуляторлы шамдарды ғана қолдануға рұқсат берiледi.

      630. Газ-компрессорлық үй-жайларда компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берiлмейдi.

      631. Резервтегi компрессорлар газ қабылдау желiлерiнен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.

      632. Әуе компрессорлары үшiн ауа алу ғимараттың сыртында жүргізіледі. Жанғыш бу немесе газдар бөлiнетiн жерлерде, сондай-ақ тұтану көздерi пайда болуы мүмкiн жерлерде ауа алуға жол берiлмейдi.

      Компрессорға жанғыш бу мен газдардың түскенi байқалғанда ол дереу тоқтатылады.

      633. Компрессорларды, әуе компрессорлық станциялары коммуникацияларының май шөгiндiлерi кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерiтiндiсiмен шайып тазартылады.

Тереңнен сорып пайдалану тәртiбi

      634. Тербелме станогы оның үйкелетін және қозғалмалы бөлiктерi мен мұнара немесе дiңгек, iргетас және топырақ, электр желiлерi бөлшектерiнің түйiсуiн болдырмайтындай етіп орнатылады.

      635. Тербелме станогының шкивiн қолмен айналдыруға және оның астына металл немесе басқа да заттарды салу арқылы тоқтатуға жол берiлмейдi.

      636. Ұңғымада жөндеу жұмыстары басталмас бұрын жетек ажыратылады, ал іске қосу қондырғысында "Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс iстеп жатыр!" деген жазуы бар плакат iлiнедi.

      637. Терең сорғы ұңғымасы ұңғыманың аузын герметикалайтын және құбырдың сыртындағы кеңiстiктен газды айдауға мүмкiндiк беретiн ернеу арматурасымен жабдықталады.

      638. Тербелме станогы жұмыс iстеп тұрғанда жетек белбеулерiнiң іркіліп қалуының алдын алу үшiн олардың тартылуын бақылау жүзеге асырылады.

      639. Жерге тұйықтау өткiзгiштерi мен олардың балқытып біріктірілген тұстарын тексеріп қарау үшiн қолжетімділік қамтамасыз етiледi. Жерге тұйықтау өткізгіші үшiн болаттан жасалған арқанды пайдалануға жол берiлмейдi.

      640. Кез келген кернеудегi электр беру желiлерiнiң астынан басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансформаторларды орнатуға жол берiлмейдi.

      641. Батыру орталығын сыртқа тебушi электр сорғылардың электр жабдығын орнату үшiн үй-жай немесе дүңгіршек жанбайтын материалдан жасалады.

      642. Батырылатын электр сорғыны көтеру және түсiру алдында ұңғыма аузындағы фланецiне кәбілді элеватордың бұзылуынан сақтандыратын құрал орнатылады.

      643. Ұңғыманың аузында орналасқан кәбілді барабанның электр жетегiн түйме арқылы басқару жарылыстан қорғалатын түрде орындалады.

      644. Ұңғыманың аузы кәбіл өтетiн жерлерiнде тығыздамасы бар аспалы тығырықпен жабдықталады.

      645. Ұңғымаларды үрлегенде және өлшеуді жүргiзгенде ұңғыманың жанындағы автокөлiк пен тракторлар сөндiрiледі, ал қазандықтардың оттықтары тоқтатылады.

      646. Сынақ жүргiзу кезiнде барлық жолдарда бекеттер орнатылып, өтуге, темекi шегуге және от жағуға тыйым салынатын ескерту белгiлерi орнатылады.

Мұнай және газ өндiрудi қарқындату тәртiбi

      647. Өндiрудi қарқындату әдiстерiн жүзеге асыру мұнай-газ өндiретiн кәсiпорынның басшысы (орынбасары) бекiткен жоспар бойынша жүргiзiледi.

      648. Кәсіпорын әкімшілігі өндіруді қарқындату әдістерін жүргізуді ескере отырып, Ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспарын әзірлейді. Жоспар көрнекі жерге ілінеді.

      649. Өндiрудi қарқындату әдiстерi жүзеге асырылатын объектiлер кәсiпорынның орталық диспетчерлiк пункті бар сенiмдi телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.

      650. Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру, өрт сөндiру бөлiмiнiң, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметiнiң басшылары мен жауапты адамдарын шақыру тәртiбi көрсетiлген тақталар iлiніп қойылады.

      651. Жұмыс iстеу кезiнде жылжымалы сорғы агрегаттардың, автокөлiктiң пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштері бар сөндiргiштермен жабдықталады.

      652. Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай мен химиялық реагенттердiң қалдықтарын өнеркәсiптiк кәрізге құюға жол берiлмейдi.

      653. Барлық өндiрiстiк және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тиiстi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

      654. Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тiкелей мақсатына арналмаған жұмыстарға қолдануға жол берiлмейдi.

      655. Химиялық заттардың қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекi шегуге және от жағуға жол берiлмейдi. Темекiнi арнайы бөлiнген жерлерде шегуге болады.

      656. Көбiк реагентi және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда "От қауiптi" деген жазу болады.

      657. Найзағай жарқылдаған кезде көбiк реагентi мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.

      658. Реагенттi қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық қажет болған жағдайда қауiптi аймақтан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн жердiң бедерi мен желдiң бағыты ескерiлiп орналастырылады.

      659. Жылжымалы жабдықты, сорғы қондырғыларды электр өткiзгiштердiң әуе желiлерiнiң қорғау аймағы шегiнде немесе мұнай, газ желiлерiнiң үстiне орналастыруға жол берiлмейдi.

      660. Жұмыс аяқталғанға дейiн және бу генераторының қысымы атмосфералық қысымға дейiн төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

      661. Жылжымалы электр жарығын беру ретiнде бу генераторлық қондырғыда кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупi жоқ шамдар қолданылады.

      662. Ұңғыманың қазбасы аймағының маңында бумен, жылумен өңдеуді тәуліктің жарық уақытында жүргiзуге рұқсат берiледi.

      663. Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғысының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етiп көзделеді.

      664. Пеш белгiленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтiн, сондай-ақ шығарушы көздеген газ қысымы көтерiлгенде немесе төмендегенде оттыққа газ жеткiзудi өшiретiн автоматты қондырғылармен жабдықталады.

      665. Отын құбыры жолында ретке келтiрiлген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына конденсаттың түсуiне жол бермеуге арналған қондырғы жабдықталады.

      666. Пештiң оттығын қосар алдында шиыршық түтiкке мұнайдың толғанына көз жеткiзiледi.

      667. Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.

      668. Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдер, тракторлар) ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      669. Ыстық мұнай ыдысы сағаның ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.

      670. Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыдан ұңғымаға дейiн барынша жоғары жұмыс қысымынан бiр жарым еселi қысымға сығымдалуы тиiс.

      671. Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал iштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиiс. Iштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнiм құбыры ұшқын сөндіргішпен жабдықталады.

      672. Ұңғымаларды өңдеу үшiн тек газсыздандырылған конденсат қана қолданылады.

      673. Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда "От қауiптi" деген жазу болады.

      674. Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат берiледi.

      675. Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында ол жерге қосылады. Ағызу немесе құю аяқталғанға дейін жерге қосатын құрылғыны ажыратуға жол берілмейді.

      676. Құю-ағызу, ұңғыманы өңдеу тек күндiзгi уақытта жүргiзiледi.

      677. Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елдi мекендер шегiнде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берiлмейдi.

      678. Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың аузынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бiр бiрiнен кемінде 6 метр қашықтықта орнатылады.

      679. Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.

      680. Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берiлмейдi.

      681. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және процесінде жұмыс iстеу аумағының газдануы тексеріледі. Шектi рұқсат етiлген концентрациядан артық газ концентрациясы болған жағдайда, газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.

      682. Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейiн агрегаттың манифольдты желiсi мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.

      683. Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейiн және қысым атмосфералық қысымға дейiн төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат берiледi.

      684. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу процесінде қызмет көрсетуші персонал жұмыс жоспарында көрсетiлген қауiпсiз қашықтықта болады.

      685. Қабаттарды гидравликалық ажырату жөнiндегi жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндiргiштермен және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      686. Агрегаттарда тiкелей жұмыстарды орындауға байланысты емес адамдарды қауiпсiз аймақ шегiне жiбергеннен кейiн ғана агрегаттарды iске қосуға рұқсат берiледi.

      687. Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиiс.

      688. Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берiлмейдi.

      689. Қуат қондырғыларын отын бактары өртке қауiпсiз жерге орнатылып, бұзылудан қорғалады.

      690. Қабат iшiндегi жылжымалы жану мөлшерi әдiсiмен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалуы тиіс.

      691. Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауiптiлiгiнің дәрежесi және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетiлуi тиiс.

Ағымдағы және күрделi жөндеу жүргiзу тәртiбi

      692. Жанар-жағармайлармен, мұнай өнімдерімен ластанған аумақта көтергiш трактор мен жылжымалы агрегатты орнатуға болмайды.

      693. Көтергiш трактор, жылжымалы агрегат ұңғыманың аузынан кемiнде 25 метр қашықтықта жел жағынан орнатылады.

      694. Жуу агрегаты манифольдқа жақын, ыдыстары агрегат жүргiзушiсiнiң кабинасы ұңғыманың аузына қаратылатындай болып орнатылады.

      695. Көтергiшке жанармай қозғалтқыш сөндiрiлiп, суығанда құйылады.

      696. Сағаның арматурасын бұзу ұңғыма өшiрiлгеннен кейiн және қысым нөлге дейiн жеткізілгеннен кейін жүргiзiледi.

      697. Газ кестеге сәйкес ұңғымадан қауiпсiз жаққа қарай шығарылады. Газ шығару жолы тiректерге берiк бекiтiледi.

      698. Құбырларды көтерiп түсiргенде элеваторды отырғызу ұшқынның пайда болуына жол бермеу үшiн баяу, соқпай жүргiзiледi.

      699. Құбырларды көтерiп-түсiру жұмысындағы үзiлiстерде ұңғыманың сағасы герметикаланады.

      700. Құбырларды көтергенде флюидтiң, ерiтiндiнiң шашырап төгiлуiне қарсы құрал орнатылады.

      701. Сағада ұшқын түзiлумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ жазбаша рұқсатсыз от жағу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

      702. Құм тығынын сумен жуып шайғанда жуу сұйықтығы өнеркәсiптiк кәрізге немесе ыдысқа шығарылады. Тығынды мұнаймен шаю тұйық цикл бойынша жүргiзiледi.

      703. Құм тығындарын ұңғымаларда шайғанда шығарындыларға қарсы жабдық, домалақ кран, қайырмалы клапан орнатылады.

      704. Ұңғымада вентилi және шлангi бар су желiсi жүргiзiледi.

      705. Мұнай-газ дақтары көрiнгенде құбырдың және құбырдың сыртында қысым болғанда жұмыстарды бастауға жол берiлмейдi.

      706. Көтергiш тракторлар мен жылжымалы агрегаттар жарық және дыбыс сигнализацияларымен жабдықталады.

      707. Объект осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.

      708. Жұмыс процесінде ұңғыманың жағдайы үнемi бақылауда болады, газ, мұнай, су дақтарының белгілері байқалғанда бригада сағаны герметикалайды және аварияларды жою жоспарына сәйкес іс-қимыл жасайды.

Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртiбi

      709. Аппараттарда, ыдыстарда және құбыржолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегiш және тiреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлiк-техникалық қызметкердiң басшылығымен, бекiтiлген кестеге сәйкес тұрақты тексерiледi. Тексерiстер мен қадағалау нәтижелерi вахта журналына жазылады.

      710. От қауiптi сұйықтықтардың деңгейiн өлшеу үшiн өртке қауiпсiз өлшеуiштер қолданылады. Шыныларды механикалық зақымданудан қорғау, қосқыш түтіктерді автоматты түрде жабатын клапандардың және шыныда сұйықтық пен қысымның 0,6 МегаПаскальдан (бұдан әрi – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын шектi рұқсат етiлген деңгейiн көрсететiн қызыл жолағының болуы шартымен өлшеуіш шынылардың 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс iстейтiн аппараттар мен сыйымдылықтарда болуына жол берiледi.

      711. Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшiн өртенбейтiн материалдар қолданылады.

      712. Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жiберер алдында жеткiзу желiлерi қауiптi қысымдарды немесе деформацияларды болдырмау үшiн үрленедi.

      713. Қыздырылған агенттi аппараттарға қосу аппараттардағы температураны бiрте-бiрте көтере отырып, баяу жүргiзiледi.

      714. Түсiру кезiнде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгiлуiне жол берiлмейдi.

      715. Сақтандырғыш клапаны диаметрi шығу тесiгiнен кем емес бұру жолымен жабдықталады.

      716. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.

      717. Мұнай және газ ұстағыштар өртенбейтiн материалдардан жасалады. Ашық мұнай ұстағыштың айналасында биiктiгi кемiнде 1 метр қоршау орнатылады.

      718. Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетiн жерлерде металл жабындыларымен жабылады.

      719. Шырақ тiреушесi кемiнде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан кемінде 50 метр алшақ орналасады. Қамбаның айналасы кемiнде 1 метр топырақпен үйiп бекiтiледi, ал шырақ қондырғысы қоршалады.

      720. Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желiсiндегi тиек қондырғысы ақырын және бiртiндеп ашып-жабылады.

      721. Қысымы бірдей сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шыраққа жалпы желiге (коллектор) бұруға болады.

      722. Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасы ауаның бар-жоғына тексерiледi.

      723. Басқыштардағы деңгей өлшегiш шынылар жабық ыдысқа немесе кәрізге үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етiледi.

      724. Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңша гидравликалық жабу арқылы өнеркәсiптiк кәрізге жүретiн науалармен жабдықталады.

      725. Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшiн жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыру және (көтерiлгенде) суыту бiртiндеп жүргiзiледi.

      726. Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босату жылу ауыстырғыштар суығаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.

      727. Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсiптiк кәрізбен қосылған науаға қарай еңiспен қамтамасыз етiледi.

      728. Пештердi тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.

      729. Форсункаларды шырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгiш сұйықтықты сiңдiруге жол берiлмейдi.

      730. Пештердi жағуда қолданылатын шырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтiн жәшiкте сөндiрiледi.

      731. Отын құбыржолы отынды барлық форсункаларға жiберуді бiр мезгiлде тоқтата алатын (форсункалардың фронтынан кемiнде 10 метр қашықтықта) тиекпен, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғымен, сондай-ақ автоматика жүйесiне конденсаттың түсуiнің алдын алу үшiн конденсат жинағымен, бақылау-өлшеуiш құралдарымен жабдықталады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор үй-жайына шығарылады.

      732. Қондырғы жұмыс iстемеген жағдайда, отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшiрiлiп, бiтеуiшке қойылады.

      733. Пештердiң тұрақты өрт сөндiру жүйесi үнемi iске жарамды жағдайда ұсталады. Жүйенiң орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйе автоматты және қашықтықтан қосылатын болып көзделеді.

      734. Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай, оттықты жағуға жол берiлмейдi. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауiпсiз жерге шығарылады.

      735. Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желiге шығарып, үрлеу желiсiмен жабдықталады.

      736. Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар iске жарамды болуы тиiс. Авариялық төгу ысырмаларының айыратын белгiлерi болуы, ал жағалаулары бос болуы тиiс. Авариялық төгуді тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өрттi) жою жөнiндегi жұмыстардың жауапты жетекшiсiнiң нұсқауы бойынша ғана жүргiзуге болады. Авариялық төгуді жүзеге асырғанда операциялардың реттiлiгi нұсқаулықта көзделеді.

      737. Авариялық ыдысқа ыстық сұйықтықты түсiрер алдында одан суланған өнiмдер мұқият шығарылып, құрғақ бу жiберiледi.

      738. Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейi мен түтiндiгiнде қара күйе жанғанда бумен өрт сөндiру желiлерi арқылы бу жiберілiп, өртке қарсы қызмет шақырылады.

      739. Құбырлы пештi пайдалану кезiнде құбырлардың жай-күйіне жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi. Құбырларда булықтары мен тесiктерi болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегi асып кеткен пештердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

      740. Пештерге жалындарды өшiру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуiн тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештiң белiне шектi рұқсат етiлген температура сигнализациясы орнатылады.

      741. Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупiн болдырмайтындай орындалған ауданы мәжбүрлі жіберу-тартып алу желдеткiшiмен жабдықталады. Желдеткiш бұзылған немесе өшiрiлген жағдайда, сорғыларды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.

      742. Iштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайлар сорғыларға арналған үй-жайлардан газ өтпейтiн қабырғалармен бөлінеді. Тез тұтанатын сорғылар орнатылған үй-жайларда тегiс белдiктi берiлiстi қолдануға жол берiлмейдi.

      743. Аралық бiлiктер өтетiн орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.

      744. Сорғылармен жұмыс iстегенде қозғалыстағы бөлшектерiн, сондай-ақ мойынтiрек пен сорғылардың тығыздамаларының температурасын үнемi бақылау жүзеге асырады.

      745. Сорғылардың астында жағармайдың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берiлмейдi. Сорғы үй-жайларының едендерi таза ұсталып, үнемi сумен шайылады.

      746. Сорғы үй-жайларында сорғылар мен құбырлардың герметикалығына бақылау орнатылады. Сорғылардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.

      747. Ысырма блогы орналасқан жерлерде сұйықтықтарды гидравликалық бекiтпе арқылы өнеркәсiптiк кәрізге төгуге арналған науа орнатылады. Сұйықтықтарды өнеркәсiптiк кәрізге төгу мүмкiндiгi болмаған жағдайда, сұйықтықты сорғымен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.

      748. Сорғы үй-жайларында жанар-жағармай материалдарын бiр тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берiледi. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшiктерде сақталады.

      749. Сорғы үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берiлмейдi.

      749. Сорғыны iске қосу және тоқтату алдында тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексерiледi.

      750. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғы үй-жайлары резеңке шлангілері бар су құбырларымен жабдықталады.

      751. Жұмыс аяқталған соң сорғыларды қабылдау және көтерулер және резервуарлардың ысырмалары жабылады, үй-жай тексерiлiп, төгiлiп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшiрiледi.

      752. Құбыржолдардың (мұнай, газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты айырым түсi мен цифрлық белгiсi болады. Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыржолдарға әр құбыржолдың ерекше белгiсi, ал тиек арматурасының нөмiрлерi бар технологиялық кестелер жасалады.

      753. Қызмет көрсетуші персонал ысырмалардың орналасу кестесiн және олардың мәнiн бiлуi, сондай-ақ технологиялық іс-қимылды қатесiз орындауы тиіс.

      754. Жаңа кестені кәсiпорынның басшысы бекiтiп, рұқсат бермейiнше, қолданыстағы құбыржолдардың орналасу кестесiн өзгертуге жол берiлмейдi.

      755. Құбыржолдарды үрлеу және оларды герметикалығы мен беріктігі тұрғысынан сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Герметикалығына және беріктігіне құбыржолдарды үрлеу және сынау жөнiндегi нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыржолды пайдаланып отырған кәсiпорынның техникалық басшылығымен келiсiледi.

      756. Құбыржолдарды үрлегенде және сынағанда аймақ шегiнде автомобильдердiң, тракторлардың жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштармен тiркелуiне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекi шегуге жол берiлмейдi.

      757. Темiржолдардың немесе тас жолдардың маңындағы құбыржолда авария болған жағдайда, авария алаңы дереу қоршалып, ескертетiн белгiлер қойылып, көлiк қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.

      758. Ескертетiн белгiлер авария болған жерден жолдың екi жағынан кемінде 800 метр қашықтықта орнатылады. Темiржол қызметiне дереу хабарланады.

      759. Құбыржолдардағы тиек құрылғылары жарамды күйде құбыржолдардың жеке учаскелерiне мұнай мен газдың келуiн сенiмдi түрде тоқтату мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн оңай қол жеткiзуге болатындай етiп орналастырылады. Ақаулықтар дереу жойылады.

      760. Тиек құрылғыларын тексеру үшiн кәсiпорында оның басшылары бекiтетiн кестелер жасалады. Құбыржолдардағы тиек құрылғылары тоқсанына кемiнде 1 рет, ерекше жауапты тораптарда айына кемiнде 1 рет қарап тексерiледi. Тексерiс нәтижелерi журналға немесе құбыржолдағы паспортқа енгiзiледi.

      761. Құбыржолды дәнекерлеп қосуға ғана жол берiледi. Ажыратқыш құрылғылары, өткiзбейтiн тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеу құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецтi қосуларға жол берiледi.

      Фланецтi қосу төсемдерi жоғары температураларда бұзылмайтын және пiшiнi өзгермейтiн материалдардан жасалады.

      762. Құбыржолдарда пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкiн құралдар арқылы тазартуға жол берiлмейдi.

      763. Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейiн соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейiн ашық науалар дереу жабылады.

      764. Тиек құрылғыларын баяу ашып-жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшiн ұшқын тудыруы мүмкiн металл заттарды қолдануға жол берiлмейдi.

      765. Вакуумдық газ жинайтын желiнiң iшiнде жарылыс қаупi бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшiн:

      1) вакуумдық желідегі ауа құрамына бақылау жүргiзiледi;

      2) ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғылары жабылады және газ құбырларына бiтеуiштер орнатылады.

      766. Шамның алау құрылымында газ жағудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.

      767. Құбыржолмен параллель кәбіл желiлерiн төсегенде олардың арасында көлденеңiнен қашықтығын кемiнде 1 метр етiп жасауға жол берiледi. Құбыржолдан шамалы қашықтықта орналасқан кәбілдер құбыржолдардың бүкіл аралық бойына төселедi. Құбыржолдардың асты мен үстiне кәбілдердi тiк жазықтықта параллель төсеуге жол берiлмейдi.

      768. Төгу-құю эстакадалары осы Қағидалардың 4-бөлімінің 6-тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес ұсталады.

6. Газды қайта өңдейтiн өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      769. Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерiнде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдердің қозғалуына жол берiлмейдi. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгiлерi орнатылады.

      770. Жарылу және өрт қаупi бар цехтардың аумағына кiруге және автомашина, трактор, көтергiш көлiк және құрылыс механизмдерiн орнатуға тек осы цехтардың, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауiпсiздiк шаралары көрсетiлген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен ғана жол берiледi.

      771. Жарылу қаупi және газ қаупi бар жерлерде темiрмен тағаланған аяқ киiммен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      772. Доңғалақтармен жүретiн, А және Б санатты жарылыс қауiптi цехтарда орналасқан көлiк арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын металдан жасалған шеңберлермен немесе резеңке шиналармен жабдықталады. Кәрізді бақылайтын құдықтар үнемi қақпақпен жабылып тұрады және 10 сантиметр құм қабаты төгіледі.

      773. Өрт кезiнде өнеркәсiптiк кәріз желiсi бойынша оттың таралуына жол бермеу үшiн онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемiнде 0,25 метр биiктiкте болуы тиiс.

      774. Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөлiктерiнде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғылар, қазандық, төгу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етедi.

      775. Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ оларсыз кәрізді пайдалануға жол берiлмейдi.

      776. Өртену және жарылу қаупi бар өнiмдердi кәріз жүйесiне шығаруға жол берiлмейдi. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар көзделеді.

      777. Өндiрiстiк ағын суды кәрізге шығарғанда оның температурасы 40оC аспауы тиiс.

      778. Жарылыс қауiптi өндiрiстiк үй-жайларда орнатылған желдеткiш жүйелерiнiң металдан жасалған ауа бұрғыштары жерге тұйықталады.

      779. Желдеткiшi бұзылған жағдайда, жабдықты жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.

      780. Жанғыш және жарылыс қауіптi газдары бар аппаратура мен коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткiштiң тәулiк бойы жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледi.

      781. Зиянды немесе жарылыс қауіпті газдардың немесе будың кенеттен қарқынды бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда механикалық авариялық желдеткіш орнату көзделеді.

      782. Авариялық механикалық желдеткiштi газ талдағыш тетiктердiң әсерiмен автоматты iске қосу қамтамасыз етiледi және бұдан басқа өндiрiстiк үй-жайдың сыртқы есiгiнде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткiштi қашықтықтан iске қосу көзделеді.

      783. Өндiрiстiк үй-жайда өрт шыққан жағдайда iшiндегi желдеткiш жүйелерi сөндiрiледi.

      784. Өрт, жарылыс қауiптi өндiрiстерi бар үй-жайларды жылыту үшiн ыстық суды, буды, қызған а уаны және диэтиленгликольдi жылу тасығыш ретiнде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.

      785. Өрт шыққанда және оның таралу қаупi болғанда ауамен жылыту жүйелерi дереу сөндiрiледi.

      786. Ауамен жылытуды үйлестiру желдеткiшiмен қиыстырғанда ауаны кері циркуляциялауға жол берiлмейдi.

      787. Темiржол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге тұйықталады. Төгу-құю фронттары шегiнде темiржол рельстерi бiр-бiрiмен электр арқылы қосылады және электр тарту желiсiн жерге тұйықтауға қатысы жоқ жерге тұйықтау құрылғысына қосылады.

      788. Жанғыш газдарды құятын және төгетін цистерналар жерге тұйықтау құрылғыларына қосылады. Жерге тұйықтайтын өткiзгiш ретiнде қимасы кемiнде 6 шаршы миллиметр иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiш қолданылады.

      789. Резеңке шлангiлердiң металл ұштықтары мен тез көтергiш құрылғылары шлангiнiң сыртына немесе iшiне оралған, иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiш арқылы жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау өткiзгiшiнiң бiр шетi өнiм өткiзгiшiнiң металл бөлшектерiне жалғанады.

      790. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргiзiледi. Бұл ретте жерге тұйықтау құрылғысының кедергiсi өлшенедi.

Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртiбi

      791. Өнімді фланецтi жалғамалардың саңылауы арқылы өткізгенде аппараттарды, құбыржолдарды және жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      792. Ағып тұрған өнiмнiң тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда, ағып тұрған жерге су буы немесе инертті газ жiберiледi және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.

      793. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттерi жанбайтын материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етiледi.

      794. Iшiн тексеру, тазарту және жөндеу үшiн ашуға жататын аппараттар өнiмдерден босатылып, iске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылады және сөндiрiледi, инертті газбен буландырылады немесе үрленеді және желдетiледі. Булаудың немесе инертті газбен үрлеудiң ұзақтығы, сумен шаю, желдету қажеттiлiгi жеке, кез келген жағдайға арналған өндiрiстiк нұсқаулықтарда белгiленедi.

      795. Ыстық өнiмдi мұздатқыш арқылы өткiзбей сынама iрiктеу шүмектерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Бұру түтiктерi және мұздатқыштың түтiктерi жарамды күйде ұсталады.

      796. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берiлмейдi.

      797. Өндiрiстiк үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкiн жұмыстарды жүргiзуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берiлмейдi.

      798. Iске қосар алдында технологиялық аппараттардың жарамдылығы және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыржолдардың жұмысқа әзірлігі тексерiледi, автоматты көрсеткiштер немесе температура мен қысымды реттегiштердің, сұйықтық деңгейiн өлшегiштердiң жарамдылығы тексерiледi.

      799. Жаңадан жобаланатын және қайта салынып жатқан пештер өрт сөндiру бөлiмiне бүркеме қосылған кезде дабыл беретiн будың немесе инертті газдың бүркеуiн тудыратын құрылғылармен жабдықталады.

      800. Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәрiздес отынның жеткiзiлуi тоқтағанда немесе қысымы белгiленген нормалардан төмендегенде iске қосылатын дабылмен жабдықталады.

      801. Пештiң өшiп қалған оттықтарын қызған панельдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берiлмейдi.

      802. Пештiң iшiнде болуы ықтимал тұтануларды сөндiруге буды немесе инертті газды пайдалануға болады. Бу немесе инертті газ бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейiн берiледi.

      803. Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнiмдi төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желiлерiнiң ысырмалары айыру белгiлерiмен белгiленедi, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық төгуді жүзеге асырғанда операциялардың ретi нұсқаулықта көзделеді.

      804. Пештен ыстық сұйықтықты түсiруге арналған авариялық ыдыс үнемi бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсiрер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы берiледi.

      805. Құбырларда үрлеме мен тесiктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозуы рұқсат етiлген шектен асып кетенде пештi пайдалануға жол берiлмейдi. Құбырлар күйiп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пештi пайдалану дереу тоқтатылады.

      806. Пеш аумағының газдану қаупi төнгенде дереу бумен сөндіру жүйесiн қосылады, пештiң форсункаларын сөндiрiп, өртке қарсы қызмет шақырылады.

      807. Қос көздi тетiктерi бұзылған құбырлы пештердi пайдалануға жол берiлмейдi.

      808. Қос көздi тетiктердiң тығындарын тығыздауға арналған қысу бұрамаларын құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейiн төмендеткенде ғана тартуға болады.

      809. Құбырлы пештердегi қос көздi тетiк шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есiктерiнiң болуын қадағалау керек.

      810. Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсiптiк кәрізге шығатын, арнашыққа ағысы бар қатты жабыны болуы тиiс. Алаңша жанғыш өнiмдерді шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етiледi.

      811. Құбыр кеңiстiгiндегідей құбыр арасындағы кеңiстiкте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босатуға жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.

      812. Ауамен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткiштердi қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.

      813. Колонна аппараттарының люктерiн жоғарғысынан бастап ашу қажет.

      814. Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын iске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы керек. Автоматты түрде iске қосқанда қолмен де iске қосу көзделеді.

Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртiбi

      815. Құбыржолдар олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгiлеумен және өнiмнiң қозғалыс бағытымен қамтамасыз етiледi.

      816. Газ құбыры, өнiм құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгiлерi қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнiнде шаралар қолданылады.

      817. Газдың немесе мұнайдың кемуi бар құбыржол бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметi мен газдан қорғау қызметi шақырылады, сондай-ақ аварияны жою жөнiнде шаралар қабылданады.

      818. Құбыр жолдарында тұйық учаскелердiң болуына жол берiлмейдi.

      819. Жарылу, өртену қаупi бар орталарды айдауға арналған құбыржолдарда "қамыттар" болған жағдайда пайдалануға жол берiлмейдi.

      820. Төгіп-құю эстакадалары осы Қағидалардың 4-бөлімінің 6-тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес ұсталады.

Компрессорлық және сорғы станцияларын ұстау тәртiбi

      821. Компрессорлар мен сорғылардың технологиялық параметрлерiн бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемi жарамды күйде ұсталады.

      822. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейiн бақылау үшін дыбыс немесе жарық дабылы көзделеді.

      823. Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосылыстары герметикалығы тұрғысынан үнемi тексерiледi. Газдың кемуi байқалған жағдайда, компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс iстеп тұрған компрессорда газдың кемуiн жоюға жол берiлмейдi.

      824. Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгiндiлер мен күйiктерден үнемi тазартылады.

      825. Жарық беру құрылғылары жұмыс iстеген немесе электр энергиясын авариялық сөндiру кезiнде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат берiледi.

      826. Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупi төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсiрiп, авария болған жерге газ жеткiзу тоқтатылады.

      827. Жалпы сыйымдылығы үш тәулiктiк қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетiмен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.

      828. Компрессорлық және сорғы станцияларының үй-жайларында барлық желдеткiш құрылғыларының дұрыс және үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi.

      829. Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелерi компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауiпсiз жерлердегi басқару пульттерiнде орналастырылады.

      830. Газ моторының тұтандырғыш бiлтесiнiң түйiсуiнде ұшқыны бар компрессордың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

      831. Компрессор iшiнде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берiлмейдi.

      832. Компрессорды iске қосқанда пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiнде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшiн пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiн қысылған ауамен үрлегеннен кейiн магнетон қосылады және отын газы жеткiзiледi.

      833. Өрт, жарылыс қауiптi өнiмдердi айдап қотаратын сорғылар, сорғылармен бiр рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге тұйықталғанына қарамастан, жерге тұйықталады.

      834. Сорғыларды үрлегенде шығарылатын өнiмдi үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнiмдi құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.

      835. Сорғылармен жұмыс iстегенде үйкелетiн бөлшектерiн, сондай-ақ сорғылардың мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасы үнемi бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берiлмейдi.

Алау шаруашылығын пайдалану тәртiбi

      836. Алау қашықтықтан жағылады.

      837. Барлық қолданыстағы алаулар кезекшi оттықтармен қамтамасыз етiледi.

      838. Алаудың айналасындағы аумақ кемiнде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгiлерiмен көрсетiледi.

      839. Алау аумағының қоршалу шегiнде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берiлмейдi.

      840. Алау құбырына кiргiзер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қол жететiн от бөгеушiлер орнатылады.

      841. Магистральдық алау құбыржолында шырақтың оқпанынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор көзделеді. Алау құбыржолының сепаратор жағына қарай еңкiш болуы қамтамасыз етiледi.

      842. Жалпы алау жүйесiне:

      1) жабдықты үрлегеннен кейiн құрамында төменгi тұтану шегiнен 50 %-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инертті газды;

      2) аппараттар мен құбыржолдардан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инертті газды;

      3) шiруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейiм және алау газ құбырының өткiзу қабiлеттiлiгiн шектеуге қабiлеттi өнiмдердi жіберуге жол берiлмейдi.

7. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      843. Жарылыс қауiптi газ және бу-ауа концентрацияларын түзуге қабiлеттi заттар мен материалдар қолданылатын, өндiрiлетiн немесе сақталатын өндiрiстiк және қойма үй-жайларында ауа ортасының жай-күйiн бақылау үшiн автоматты газ талдағыштар орнатылады. Сериямен шығарылатын газ талдағыштар болмаған жағдайда, ауа ортасын мерзiм сайын зертханалық талдау жүзеге асырылады.

      844. Жабдықтан қалдықтар пневматикалық, механикалық немесе осы операцияның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және өндiрiстiк үй-жайға тозаңның бөлiнуiн болдырмайтын өзге де құрылғылармен шығарылады.

      845. Автономды сорғы желдеткiшi және (немесе) қалдықтардың пневмокөлiгi бар жабдықтың электр схемасында жабдықтың жұмыс органдарын 2-5 секунд iске қосуға қатысты осы жүйелердi iске қосуды автоматты түрде басып озу және 25-30 секунд уақыт шамасында жұмыс органдары тоқтағаннан кейiн оларды автоматты түрде ажырату көзделеді.

      846. Кәсiпорын аумақтары мен өндiрiстiк алаңдар күн сайын жанғыш қоқыс пен қалдықтардан тазартылады. Кәсiпорын аумағында жанғыш қалдықтарды, кесiндiлердi, қырқындыларды, талшықтарды, торларды, тозаңдарды ашық әдiспен сақтауға жол берiлмейдi. Оларды жинау үшiн бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта қақпақтары бар металл жәшiктер орнатылады. Қалдықтар арнайы жабдықталған автомобильдер мен тозаңдануды болдырмайтын ыдыстар пайдаланыла отырып жүйелi түрде шығарылады. Брезент жабылмаған талшықты материалдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.

      847. Жазғы уақытта ғимараттар мен құрылыстарға iргелес алаңдар мен өртке қарсы аралықтар шөптерден мерзiмдi түрде тазартылады. Шабылған шөпті кәсiпорын аумағында кептiруге және маялауға (арнайы бөлiнген орындардан басқа) жол берiлмейдi.

      848. Шикiзатты, жабдықты және өзге материалдарды ғимараттарға тiкелей жақын сақтауға жол берiлмейдi.

      849. Қажет болғанда шикiзатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтауға сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықтарды сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Жанбайтын материалдардан жасалған, ауданы 1200 шаршы метрге дейiнгi бөлек тұрған шатырларды салуға болады.

      850. Аумақтарды көгалдандыру үшiн гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетiн ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға жол берiлмейдi.

      851. Барлық өндiрiстiк үй-жайлар үнемi таза ұсталуы және шикiзатпен, дайын өнiммен және жабдықпен асыра толтырылмауы тиiс. Сақталатын шикiзат пен дайын өнiм мөлшерi өнiмнiң ауысымдық қажеттiлiгiнен (тәулiк бойы өндiрiс процесінде – тәулiктiк) аспауы қажет.

      852. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттардың жертөле үй-жайлары мен цокольдық қабаттарында жарылыс қауiптi заттарды, газ баллондарын, целлулоидты, тез жанғыш кино таспасын, пластмассаларды, лактарды, сырларды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды, химикаттарды, өрт қауiптiлiгi жоғары (Г4, В4, Д4, Т3, Т4) полимерлiк материалдарды, сондай-ақ топырақпен бекітетін цехтар үшін газ станцияларын орнатуға жол берілмейді.

      853. Цех қоймалары үшiн тез тұтанғыш сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды бiр мезгiлде сақтаудың ең жоғарғы шектi саны белгiленедi. Заттарды сақтаудың нормалары көрсетiлген тақтайшалар көрiнетiн жерлерде, қоймалардың жанында iлiнедi.

      854. Өндiрiсте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын (үш ауысымдық жұмыс режимiнде – тәулiктiк) герметикалы жабылған металл ыдыста сақталады.

Технологиялық жабдықты ұстау тәртiбi

      855. Кәсiпорындарда негiзгi цехтарға, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелерi әзiрленедi.

      856. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикiзатты алғаш қайта өңдейтiн цехтарда – ауысымда кемiнде 1 рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткiзгiштерi, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлiк, дренчерлiк, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның iшiнде жабындар аптасына кемiнде бiр рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның iшiнде сығылған ауамен үрлеудi) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсiпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргiзу үшiн жауаптылар тағайындалады.

      857. Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.

      858. Технологиялық жабдықтың барлық жiктерi мен қосқыштары сенiмдi тығыздалады, бұл ретте өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы ауа өткiзгiштердiң жiктерi мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.

      859. Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгiштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.

      860. Жабдық сүзгiштерiнiң жанатын материалы мерзiм сайын, бiрақ жылына бiр реттен сиретпей оттан қорғау құрамымен өңделедi.

      861. Зығыр түткiш, иiру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтарының жұмыс iстейтiн үй-жайларында тозаңның шектi мөлшерден артық шоғырлануына жол берiлмейдi.

      862. Рециркуляциялау кезiнде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиiстi сүзгiштерде екi сатылы тазартылады.

Ұшпалы ерiткiштердiң өрт-жарылыс қауiптi буларының
адсорбциялау және рекуперациялау цехтарын ұстау тәртiбi

      863. Цехтардағы ұшпалы ерiткiштердi пайдаланумен байланысты орындар буды аулағыштарға бере отырып, оны жергiлiктi сору жүйелерiмен жабдықталады.

      864. Рекуперациялау қондырғысы барлық жұмыс орындарынан ұшпалы ерiткiштердiң буын үздiксiз және толықтай соруды қамтамасыз етедi.

      865. Жаңа жұмыс орындарын, учаскелер мен цехтарды егер рекуперациялау станциясының қуаты мүмкiндік бермесе, бу-ауа қоспасы желiлерiне қосуға жол берiлмейдi.

      866. Адсорберлерге түсетiн бу, ауа қоспасының қосылымы жүйелi түрде бақыланады. Бу, ауа қоспасының шектi параметрлерi технологиялық нұсқаулықтарда көрсетiледi. Бу, ауа желiлерiнiң қоспаның неғұрлым өрт, жарылыс қауiптi заттарының тұтануының төменгi шоғырлану шегiнен 50 %-ға жоғары ауланатын будың шоғырлануымен жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

      867. Цехтардан рекуперациялау станциясына бу, ауа қоспасы тасымалданатын желiлер жарамды күйде ұсталады. Құбырлардың iшкi қабатын қатты жанғыш қыртыстармен немесе сұйық конденсатпен ластауға жол берiлмейдi. Бу, ауа қоспасынан қатты қоспаларды аулауға арналған сүзгiштер немесе циклондар жарамды күйде пайдаланылады және бекiтiлген кестеге сәйкес тазартылады. Конденсаттың түзiлуi байқалатын желiлердiң учаскелерiнде жанбайтын материалдан жасалған жарамды жылытқышы және конденсаттың ағып кетуiне арналған ылди болуы қажет.

      868. Бу, ауа қоспаларының желiлерi қолданыстағы сенiмдi от бөгегiштермен қорғалады. От бөгегiштердiң саны, олардың түрi мен от өшiретiн саптамалардың өлшемдерi жобалау деректерiне сәйкес қабылданады. Қондырғыны от бөгегiштерсiз немесе жобаға сәйкес келмейтiн от бөгегiштермен пайдалануға жол берiлмейдi.

      869. Желдеткiштер жұмысының авариялық режимiнiң дыбыс дабылы мен резервтiк агрегаттарды автоматты iске қосу жүйесi жарамды күйде ұсталады және мерзiмдi түрде тексерiледi.

      870. Жарылыс, өрт қауiптi бу, ауа қоспасын атмосфераға лақтыруға арналған авариялық құбыр жарамды күйде ұсталады. Оның жұмысқа дайындығы жүйелi түрде тексерiледi. Авариялық құбыр найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.

      871. Желдеткiштердiң электр қозғалтқыштарының қаптамаларын жарылыстан қорғау деңгейi мен қорғау дәрежесi Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес үй-жайдың жарылыс қауiптi аймағының класына сәйкес орындалады.

      872. Адсорберлердiң өрт сөндiру жүйелерi жарамды күйде ұсталады және аптасына 1 реттен сиретпей бақыланады.

Жанғыш ортада тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмау жөнiндегi
шаралар

      873. Талшықты материалдарды, қатты жанғыш заттарды уатылған (майдаланған) түрiнде бастапқы қайта өңдеудi жүзеге асыратын технологиялық желiлер, машиналар мен аппараттар бөгде заттарды аулау (бөлу) үшiн жарамды құралдармен (тас аулағыштар, магниттiк қорғағыш) қамтамасыз етiледi.

      874. Сыртқы қабатының температурасы 45оС жоғары құбырлардың қабаттары, жабдық, сыйымдылықтар, өнiм өткiзгiштер материалдардың тұтану немесе газдардың, сұйықтықтар буының немесе тозаңның жарылу қаупi болатын үй-жайлар жанбайтын материалдан жасалған қаптамасы бар жарамды жанбайтын жылу оқшаулағышпен жабдықталады.

      875. Жұмыс iстегенде статикалық электр зарядтары жиналуы мүмкiн технологиялық жабдықты пайдалану жарамды антистатикалық құрылғылармен, ал қажет болған жағдайда бейтараптағыштармен (радио изотопты, жоғары вольтты, индукциялы) жүргiзiледi.

      876. Өнiмдердi ұсақтау, сiлку, қопсыту, түту, тозаңдату, шашырату жүргiзiлетiн аппараттарда, сыйымдылықтарда, агрегаттарда, бөлек тұрған машиналарда, аппараттарда, басқа жабдықпен материал өткiзгiштермен немесе металл құрылымдарымен қосылмаған агрегаттар жарамды жерге тұйықтағышпен қамтамсыз етiледi.

      877. Құбырлардағы, аппараттардағы, корпустармен қақпақтарды қосқыштардағы және болттармен қосқыштардағы фланецтi қосқыштарда электрлiк емес өткiзгiш сырларымен сырланған немесе диэлектриктерден жасалған шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.

      878. Өндiрiстiк және қойма үй-жайлары iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты қолдануға жол берiлмейдi.

      879. Бiлiктер мен мойынтiректердiң қызып кетуінің және ауытқуының алдын алу үшiн олар мерзiм сайын, ауысымына бiр реттен сиретпей тексерiледi.

      880. Жабдық шегiндегi электр желiлерi агрессивтi ортадан қорғалады. Металл түтіктер жабдықтың жылжымайтын бөлшектерiне бiр-бiрiнен 400 миллиметрден аспайтын қашықтықта орналасқан арнайы қысқыштармен бекiтiледi.

      881. Мыс сымдары бар, бiрнеше рет иiлуге және үйкелуге төзiмдi арнайы иiлгiш кәбілдер немесе электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және жабдықтың қозғалатын бөлшектерiнде орнатылған аспаптарды қоректендiруге арналған жылжымалы ток ажыратқыштар жарамды күйде ұсталады.

      882. Станоктар, агрегаттар мен машиналар жұмыс iстеген кезде:

      1) барлық қозғалмалы бөлшектердiң еркiн айналуы;

      2) шикiзатты аэродинамикалық тазалау кезiнде аспирациялық арналарда ауа режимiн реттеуi және үй-жайға тозаң бөлудi болдырмауы;

      3) дайындаушы зауыттың паспорттық деректерiне сәйкес айналатын бөлшектер массаларының бiркелкiлiгi қамтамасыз етiледi.

      883. Желдеткiш пен пневмокөлiктiң объектiлiк және цех қондырғыларының (жүйелерiнiң) жұмыс режимi жұмыс нұсқаулықтарында айқындалады, онда өрт қауiпсiздiгi шаралары (өндiрiс жағдайларына қатысты), ауа өткiзгiштердi, сүзгiштердi, от бөгегiш клапандар мен өзге де жабдықты тазалау мерзiмдерi, сондай-ақ өрт немесе авария шыққан жағдайда қызмет көрсетушi персоналдың iс-әрекет жасау тәртiбi көзделеді.

      884. Желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын жоспарлы алдын ала жөндеу күн сайын бақылауды, мойынтiректерiн дер кезiнде майлауды, тегершiктердiң жай-күйiн және жетек белбеулерiнiң керiлуiн тексерудi, желдеткiш бiлiгi люфтiнiң қалпына келтiрiлуiн, өткiзгiштердiң электр қозғалтқыштарына қосылатын жерлерiнде байланыстардың сенiмдiлiгiн, электрден қорғаудың жай-күйiн күн сайын тексеруге жатады. Барлық қондырғыларды әр жөндеуден кейiн кәсiпорын басшылығы бөлген жауапты адам көрсеткiштердi олардың сәйкестiгiне өлшей және паспорттарда белгiлей отырып жүргiзедi.

      885. Пневматикалық көлiк пен сорғы ауа өткiзгiштердiң құбырларында мерзiм сайын қарау (тексеру), жүйелердi тазарту және өрт шыққан жағдайда оны ойдағыдай сөндiру үшiн терезелер, люктер, ажыратылатын қосқыштар қарастырылуы қажет. Байқау терезелерi бiр-бiрiнен 10 метрден аспайтын қашықтықта, сондай-ақ үш көздi тетiктердiң жанында, бұрылыстарда, қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар өтетiн жерде орналастырылады.

      886. Желдеткiштiң дөңгелегi теңгерiмделеді және дөңгелектiң қаптың қабырғасына соғылу мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп реттеледi.

      887 . Машинадан ұлпаны және тозаңды шығару бойынша желдеткiш қондырғының қалыпсыз жұмысы байқалған жағдайда (ауа тартудың тоқтауы, желдеткiштiң тарсылдауы, ұшқынның пайда болуы, түтiннiң немесе иiстiң болуы) желдеткiштi тоқтату және оны жөндеу үшiн шаралар қабылданады.

      888. Пневмокөлiктiң аспирациялық құрылғылары мен жүйелерiнiң iшкi қабаттары тегiс, шығыңқы және тiстi бөлiксiз етiп орындалады.

      889. Желдеткiш, аспирациялық және пневмокөлiк қондырғыларына (жүйелерiне) қызмет көрсету және оларды пайдалану кезiнде:

      1) пневматикалық және аспирациялық жүйелердiң ауа өткiзгiштерiнде, тозаңды жертөлелерде, камералар мен сүзгiштерде бекiтiлген кесте бойынша оларды жүйелi түрде тазалай отырып, тозаң мен ұлпаның жинауына жол берiлмейдi. Қарау және тазалау нәтижелерi арнайы журналда жазылады;

      2) шатырлар мен сорғы құбырлардың iшкi қабатындағы жанғыш қыртыстар жылына кемiнде 2 рет тазартылады;

      3) тозаң сору және тозаң аулау қондырғылары ақаулы болған жағдайда технологиялық жабдықтың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi;

      4) тозаң камераларында (тозаңды жертөлелерде) бөгде адамдардың болуына жол берiлмейдi;

      5) жану немесе өрт шыққан жағдайда осы желдеткiш жүйелерiнiң қызмет көрсету аймағындағы барлық желдеткiш құрылғылары мен технологиялық жабдық дереу тоқтатылып, ауа өткiзгiштердегi барлық клапандар жабылады;

      6) жалпы тозаң камерасына немесе жанғыш тозаңды немесе қалдықтарды тасымалдайтын жеке құрылғылардан жертөлеге кiретiн барлық пайдаланылған құбырлар автоматты клапандармен жабдықталуы, сондай-ақ олардың үздiксiз жұмыс iстеуi қадағаланады.

      890. Желдеткiш қондырғылар жанғыш және жарылыс қауiптi заттарды тасымалдайтын өндiрiстiк үй-жайларда барлық металл ауа өткiзгiштер, құбыр өткiзгiштер, сүзгiштер және сорғы қондырғысының өзге де жабдығы кемiнде екi жерден жерге қосылады.

      891. Ауа құрамында тез тұтанатын немесе жарылыс қауiптi заттар (газдар, бу, тозаң) болуы мүмкiн үй-жайлар үшiн желдеткiш жүйелерiнiң өзге де құрылғыларын реттейтiн желдеткiштердiң құрылымы мен материалы ұшқын түзiлу мүмкiндiгiн болдырмайды.

      892. Өртке қарсы қалқалардың қиылысатын жерiнде орнатылған ауа өткiзгiштердiң автоматты от бөгегiш құрылғылары (қалқалағыштар, шиберлер, клапандар) жарамды күйде ұсталады, олардың жұмысқа қабiлетi айына 1 реттен сиретпей тексерiледi.

      893. Желдеткiш жүйесiнде от бөгегiш құрылғыларды пайдалану кезiнде:

      1) аптасына бiр реттен сиретпей олардың жалпы техникалық жай-күйiн тексеру;

      2) ысырмалардың сезiмтал элементтерiн (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, термо сезiмтал элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан дер кезiнде тазалау;

      3) магистралдық жиынтық ауа өткiзгiшке қосылатын жерiнде дайындау бөлiмшесiнiң бiр машинасына немесе машиналар тобына қызмет көрсететiн ауа өткiзгiштер тарамдарында орналасқан өртке қарсы қол ысырмаларының жарамдылығын тұрақты тексеру;

      4) аптасына бiр реттен сиретпей өрт, жарылыс қауiптi үй-жайларға қызмет көрсететiн желдеткiш қондырғыларды қашықтықтан қосу немесе ажырату қондырғыларының жарамдылығын тексеру жүргiзiледi.

      894. Тозаңды гравитациялық тұндыру үшiн желдеткiштер мен ауа өткiзу машиналарынан кейiн орналасқан сыйымдылықтарды (аспирациялық шахталарды, тозаң тұндыру камералары) пайдалануға жол берiлмейдi.

      895. Пневмокөлiк қондырғыларына орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 милиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралады. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында ендірме орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықты бекiтiледі. Аспирациялық қондырғылардың ауа жолдары мен инженерлік желілердің құбырларының жанасуына жол берілмейді.

      896. Магниттiк қорғау:

      1) желдеткiштерге, конденсаторларға және өзге де технологиялық жабдыққа талшықты материалдар массасымен қатты заттардың (тастар, шлак) түсуiн болдырмау үшiн олардың алдына тас аулағыштар, ал металл заттарды шығару үшiн магниттiк аулағыштар орнатылады. Аулағыштар тiгiнен (еңкiш) көлденең күйге құбырларды бұру орындарында орнатылады;

      2) магниттiк қоспаларды аулауға арналған жабдық (магниттiк бөгеттер) жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылады;

      3) магниттiк бөгеттер дайындау бөлiмшесiнiң түту, тарау машиналарының, араластырғыштарының және өзге де жабдығының алдына орнатылады;

      4) электр магниттiк сепараторлар жұмыс iстеген кезде бөлшектердiң (магнит өткiзгiштiң, мойынтiректердiң, шикiзатпен жанасатын бөлшектердiң) қызуы бақыланады;

      5) электр магниттiк сепараторлардың қырғыш тетiктерi бiркелкi жұмыс iстеуi және қолмен тазалағышсыз магнит қоспаларын толықтай шығару қамтамасыз етiледi;

      6) электр магниттiк сепараторлардың жарық сигнализациясының үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледі;

      7) магниттiк колонкаларда магниттiк қоспалардан тазалауға арналған таға блогын оңай алу қамтамасыз етiледi. Бұл ретте магниттiк қоспалардың шикiзатқа түсуiне жол берiлмейдi;

      8) магниттiк колонкаларды металл қоспаларынан тазарту үшiн арнайы щеткалар немесе ағаш қырғыштар қолданылады;

      9) магниттiк қоспаларды аулау үшiн жабдыққа қызмет көрсету және тексеру үшiн еркiн өту жолы қамтамасыз етiледi;

      10) магниттердiң жай-күйiн бақылау айына кемiнде бiр жүргiзiледi;

      11) электр энергиясын беру тоқтаған кезде сепараторлардың электр магниттерiне өнiм беруге жол берiлмейдi;

      12) қызмет көрсетушi персонал магниттi өрiстiң тұтас ұзындығы бойымен шикiзаттың электр магниттiк сепараторларына және магниттiк колонкаларына үздiксiз және бiркелкi түсуiн жүйелi түрде тексерiледi.

      897. Шикiзаттың, өндiрiс қалдықтарының, өндiрiстiк тозаңның, дайын өнiмнiң жануы (өздiгiнен тұтануы) байқалғанда дереу объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіне немесе өртке қарсы ерікті құралымына және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесіне хабарланады. Қызмет көрсетушi персоналды эвакуациялау шаралары қабылданады, барлық жабдық тоқтатылады және токтан ажыратылады, кәсiпорын басшысына хабарланады.

      898. Қауiптi авария алдындағы факторлар (жанған шикiзаттың, күйiктiң, түтiннiң иiсi, машиналардың айналатын бөлшектерiнiң авариялық үйкелiсi, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнiмнiң үйiлуi кезiндегi жоғары температура, шу, дiрiл) пайда болғанда барлық көлiк жабдығы тоқтатылып, мұқият тексерiледi. Оны iске қосу ақаулықтардың себептерiн анықтағаннан және оны жойғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

      899. Технологиялық (көлiк) желiсi автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау iс-әрекетiн жүргiзуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесi, шикiзат беру тетiгi, электр қозғалтқышы жетегiнiң шамадан тыс ток жүктемесiнен қорғау) айқындау, оның iске қосылу себебiн анықтап жою қажет. Технологиялық (көлiк) желiнi кезектi iске қосу алдында ол материалдардан босатылып, ақауы жойылады.

      900. Технологиялық, көлiк немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнiм анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсiпорын басшысына және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бiр мезгiлде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндiрiстiк жабдық және желдеткiш қондырғылары тоқтатылып, желдеткiштiң ауа жолдары жабылып, электр желiсi өшiрiледi.

      901. Жану ошақтарын жойғаннан кейiн барлық ауа өткiзгiштердi, сүзгiш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелердi) және өзге де желдеткiш пневможабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейiн желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын iске қосуға жол берiлмейдi.

      902. Өрттердi өндiрiстiң тозаңды қалдықтар суының бағытталған шағын ағыстарымен сөндiруге жол берiлмейдi.

8. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
Негiзгi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi

      903. Отпен жылытып азық дайындау үшiн вакуумдық-сорғы және жылу генераторларын орналастыруға арналған үй-жайлар, сондай-ақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғимараттарына қоса салынған немесе олардың iшiнде салынған, iрi жемшөптер қорын сақтауға арналған үй-жайлар мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайлардан өртке қарсы қабырғалармен және жабындармен бөлiнедi. Көрсетiлген үй-жайлар тiкелей сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады.

      904. Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларда шеберханалар, қоймалар, автокөлiк, трактор, ауыл шаруашылығы техникасы тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетуге байланысты емес кез келген жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Бұл үй-жайларға газ шығаратын құбырлары ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталмаған тракторлардың, автомобильдер мен ауыл шаруашылығы машиналарының кiруіне жол берiлмейдi.

      905. 20 және одан астам мал басы болған жағдайда, сүт тауары фермаларында (кешендерде) топтық байлау әдiсi қолданылады.

      906. Фермалардың шатырдағы үй-жайларында iрi жемшөптi сақтағанда:

      1) төбе жабыны жанбайтын материалдардан жасалады;

      2) шатырдағы ағаш жабындарын және жанғыш жылытқыш шатыр үй-жайлары жағынан тұтанудан жанғыш жылытқыш бойын қалыңдығы 3 сантиметр балшық сылағымен (немесе тең оттан қорғаумен) немесе өртенбейтiн жылытқышпен қорғалады;

      3) шатыр үй-жайындағы электр желiсi механикалық ақаулықтардан қорғалады;

      4) мұржалар периметр бойынша 1 метр қашықтықта қоршалады.

      907. Электр брудерлерiн орнатқанда және пайдаланғанда:

      1) жылу қыздырғыш элементтерiнен төсемдер мен жанғыш заттарға дейiнгi қашықтық тігінен кемінде 80 сантиметр, ал көлденеңінен кемінде 25 сантиметр болады;

      2) тек зауытта шығарылған қыздыру элементтерi қолданылады және қызған бөлшектерi түсiп қалу мүмкіндігі болмайтындай етiп орнатылады. Ашық жылыту элементтерiн қолдануға жол берiлмейдi;

      3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлiп таратқыш қалқанынан дербес желiлерi бойынша iске асырылады. Брудердiң әрқайсысы дербес ажыратқыштармен жабдықталады;

      4) бөлiп таратқыш қалқанының барлық электр желiсiн тоқтан ажыратқыш шаппа қосқышы, сондай-ақ қысқа түйiсу мен шамадан тыс жүктемеден қорғау құрылғысы болады;

      5) брудердiң температуралық режимі автоматты түрде реттеледі.

      908. Жылжымалы ультракүлгiн қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан кемінде 1 метр қашықтықта орналастырылады.

      909. Электр брудерлер мен ультракүлгiн қондырғылардың iшкi электр желiсi кәбілден немесе оқшауланған өткiзгiштен жасалады. Оқшауланған өткiзгiш құбырларда немесе зәкiрлерде еденнiң деңгейiнен кемінде 2,5 метр биiктiкте және жанғыш құрылғылардан 0,1 метр қашықтықта оқшаулағыштармен төселедi.

      910. Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату қажет. Жанар-жағармай материалдары қорын сақтау қырқу бекетi мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста жүзеге асырылады.

      911. Қырқу бекетiнде ауысым өнiмiнен артық жүн жинауға және өту-шығу орындарына жүн теңдерін үйіп қоюға жол беруге болмайды.

      912. Түнгi уақытта мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үй-жайлары, iшiнде мал мен құс болғанда күзетшiлердiң, малшылардың немесе басқа да осы мақсатта тағайындалған тұлғалардың байқауында болады.

      913. Аммиак селитрасы отқа төзiмдiлігi I және II дәрежелi дербес шатырсыз бiр қабатты өртенбейтiн едендерi бар ғимараттарда сақталады. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзiмдiлiгi I немесе II дәрежелi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының минералды тыңайтқыштардың ортақ қоймасының жеке бөлiгiнде сақтауға жол берiледi. Әсерi күшті тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутегi тотығы) отқа төзiмдiлiгi I, II және III дәрежелi ғимараттардың жеке бөлiктерiнде сақталады.

      914. Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектiлерiн қылқан жапырақты ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптарының арасында орналастырғанда көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңге бульдозерлер, соқалар және басқа да топырақ өңдейтiн құрал-жабдықтар арқылы (шаруашылық тұрғыдан орынды болса, қорғайтын алқаптарда картоп, бөрібұршақ, түйебұршақ сияқты өртке төзiмдi өсiмдiктер) орнатылатын өртке қарсы қорғау алқаптары құрылады.

      915. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының аумағында (ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң осы учаскесiнiң технологиясына байланысты болмаса), сондай-ақ мақта, зығыр және басқа да жанғыш материалдарды сақтау және өңдеу орындарында ашық отты (алау, шырақ) қолдануға жол берiлмейдi.

Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу тәртiбi

      916. Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшiн қапты қағатын машинасы орнатылған оқшауланған үй-жайлары көзделеді.

      917. Нан пiсiру кәсiпорындарында сұйық май мен өсiмдiк майын ыдыссыз сақтау жеке үй-жайда көзделеді.

      918. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн нан пiсiру пештерiнiң үздiксiз люлькалы подиктi тұйық жерлерiндегi отындары үшiн өртке қарсы қалқамен (өртке қарсы есiкпен) және жабындымен бөлiнетiн үй-жай көзделеді.

      919. Отын үй-жайында бiр ауысымға арналған қатты отыннан аспайтын қордың болуына жол берiледi.

      920. Нан пiсiру пештерi сұйық отында жұмыс iстегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнатуға арналған өртенбейтiн құрылыстан жасалған ғимараттан тыс және оқшауланған үй-жай көзделеді.

      921. Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және арпа зауыттарында бiр мезгiлде 15 адамнан кем болатын өндiрiстiк үй-жайлардың есiктерiн үй-жайлардың iшiне қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етiп жасауға жол берiледi. Сонымен қатар тамбур-шлюздердiң есiктерi әр жаққа ашылады (өндiрiстiк үй-жайларынан тамбур-шлюздерiне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есiктер – эвакуациялау жолы бойымен).

      922. Таспа конвейерлерiн өткiзуге арналған өртке қарсы ойықтар автоматты өрт сөндiру қалқандарымен немесе өрт шыққан жағдайда, оларды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталады.

      923. Тұрмыстық, қосалқы және әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлары, басқару пультінің үй-жайлары, электр таратқыш құрылғылары, желдеткiш камералары мен саты алаңдары арқылы ауа жолын, материал өткiзгiштерiн, бағытсыз құбырларды өткiзуге жол берiлмейдi.

      924. Циклондарды сыртта, жем кептiргiштерге және қазандықтардың түтiн құбырларына қараған жаққа орнатуға жол берiлмейдi.

      925. Кәбілдердi төсеуге арналған шахталарда норийлер, бағытсыз және аспирациялау құбырларын, сондай-ақ басқа тасымалдау және технологиялық жабдықтарды орнатуға жол берiлмейдi.

      926. Астық сақтау қоймаларының, астықты қайта өндiретiн кәсiпорындардың барлық қабаттары қабатаралық және цехаралық байланыспен (телефонмен, сөйлесу құбырларымен, қоңыраулармен) қамтамасыз етiледi.

      927. Автокөлiкке өнiм мен қалдықтарды ыдыссыз тиеудiң аумақты шаң басудан сақтандыратын құрылғылары болуы тиiс немесе тиеу жабық үй-жайда жүргiзiледi.

      928. Қалдықтар кәсiпорынның аумағынан арнайы жабдықталған азық тасығыш тәрiздi автомобильдермен шығарылады.

      929. Құрама жем зауыттарында темiржол және автомобиль көлiгiнен ұн шикiзатын және кебектердi түсiру орындары шаң басудың алдын алу мақсатында аспирациямен жабдықталады.

      930. Сүрлемге және бункерлерге арналған люктер, сондай-ақ бағытсыз құбырлардағы, ауа өткiзгiштердегi және аспирациялық қаптамалардағы шағын люктер үй-жайларын шаң басудан сақтандыратын тығыз қосылыстармен қамтамасыз етіледі.

      931. Барлық қоймалар бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сыртқы сүйеп қоятын сатылармен жабдықталады.

      932. Жұмыс басталардан бұрын дән тазартқыш және астық бастыру машиналары дәннiң сапалы аэродинамикалық тазартылуын қамтамасыз ететiн және үй-жайға шаңның кiруiн болдырмайтын аспирациялық каналдарда ауа режимiне реттеп қойылады. Машиналардың үстiндегi жарылысты бәсеңдеткiштер жұмысқа жарамды күйде ұсталады.

      933. Өнiмдiлiгi сағатына 50 тоннадан астам норийлер тоқтаған кезде таспаны керi жүруден қорғайтын автоматты тежеуiш құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Норийлердi және жекелеген бөлшектердi ағаштан немесе басқа жанғыш материалдардан жасауға жол берiлмейдi.

      934. Тазартылмаған дән үшiн дән шнектерi iрi қоспаларын терiп алуға арналған шарбақпен және өнiмнiң қысымынан ашылатын сақтандырғыш қақпаларымен жабдықталады.

      935. Шарбақтарды тазарту кезектілігін кәсiпорынның басшысы белгiлейдi.

      936. Сына тәрiздi қайыс бауларының бәрінің тартылуы бiрдей болуға тиiс. Сына тәрiздi қайыс баулар жинағы толық болмағанда жұмыс істеуге немесе шкив бунақтарының пiшiнiне сәйкес келмейтiн пiшiнi бар қайыс бауларды қолдануға жол берiлмейдi.

      937. Сына қайыс бауларын ауыстыру осы берiлiс үшiн толық жинақпен жүргiзiледi.

      938. Қондырғылардың паспорттарын монтаждау немесе мамандандырылған жөндеу ұйымдары жасайды.

      939. Барлық аспирациялық қондырғылардың паспорттарын әр жөндеу жұмыстарынан кейiн аспирациялау жөнiндегi инженер немесе кәсiпорынның басшылығы бөлген басқа жауапты адам тексередi.

      940. Өрт қауіпті санатындағы (В1-В4) үй-жайлар мен ғимараттардың аспирациялық және пневмокөлiктiк қондырғылардың ауа үрлегiш машиналары мен желдеткiштерi тозаң тұтқыштардан кейiн (ауаның қозғалу бағытымен) орнатылады.

      Ұн тарту зауыттарындағы жиынтық өнімділігі жоғары жабдықтарда пневмокөлiк жүйелерiнде сүзгiштерге дейiн тозаң-ұшқын қауiпсiз желдеткiштерiн орнатуға жол берiледi.

      941. Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар мен жедел (өндiрiстiк) ыдыстардың аспирациясының технологиялық және көлiктiк жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосылуына жол берiлмейдi.

      Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар жеке қондырғымен аспирациялануы тиiс. Жедел ыдыстардың аспирациясын iшiнде айналып тұратын бөлшектерi жоқ, мысалы үйiлме арнашықтары, бұрылу құбырлары жоқ жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосуға жол берiледi.

      942. Технологиялық және көлiктiк жабдық аспирациялық қондырғыларымен бұғатталады.

      943. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында желдеткiштер мен дән кептiргiштерiнiң тозаң тұтқыштарын орналастыруға жол берiлмейдi.

      944. Элеваторларда аспирациялық қалдықтарды және бункерлер мен сүрлемдерде өндiрiстiк тозаңды жинауға және сақтауға жол берiлмейдi.

      945. Шикiзат және дайын өнiм қойма үй-жайлары арқылы транзиттi ауа арналарын, сондай-ақ жарылыс өрт қауiпi және өрт қауiпi бойынша А, Б, және В1-4 санатындағы үй-жайлары арқылы төсеуге жол берiлмейдi.

      946. Желдеткiштер мен ауа үрлегiш машиналардан кейiн орналасқан (аспирациялық шахталардың, тозаң камералардың) тозаңның гравитациялық отырғызуына арналған ыдыстарды пайдалануға жол берiлмейдi.

      947. Ауа өткiзгiштер мен материал өткiзгiштер кемінде екі жерде жерге тұйықталады.

      948. Тозаң тұтқыштар мен ауа үрлегiш машиналар жеке қосымша тұйықталады. Қондырғы элементтері арасындағы қосылыстарда болттардың астына диэлектрлiк материалдардан жасалған шайбаларды және электр өткiзбейтiн бояулармен сырланған шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.

      949. Пневмокөлiктiк қондырғыларға орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 миллиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиiс. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықтап бекiтiледi.

      950. Аспирациялық қондырғылардың ауа арналарының жылыту жүйесiнiң құбыр жолдарымен түйiсуiне жол берiлмейдi.

      951. Технологиялық және тасымалданатын жабдықты пайдалануда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мынадай талаптар орындалады:

      1) өндiрiстiк үй-жайларға тозаңның бөлінуін болдырмау үшін жабдық өндіруші-кәсiпорынның ұсыныстарын ескере отырып герметикаланады және қажеттi жағдайларда аспирацияланады;

      2) сыртқы қабатының температурасы 45oC жоғары болатын жабдық, сыйымдылықтар, өнiм өткiзгiштер жылудан оқшауланады;

      3) домалау және сырғанау мойынтiректерi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес майлаумен қамтамасыз етiледi;

      4) конвейерлердiң жетек бауларының, норийлер мен басқа да тасымалдау машиналарының, сондай-ақ оларды буксирлеу мен иiлудi, сондай-ақ қоршауды бос бұтақпен соғуды және қоршау қаптамаға үйкелуiн болдырмайтын трансмиссияларды болғызбайтын қалыпты тартқышпен қамтамасыз етіледі.

      952. Машина мынадай жағдайларда:

      1) тұтанудың немесе күюдiң аздаған белгiлерi болғанда;

      2) жабдыққа тән емес шу мен дiрiл пайда болғанда;

      3) машинаға өнiм үйiп тасталған, тiреп қойылған және асыра жүктелген кезде;

      4) машинаның тiреуiш конструкциясы, шкивi, тiстi доңғалағы және басқа да жұмыс органы бұзылғанда;

      5) жұмыс органдарына бөгде заттар түсiп кеткенде тоқтатылуы тиіс.

      953. Аспирация жүйелерi дұрыс iстемейтiн, жобалық және техникалық құжаттамада көзделген норийлер мен ұнтақтағыштардағы жарылыс ыдыратқыштары жоқ жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.

      954. Өнiмдердi (шикiзатты) жаншып үгетiн станоктар, ұнтақтағыштар, қамшылау машиналары және соқпа машиналар арқылы өткiзу алдында магниттi сепараторлар орнатылады.

      955. Магниттердi тазарту кезiнде өнiмге металл қоспаларының түсу мүмкіндігі жоққа шығарылуға тиiс.

      956. Тiреуiштерге жабдықты бекiту тораптары, қаптама және жабдықтың басқа да бөлшектерi алмалы-салмалы, өндiрiстiк үй-жайда от жұмыстарын жүргiзбей жабдықты орнату, жөндеу және бөлшектеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей бөлек-бөлек орындалады.

      957. Жабдықтың жұмыс iстеуiн жедел бақылауға арналған есiктер, қақпалар және шағын люктер тығыздап жабылуы және үй-жайға тозаң өткiзбейтiндей болуы тиiс.

      958. Дән тазартқыш және ұсақтағыш машиналар жұмыс iстегенде:

      1) соңғы бөлшектерi қозғалмайтын бөлшектердiң бетiмен түйiсуге жол бермей, барлық қозғалмалы бөлшектерiнiң еркiн айналысы;

      2) дәндi аэродинамикалық тазартуда және үй-жайға тозаң шығуды жоюда машина дұрыс жұмыс iстеуі үшiн аспирациялық каналдардағы ауа режимiн реттеу;

      3) шығарушы-зауыттардың паспорттық мәлiметтерiне сәйкес айналып тұратын бөлшектер салмағының теңдігі қамтамасыз етіледi.

      959. Тазартқыш машиналардың түйгiштерiнде жарықтар мен сынықтары болмауы тиiс; ұшқынның пайда болуына жол бермеу үшiн түйгiш барабанының iшкi бетiне түйгiштердiң тиюiне жол берiлмейдi.

      960. Норийлердi пайдалануда:

      1) тiреуiш бөлшектерiн (болттардың, гайкалардың, шайбалардың) орнатылу берiктiгi;

      2) барабандардың тұрып қалуын және таспалар мен шөмiштердiң норий құбырлары мен бастиек және табандықтың қаптамасына тиюiн болдырмайтын норий таспасының тартылуы;

      3) норий табандықтарындағы тiреуiштердiң жылдамдығы мен бергiшiн бақылау релесiнің мiндеттi түрде болуы;

      4) норийлер кенет тоқтаған жағдайларда, таспаны керi жүруден сақтайтын, өнімділігі сағатына 50 тонна және одан да жоғары норийлерге арналған автоматты әрекет ететiн тежеуiш құрылғыларының мiндеттi түрде болуы тексеріледі.

      961. Таспа конвейерлерi жұмыс iстегенде:

      1) жылдамдықты бақылау релесiнің мiндеттi түрде болуы;

      2) барабандар мен роликтерде басқа жаққа қарай шығармай және тiреуiш құрылыстарына тимей конвейер таспасының дұрыс жұмыс iстеуi;

      3) таспа тоқтамай роликтердiң айналуы;

      4) барабандарда таспа тоқтап қалуға жол бермеу қамтамасыз етіледі.

      962. Шынжырлы (тиеу қырнауыштары бар) конвейерлерде қораптар асып кеткенде тiреуiш бергiштерiн немесе конвейерлердi автоматты түрде тоқтататын қондырғылар көзделеді.

      963. Иiрлiктердiң тұтануын болдырмау үшiн өнiмнiң жүрiсi бойынша олардың шеттерiне өнiмнiң қысымына байланысты ашылатын сақтандырғыш клапандары орнатылады.

      964. Көлiк таспаларын және жетек қайыс белбеулерiн металлдан жасалған қапсырма шеге, болттар арқылы (олар жанғыш вулканизацияны пайдаланып, қайыс белдiкшелермен тiгiлу арқылы қосылуы тиiс) қиыстыруға жол берiлмейдi.

Құрама жем зауыттарының жабдығын пайдалану тәртiбi

      965. Ұнтақтағыштарда жүктеменi автоматты түрде реттеуге арналған құрылғы қарастырылған жағдайларда, ол құрылғы ұнтақтағыштың электр қозғалтқышымен бұғатталады.

      966. Ұнтақтағыштардың балғаларында сызаттар мен басқа да ақаулардың болуына жол берiлмейдi.

      967. Ұнтақтағыштардың балғалары ұшқындауды болғызбау үшiн дека мен елеуiшке тиюiне жол берiлмейдi.

      968. Ұнтақтағыштарды iске қосу ондағы бөгде заттар мен ұнтақтау өнiмдерiнен ұқыпты тазартылғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Ұнтақтағышты iске қосар алдында жиынтығы, ротор балғаларының бекiткiшi мен қосылуы және елеуiштердiң тұтастығы тексерiледi.

      969. Ақаулықтар анықталғанда ұнтақтағыш ақаулық себептерiн орындау және жою үшiн дереу тоқтатылады. Iске қосылғанда ұнтақтағыш алдымен бос қосылады, ал содан кейiн оның қосылуы талап етiлетiнге дейiн жеткiзiледi.

      970. Ұсақтағышты iске қосар алдында:

      1) ұсақтағышқа металл заттардың түсiп кетуiн болдырмау үшiн магниттi қорғауының болуы мен жай-күйі;

      2) машинада бөгде заттардың болмауы, механизмдер мен құралдардың дұрыстығы тексеріледі.

      971. Ұсақтағыштар үшiн тек зауытта шығарылған сақтандырғыш шрифттерi қолданылады.

      Оларды көлемдерi және механикалық сипаттамалары белгiсiз металл өзектермен ауыстыруға жол берiлмейдi.

Ұн тарту және жарма зауыттарын пайдалану тәртiбi

      972. Бiлiктi станоктармен жұмыс iстегенде:

      1) тетік жұмысының бiр қалыптылығы (автоматы түрде басқарылатын бiлiктi станоктар үшiн), сондай-ақ жарық сигнализациясының жарамды күйде болуы;

      2) бiлiктердiң бүкіл ұзындығы бойынша дәндi немесе өнiмдi жеткiзудiң үздiксiздiгi мен бiр қалыптылығы қамтамасыз етiледi.

      973. Өнiмi жоқ, бiлiктерi қысылған, белағаштарының бойымен ауытқып және жылжып кеткен станоктармен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

      974. Елек-суырғы машиналарының себу шанақтарының, тас iрiктегiштердiң, сепараторлардың барлық иiлмелi қосылыстары тозаң өткiзбейтiн материалдан жасалады және сыртқа шығаратын келте құбырлары бар иiлгiш қосқыштар қолданылады.

      975. Үгiту, соққылау және щетка машиналарындағы тарамдалған және ұзын қамшылардың бiлiктер мен розеткаларға бекiтілуі олардың үзiліп кету мүмкіндігіне жол бермейтіндей берiк тиiс.

      976. Бастиегi түсiрiлiп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискiлерi нашар бекiтiлген немесе кептiргiш дөңгелектерi болмаған жағдайларда аршу машиналарын iске қосуға жол берiлмейдi.

      977. Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискiлерiнде, пiшiмбiлiктерiнде және декаларында сызаттар мен ақаулықтардың болуына жол берiлмейдi. Олар болған жағдайда, сондай-ақ үйлесiмсiздiк болғанда аршу машиналарын пайдалануға жол берiлмейдi.

      978. Иiлткiш дека станогының жұмыс саңылауы және барабанының орнатылуы тексерiледi.

      979. Электр магниттi сепараторларының бұғаттағышы электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттерiне өнiмнiң жетуiн болдырмайтындай етiп орындалады.

Нан пiсiру кәсiпорындарын ұстау тәртiбi

      980. Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештерге отын беру от жағу бөлiмшесiнен тыс, бөлек үй-жайларда орналасқан жұмсау бактарынан жүргiзiледi.

      981. Пештердi тұтату және пайдалану қатаң түрде кәсiпорынның техникалық директоры бекiткен нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.

      982. Каналдық пештердiң газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөлiктерiнде жарылыстан сақтандыратын клапандар орнатылуы тиiс, бiр жарылыс клапанының ең аз алаңы – 0,05 шаршы метр.

      983. Пештер жылу мен газ тәрiздi заттарды шығаруға арналған желдеткiш құрылғыларымен жабдықталады. Тарту желдеткiш шахталарын тазарту кәсiпорынның техникалық директоры бекiткен кесте бойынша жүргiзiледi.

      984. Газ тәрiздi және сұйық отындармен жұмыс iстейтiн пештерде авариялық жағдайларда:

      1) пештiң оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткiзу тоқтаған (сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештер үшiн);

      2) жылыту жүйесiндегі жылытатын газдардың шектi температурасынан асып кеткен;

      3) конвейер тоқтаған кезде отын жеткiзудi автоматты түрде тоқтататын құрылғылар көзделеді.

      985. Пештер авариялық жағдайларда пiсiрiлген өнiмдердi шығаруға арналған резервтiк механизмi бар қол жетегiмен қамтамасыз етiлуi қажет.

      986. Пеш толық жүктелмегенде қатты қызып кетуiне жол бермей, температуралық режимдi қатаң байқап тұру керек, барлық өнiм шығарылғанша пештi қадағалаусыз қалдыруға жол берiлмейдi.

      987. Ауысым сайын пеш конвейерi (люлькалары) қоқымдардан тазартылып тұрады.

      988. Нан пiсiру қалыптары мен табақтарын тазалауға арналған машина бөлшектер мен тозаңды жинауға арналған құрылғымен қамтамасыз етіледі.

      Майлау құрылғысы тоң майдың шашырауын болдырмайтындай етіп қарастырылуы тиiс.

      Металл қалыптар мен табақтарды тек осы үшін арнайы арналған пештерде ғана қыздыруға (күйдіруге) жол берiледi. Өндiрiстiк пештерде қалыптарды күйдіруге (қыздыруға) жол берiлмейдi.

Технологиялық процестерді ұстау тәртiбi

      989. Жабдық өнімділік пен мақсаты бойынша технологиялық схеманың талаптарына сәйкес қолданылады.

      990. Цехтың iшiндегi пневматикалық көлiктен шлюз бекiтпелерiнiң немесе жүк түсiргiштерiнiң бекiтпе топтарының шеткi бiлiкшелерiнде жылдамдықты бақылау релесi орнатылуы тиiс (бұл талап өнімділігі жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекiтпелерiне қолданылмайды).

      991. Дәндi емес өнiмдердi (шрот, күнжара, түйiршiктелген шөп ұнын) астық элеваторларының сүрлемдерi мен бункерлерiнде қабылдауға және сақтауға жол берiлмейдi.

      992. Дәндi жүгерiнi тек ғимараттан тыс орнатылған шахталық түзу ағынды кептiргiштерде ғана кептiру керек.

      993. Жүгерi дәнiн сақтағанда оның орнын алмастыру мейлінше аз қарастырылуы керек.

      994. Күрiш, тары, қарақұмық қабықтары жарма зауыты жұмысының 1-2 тәулiкке сыйымдылығы бар бункерлiк үлгідегі қоймаларда сақталуы тиiс.

      Қабықтарды ашық алаңдарда, төбе астында сақтауға жол берiлмейдi.

      995. Кәсiпорынға келiп түскен шрот партияларынан зертхана үлгiлерін iрiктеу жүргiзіледi және таңдаулы түрде қалдық бензиндi бақылау жүргiзiледi. Бензин иiсi бар шроттарды тиеуге жол берiлмейдi.

      996. Дән, күнжара және шроттарды сақтау жүзеге асырылатын барлық сүрлемдер мiндеттi түрде температурасын қашықтықтан бақылау қондырғыларымен (тұрақты термометр жүйелерiмен) жабдықталады.

      997. Күнжара мен шроттарды сақтау температурасын тәулiк сайын анықталады.

      998. Сақтауға салғанда күнжара мен шроттардың температурасы сыртқы ауа температурасынан 5оC-тан аспайтындай етiп көзделеді.

      999. Сақтауға қабылданатын және сақталудағы шроттардың ылғалдығы құрама жем кәсiпорындарында күнжара мен шроттарды сақтау жөнiндегi уақытша нұсқаулықта белгiленген шектерде орындалады.

      1000. Температурасы мен ылғалдылығы аса жоғары күнжара мен шроттар бірінші кезекте өңделеді, ал басқа жағдайларда күнжара мен шроттарды өңдеу кезектiгi кәсiпорынға келiп түсуiне байланысты белгіленеді.

      1001. Өздігінен тұтануға бейім күнжара, шрот және басқа да ұнтақты шикiзатты олар тұрған ыдыстардан бос ыдыстарға үнемi ауыстырып тұру керек. Аталған ауыстырулар шикiзатты бункерлер мен сүрлемдерде үздiксiз сақтаудың рұқсат етiлген мерзiмдерi негiзiнде зауыттың бас технологы немесе технологиялық зертхананың меңгерушiсi әзiрлеген жоспар-кестелер бойынша жүзеге асырылады.

      1002. Үймемен сақталатын түйiршiктелген шөп немесе азықтық ұнның өздiгiнен тұтану белгiлерiмен байланысты температураның көтерiлуi анықталған жағдайда бұл партияны тексеру күн сайын жүргiзіледi. Ұнның бұл партиясы бiрiншi кезекте өткiзіледi.

      1003. Өндiрiс қалдықтарын тасымалдау үшiн үй-жайға шаң шығуды болдырмайтын бағытсыз, механикалық көлiк пен пневмокөлiк (норийлер, шынжырлы транспортерлер, жабық қаптамалардағы таспалы және роликтерi жоқ конвейерлер) қолданылады.

      1004. Жатып қалған өнiмдi шығаруды қамтамасыз ету үшiн және оны сақтау үшiн сүрлемдердің (бункерлердiң) арнайы конструкциялық шешiмдерiн және оны шығаруды жеңілдететiн жүк түсiретiн механизмдердi қолдану керек.

      1005. В1-В4 санатындағы өрт қауiптi үй-жайларда өндiрiс қалдықтарын ыдысқа орналастыруға жол берiлмейдi.

Дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау тәртiбi

      1006. Астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (комбайндардың барлық типтерi – екi өрт сөндiргiшпен, екi iстiк күрекпен және екi сыпырғышпен, тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр iстiк күрекпен), дұрыс ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталады және қоректендiру, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.

      1007. Масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiржолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.

      1008. Дәндi дақылдарды жинауды астық алқаптарын алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелердің арасына ені кемінде 8 метр шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жолының ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылады.

      1009. Уақытша қыр орындарын астық алқаптары мен қырманға кемінде 100 метр алшақ жерге орналастырылады. Қыр орындарының, астық қырмандары алаңшаларының енi кемiнде 4 метр жолақ етіп жыртылады.

      1010. Көлемi 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тікелей жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген аймақты жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын тұруы керек.

      1011. Астық қырмандарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемiнде 100 метр алшақ орналастыру керек.

      1012. Далалық жағдайларда сақтау және мұнай өнiмдерiн құю кеуiп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және енi кемінде 4 метр жолақ жыртылған немесе қырманнан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарынан 100 метр қашықтықта және құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлiнген аудандарда жүзеге асырылады.

      1013. Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде:

      1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;

      2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;

      3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берiлмейдi.

      1014. Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердiң, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың бiлiктерi, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналарының бөлшектерi шаңнан, сабаннан және дәндерден тазартылады.

      1015. Шөптесін өсімдіктерді, аңыз қалдықтарын, сабандарды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:

      1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;

      2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;

      3) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын орман алқаптарына іргелес учаскелерде жүргізген жағдайда, жұмыстарды жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын орман иелеріне хабарланады;

      4) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;

      5) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;

      6) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар кемінде 8 метр етіп жыртылады;

      7) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;

      8) жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан басталады;

      9) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, барлық бықсу орындары мен жану ошақтарын анықтау және жою, ықтимал қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.

Дәрумендi шөп ұнын дайындау және сақтау тәртiбi

      1016. Шөп ұнын жасауға арналған агрегаттар қалқаның астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған қалқалар мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделедi.

      1017. Шөп ұнын дайындау бекетiнен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай материалдары бар цистерналарға дейiнгi өртке қарсы аралықтар кемiнде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталатын ашық қоймаларға дейiн – кемiнде 150 метр етiп орындалады.

      1018. Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемiнде екi вентильмен (бiреуi – агрегатта, екiншiсi – отын багында) жабдықталады.

      1019. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр өткiзгiшi орнатылған жерлерiнде электр құрылғыларын орнату ережелерi бойынша II – IIа класты өрт қауiптi аймақтарға арналғандай етiп орындалады.

      1020. Кептiру барабанында өнiмнiң жануы анықталғанда, мөлшерi кемiнде 150 килограмм өртке дейiн дайындалған өнiмдi және өрт жойылғаннан кейiн мөлшерi 20 килограмнан кем емес бiрiншi алынған өнiм жалпы қоймаға салынбай, бөлек қауiпсiз жерге орналастырылады және кемінде 48 сағат бақыланып сақталады.

      1021. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнның температурасын төмендету үшiн ол жабын астында кемiнде 48 сағат ұсталады.

      1022. Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлiнген және сенімді желдеткiшi бар бөлiкте басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтау керек.

      1023. Қоймаға ылғал түсiруге жол берiлмейдi. Ұнды үйiп сақтауға болмайды.

      1024. Ұны бар қаптар бiр қатарға екi қаптан биiктiгi 2 метрден аспайтындай етіп қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдiгi кемiнде 1 метр, ал қабырғалар бойынан – кемiнде 0,8 метр етiп орындалады.

      1025. Сақтаулы тұрған ұнның өздігінен тұтануын болдырмау үшiн оның температурасы ұдайы бақыланады.

Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы
өңдеу тәртiбi

      1026. Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдар (бұдан әрi – зығыр) машина бөлiмшесiнен оқшауланады.

      1027. Iштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау керек. Құбыр шығатын жерде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралық орнатылады.

      1028. Зығыр шикiзаты (сабан, зығыр сабаны) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.

      1029. Техникалық дақылдарды алғаш өңдегенде:

      1) фермалар, жөндеу шеберханалары, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға жол берiлмейдi;

      2) автомашиналарға, тракторларға өндiрiстiк үй-жайларына, дайын өнiмдер мен шоха қоймаларына кiруге жол берiлмейдi. Автомашиналардың кемiнде 5 метр, ал тракторлардың көрсетiлген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемiнде 10 метр қашықтықта тоқтау көзделеді;

      3) илеу-түту цехында пешпен жылыту жүйесiн орнатуға жол берiлмейдi.

      1030. Зығыр өңдеу пунктінің аумағына кiретiн автомобильдер, тракторлар және басқа да өзi жүретiн машиналар жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

      1031. Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлiк құралдары қозғалтқыштың шығу жүйелерiнен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен көзделеді.

      1032. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағында темекi шегуге арналған орындар өндiрiстiк ғимараттар мен дайын өнiмдi жинап қою орындарынан кемінде 30 метр қашықтықта орналастырылады.

      1033. Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелерi өртенбейтiн етiп көзделеді.

      1034. Зығыр сабанын табиғи түрде кептiру арнайы бөлiнген учаскелерде жүргiзiледi.

      Зығыр сабанын жасанды түрде кептiру тек арнайы кептiргiштерде, ригаларда (дегдiтпелерде) ғана жүргiзiледi.

      1035. Өндiрiстiк ғимараттарда орналастырылған кептiргiштер басқа үй-жайлардан 1-үлгідегі өртке қарсы бөгеттермен бөлiнедi.

      Кептiргiштер мен кептiргiш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкциялары екi жағынан сыланады.

      1036. Зығыр сабанын кептiруге тұрақты кептiргiштер тек мынадай:

      1) пеш оттығы мен циклонның күмбездерi және iшкi беттерi күйдiрiлген кiрпiштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, әкпен ағартылған;

      2) ауа арналары сыртқы жағынан жанбайтын 50 миллиметр жылу қабатымен қорғалған, ал қосылған жерлерiнде жанбайтын төсемдер орнатылған;

      3) желдеткiштiң сыртына жылу тасығыштың температурасын бақылау металл термометр арқылы жүзеге асырылған;

      4) жер астындағы таратқыш каналдың басында ұшқын сөндіргіш орнатылған;

      5) каналдың қабырғалары кiрпiштен орындалған, үстiнен темiр бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтiн құрылғылармен жабылған;

      6) түтiн құбыры өтетiн жерде шатырдың торлауы арқылы кемiнде 50 сантиметр көлемдi өңдеу орнатылған жағдайларда ғана қолданылады.

      1037. Зығыр сабанын кептiруге арналған ригаларда орнатылатын пештердiң құрылымы үй-жайдың iшiне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай етіп орындалады.

      Ригалар мен кептiргiштерде пештердiң үстiне зығыр төсеу үшiн жел тартқыш орнатуға рұқсат берiлмейдi. Пештен жанғыш құрылғыларға дейiнгi қашықтық кемінде 1 метр болуы тиiс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биiктiгi жабынға дейiн қоршалады.

      1038. Кептiргiштер мен ригаларда:

      1) зығыр сабанын кептiргенде жылу тасығыштың температурасы 80оС аспауы, ал бастиектерiн кептiргенде - 50оC аспауы тиiс;

      2) пештiң оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етiлуi тиiс, ал түтiн газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектерi болмауы тиiс;

      3) желдеткiш от жағу басталғаннан кейiн бiр сағат өткенше сөндірілмейді. Кептiргiш камераларында түтiн белгiлерi бар жылу тасығыштың болуына жол беруге болмайды;

      4) кептiргiштiң бiр ауысымдық жұмысынан кейiн от жағу кеңiстiгiн, тұнба камераларын, ұшқын сөндіргіш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтiн құбырларын кептiргiш жұмыс iстегеннен 10 күннен кейiн тазарту керек;

      5) жаңа зығыр сабанын кептiруге жүктер алдында арнашықтар мен кептiргiш камераларды үнемi iшiне түскен зығыр сабанынан және әртүрлi қалдықтардан тазарту керек. Зығыр сабаны және химиялық талшықтар қорын кептiргiш үй-жайында сақтауға жол берiлмейдi;

      6) зығыр сабаны ригаға жүктегеннен кейiн түсiп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсiмдiк сабақтарын жинап, пештi, қабырғаларды, едендi зығыр сабанынан мұқият тазарту керек. Зығыр сабанын кептiргiш ғимаратына тақап жинауға жол берiлмейдi.

      1039. Илеу-түту агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткiшi болуы тиiс, ал түту агрегатының әрқайсысына шатыр орнатылуы тиiс. Станоктарды барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтiн алмалы-салмалы және қайырмалы қалқандармен жабу керек.

      1040. Желдеткiш құбырлары желдеткiштердiң алдында және олардан кейiн орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркiн өтетiн жол қамтамасыз етiлуi тиiс.

      1041. Өндiрiстiк үй-жайдағы зығыр сабаны санын ауысымдық қажеттiлiктен арттыруға жол берiлмейдi. Ол машиналардан кемiнде 3 метр алшақ қатарлап жиналады.

      Дайын өнiм үй-жайлардан қоймаға бiр ауысымда 2 реттен сиретпей жиналады.

      1042. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн илеу-түту цехы талшықтан, шаңнан және тал жiптерден мұқият тазартылады. Станоктар, қабырғалар және цех жабындысының iшкi беттерi торланады, ал талшық жинағыштар тазартылады.

      1043. Темекi кептiргiштердегi сөрелер мен этажеркалар өртенбейтiн материалдардан көзделеді. Қыздыру құбырларының үстiндегi отты кептiргiштерде оларға темекi түсуден қорғайтын металдан жасалған күнқағар орнатылады.

      Темекi сарайлары мен кептiргiштердiң сыртқы жарық беру прожекторларының тiреуiштерi үй-жайлардан тыс орнатылады.

Мақта шикізатын жинау, тасымалдау, кептiру, сақтау және
алғашқы өңдеу тәртiбi

      1044. Мақта жинау науқаны басталғанға дейiн оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуi керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (мақта жинау машиналары – екi өрт сөндiргiшпен, екi найза күрекпен, өлшемi 2х2 метр бiр киiзбен, тракторлар мен автомобильдер – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр найза күрекпен) жарақталып, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы және реттелген тамақтану, тұтандыру мен майлау жүйесi көзделеді.

      Гидравликалық жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын сөндіргіштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жiберiлмейдi.

      1045. Мақта шикізатын пiспес бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және темiржол жолдарына iргелес жерлердегi егiстiктері енi кемiнде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.

      1046. Мақта жинау кезiнде:

      1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;

      2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;

      3) гидравликалық жүйесі мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;

      4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол берiлмейдi.

      1047. Өңделмеген мақтаны ыдыссыз тасымалдау кезiнде брезентпен жабу қажет. Автомашина шанағының немесе тiркеменiң еденiнде саңылаулардың болуына жол берiлмейдi.

      1048. Тракторлардың, автомобильдердiң, мақта жинайтын машиналардың тұрағы, оларды майлау және жанармай толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдардан кемiнде 50 метр қашықтықта жүргiзiледi.

      1049. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнің тiреу биiктiгiнен кемінде 1,5 метр алшақ орналастырылады.

      1050. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшермен қамтамасыз етiледі.

      1051. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге болмайды.

      1052. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғылар) жарамды күйде ұсталады.

      1053. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған, өңделмеген мақтаны қонған тозаңнан қажеттiлiгiнше, бiрақ ауысымына кемiнде бiр рет тазалап тұру керек.

      1054. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететiн құрылғылар жарамды күйде ұсталады.

      1055. Агрегаттарды олар авариялық тоқтағаннан кейiн тек ақаулықтарды жойғанда ғана iске қосуға болады.

      1056. Таспалы транспортерлердiң иiндi бiлiктерi мен сына белдiктi бергiштер айналатын бөлшектерге мақтаның түсуiн болдырмайтын жарамды қаптамалармен жабылуы тиiс.

      1057. Мақта жинайтын машиналардың бiлiктерiнiң жылжымалы құрамдары мен мойындарын мақта тозаңы мен талшықтарынан тазарту қажет. Тазалау мерзiмдiлiгi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының басшысы бекiткен нұсқаумен белгiленедi.

      1058. Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдар болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр биiктiкте кемiнде 0,9 метр болатын тұтас жапсырмалы сүйенiшпен қоршалады.

      1059. Элеватор жетегiнде таспа үзiлген жағдайда, жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиiп тұруына жол берiлмейдi.

      1060. Элеватордың қаптамасы мықты тиектерi мен тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықталады.

      1061. Транспортерлер төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.

      1062. Таспалы транспортерлердi (ауыстырып тиегiштердi) ауыстыру электр қорегi ажыратылған кезде жүзеге асырылады.

      1063. Пневмокөлiк жүйесiне кiретiн аппараттар мен машиналардың жерге тұйықтағышы жарамды күйде ұсталады. Өңделмеген мақтаны желдеткiш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берiлмейдi.

      1064. Топтағы бунттардың саны бiр бунтқа алаң мөлшерi 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшерi 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бiр бунтқа алаң мөлшерi 25х11 метр болғанда алтаудан артық болуына жол берiлмейдi. Бұл ретте бунттың биiктiгi 8 метрден аспауы қажет.

      1065. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 1,5 метр, бунттардың топтары арасында кемiнде 30 метр болуы керек.

      1066. Бунттарды бөлшектеу кезiнде машиналар, тетiктер мен мақта тасығыш автопойыздар 30 метр аралықта орнатылады.

      1067. Бунт бөлшектегiш қозғалған кезде ток өткiзу кабелiн басып өтуге болмайды.

      1068. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтiру олар өшiрілiп, бунттан кемiнде 5 метр қашықтыққа апарылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      1069. Кескiш құралдардың ұштары ұшқын қауiпсiз етiп жасалады.

      1070. Кескiш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигiзбес үшiн жебенiң төмен, жоғары түсiп тұруын шектейтiн қондырғылар орнатылады.

      1071. Кептiру қондырғысын пайдалану кезiнде:

      1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;

      2) бақылау-өлшеу аспаптарының жылу өткiзу қондырғыларында қауiпсiздiк автоматикасының үздiксiз жұмыс iстеуi;

      3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегiн өшiрудi қамтамасыз ететiн барабан мен шнектiң электр қозғалтқышының жұмысының бұғаттау;

      4) кептiру камерасы мен қоректендiргiш есiктерiнiң герметикалығы;

      5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелi тазалау қамтамасыз етiледi.

      1072. Мақта шикізатын кептiру үшiн қолданылатын жылу өндiргiш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.

      1073. Кептiретiн қондырғының жұмысы үнемі бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 70оС аспауы қажет. Кептiру барабанынан сарғайған өңделмеген мақта шыққанда, мақта шикізаты мен жылу тасығышты дереу тоқтатып, тетiктердiң жұмысын тоқтату қажет, ал кептiру барабанынан келiп түсетiн мақта жанған жағдайда кептiргiштi дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндiрiп, алып тастау керек.

      Кептiргiштiң жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебiн анықтағаннан кейiн ғана қайта бастауға болады.

      1074. Мақта шикізаты тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшiн және перфорир тордың үстiне қоқыс қоспалары толып қалмас үшiн жел тартқыш тордың жай-күйі қадағаланады.

      Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тiреуiш камерасындағы кенжарды қалпына келтiрудi ағаш заттармен (таяқшамен) ғана орындалады.

      1075. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтауға рұқсат етiледi. Барлық сынған бумалар әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделедi.

      1076. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемi: ұзындығы 22 метрден, енi 11 метрден, биiктiгi 8 метрден аспайтындай етіп орындалады.

      Қатарлардың мөлшерi қысқарғанда көршiлес қатарлар арасындағы бөлiктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берiлмейдi, бiрақ ең жоғарғы қатардың екi есе биiктiгiнен кем болмауы тиiс.

      1077. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.

      1078. Талшықты мақта бумасы шатырдың астына енi кемiнде 2 метр көлденең өту жолдарын қалдыра отырып жиналады: еденнің ауданы 300-ден бастап 600 шаршы метрге дейін болғанда – бір өту жолы; еденнің ауданы 1200 шаршы метр болғанда – екі өту жолы; еденнің ауданы 1800 шаршы метр болғанда – төрт өту жолы; тең қашықтық сайын. Биік болғанда мақта талшығы жоғарғы жағынан бастап жабынның қоршауына немесе фермалардың төменгі белдігіне дейінгі қашықтық кемінде 1 метр болатындай етіп жиналады.

      1079. Жабық қоймаларда мақта талшығы бумасының енi кемiнде 2 метр бiр бойлық өту жолын және енi дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбiр есiкке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрi бойынша қабырға бойымен енi кемiнде 1 метр өтетін жол қалдыру қажет.

      Қойма үй-жайларының iшiнде қандай да бiр қалқалар мен шағын кеңселердi орналастыруға болмайды.

      1080. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негiзi жанбайтын материалдардан жасалады.

      1081. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газ шығару құбырлары мiндеттi түрде ұшқын сөндіргішпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткiштiң пайдаланылған газ шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келу қажет.

      Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиналардың, автокрандар мен мотоциклдердiң бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метрден жақын баруға рұқсат етiлмейдi.

      1082. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры көзделеді.

      1083. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннаға дейiн өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде өрт сөндiру жұмыстарын су айдындарынан жүзеге асыруға болады.

      1084. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндiру бөлiмшелерi күзететiн жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.

Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртiбi

      1085. Ат қоралардың үй-жайлары екi және одан астам дербес қақпамен жабдықталады, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол берiлмейдi. Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есiктерiнiң тек сыртқа қарай ашылуы көзделеді. Қақпаны тек жеңiл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етiледi. Жылдың қысқы мезгiлiнде ат қоралардың қақпалары мен есiктерiнiң алды қардан жүйелi түрде тазартылып тұрады.

      1086. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бiр мезгiлде босатып шығаруға мүмкiндiк беретiн құрылғылар көзделеді.

      1087. Ат қоралардың үй-жайлары тiзгiндермен, жүгендермен, жапқыштармен және жануарларды шығару мен байлау үшiн қажеттi басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етiледi.

      1088. Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайлар ат қоралардың басқа үй-жайларынан отқа төзiмдiлiк шегi кемінде Е1-45, жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлiнедi.

      1089. Ат қораларда электр желiлерi оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кәбілдерге ашық төселедi. Тек тозаң-су өткiзбейтiн немесе ылғал өткiзбейтiн электр шырақтарын ғана пайдалануға жол берiледi.

      Бөлу қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.

      1090. Ат қорада тәулiктiк жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.

      Жемшөптiң негiзгi қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.

      1091. Жемшөп үй-жайы, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жай басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлiнедi және сыртқа шығатын жолы бөлек қамтамасыз етiледi.

      1092. Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшiн өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялау жоспары жасалады.

      1093. Ат қораларда электр желiлерiн пайдалану кезiнде:

      1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;

      2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;

      3) электр желiлерi мен кәбілдерiн ат қоралардың үй-жайлары арқылы транзитпен төсеуге;

      4) қуаты осы шырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;

      5) шырақтарды тiкелей желiлерге iлуге жол берiлмейдi.

      1094. Ат қоралардың үй-жайларында:

      1) шеберханалар, қоймалар, автокөлiк тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бiр жұмыс жүргiзуге;

      2) осы үй-жайларға iштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған көлiк құралдарын өткізуге;

      3) қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшiн серiппелер мен блоктар орнатуға;

      4) үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарьларын қолдануға;

      5) уақытша пештердi орнатуға;

      6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;

      7) темекi шегуге және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

9. Көлiк объектiлерiн ұстау тәртiбi
Автомобиль көлiгiн ұстау тәртiбi
Гараждар мен ашық тұрақтарды ұстау тәртiбi

      1095. Жапсарлас және қосалқы үй-жайлар арқылы инженерлiк коммуникациялар (су құбырын және жылумен қамтамасыз етудi қоспағанда) транзитпен төселген жағдайда, жылжымалы құрамды сақтау отқа төзiмдiлiк шегi Е1 -150 бiтеу құрылыс конструкцияларында орындалады.

      1096. Ашық тұрақ аумақтарында көлiк құралдарын шағын жөндеу мен оларға ағымдық техникалық қызмет көрсету бетi қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.

      1097. Көлiк құралдарын шағын жөндеу мен оларға ағымдық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға арналған әрбiр алаңшада "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiнiң 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндiру қалқаны орнатылады.

      1098. Көлiк құралдары ашық сақталатын гараждардың үй-жайлары мен алаңшаларына өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшiруге кедергi жасауы мүмкiн заттар мен жабдықтарды үйіп қоюға жол берiлмейдi.

      1099. Көлiк құралдары ашық сақталатын гараждардың үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгiлген жанар-жағармай материалдарына құм себілiп, дереу жиналады.

      1100. Көп пәтерлi тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көлiктiк құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар-жағармайды сақтауға жол берiлмейдi. Кейбiр гараждарда бензин және дизельдi отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанар-жағармайдың қосымша мөлшерiн сақтауға жол берiледi. Бензин, дизельдi отын және майлардың аталған көлемiн металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол берiледi.

      1101. Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тікелей мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және басқаларын орнату) пайдалануға жол берілмейді.

      1102. Автомобильдердi сақтау үй-жайларын жылыту ауа ағынының желдеткiшi бар сумен немесе ауамен жылытылатын болып көзделуi тиiс. Гараждардың күзет үй-жайларында бетi тегiс зауытта дайындалған жергiлiктi жылыту құралдарын пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте бетiнiң температурасы 100оC асуы мүмкiн жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.

      1103. Көлік сақталатын үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда:

      1) көлiк құралдарын орналастыру жоспарының нормасынан асып кететін көлік құралдарын орнатуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;

      2) шығу қақпалары мен өту жолдарына заттарды үйіп қоюға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;

      3) көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;

      4) көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды кәрізге немесе жақын аумаққа төгуге. Пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;

      5) аккумуляторларды тікелей көлiк құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;

      6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;

      7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын пайдалануға;

      8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;

      9) көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;

      10) қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге (шырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздерi), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргiзілген кезде жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      1104. Газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн көлiк құралдарын пайдалану кезiнде:

      1) газды қоректену жүйесi техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлiк құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берiлмейдi;

      2) көлiк құралын түнгi немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерiн жабу, магистральды газ құбырындағы барлық газды шығару қажет, одан кейiн iске қосуды өшiрiп, магистральды вентильдi жауып, аккумулятордағы "масса" ажыратылады;

      3) жабық үй-жайда көлiк құралының "өзiндiк жүру" қозғалысы тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельдi отын);

      4) көлiк құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйытылған көмiрсутектi газды (бұдан әрі – СКГ) айдауды жүзеге асыруға жол берiлмейдi;

      5) үй-жайлардан көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн олар мұқият желдетiледi;

      6) қысқы уақытта көлiк құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргiзiледi;

      7) қысымды бақылаумен, газды өндiрумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әртүрлi отын түрлерiне ауыстырып қосу және газ жеткiзумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. СКГ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандар, сондай-ақ отын жеткiзiлуiн бұғаттауды қамтамасыз ететiн электрлiк магниттi клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екi жылда кемінде бiр рет жүргiзiледi;

      8) СКГ жабық гараж тұрақтарда және басқа да iшiндегi температурасы 25о C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдануға және сақтауға жол берілмейді;

      9) қозғалтқышты iске қосуды тек отынның бiр түрiнде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол берiледi.

      1105. Көлiк құралдарын (жеке көлiк түрлерiнен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбiр 10 көлiкке бiреуден келетiн сүйреткiш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.

      1106. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетiлген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берiлмейдi.

      1107. Автомобильдердi жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерiнде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн үй-жай мен байқау шұңқырларын май сiңген, сүртiлген материалдардан тазартылады.

Аккумулятор станцияларын ұстау тәртiбi

      1108. Аккумулятор батареяларын зарядтау процесінде:

      1) ұшқын болмас үшiн сымдардың батарея клеммасына берiк жалғануы тексерiледi;

      2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;

      3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға ағынды сорғы желдеткiш жұмыс iстеп тұрғанда ғана рұқсат берiледi;

      4) өткiзгiш жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшiрулi тұрғанда ажыратылады;

      5) зақымдалған өткiзгiштердi тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттiгiнiң талаптары сақталады.

      1109. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданылатын жұмыстар батарея зарядталып бiткеннен кейiн екi сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Балқытып біріктіру немесе дәнекерлеу лампасымен жұмыс істеу кезінде үй-жайды үздіксіз желдету жүргізіледі. Дәнекерлеу орны үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзiмдi қалқандармен қоршалады.

      1110. Аккумулятор станцияларының үй-жайларында:

      1) темекi шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;

      2) бiр ауысымдық қажеттiлiктен артық қышқылды, сiлтiнi немесе электролиттi сақтауға;

      3) жұмыс орнында арнайы киiмдi және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол берiлмейдi.

Жуу және сырлау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1111. Жуу және сырлау цехтары, учаскелер мен бөлiмшелер отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бiр қабатты ғимараттарда орналастырылады, iшкi қабырғасында терезе ойығы болады және жапсарлас өндiрiстiк үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен бөлiнедi. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас үй-жайларға шығу ауа екпiнiнiң түсуiн қамтамасыз ететiн шлюздiң тамбуры арқылы жүргiзiледi.

      1112. Сырлау цехтарын ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған үй-жайларда өртке қарсы қабырғалармен бөлiнген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есiгi бар үй-жайларда орналастыруға болады.

      1113. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерiнде, астыңғы және бiрiншi қабаттарында орналастыруға жол берiлмейдi.

      1114. Бояу дайындайтын бөлiмшелер сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.

      1115. Жуу және сырлау цехтарының, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлiмшелердiң еденi жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерiтiндiлерге төзiмдi етiп орындалады.

      1116. Жуу және сырлау цехтарының қабырғаларының үстiңгi қабаты кемiнде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.

      1117. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң үй-жайлары дербес механикалық үрлеу-сору желдеткiшiмен және нүктелiк сору-бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерiмен, кептiру камераларымен жабдықталады. Көрсетілген үй-жайларда жарылыс қауiптi концентрациялардың пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.

      1118. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылу беру аспаптарының бетi тегiс болуы және 95о С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берiлмейдi.

      1119. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.

      Электрлiк iске қосатын қондырғылар, түймелi электр магниттiк жiбергiштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.

      1120. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық iлмектi тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауiпсiздiгi кәрізі көзделеді. Соңғысы жүйелi түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.

      1121. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкелiс кезiнде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.

      1120. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемi таза әрi реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемiнде бiр рет ылғалды тәсiлмен жүргiзiледi.

      Төгiлген лак, бояу материалдары және ерiткiштер ағаш үгiндiсi мен судың көмегiмен дереу жинап алынады.

      Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупi бар органикалық ерiткiштердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейiн жабылатын арнайы металл жәшiктерге салынып, ауысым соңында белгiленген орынға шығарылады.

      Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгiленген алаңдарға жиналады.

      1123. Жуу және сырлау үдерiсiнде статикалық электр зарядын сөндiру үшiн барлық техникалық жабдықтар, бояу бүрiккiштер, ерiткiштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иiлгiш шлангілер), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар сенімді түрде жерге тұйықталады.

      Жерге тұйықталатын электрод кедергiсінің мәнi 10 Ом-нан аспайды.

      1124. Жеке тораптар мен бөлшектердi және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт қаупi бар ерiткiштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге тұйықталатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жүргiзу ұсынылады.

      1125. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшiн:

      1) жұмысшылар мен қызметшiлерге синтетикалық және жiбек маталардан киiм киюге, сондай-ақ жүзiктер мен бiлезiктер тағуға жол берiлмейдi;

      2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге тұйықталған аймақ қабаттарының қондырғысы көзделеді;

      3) есiк тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге тұйықталады;

      4) жұмысшылар ток өткiзгiш аяқ киiмдермен және статикаға қарсы бiлезiктермен қамтамасыз етiледi;

      5) жұмысшылар (мүмкiндiгiнше жиiрек) өздерiнен статикалық электр зарядты жерге тұйықталған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигiзу тәсiлiмен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупi бар органикалық ерiткiштер мен лак, бояулардың жанынан алыс жерлерде түсiрiп тұруға мiндеттеледi.

Метрополитендердi ұстау тәртiбi

      1126. Әрбiр станцияда мыналар әзірленеді: жедел өрт сөндiру жоспары, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы талаптар, жолаушыларды эвакуациялау жоспары, түтiнденген немесе өрт болған жағдайда тоннель желдеткiшiнiң шахтасы жұмыс iстегенде метрополитен жұмыскерлерiнiң iс-қимыл жасау тәртiбi. Бұл құжаттар станция кезекшiсiнiң үй-жайында сақталады. Жедел өрт сөндiру жоспарының екiншi данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндiру басшысының бiрiншi талабы бойынша берiледi.

      1127. Қолданыстағы тоннельдер мен станциялардың салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектiлерге қабысу орындары жұмыс жүргiзу басталғанға дейiн жанбайтын түтiн өткiзбейтiн қалқалармен қоршалады. Қолданыстағы метрополитен желiлерiне қабысу орындарында жұмысты ұйымдастыру кезiнде кезекшi персоналмен телефон байланысы орнатылады.

      1128. Станция қабырғаларын, эвакуациялау жолдарының (дәлiздер, сатылы торлар, вестибюльдер, холлдар) төбелерiн қаптау үшiн, сондай-ақ жер асты үй-жайлары мен вестибюльдер қаптамасында жарнама орнату үшiн тек жанбайтын материалдарды ғана қолдануға болады.

      1129. Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде орнатылатын көйлек iлетiн шкафтар тек жанбайтын материалдардан жасалады.

      1130. Станцияның жер асты құрылыстарында әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрден аспайтын газ бар екi баллонды арнайы бөлiнген орында сақтауға болады.

      1131. Метрополитеннiң жер асты құрылыстарындағы отпен жүргізілетін жұмыстар қызметтер басшыларының өкiмi бойынша орындалатын авариялық сипаттағы жұмыстардан басқа, тек түнгi уақытта электр желiсiндегi кернеудi алғаннан кейiн жүргiзiледi.

      1132. Қолданыстағы тоннельдерде газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары жылжымалы көлiкте орнатылатын арнайы агрегаттардан ғана жүргiзiледi.

      1133. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын әкелу осы мақсатта жабдықталған мото рельс көлiгiнде арнайы тарату сыйымдылықтарында түнгi уақытта (метрополитенде жолаушылар болмағанда) жүзеге асырылады.

      1134. Тоннельге жанар-жағармай материалдарын тасымалдау үшiн бейiмделген көлiк алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.

      1135. Станциялардың үй-жайлары мен кәбіл коллекторларындағы өртке қарсы режимдi тексеру үшiн станция кезекшiлерiнiң кабиналарында авариялық тақтада үй-жайдың нөмiрленуiне сәйкес таңбаланған кiлттерi болуы қажет. Осы үй-жайларды тексеру станция кезекшiсiнiң немесе қызмет өкiлiнiң қатысуымен өткiзiледi.

      1136. Жер асты кеңiстiгiне орналастырылатын техникалық кабинеттердегi оқу сыныптарының сыйымдылығын 30 адамнан арттыруға жол берiлмейдi.

      1137. Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде металлды тақтайлар қолданылады.

      1138. Қолданыстағы тоннельдерде:

      1) газ генераторларымен жұмыс iстеуге;

      2) шпалдарға, төсемдерге, сыналарға креозот сiңiруге, сондай-ақ битум қыздыруға жол берiлмейдi.

      1139. Машина залдарының үй-жайларында, эскалаторлар мен бөлшектеу камераларында қосалқы бөлшектердi, майлау және өзге де материалдарды жинауға болмайды.

      1140. Тоннельдерде кәбіл желiлерiн бояуды тек түнгi уақытта қызметтер басшыларының рұқсатымен және мемлекеттiк өрт бақылау органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асыруға болады.

      1141. Электр пойыздарының вагондары жарамды "жолаушы – машинист" байланысы құрылғысымен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.

      1142. Машинистердiң кабиналарына орнатылатын электр пештерi мықтап бекiтiлуi және дербес қорғағышпен қамтамасыз етiлуi тиiс. Пештерде және олардың қасында әртүрлi жанғыш материалдарды орналастыруға болмайды.

      1143. Сауда дүңгiршектерiн станцияның жер үстi вестибюльдерi мен жол асты өткелдерiне ғана орнатуға болады. Дүңгiршектер жанбайтын материалдардан жасалуы қажет. Сауда дүңгiршектерi жолаушылардың жүрiс-тұрысына кедергi келтiрмейтiндей етiп орналастырылады.

      1144. Дүңгiршектерге жылу беру үшiн май электр радиаторлары немесе жылытқыш электр панельдерi қолданылады.

      1145. Дүңгiршектер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен және тәулiк бойы жұмыс iстейтiн кезекшiсi бар үй-жайға белгi беретiн автоматты өрт дабылымен қамтамасыз етiледi.

      1146. Мыналарға:

      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдарды және өзге де от қауiптi материалдарды сатуға және пайдалануға;

      2) станциялардың үй-жайларында тауарды, орау материалдарын, сауда құрал-саймандарын сақтауға жол берiлмейдi.

Темiржол көлiгiн ұстау тәртiбi

      1147. Қол жүктерiн сақтау камералары мен жүк бөлiмдерiндегi стеллаждар тек қана жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдер орнатуға жол берiлмейдi.

      1148. Паровоз деполары мен локомотив (паровоз) қорларының базаларында:

      1) отын бөлiмi жұмыс iстеп тұрған паровоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сорғы зонттарының шегiнен тыс жерде от алдыруға;

      2) депо тұрағында және арнайы белгiленбеген орындарда пештiң оттығы мен күлiн тазалауға;

      3) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары, қауiптi және басқа да жанғыш жүктерi бар жылжымалы құрамды белгiленген паровоз оттығын тазалау орнынан 50 метрден кем қашықтықта орналастыруға;

      4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды, сондай-ақ көрсетiлген сұйықтықтардан босаған ыдыстарды алдын ала булап алмай, депо тұрағында қоюға;

      5) отын мен майды шелектерге, қаңылтыр табаларға және қосалқы сыйымдылықтарға тiкелей бокстарда (тұрақтарда) құюға;

      6) технологиялық процестермен белгiленбеген орындарда тепловоздарға отын мен жанармай құюға;

      7) отын бактарының ауыздарын ашық қалдыруға болмайды.

      1149. Шлак жинайтын орларды жанғыш материалдарды сақтау қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзiмдiлiгi IV, IVa және V дәрежелi ғимараттардан кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыру керек. Пеш оттықтарын тазалау орындарындағы шлак пен от қалдықтары сумен өшiрiлiп, үнемi алынып тасталуы қажет.

      1150. Локомотивтер (паровоздар) қорының базалары негiзгi жолдардан қашық орналастырылып, берiк қоршаумен және сыртқы жарықпен қамтамасыз етiледi.

      1151. Жуу-булау станцияларына (бекеттерiне) бөлiнген алаңдар станциялардың үлгілік технологиялық процесінің талаптарына жауап беруi және темiржол жолдарынан, жақын орналасқан станциялық және тракциялық жолдардан кемiнде 30 метр, көршiлес темiржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасады.

      Цистерналарды өңдеу жұмыстары жүргiзiлетiн аумақтардың алаңдарында топыраққа мұнай өнiмдерiнiң өтуiне жол бермейтiн қатты жабыны болады.

      1152. Цистерналарды өңдеу орнына жеткiзу тек ұшқын сөндіргішпен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) атқарылады. Цистерналарды беру кезiнде кемiнде төрт білікті екi вагоннан қоршау қойылады. Тепловоздардың жуу орнына 20 метр жақын келуiне болмайды, ол әрi қарай жүруге тыйым салатын сигналмен белгiленедi.

      1153. Жуу-булау станцияларына (пункттерінде) өңдеуге берiлетiн цистерналардың құю аспаптары, қалпақтар мен тиеуiш люктерiнiң қақпақтары жабық болады. Өңдеуден өткен цистерналар жарамды тиек арматураларымен жабдықталады.

      1154. Цистерналардың құю аспаптарының клапандары толтыру жұмыстары жүргiзiлетiн жолдар мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын ұстап қалатын астаушалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.

      Тұндырғыштар мен құбыр желiлерiнiң люктерi мен бұрандалары үнемi қақпақтармен жабылады.

      Клапандарға май құйғанда тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқын шығармайтын аспаптар қолданылады.

      1155. Темiржолдарды, эстакадаларды, құбырларды, резервуарларды, жанғыш газдары, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды ағызғанда және толтырғанда статикалық электрдi бұру үшiн сенiмдi жерге тұйықтағышпен қамтамасыз етiледi.

      1156. Металл тасымал және жылжымалы сатылар мыс iлмекпен және жiктерiнiң астынан резеңке жастықшалармен жабдықталады.

      1157. Қазандықтар мен цистерналардың iшiн аккумуляторлық фонарьлармен ғана жарықтандыруға болады. Фонарьды цистерналардан тыс iске қосу және ажырату қажет.

      1158. Эстакадалар мен алаңдарды мұнай өнiмдерi қалдықтарынан тазартылады және ауысымында кемiнде бiр рет ыстық сумен жуылады.

      1159. Жуу-булау станцияларының аумақтарында:

      1) жарылыстан қорғалмаған фонарьларды, шамдар мен шырақтарды қолдануға;

      2) қара металдан немесе соғылған кезде ұшқын шығаратын басқа материалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;

      3) темiржолдардың, ғимараттардың және құрылыстардың үстiнен әуе электр өткiзгiшiн өткiзуге;

      4) цистерна қазандығы iшiнде жұмыс iстеген кезде болат пластинамен немесе шегемен шегеленген аяқ киiмдi пайдалануға;

      5) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қалдықтарын сумен және конденсатпен бiрге жалпы кәріз желiсiне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;

      6) адамдардың цистернаға түсуi үшiн ауыспалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен шегеленген ағаш сатыларды қолдануға;

      7) тексерiлген цистерна iшiнде және оның сыртында сүрту материалдарын қалдыруға;

      8) локомотивтердiң тазалау депосы мен эстакада астына кiруiне жол берiлмейдi.

      1160. Темiржолдарды бөлу жолақтары қу шыбықтардан, ағаш шабындылары мен бұталардан, ескi бөренелерден және өзге де жанғыш қоқыстардан таза ұсталады. Көрсетiлген материалдар бөлу жолағынан дер кезiнде шығарылады.

      1161. Жолдарда төгiлген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құммен, топырақпен жабылып, бөлу жолағынан тыс шығарылады.

      1162. Бөгендерде, станцияларда және буын жинақтау базаларында ағаштар мен қырлы бөренелердi уақытша сақтағанда қатарланып жиналады.

      Қатарлар тұрған алаң мен аумақ кемiнде 3 қашықтықта құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазартылып, айдалады немесе жыртылады.

      1163. Шпалдар мен қырлы бөренелер жолға параллель, құрылыстар мен құрылымдардан кемiнде 30 метр қашықтықта, пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан – 10 метр, өзге жолдардан – 6 метр және электр беру және байланыс желiлерi білігінен тiрек биіктігінің кемiнде бiр жарым биiктiгiнен төселуi мүмкiн. Шпал қатарлары арасындағы бөлiктер 1 метрден кем, ал қатарлардың әрбiр жұбы арасында кемiнде 20 метр етіп орындалады.

      1164. Шөптi, сабан мен ағашты көпiрлерден, жол құрылыстарынан және пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желiлерi сымдары астынан кемiнде 50 метр қашықтықта жинауға болмайды.

      1165. Бөлу жолағында алау жағуға және шырпыларға, кесiлген материалдарды өртеуге, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға болмайды.

      1166. Орман алқаптарында көпiрлер бөлу жолағының iшкi периметрi бойынша енi кемiнде 4 метр минералды жолақпен айналдыра жиектеледi.

      1167. Көпiр астындағы жер учаскелерi 50 метр радиуста құрғақ шөптен, бұтадан, шыбықтан, жанғыш қоқыстан тазартылады.

      1168. Темiржол үстiнен орналасқан ағаш өтпе жолдар төменгi жағынан енi кемiнде 4 метр екi жағынан 0,3 метр төмен түсiрiлген ернеуi бар болат қаңылтырмен қапталады.

      1169. Өзендер қатқанда барлық ағаш төсенiшi бар ағаш және металл көпiрлерде өрт сөндiру мақсатында қатпайтын ойықтар мен оларға өту жолдары орнатылады. Ойық жасалған жер көрсеткiшпен белгiленедi.

      1170. Барлық көпiрлер мен өтпе жолдарда:

      1) олардың астынан немесе олардың жанында материал қоймаларын, кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшiн тұрақтар орнатуға;

      2) керосин фонарьлары мен бензомоторлы агрегаттардың бактарын толтыруға;

      3) аралық құрылыстар мен басқа да құрылымдарды мұнай өнiмдерiн тазартпай ұстауға;

      4) көпiрлердiң астында құрғақ шөптi жағуға, сондай-ақ бұта мен басқа да жанғыш материалды өртеуге болмайды.

      1171. Жол машиналары станциялары вагондарының тұруына арналған темiржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды алып шығуды және бөлiп жайғастыруды қамтамасыз ететiн көрсеткiштермен жабдықталады.

      1172. Өндiрiстiк шеберханалар, мектептер, балалар мекемелерi орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемiнде 10 метр өртке қарсы бөлiктерi бар жеке топ болып қойылады.

      1173. Жол машинасы станциялары орналасқан орындарында жасанды және табиғи сумен жабдықтау көздерi болмаған жағдайда, вагондардың әр тобына (15-20 бiрлiкке) 50 м3 есебiмен темiржол цистерналарында немесе өзге сыйымдылықтарда өрт сөндiру қажеттiлiгi үшiн су қоры құрылады.

      1174. Әрбiр жылжымалы құрам өртке қарсы қызметтi шақыру үшiн жақын орналасқан темiржол станцияларымен телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Жол машиналары станцияларының вагондары тұратын пункттерде өрт туралы хабарлау сигналы орнатылады.

Жарылу, өрт қаупі бар және өрт қаупі бар заттар мен
материалдарды тасымалдау тәртiбi

      1175. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде төзiмдi, жарамды ыдыс пен жүктiң ағуы мен шашылуын толықтай болдырмайтын, жүктiң сақталуын және тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орам ғана пайдаланылады. Бұл ретте iшiндегiсiне қатысты инерттi материалдардан жасалған ыдыс пен орам пайдаланылады.

      1176. Жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын автоцистерналар сенімді жерге тұйықтағышпен, "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiне сәйкес өрт сөндіргіштермен, киізбен, салмағы кемінде 25 кг құмы бар ыдыспен жабдықталады және жүктің қауіптілік дәрежесіне сәйкес таңбаланады, ал пайдаланылған газ жүретін құбырлар жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.

      1177. Тез тұтанатын, улы, зәрлi, тотықтыру буын немесе газдарын бөлетiн жарылыс, өрт қауiптi жүктер кепкен кезде жарылғыш болады, ауамен және ылғалмен қауiптi өзара әрекеттесуі мүмкiн, тотықтырғыш қасиеттерi бар жүктер герметикалық түрде буып-түйiледi.

      1178. Шыны ыдыстағы қауiптi жүктер бос кеңiстiктi тиiстi жанбайтын төсем және сiңiру материалдарымен толтыра отырып, мықты жәшiктерге немесе торларға (ағаш, пластмасса, металл) буып-түйiледi.

      Қабырғалары мен торларының биіктігі тығындалған бөтелкелер мен банкалардан 0,05 метрден төмен жәшіктерді пайдалануға жол берілмейді. Ұсақ жөнелтiлiмдермен тасымалдау кезiнде шыны ыдыстағы қауiптi жүктер қақпақтары бар тығыз ағаш жәшiктерге салынады.

      1179. Металл немесе пластмасса банкалардағы, бидондар мен канистралардағы қауiптi жүктер ағаш жәшiктерде немесе торларда қосымша оралады.

      1180. Бiр вагонға немесе контейнерге әртүрлi топтағы қауiптi жүктердi, сондай-ақ бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмеген, бiр топқа жататын кейбiр қауiптi жүктердi тиеуге болмайды.

      1181. Вагондарға қышқылдары бар ыдысты тиеу кезiнде оны тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдысқа қарама-қарсы жаққа қояды. Вагондағы барлық ыдыс бiр-бiрiне тығыз орналастырылып, мықтап бекiтiледi.

      1182. Улы газдары бар (2.2-шағын сынып) және тез тұтанатын (жанғыш) улы газдары бар (2.4-шағын сынып) баллондарды, сондай-ақ осы газдардан босаған баллондарды заттармен және материалдармен бiрге сақтау жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес вагонмен жөнелтiледі немесе контейнерлерде ғана тасымалданады.

      1183. Жанғыш және улы газдары бар баллондар сақтандыру клапандарымен бiр жағына қарай көлденең жатқызылып тасымалданады.

      Барлық баллондарда қорғағыш сақиналары болғанда және баллондардың жылжу мен құлау мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп тығыз тиелген кезде ғана газдары бар баллондарды тiгiнен тиеуге болады. Есiк ойықтары жүктiң есiкке қарай құлауын болдырмау мақсатында қалыңдығы кемiнде 40 миллиметр тақтайлармен қоршалады.

      Ерекшелiк ретiнде тасымалдау кезiнде қорғағыш сақиналары жоқ баллондарды тиеуге болады. Мұндай жағдайда баллондардың әрбiр қатарының арасында баллондарға арналған ұяшықтары бар тақтайлардан жасалған төсемдер орнатылады.

      Баллондар (ыдыстар) арасындағы төсемдер ретiнде шөп, сабан немесе өзге де тез тұтанатын материалдарды пайдалануға болмайды.

      Тез тұтанатын және басқа да жанғыш сұйықтықтар тасымалдауға стандартты герметикалық және пломбаланған бөшкелерде қойылады.

      Нитрат изопропилi мен саминдi тасымалдауға арналған вагондармен тиелген және босатылған күйiнде де жүк жөнелтушi (жүк қабылдаушы) мамандарының бригадасы iлесiп жүредi.

      1184. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш газдарды беру орталықтан тасымалдау тәсiлiмен көзделеді.

      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жұмыс орындарына беру үшiн ашық ыдысты қолдануға болмайды.

      1185. Ғимараттар мен құрылыстарда жанғыш газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың құбырларын төсеу кезiнде:

      1) құрылыс конструкциялары арқылы құбырлар өтетiн жерлердегі ойықтар (саңылауларды, тығыз емес жерлердi) ғимарат құрылымының тұтас қалыңдығы бойымен жанбайтын материалдармен герметикалық жабылады;

      2) арналар мен орлардың (ашық және жабық) бiр үй-жайдан келесiсіне өтетiн жерлерінде жанбайтын материалдардан жасалған жарамды газ өткiзбейтiн бөгеттер пайдаланылады.

      1186. Жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшiн тығыздамасы жоқ сорғылар мен кеспелтек тығыздағыштары бар сорғыларды қолдану қажет.

      Жартылай қимамен жұмыс iстейтiн құбырларда гидравликалық ысырмалар орнатылады.

      1187. Сыйымдылығы 10 литр және одан астам тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар шыны ыдыс тоқылған себеттерге немесе ағаш торлы жәшiкке, ал сыйымдылығы 10 литр дейiнгi шыны ыдыс төсем материалдары бар тығыз ағаш жәшiктерге салынады, олар соққыны жеңiлдетуге арналған ыдыс сынған кезде ағатын сұйықтықты сiңiруге қабiлетті болады.

      1188. Транспортерлердi, норийлердi, өздiгiнен ағатын және пневматикалық құбырларды тозаң бөлу орындарын жарамды және герметикалық жабындармен жапқанда ғана пайдалануға болады. Желдеткiш жабындардан тозаңды тұрақты және тиiмдi сору қамтамасыз етiледi.

      1189. Пневмотасымалдау және өздiгiнен ағатын құрылғыларды (өнiм құбырлар арқылы өткенде) пайдалану кезiнде құбырларда тозаңның жиналуына жол берiлмейдi. Құбырларды тазалау белгiленген кестеге сәйкес өткiзiледi.

      1190. Транспортерлер мен пневмотасымалдау құрылғыларын олардың жай-күйiн бос жүрiсте, оларда бөгде заттардың жоқтығын, мойынтiректерде майлаудың болуын, барлық қорғау құрылғысының жарамдылығын мұқият тексергеннен кейiн ғана iске қосуға болады.

      1191. Тиiстi пневмотасымалдау желiсiне өнiм түсетiн ауа үрлеу машиналарының электр қозғалтқыштарымен техникалық жабдықтың электр қозғалтқыштарының автобұғаттағышы жарамды күйде ұсталады және жабдық әр iске қосқан сайын тексерiледi.

      1192. Жабдыққа тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрiздес) өнiмдерді үюді және тiрелуiн болдырмау үшiн транспортерлердi авариялық тоқтату үшiн автобұғаттағыш көзделеді.

      1193. Ақаулы бұрама транспортерлер мен норийлердi (бұрама мен науа қабырғасы арасында саңылаудың болмауы, таспалардың үйкелуi және шөмiштердiң науа қабырғасына тиюi) пайдалануға болмайды.

      1194. Транспортерлердiң роликтерi мен тарту барабандары еркiн айналуы қажет. Таспалардың бiр орында тұрып қалуына, сондай-ақ жетек барабандарын битуммен, шайырмен және өзге де жанғыш материалдармен майлауға болмайды.

      1195. Норийлерде, өздiгiнен ағатын және пневматикалық құбырларда және өзге де транспортерлерде тұтану болғанда цехтың технологиялық жабдығының жұмысын тоқтату және аспирациялық және желдету жүйелерiн ажырату үшiн әр қабатта саты торының жанында арнайы түймелер орнатылады.

      1196. Автоматты от бөгегiш құрылғылары ажыратылған немесе ақаулы аспирациялық желiлер мен ұсақ материалдарды тасымалдау желiлерiн пайдалануға болмайды.

      1197. Транспортерлердi, конвейерлердi өткiзу үшiн өртке қарсы қалқалардағы ойықтар от бөгегiш құрылғылармен (есiктермен, қақпалармен, су шымылдықтарымен, шашу құрылғыларымен) жабдықталады.

      1198. Жарылыс, өрт қауiптi заттарды тасымалдағанда көлiк құралында, сондай-ақ осы заттар бар әрбiр жүк орнында қауiпсiздiк белгiлерi iлiнедi.

      1199. Жарылыс, өрт қауiптi заттардың iрi партияларын елдi мекен аумағында автокөлiкпен тасымалдау қауiпсiздiк талаптарына сәйкес және тек тәулiктiң түнгi уақытында ғана жүргiзiледi.

      1200. Жарылыс, өрт қауiптi заттарды тасымалдау кезiнде:

      1) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдары бар цистерналарды тәулiктiң күндiзгi уақытында елдi мекенмен тасымалдауға;

      2) соқтығысуға, қатты тежеуге жол беруге;

      3) сақтандыру табандықтары жоқ жанғыш газдары бар баллондарды тасымалдауға;

      4) көлiк құралын қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.

      1201. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тиеу және түсiру орындары:

      1) өрт шығуға қатысты қауiпсiз жұмыс iстеу жағдайларын қамтамасыз ететiн арнайы бұйымдармен (тiреуiштер, тағандар, қалқандар, траптар, зембiлдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшiн арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембiлдер көзделеді. Шыны ыдысты екі жұмыскердің тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін сабы бар жарамды себеттермен тасуға жол беріледі;

      2) өрт сөндiру және авариялық жағдайларды жою құралдарымен;

      3) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес аймақтың класына сәйкес келетiн жарамды тұрақты немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады.

      1202. Жарылыс-өрт қауiптi және өрт қауiптi жүктермен тиеу-түсiру жұмыстарын iстеу орындарында ашық отты пайдалануға болмайды.

      1203. Пайдаланылатын тиеу-түсiру тетiктерi жарамды күйде ұсталады.

      1204. Тиеудi немесе түсiрудi күтiп тұрған жүргiзушiлер мен машинистерге, сондай-ақ тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде көлiк құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.

      1205. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тиеуге берiлетiн көлiк құралдары (вагондар, шанақтар, тiркемелер, контейнерлер) жарамды ұсталады және бөгде заттардан тазартылады.

      1206. Ыдыстың (орамның) зақымданғанын, шашылған немесе төгiлген заттарды байқаған кезде зақымданған ыдыс (орам) дереу шығарылып, еден тазартылып, шашылған немесе төгiлген жарылыс-өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар жиналады.

      1207. Жарылыс, өрт қауiптi заттармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмысшылар орамдардағы таңбалау белгiлерi мен ескерту жазуларының талаптарын сақтайды.

      1208. Автомобильдердiң қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрғанда, сондай-ақ егер заттар мен материалдар сумен өзара әрекеттескенде өздiгiнен тұтануға бейiм болса, жаңбыр жауғанда жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттармен және материалдармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

      1209. Вагондарда, контейнерлер мен автомобильдердiң шанақтарында жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi жүктер қозғалыс кезiнде олардың орнынан жылжуын болдырмау мақсатында сенiмдi бекiтiледi.

      1210. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды толтырумен және ағызумен байланысты технологиялық операцияларды жүргiзу кезiнде:

      1) люктер мен қақпақтар ақырын, жұлқымай және соқпай, ұшқынға қауiпсiз аспаптарды қолдана отырып ашылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары төгiлген ыдыстармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге болмайды;

      2) арматура, шлангiлер, алмалы-салмалы қосқыштар, статикалық электрден қорғау техникалық жарамды күйде ұсталады.

      1211. Резервуарларға, цистерналарға, ыдыстарға сұйықтық толтырмас бұрын өлшеу құрылғысының жарамдылығы тексерiледi.

      1212. Резервуардағы сұйықтық деңгейiн өлшеу және сынама алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi. Тәулiктiң түнгi уақытында жұмыс iстейтiндер жарылысқа қауiпсiз күйдегi аккумулятор фонарьларын ғана пайдаланады.

      Найзағай кезiнде, сондай-ақ өнiмдi толтыру немесе ағызып шығару кезiнде деңгейдi қолмен өлшеуге немесе сынама алуға болмайды.

      Сынама алу құралдары ұшқын бермейтiн материалдан дайындалады және жерге қосылады.

      1213. Ыдыстарды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен толтыру және босату жарамды қосқыштары бар құбырлар мен шлангiлер арқылы және тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып-жабылуын, шлангiлер мен құбырлардың тығыз қосылуын тексергеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. Тиек арматурасы ашылады.

      1214. Резервуарларға, сыйымдылықтарға өнiмдi "құлама ағыспен" беруге болмайды. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы резервуарға орнатылған тыныс алу және сақтандыру клапандарының (немесе желдеткiш келте құбырлардың) жиынтық өткiзу қабiлеттiлiгiнен аспайды.

      1215. Жарылыс, өрт қауiптi немесе өрт қауiптi жүктердi түсiрудi аяқтағаннан кейiн вагонды, контейнердi немесе автомобиль шанағы тексеріліп, заттардың қалдықтары мен қоқыс мұқият жиналады.

      1216. Осы тармақтың талаптары мынадай сұйытылған көмiрсутек газдары мен олардың қоспаларын: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан, н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутан-дивиниль фракциясын, изабутан, изабутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изабутилен фракциясын, пайдаланылған бутан-изабутилен фракциясын, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газды бензин, бутан-бутилен фракциясын, пропан-пропилен фракциясын, жеңiл көмiрсутектердiң кең фракциясын, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тасымалдауға рұқсат етiлген басқа да ұқсас өнiмдi тасымалдауға арналған арнайы темiржол вагон-цистерналарын пайдалану және қызмет көрсету кезiнде орындалады.

      1217. Станциядағы сұйытылған көмiрсутектi газы бар цистернамен байланысты өрт қауiптi жағдай туындаған кезде осы цистернаны пойыздан (құрамнан) ағыту және оны қауiпсiз орынға шығару шаралары қолданылады.

      1218. Цистерна қазандығын, оның элементтерiн жөндеуге, сондай-ақ оны iшiнен тексеруге қазандық көлемiн газсыздандырғаннан және жұмыс басшысы тиiстi рұқсатты ресiмдегеннен кейiн ғана рұқсат берiледi.

      1219. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

      1) қазандықты тиелген күйiнде, сондай-ақ оның көлемiн газсыздандырғанға дейiн бос күйiнде жөндеуге;

      2) қазандықты соққылауға;

      3) ұшқын беретiн аспаптарды пайдалануға және цистернаның жанында ашық отпен (алау, тұтқалы таба, керосин фонары) болуға;

      4) цистернаның астынан дәнекерлеу және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге болмайды.

      Отты, дәнекерлеудi және соққыны қолдана отырып, арбаларды түзету жұмыстарын жүргiзу қажет болған жағдайда арбалар цистернаның астынан домалатып шығарылады және одан кемiнде 100 метр қашықтықта әкетіледi.

      1220. Цистерна қазандығының iшiнде жұмыс iстеу кезiнде (iшкi тексерiс, жөндеу, тазалау) кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарамды жарылысқа қауiпсiз жасалған шырақтар қолданылады. Шырақты қосу және ажырату цистерна қазандығынан тыс жүргiзiледi.

      1221. Цистерна қазандығының iшiнде жұмыс iстеген кезде қазандық көлемiнде қауiптi көмiрсутек қосылыстарының бар-жоғына және оттегi құрамына ауа ортасын талдау жүргiзiледi.

      Оттегi құрамы шамамен 19-20 % (көлемiнде) болуы қажет. Қазандық көлемiндегi жанғыш заттардың шоғырлануы сұйытылған көмiрсутектi газдар жалыны таралуының ең төменгi шоғырлану шегiнiң мәнiнен 20 %-ынан аспауы қажет.

      1222. Жұмыс iстемеген жағдайда цистерна вентильдерi жабық болады және өшiрiледi. Қажет болған жағдайда толтырылған цистерна вентильдерiнiң тығыздама толтырғышын ауыстыру клапан толықтай жабылғанда және бұқтырмалары алынғанда орындалады.

      1223. Сұйытылған көмiрсутек газдарымен вагон-цистерналары бар жылжымалы құрамда өрт қауiптi жағдай немесе өрт туындаған кезде темiржол станцияларында, аралықтарда, төгу-құю эстакадаларында, өнеркәсiптiк кәсiпорын жолдарында, маневрлiк жұмыстарды өткiзу кезiнде басшылар, диспетчерлер, машинистер және темiржол көлiгiнiң өзге де жұмысшылары өрт қауiптi жағдайларды шектеу және жою жоспарына сәйкес iс-әрекет жасайды.

      Жоспарлар 5 жылда кемiнде бiр рет қайта қаралуы тиiс. Технологияда, аппаратуралық ресiмдеуде, метрологиялық қамтамасыз етуде өзгерiстер болғанда, тасымалдауды ұйымдастыруда өзгерiстер болғанда, орын алған өрт қауiптi жағдайлар мен тасымалдау кезiндегi өрттер туралы деректер болғанда жоспарлар 15 күндiк мерзiмде нақтыланады. Жоспарларға өзгерiстер мен нақтылаулар жоспарлардың өздерi сияқты тәртiппен бекiтiледi және келiсiледi.

      1224. Жоспар мынадай негiзгi ережелердi:

      1) өрт туралы аумақтық өртке қарсы қызмет бөлiмшесiнiң орталық өрт байланысы пунктіне, желiлiк iшкi iстер органына және темiржол учаскесiнiң диспетчерiне хабарлау тәртiбiн;

      2) өрт қауiптi жағдай немесе өрт шығу орнына өрт сөндiру және қалпына келтiру пойыздарын шақыру тәртiбiн;

      3) басқару аудандарын анықтау және вагондар мен құрамдарды бөлiп жайғастыру және қауiптi аймақтан шығару, сондай-ақ өрт қауiптi жағдайды немесе өрттi бастапқы сатысында шектеу бойынша мiндеттердi станция жұмыскерлерi арасында бөлу тәртiбiн;

      4) барлық қажеттi деректердi көрсете отырып, объектiнiң (темiржол учаскесiнiң) нақты схемасын (жоспарын);

      5) темiржол көлiгi мен өрт сөндiру бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн қамтиды.

      1225. Станция жұмыскерлерi орындайтын, өрт қауiптi жағдайлар мен өрттердi шектеу және жою жоспарында көзделген бiрiншi кезектегi жұмыстар тiзбесi:

      1) өрттi байқаған сәттен бастап 15 минут iшiнде вагондар мен құрамдарды өрт ошағынан (жанып жатқан вагоннан, төгiлген және жанған сұйытылған көмiрсутек газдары орнынан) қауiпсiз қашықтыққа бөлiп жайғастыру;

      2) жылжымалы құрамның екi жағынан өрт ошағына көршiлес кемiнде үш жолдарды босатып, құрамды қауiптi аймаққа шығару. Көршiлес жолдарда жылжымалы құрамды қорғау қамтамасыз етiлген кезде жанып жатқан құрамды бiрден шығаруға болады;

      3) өрт сөндiру бөлiмшелерi жұмыс iстеп жатқан учаскелерде байланыс желiсiн тоқтан ажыратып, жерге тұйықтау;

      4) қауiпсiз аймақты өрт ошағының ық жағынан бірінші және екiнші жолдардың қашықтығында босату, бiрақ келетiн өрт сөндiру және қалпына келтiру пойыздарын қабылдау үшiн төртiншi-бесiншi жолдардан алыс болмауы керек;

      5) ең алдымен адамдары мен қауiптi жүктерi бар жылжымалы құрамды созылған жолдар жағына станция паркiнiң негiзгi массивiне, станция ғимараттарына, құрылыстарға, құрылымдар мен станция маңындағы объектiлерге тiкелей қауiп төндiретiн өрттiң ықтимал даму бағытын ескере отырып, эвакуациялауды жалғастыру;

      6) келген өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк қанат жаюы және түтік желiлерiн төсеу;

      7) жанып жатқан және оған қатар орналасқан цистерналар қабырғаларын салқындатуға, ал қажет болған жағдайда салалық өртке қарсы қызметтiң, ерiктi өртке қарсы құрамалардың және станция жұмыскерлерiнiң күштерiмен алғашқы өрт сөндiру құралдарының және қолда бар өрт-техникалық қару-жарағының көмегiмен өрт сөндiруге кiрiсу, түтік желiсiн жақын орналасқан су көздерiнен төсеу. Көрсетiлген операциялар осы операцияларды орындайтын адамдардың жеке қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлген жағдайда жүргiзiледі;

      8) қажет болған жағдайда шаруашылық қажеттiлiктерге су тұтынуды қысқартып, объектiнiң су өткiзу желiсiнде қысымды нормативтiк шамаға дейiн жоғарылату үшiн шара қолдану;

      9) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн қарсы алуды қамтамасыз ету және келген аға бастыққа өрт қауiптi жағдайдың немесе өрттiң сипаты туралы баяндау. Егер өрт басталғаннан кейiн 15 минут iшiнде жану ошағын шектеу мүмкiн болмаса, өрт аймағында (цистернадан 100 м дейiнгi қашықтықта) тек өртке қарсы қызмет бөлiмшесiнің ғана болуына жол беріледі.

      1226. Аға темiржол бастығы (жол, бөлiмше, станция бастығы немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтiру пойызының бастығы өртке қарсы бөлiмшелер келгенге дейiн өрт қауiптi жағдайды немесе өрттi шектеу және жою жөнiндегi жұмыстардың басшысы болып табылады.

      Өртке қарсы бөлiмшелер келгеннен кейiн өрт сөндiруге басшылық ету аға жедел бастық – өрт сөндiру басшысына жүктеледi, жылжымалы құрамды эвакуациялау және бөлiп жайғастыру бойынша станция жұмысшыларының әрекетi жұмыс басшысының нұсқауы бойынша және өрт сөндiру басшысының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

      1227. Сұйытылған көмiрсутек газы кеміген кезде сұйытылған көмiрсутек газын ағызу және құю бойынша барлық технологиялық операциялар, сондай-ақ пойыздардың қозғалысы және өрт қауiптi жағдайларды шектеуге және жоюға жатпайтын маневрлiк жұмыстар тоқтатылады. Ықтимал тұтану көздерi (от, ұшқын) жойылады. Сұйытылған көмiрсутек газы төгiлген аймақтан жанғыш заттар жинап алынады. Авария орнына мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, осы ауданның өртке қарсы және газдан құтқару қызметтерінің бөлімшелері шақыртылады, қауіптілік туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарланады. Мамандар болған жағдайда егер қауiп төнбесе, газдың кемуі қалпына келтiріледі немесе цистернаның iшiндегi сақтандыру шараларын сақтай отырып және авариялық жұмыс орнында өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi болған жағдайда, жарамды цистернаға айдап қотарылады. Сұйытылған көмiрсутек газы бар вагон-цистерна қауiпсiз орынға әкетіледі. Газдың қарқынды түрде кемуі кезінде ол цистернадан толықтай шығарылады, бұл ретте газ әбден ыдырағанға дейін 200 метр радиуста ықтимал газдану аймағының түзiлуiне тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Тоннельдерге, жертөлелерге, кәріздерге сұйытылған көмiрсутек газының өтуiне жол бермеу шаралары қабылданады.

      1228. Авария орнында өртке қарсы қызмет бөлiмшесi болмағанда ағатын сұйытылған көмiрсутек газдары жанған кезде өрттi шектеп, зақымданған цистернадан немесе эстакада коммуникациясынан ағатын өнiмнiң қауiпсiз жануы үшiн жағдай жасалады.

      1229. Кейбiр жағдайларда өрт қауiптi жағдайды шектеу және жою жөнiндегi жұмыстың басшысы егер бұл адамдардың қауiпсiздiгiне қауiп төндiрмесе, басқа объектiлердiң бұзылуына және өрттiң стихиялық өршуiне әкелмесе, ағатын сұйытылған көмiрсутек газдарын тұтандыру туралы өкiм беруi мүмкiн. Газды тұтандыру белгi беретiн пистолеттiң, петарданың көмегiмен жабыннан қашықтықтан жүзеге асырылады.

      Ағатын сұйытылған көмiрсутек газдарын жағу жұмыстары авария орнына өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қажеттi және есептiк саны келгеннен кейiн жүргiзiледi.

10. Сақтау объектiлерiн ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      1230. Қоймаларда (үй-жайларда) заттар мен материалдар олардың өрт қауiптi физикалық-химиялық қасиеттерiн (ылғал түскенде, ауамен араласқанда тотығуға, өздiгiнен қызуға және тұтануға қабiлетi), заттар мен материалдарды бiрге сақтау бойынша өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес өрт сөндiргiш заттардың қосылушылық және бiр тектiлiк белгiлерiн ескере отырып сақталады. Қолданылатын өрт сөндiргiш заттардың бiр тектiлiгiне қарамастан, қандай да бiр материалдар мен тауарларды бiр секцияда каучукпен немесе авторезеңкемен бiрге сақтауға болмайды.

      1231. Жанғыш газдары бар баллондар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтар (бөтелкелер, үлкен бөтелкелер, басқа да ыдыс), сондай-ақ аэрозоль орамдар күн сәулесi мен басқа жылудың әсерiнен қорғалады.

      1232. Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамдарын өртке қарсы бөлiктерде тек жоғары қабатта ғана жинауға болады, бөлiктегi мұндай орамдардың саны 150000 аспауы қажет.

      Қойманың оқшауланған бөлiгiнде 15000 аспайтын орамды (қорапты) сақтауға болады, ал қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 орамнан аспауы қажет. Қойма ғимараттары шатырсыз, тез ашылатын жабынды болуы тиiс.

      Жалпы қоймаларда аэрозоль орамдарын 5000 данадан аспайтын мөлшерде сақтауға болады.

      1233. Ашық алаңдарда немесе шатырлар астында аэрозоль орамдарын тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақтауға болады.

      1234. Қойма үй-жайларында материалдарды стеллажсыз тәсiлмен сақтау кезiнде қатарлап жиналады. Қойма үй-жайларының есiк ойықтарына қарама-қарсы енi есiктiң енiне тең, бiрақ 1 метрден кем болмайтын еркiн өту жолдары қалдырылады.

      Қоймаларда әрбiр 6 метр сайын енi кемiнде 0,8 метр бойлық өту жолдары салынады.

      1235. Қойма үй-жайлары iшiндегi ағаш констукциялары оттан қорғау құрамымен өңделедi.

      1236. Транзиттiк электр кәбілдерiн, газ және өзге де коммуникацияларды өтетiн үй-жайларда қоймаларды орналастыруға болмайды.

      1237. Шырақтардан бастап сақталатын тауарларға дейiнгi қашықтық кемiнде 0,5 метр және жанғыш құрылыс констукцияларының үстiне дейiн 0,2 метр етiп қабылданады.

      1238. Тауар-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерiн, тамақ iшу бөлмелері мен басқа да қосалқы қызмет бөлмелерiн орналастыруға болмайды.

      1239. Тауартанушылардың, сарапшылардың, қоймашылардың жұмыс орындарын қоршау үшiн қойма үй-жайларында орнатылатын шынылы қалқалар өрт туындаған жағдайда адамдар мен тауар-материалдық құндылықтарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейдi.

      1240. Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсiруге және көлiк құралдарының тұруына және оларды жөндеуге болмайды.

      Рампаға (платформаға) түсiрiлген жүктер мен материалдар жұмыс күнi аяқталғанда алып тасталады.

      1241. Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылықты тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнiмдi өлшеп ораумен, өрт қауiптi сұйықтықтардың жұмыс қоспаларын (нитробояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операциялар сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүргiзiледi.

      1242. Автомобильдер, мотовоздар, автотиегiштер мен автокрандар және жүк көтергiш техниканың өзге де түрлерi iрi жем-шөп, талшықты материалдар сақталатын маяларға, қатарларға және шатырларға оларда жарамды ұшқын сөндіргіш болған жағдайда кемiнде 3 метр қашықтықта жiберiледі.

      1243. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күнi аяқталғанда токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе бөлек тұрған тiрекке орнатылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрал-саймандары бар текшеге орналастырылып, құлыппен жабылады.

      1244. Қоймалардың үй-жайларында кезекшi жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға және штепсель розеткаларды орнатуға болмайды.

      1245. Ашық алаңда материалдарды сақтау кезiнде бiр секцияның (қатардың) ауданы 300 шаршы метрден аспайды, ал қатарлар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 6 метр етiп қабылданады.

      1246. База мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен өзге де адамдардың тұруына болмайды.

      1247. А, Б және В1- В4 санатты қойма үй-жайларына локомотивтердiң өтуiне болмайды.

      1248. Цех қоймаларында кәсiпорында белгiленген нормадан тыс мөлшерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болмайды.

      1249. Түтiнді шығаруға арналған ойықтары бар терезелерi жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға болмайды.

11. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың
қоймаларын ұстау тәртiбi
Резервуарлық парктердi ұстау тәртiбi

      1250. Резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген жерлерi осы топырақ үйiп бекiтiлген жердегi ең үлкен резервуардың көлемiне тең көлемде қамтылады және жарамды күйде ұсталады. Топырақ үйiп бекiтiлген жердiң iшiндегi алаңдар тегістеліп, құм себіледі. Механикаландырылған өрт сөндiру құралдары үшiн топырақ үйiп бекiтiлген жер арқылы өту жолдарын салу кәсiпорын басшылығының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте топырақ үйiп бекiтiлетiн жердiң тұтастығы мен биiктiгiн, сондай-ақ резервуарлық парктiң шекарасымен өту жолдарын бұзуға жол берілмейді.

      1251. Толтыруды және деңгейдi өлшеудi бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желiлерiнен басқа, резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлiген жерi iшiнде және тiкелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желiлерiн төсеуге болмайды.

      Көрсетiлген электр аппаратурасы мен сымдарды Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.

      1252. Резервуарлық парктегi құбырлардың коммуникациясы резервуарда авария болған жағдайда мұнайды бiр ыдыстан келесiсiне қотарып алу мүмкiндігін қамтамасыз ететіндей етіп көзделеді.

      1253. Жылдың қысқы мезгiлiнде резервуарлардың төбесiнен қарды дер кезiнде алу, сондай-ақ резервуарлық парктiң аумағына жолдар мен өрт сөндiруге өту жолдары қардан тазартылады.

      1254. Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ мерзiмдi сақтауға жататын резервуарға мұнай немесе мұнай өнiмiн толтыру кезiнде сұйықтықтың деңгейi (резервуардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау үшiн) қыздыру кезiнде сұйықтықтың кеңеюiн ескере отырып белгiленедi. Суық мұнай өнiмiнiң ең жоғарғы деңгейi сыйымдылықтың биiктiгiнен 95 %, ал сұйытылған газдардiкi 83 % аспауы қажет.

      1255. Резервуардың төбесiнде төгiлген мұнай деңгейiн өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейiн дереу алынады, ал резервуардың қақпағы құрғақ етiп сүртiледi. Төбеде сүртiлген материалдар мен қандай да бiр заттарды қалдыруға болмайды.

      1256. Жарылыс және өрт қауiптi үй-жайларда көмiрсутектердің шоғырлануын тұрақты бақылау үшiн жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.

      Ескерту. 1256-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1257. Әрбiр резервуар жиналып қалған шөгiндiлерден жүйелi түрде (кестеге сәйкес) тазаланады.

      1258. Резервуарлардағы мұнайды қыздырғыштардың үстiндегi сұйықтық деңгейi кемiнде 50 сантиметр болғанда (белгiленген шектерде) қыздыруға болады.

      1259. Резервуарлардағы жабысқақ мұнайды қызмет көрсетушi персонал тұрақты қадағалағанда буды ирек түтiктерiмен ғана қыздыруға рұқсат берiледi.

      1260. Мұнай өнiмдерi толтырылған резервуарларда жұмыс ұшқынға қауiпсiз аспапты пайдаланып қана жүргiзiледi.

      1261. Резервуарлық парктегi өнеркәсiптiк кәріз желiсiнде кемiнде 0,25 метр тұрақты су деңгейi болатын және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйiп қоршалған жерiнен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етіледі. Сақпандардың қалыпты күйi – жабық.

      1262. Жiктерде немесе корпустың негiзгi металында немесе түбiнде сызаттар пайда болғанда қолданыстағы резервуар дереу босатылып тазартылады.

      Мұнай толтырылған резервуарда сызаттарды жою бойынша отпен жүргізілетін және механикалық жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.

      1263. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрiнетiн жерлерде белгiленген өртке қарсы режимдi бұзуға жол бермеу туралы жазулар болуы қажет.

      1264. Статикалық электр зарядтарының түзiлуiн болдырмау үшiн:

      1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткiзетiн кiшкене арқандары бар сынама алғыштар қолданылады (арқанды резервуардың төбесіндегі тұйықтау клеммасына қосқан жөн);

      2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киiм пайдаланылады.

      1265. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн ағызу немесе құю кезiнде олардын сынама алуға жол берiлмейдi.

      1266. Сынама алу мен деңгейiн өлшеуге мұнай өнiмдерiнiң қасиеттерiн және олармен жұмыс iстеу кезiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларын жақсы бiлетiн адамдар жiберiледi.

      1267. Өлшеу құрылғыларының тұрақты жүйелерiмен ғана мұнай өнiмдерiнiң деңгейiн өлшеу және сынама алу қажет. Ерекше жағдайларда газ кеңiстiгiнiң артық қысымы 2,10 Па дейiнгі резервуарларда өлшеу люгi арқылы қолмен деңгейдi өлшеуге және сынама алуға болады.

      1268. Деңгей өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшiн қызмет ететiн люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу тесiктерiнде iшкi жағынан ұшқын түзiлуiн болдырмайтын металл шығырмен жабдықталады.

      1269. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндiру және салқындату жүйелерi ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.

      1270. Күкiрттi мұнай өнiмдерi сақталатын резервуарлар үшiн пирофор күкiрттi темiр шөгiндiлерiнен тазалау бойынша жоспарлы жұмыстардың кестесi әзiрленедi.

      1271. Пайдаланылатын резервуар парктерi аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсiпорынның бас инженерiнiң жазбаша рұқсаты негiзiнде ғана жүргiзiледi.

      1272. Топырақ үйiп бекiтiлген жерлердiң iшiнде және топырақ үйiп бекiтiлген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезiнде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейiн дереу көмiледi, ал топырақ үйiп бекiтiлген жер қалпына келтiрiледi. Жұмыста ұзақ мерзiмге үзiлiс болғанда уақытша топырақ үйiп бекiтiлетiн жер қалпына келтiрiледi.

      1273. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндiру және салқындату жүйелерi ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.

      1274. Деңгейді өлшеу және сынама алу тәулiктiң жарық уақытында орындалады. Түнгi уақытта сынама алу немесе деңгей өлшеу кезiнде жарық беру үшiн жарылыс қауiптi аймақтан тыс жерде ғана қосуға және ажыратуға рұқсат берiлетiн жарылыс қаупі жоқ аккумуляторлық фонарьлар ғана қолданылады, қалта фонарьларын пайдалануға жол берiлмейдi.

      1275. Авария кезiнде төгiлген мұнай өнiмiн жою үшiн, сондай-ақ топырақ үйiп бекiтiлген жерлерден кәріз жолдарында нөсер суын ағызу үшiн топырақ үйiлiп бекiтiлген жерлердiң шектерiнен тыс қолданысқа келтiрiлетiн сақпан-клапандар түрiндегi ысырма құрылғылар орнатылуы қажет.

      1276. Мыналарға:

      1) герметикаланбаған жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;

      2) жобалық құжаттамада белгiленген топырақпен үйiп бекiтiлетiн жердiң биiктiгiн азайтуға;

      3) қисық тұрған және сызаттары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнiм өткiзгiштердi және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;

      4) топырақ үйiп бекiтiлген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға;

      5) жанғыш негiзге сыйымдылықтарды орнатуға;

      6) резервуарлар мен цистерналарды асыра толтыруға;

      7) мұнай мен мұнай өнiмдерiн ағызу немесе құю кезiнде резервуарлардан сынама алуға;

      8) найзағай кезiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға болмайды.

      1277. Тыныс алу клапандары мен от бөгегiштер дайындаушы кәсiпорынның техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеріледі. Тыныс алу арматурасын тексеру кезiнде клапандар мен торлар мұздан тазартылады. Олар тек өртке қауiпсiз тәсiлдермен ғана жылытылады.

      1278. Резервуарлық парктiң қоймаларында өрт сөндiргiш заттардың, сондай-ақ ең үлкен резервуарда өрт сөндiру үшiн қажеттi мөлшерде оларды беру құралдарының қоры құрылады.

      1279. Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген аумағына пайдаланылған газдар шығатын құбырында ұшқын сөндіргіштерi бар тракторлар мен автомобильдердiң ғана өтуiне болады, автокөлiк пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға 20 метрден артық жақындамауы керек.

      Әр жағдайда көлiктiң өтуiне кәсiпорын немесе объект басшысы белгiленген тәртiппен рұқсат бередi.

      1280. Резервуарлық парктiң жұмыскерлерi пайдалану процесінде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажеттi ауыстырып қосуды жылдам әрi мүлтiксiз жүргiзу үшiн құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын бiлуi қажет.

      1281. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1282. Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкiн болмаса, онда мұнайдың төгiлуiн болдырмау шаралары қабылданады.

Мұнай өнiмдерiн ыдыста сақтау тәртiбi

      1283. Тұтану температурасы 120оС жоғары сұйықтарды 60 текше метрге дейiнгі мөлшерде еденi жанбайтын материалдардан жасалған және бетiнің қалыңдығы кемiнде 0,2 метр етіп тегiстелген топырақ қабаты төселген жағдайда жанғыш материалдардан жасалған жер асты қоймаларында сақтауға болады.

      1284. Жалпы саны 200 текше метр тез тұтанатын сұйықтықтардан немесе 1000 текше метр жанғыш сұйықтықтардан аспаған жағдайда, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ыдыста бiр үй-жайда бiрге сақтауға болады.

      1285. Қойма үй-жайлары басқа үй-жайлардан отқа төзiмдiлiк шегi кемінде ЕI-45 өртке қарсы қалқалармен бөлiнедi.

      1286. Қоймаларда тез тұтанатын сұйықтықтары мен жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелердi қолмен жинау кезiнде еденге 2 қатардан аспайтындай етiп, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелердi механикалық жинау кезiнде 5 қатардан, ал тез тұтанатын сұйықтықтарды 3 қатардан аспайтын етiп орналастырылады.

      Қатардың енiн 2 бөшкеден артық етiп орындауға жол берiлмейдi. Бөшкелердi тасымалдау үшiн бөшкелер арасындағы негiзгi өту жолдарының енi кемiнде 1,8 метр, ал қатарлар арасында кемiнде 1 метр етіп көзделеді.

      1287. Сұйықтықтарды тек ақаусыз ыдыста сақтау керек. Төгiлген сұйықтық дереу жинап алынады.

      1288. Ыдыста мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған ашық алаңдар топырақ бiлiгiмен немесе биiктiгi кемiнде 0,5 метр, алаңға өтуге арналған пандустары бар, жанбайтын тұтас қабырғамен қорғалуы тиiс.

      1289. Алаң деңгейi жапсарлас аумақтан 0,2 метр жоғары етiп орналастырылуы және ағынды суды бұру үшiн ормен қоршалуы тиiс.

      1290. Топырақпен үйiп қоршалған бiр алаңның шегiнде 4 қатардан аспайтын қатарлар арасындағы бөлiктерi кемiнде 10 метр, ал қатар мен бiлiк (қабырға) арасында кемiнде 5 метр, мөлшерi 25х15 метр және биiктiгi 5,5 метр бөшкелердi орналастыруға болады.

      Екi аралас алаңдардың қатарлары арасындағы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет.

      1291. Алаңдардың үстiнен жанбайтын материалдардан жасалған бастырмаларды орнатуға болады.

      1292. Қоймаларда тiкелей және топырақпен үйiп қоршалған алаңдарда мұнай өнiмдерiн құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдысты сақтауға болмайды.

Газ баллондарын сақтау тәртiбi

      1293. Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңiл ашылатын жабындары бар, бiр қабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастырылады.

      Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелерi ақ бояумен сырланады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады.

      Баллондарды ашық алаңдарда сақтағанда оларды жауын-шашын мен күн сәулесiнiң әсерiнен қорғайтын бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады.

      1294. Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 метр қашықтыққа қандай да бiр жанғыш материалдарды сақтауға және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге болмайды.

      1295. Баллондар орналастырылатын шкафтар мен үйшіктер жанбайтын материалдардан жасалады және олардың iшiнде жарылыс қауiптi қоспалардың түзiлуiн болдырмайтын табиғи желдеткiшпен қамтамасыз етiледi.

      1296. Жанғыш газдары бар баллондар оттегi, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады.

      1297. Сығылған, сұйытылған және ерiтiлген күйдегi газ қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және қауiпсiз пайдалану талаптарына сәйкес баллондарда сақталуы тиiс. Баллондардың сыртқы қабаттары сол газ үшiн белгiленген түспен боялады.

      1298. Оттегi бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезiнде майдың түсуiне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол беруге болмайды.

      Баллондарды домалатқанда тиек арматурасын қолмен ұстауға болмайды.

      1299. Баллондарды жинау кезiнде бiр-бiрiне соғылуына, қақпақтар мен баллондардың жерге құлауына жол беруге болмайды.

      1300. 40 баллоннан астам мөлшерде газдарды сақтайтын үй-жайлар жарылыс қауiптi шоғырлануға дейiн жарамды газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар болмаған жағдайда, сынама алу және бақылау тәртiбiн объектiнiң басшысы белгiлейдi.

      1301. Баллондардан газдың шығуы анықталғанда олар қоймадан қауiпсiз орынға шығарылады.

      1302. Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймаға табанында металл шеге немесе таға қағылған аяқ киiм киген адамдардың кiруге болмайды.

      1303. Табандығы бар жанғыш газ баллондары тiгiнен, олардың құлап қалуын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақталады.

      Табандығы жоқ баллондар көлденеңiнен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. Қатардың биiктiгi бұл жағдайда 1,5 метрден аспайтындай етiп қабылданады, ал клапандар сақтандыру қалпақтарымен жабылады және бiр жаққа қаратып қойылады.

      1304. Газ қоймаларында қандай да бiр басқа заттарды, материалдар мен жабдықты сақтауға болмайды.

      1305. Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайлары табиғи желдеткiшпен қамтамасыз етiледi.

Ауыл шаруашылығы өнiмiн сақтау тәртiбi
Iрi жемшөптi сақтау тәртiбi

      1306. Iрi жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 жабындармен бөлiнген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтауға болады.

      1307. Қосымша құрылыстар (жапсарлас салынған) тікелей сыртқа шығу жолымен жабдықталады.

      1308. Шөп жинау орны топырақ бiлiгiмен және сым қоршаумен қоршалады. Таразы шөп жинау орнынан тыс орналастырылады. Iрi жемшөптердiң кебендерi (маялары), бастырмалары мен қатарлары электр беру желiлерiне дейiн кемiнде 15 метр, жолдарға дейiн кемiнде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейiн кемiнде 50 метр қашықтықта орналастырылады.

      1309. Шөп қоймалары қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейiнгi қашықтық кемiнде 20 метр етiп орындалады, периметрiнің бойымен енi кемiнде 4 метр жолақ жыртылады.

      1310. Өндiрiстiк-шаруашылық кешеннiң аумағындағы iрi жемшөп қоймалары арнайы бөлiнген алаңда орналастырылады. Кебендердi (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдардың периметрiмен енi кемiнде 4 метр жолақ жыртылады. Жолақтың шетiнен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейiнгi қашықтық кемiнде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейiн кемiнде 5 метр етіп орындалады.

      1311. Бiр кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал престелген шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол берiлмейдi.

      1312. Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет. Қатарларды, бастырмаларды мен кебендердi (маяларды) жұптап орналастырғанда қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтық кемiнде 6 метр, ал олардың жұптарының арасы кемiнде 30 метр етiп қабылданады.

      1313. Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөлiктер (бiр кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға болады) кемiнде 100 метр етіп орындалады.

      1314. Ылғалдылығы жоғары шөптер конус тәріздес маяға (шөмелеге) аралары кемiнде 20 метр етіп бөлiп жиналады. Өздiгiнен жануға бейiм ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймдi қималы металл құбырларға салынатын және әртүрлi тереңдiкте маяға орналастырылатын кәдiмгi сынап термометрлерiнiң көмегiмен температураны тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      Температура 60оС астам жоғарылағанда жанған шөп қазып алынады.

      1315. Жемшөп қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторлар мен автомобильдер ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндiргiш бампердiң астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер қоймаға жұмыс iстеуге жiберiлмейдi. Қоймаға кiрер алдында жүргiзушiлер ұшқын сөндіргіштiң жарамдылығын және нығыз бекiтiлуiн тексередi.

      1316. Шығыңқы құбырлармен, коллекторлармен немесе ажыратқыштармен тiкелей жанасуынан жемшөптiң тұтануын болдырмау үшiн тартқыш тракторлар және түсiру жұмыстарымен айналысып жатқан автомобильдер маяларға 3 метрден жақын бармайды.

      1317. Жемшөптi тiкелей автомобиль шанағына тиеу кезiнде оның қозғалтқышы сөндiрiледi. Қоймадан шығуға автомобильдiң тұрған орнын тексергеннен және өткiзу құбырына жақын шөптi (сабанды) жинағаннан кейiн ғана рұқсат берiледi.

      1318. Iрi жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемiнде 50 текше метр су қоры болуы тиiс.

Астық сақтау тәртiбi

      1319. Егiн жинау басталмас бұрын астық қоймалары мен астық кептiргiштердiң пайдалануға жарамдылығы тексерiледi. Анықталған ақаулықтар астық кептiру мен қабылдау басталғанға дейiн жойылады.

      1320. Астық қоймалары оқшау тұрған ғимараттарда орналастырылады. Оларға кiретiн қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етiп орындалады және үймеленбейдi.

      1321. Астықты үйiп сақтағанда үйменiң төбесiнен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейiнгi, сондай-ақ шырақтар мен электр өткiзгiштерге дейiнгi қашықтық кемiнде 0,5 метр етiп орындалады.

      Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқаларда от бөгегiш құрылғылар орнатылады.

      1322. Мыналарға:

      1) басқа материалдар мен жабдықты астықпен бiрге сақтауға;

      2) қойма үй-жайлары iшiнде қолданылатын астық тазалау және iштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға;

      3) қойманың екi жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетiктермен жұмыс iстеуге;

      4) қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштердi тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегiмен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндердi алаудың көмегiмен жағуға;

      5) температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын берудi ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесi ақаулы немесе оларсыз кептiргiштерде жұмыс iстеуге;

      6) астықты транспортер таспасының деңгейiнен биiк етiп үюге және таспаның транспортер құрылымына үйкелуiне жол берілмейді.

      1323. Кептiргiш жұмыс iстеп тұрғанда астық температурасын бақылау кемiнде әрбiр 2 сағат сайын сынама алу арқылы жүзеге асырылады.

      Кептiргiштiң тиеу-түсiру тетiктерiн тозаң мен астықтан тазарту оның жұмысынан бiр тәулiктен кейiн жүргiзiледi.

      1324. Жылжымалы кептiру агрегаты астық қоймасы ғимаратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнатылады.

      Кептiргiштердiң оттықтарын орнату кезiнде ұшқынның шығуы жоққа шығарылады. Мұржалар ұшқын сөндiргiштермен жабдықталады, олардың жанғыш құрылымдар арқылы өту орындарында өртке қарсы бөлiктер орнатылады.

      1325. Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткiштер жанғыш қабырғалардан кемiнде 2,5 метр қашықтықта орнатылуы тиiс. Ауа өткiзгiштер жанбайтын материалдардан жасалады.

      1326. Кептiргiштердегi мойынтiректер мен тетiктердiң басқа да үйкелетiн бөлшектерi пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүйелi түрде майланады.

      1327. Астық кептiргiш жұмыс iстеп тұрған кезде оған қызмет көрсетушi адамдар үнемі кептiру ғимаратында болады және оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

      1328. Механикаландырылған астық қоймаларында:

      1) төменгi тасымалдау галереясы жанбайтын материалдардан жасалады және тиiмдi желдеткiшпен қамтамасыз етiледi;

      2) төменгi тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдарының саны екiншi галереяның басында және соңында орналасқан терезеден кемiнде екеу етiп көзделеді. Бiрнеше секциялы қоймаларда төменгi тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдары бiр-бiрiнен 60 метрден аспайтын етiп орналастырылады;

      3) отқа төзiмдiлiгi III және IV дәрежелi қоймаларда жоғарғы конвейерлiк галереяларды (алаңдарды) жанғыш материалдардан дайындауға болады, ал отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттарда тек қана жанбайтын материалдардан дайындалады;

      4) галереяның өту жолдарының енi кемiнде 0,7 метр етiп жасалады.

      1329. Бұғатталған механикаландырылған астық қоймаларында:

      1) қоймалар, ғимараттар арасындағы жанғыш қосқыш галереяларда жанбайтын материалдарды қолдана отырып, 6 метрлiк өртке қарсы аймақтарды орнатуды көздеу қажет;

      2) төменгi және жоғарғы галереялардағы, өртке қарсы қабырғалар арқылы таспалар өтетiн орындарда транспортерлердiң тұғырлары ұзындығы кемiнде 6 метрлiк жанбайтын материалдардан қарастырылуы қажет;

      3) тасымалдау таспасының өтуiне арналған өртке қарсы қабырғадағы ойықтың өлшемi енi мен биiктiгi бойынша ең қысқа болуы және астық таспасының еркiн өтуi үшiн қажеттi жолдан үлкен болмауы қажет. Ойық оны автоматты түрде жабатын өртке қарсы құрылғымен жабдықталуы қажет;

      4) төменгi және жоғарғы галереяларда қызмет көрсетушi персоналдың өтуi үшiн өртке қарсы қабырғаларда отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-60, сәл жабылатын жерлерi тығыздалған өртке қарсы өздiгiнен жабылатын есiктерi бар ойықтарды орнатуға болады.

      1330. Қолда бар астық қоймаларында тұрақты механизацияны орнату кезiнде:

      1) норий мұнаралары немесе кептiру-тазалау мұнараларының құрылғысы жобалық құжаттамаға сәйкес келеді;

      2) норий және өздiгiнен ағатын құбырлар, норий бастиектерi мен табандықтары бақылау люктерiнде дәл сондай қақпақтары бар жанбайтын материалдардан жасалады.

      1331. Өндiрiстiк және қойма үй-жайларының iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.

      1332. Астық сақтау үшiн ауданы 1200 м2 дейiн жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған шатырларды салуға болады.

      1333. Астық тұқымының әртүрлi сұрыптарының кiшiгiрiм париясын қоймада сақтау кезiнде осы мақсат үшiн бұл жағдайда тұтас қойманың бойымен ортасына енi кемiнде 1,5 метр бiр өту жолын және қойманың қарама-қарсы қабырғаларында орналасқан қақпаларға қарсы, енi қақпалардағы ойықтардың енiне тең тура жүретiн екi өту жолын орната отырып, бөлек ағаш жәшік салуға болады.

      1334. Астықтың жекелеген партияларын бөлу үшiн ағаштан жасалған стандартты бидай қалқандарын қолдануға болады.

      1335. Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың енi кемiнде 0,7 метр етiп қабылданады.

      1336. Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтерi бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарының барлық түрлерін пайдалануға жол берiлмейдi.

      1337. Өнiмдi қаптарда, пакеттерде, қораптарда сақтауға арналған қоймаларда қатарлардың биiктiгi қаптардың жоғарғы қатары мен жабынның шығыңқы бөлiктерi немесе жамылғы, сондай-ақ электр желiлерi, шырақтар арасында кемiнде 1 метр саңылау қалдыра отырып, тиiстi биiктiкке электр тиегiшпен кедергiсiз төсеудi ескере отырып қабылданады. Ыдыстағы өнiм тұғырларда немесе стеллаждарда сақталады.

      1338. Нан пiсiру және макорон кәсiпорындарында ұнды қаппен жинау кезiнде өту жолдары мен өткелдердiң енi кемінде:

      1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемiнде 12 м сайын – 0,8 метр;

      2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейiнгi қашықтық – 0,7 метр;

      3) электр тиегiштер үшiн өткелдер – 3,0 метр;

      4) көтергiш платформасы бар арбалар үшiн өткелдер – 2,0 метр етіп қабылданады.

      1339. Астық өнiмдерi саласының қалған кәсiпорындарының ыдыста өнiм сақтауға арналған қоймасының iшiнде:

      1) қойманың ортасында, бойлай, енi тетiктердiң жұмысын қамтамасыз ететiн, бiрақ 1,25 метр кем емес – бiр;

      2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретiн, енi қақпалардың енiнен кем емес екi көлденең;

      3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – енi 0,7 метрден кем емес өту жолы орнатылады.

      1340. Астық қабылдау және астық өңдеу кәсiпорындарында ыдыста өнiм сақтауға арналған қойманың әрбiр жағынан тура жүретiн өту жолдары бар екi қақпа көзделеді. Қақпалар қойма тура жүретiн өту жолдарымен қақпаларға қарсы өнiм жиналуы мүмкiн әртүрлi үш бөлiкке бөлiнетiндей етiп орналастырылады.

      1341. Жылу беру аспаптарының бетi тегiс болады және оларды тозаңнан жүйелi түрде тазалау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн биiктiкте орналастырылады.

      1342. Жылу беру аспаптарына еркiн қол жеткiзiледi. Жылу беру аспаптарын бөгде заттармен немесе материалдармен жабуға жол берiлмейдi.

      1343. Кеңейту ыдыстарын орнатуға арналған шатырлардағы кабиналар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады.

Ағаш материалдарын сақтау тәртiбi
Ағаш материалдары қоймаларын ұстау тәртiбi

      1344. Ағаш материалдары қоймаларында сақталатын материалдардың шектi көлемiн, өртке қарсы бөлiктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршiлес объектiлер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарлары әзiрленедi.

      1345. Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөлiктерде ағаш материалдарын, жабдықты жинап қоюға болмайды.

      1346. Қатарларға арналған орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейiн тазартылады немесе қалыңдығы кемiнде 0,5 метр құм, топырақ немесе қиыршық тас қабатымен жабылады.

      1347. Әрбiр қойма үшiн кәсiпорын жұмыскерлерi мен техникасын тарту мүмкiндiгiн ескере отырып, қатарларды, баланс үймесiн, жоңқаларды бұзу шаралары анықталып, жедел өрт сөндiру жоспары әзiрленедi. Жыл сайын өрт қауiптi маусым басталмас бұрын кәсiпорынның барлық ауысымы мен өртке қарсы қызметтiң тиiстi бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн тарта отырып, жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағына ауық-ауық су себіледі.

      1348. Қоймаларда алғашқы өрт сөндiру құралдарынан басқа пункттер (бекеттер) жедел өрт сөндiру жоспарларында анықталатын мөлшерде әртүрлi өрт техникасының қорымен жабдықталады. Ағаш материалдарының қоймалары өрт сөндiру үшiн қажеттi су қорымен қамтамасыз етіледі.

      1349. Қоймада ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды атқаруға болмайды.

      1350. Ағаш материалдары қоймаларындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайларды өртке қарсы бөлiктердi сақтай отырып, бөлек ғимараттарда ғана орналастыруға болады. Бұл үй-жайларға жылу беру үшін зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптарын ғана қолдануға болады.

      1351. Iштен жану қозғалтқыштары бар шығырлар бөрене қатарларынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.

      Шығырдың айналасындағы алаң кесек қалдықтардан, қабықтардан және өзге де жанғыш қалдықтар мен қоқыстардан босатылуы қажет. Қозғалтқыштарға құюға арналған жанар-жағармай материалдарын бiр бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемiнде 10 метр және жақын орналасқан қатардан 20 метр қашықтықта сақтауға болады.

Кесілетін ағаш материалдары қоймаларын ұстау тәртiбi

      1352. Кесілетін ағаш материалдары қатарларын төсеу және бұзу кезiнде тасымалдау пакеттерi өту жолының бiр жағынан ғана орнатылады, бұл ретте жолдың қалған бөлiгiнiң енi кемiнде 4 метр етiп орындалады. Қатарларға төселмеген кесілетін ағаш материалдарының жалпы көлемi олардың тәулiктiк қоймаға түсуiнен артпауы қажет.

      1353. Тасымалдау пакеттерiн өртке қарсы бөлiктерде, өту жолдарында, өрт сөндiру су көздерiне кiреберiстерге орнатуға болмайды.

      1354. Механизмдердiң жұмысы уақытша тұрып қалған жағдайда пакеттердi iрiктеу және орнату, құрал-сайман және төсеу материалдарын сақтау арнайы алаңдарда жүргiзiледi.

      1355. Тасымалдау пакеттерiн су өткiзбейтiн қағазбен орау (бұл операция бiрыңғай технологиялық процесте болмағанда) арнайы бөлiнген алаңдарда жүргiзiледi.

      1356. Пайдаланылған су өткiзбейтiн қағаз, оның қиындылары мен кесiндiлерi контейнерлерге жиналады.

      1357. Жабық қоймаларда қатарлар мен ғимарат қабырғаларының шығыңқы бөлiктерiнiң арасындағы өту жолының енi кемiнде 0,8 метр болуы қажет. Қойманың есiк ойықтарына қарсы енi есiктердiң енiне тең, бiрақ кемiнде 1 метр өту жолдары қалдырылады.

      1358. Жабық қоймаларда қалқалар мен қызмет бөлмелерiнің болуына жол берілмейді.

      1359. Жабық қоймалар мен бастырма алаңдарының едендерi жанбайтын материалдан жасалады.

Жоңқа қоймаларын ұстау тәртiбi

      1360. Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және еденi жанбайтын материалдан жасалған ашық алаңдарда сақтауға болады.

      1361. Жоңқа беру конвейерлерiнiң электр қозғалтқыштары орнатылған будкалардың отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен болмайтындай етiп көзделеді.

      1362. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшiн кертпектiң iшiнен жылу электрлiк түрлендiргiштердi орнату үшiн жанбайтын материалдардан жасалған құдықтар көзделеді.

Көмiр қоймаларын ұстау тәртiбi

      1363. Көмiр жинауға арналған алаңдар оларды жауын-шашын немесе топырақ суларының басуын болдырмайтындай етiп жоспарланады.

      1364. Мыналарға:

      1) жаңа қазылып алынған көмiрдi бiр айдан артық жатқан ескi көмiр үйiндiсiне жинауға;

      2) қоймаға өздiгiнен тұтану ошақтары анық байқалатын көмiрдi қабылдауға;

      3) жанып жатқан көмiрдi транспортер таспалары арқылы тасымалдауға және оларды темiржол көлiгiне немесе бункерге тиеуге;

      4) көмiр қатарларын жылу көздерiнiң (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстiне, сондай-ақ төселген электр кәбілдерi мен мұнай-газ өткiзгiштердiң үстiне орналастыруға болмайды.

      1365. Көмiрдi жинау және оны сақтау кезiнде қатарларға ағаштың, матаның, қағаз бен өзге де жанғыш материалдардың түсуiне жол берiлмейдi.

      Әртүрлi маркалы көмiр бөлек қатарларға жиналады.

      1366. Ұзақ мерзiмдi сақтау үшiн қоймаға түсетiн көмiр мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде оның вагондардан түсiрiлуiне қарай қатарлап жиналады. Түсiрiлген көмiрдi екi тәулiктен астам формасыз үйiп және төгiп сақтауға болмайды.

      Қатарлармен регламенттiк жұмыстарды орындау, сондай-ақ тетiктер мен өрт сөндiру машиналарының өтуi үшiн қатарлар төменгi шетiнен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдары iргетасына дейiнгi қашықтық кемiнде 3 метр, ал рельс бастиегiнiң сыртқы шетiне немесе автожолдың жиегiне дейiн кемiнде 2 метр етiп көзделеді.

      Өту жолдарына қатты отын төгуге және оларды жабдықпен үймелеуге болмайды.

      1367. Қоймада жиектерiне бақылау темiр құбырлары мен термометрлердi орнату арқылы немесе өзге де қауiпсiз тәсiлмен көмiр қатарларындағы температураны жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi.

      Температура 600С астам жоғарылағанда температура жоғарылаған жерлерде қатарларды нығыздау, қызған көмiрдi қазу немесе температураны төмендету бойынша өзге де қауiпсiз әдiстер қолданылады.

      Температураның жоғарылауы байқалған қатарлар ең алдымен жұмсалады.

      1368. Көмiрдi тiкелей қатарларда сумен сөндiруге немесе салқындатуға болмайды. Жанған көмiр қатардан қазып алынғаннан кейiн ғана сумен сөндiрiледi.

      1369. Өздiгiнен тұтанған көмiрдi салқындатқаннан немесе сөндiргеннен кейiн қатарларға қайта салуға болмайды.

      1370. Өндiрiстiк ғимараттардың жертөле немесе бiрiншi қабатында орналасатын, көмiр сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлiнедi.

Жанғыш талшықты материалдар қоймаларын ұстау тәртiбi

      1371. Барлық талшықты материалдар жабық қоймаларда сақталады, ерекшелiк ретiнде, ашық алаңдар мен шатыр астында сақтауға жол берiледi.

      1372. Талшықты материалдар бумасын түсiру, тиеу және төсеу кезiнде бумалардың металл орамына iлмектердiң соқтығысуына жол берiлмейдi.

      1373. Талшық қатарлары мен бастырмалары рет-ретiмен ұяшықтарға, топтарға және секторларға қойылады.

      1374. Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол берiлмейдi.

      1375. Қатарлардың өлшемдерi 22х11 метрден аспайтындай, биiктiгi 8 метрден аспайтындай етiп көзделеді.

      1376. Ұяшықта алты қатардан немесе бастырмадан аспайтындай етiп көзделеді, бұл ретте қатарлар арасындағы аралықтар – кемiнде 15 метр, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 метр.

      1377. Топта төрт ұяшықтан аспайтындай (24 қатар немесе бастырма) етiп көзделеді, ұяшықтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемiнде 30 метр.

      1378. Секторда төрт топтан аспайтындай (96 қатар немесе бастырма) етiп көзделеді, топтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемiнде 50 метр.

      1379. Секторлар арасындағы аралықтарды 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi.

      1380. Талшықты материалдар сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелер қоршалады, бұл ретте қоршаудан бастап қашықтықтың 5 метрден кем болуына жол берiлмейдi.

      1381. Тез жанатын талшықты материалдарды тек бумаларда ғана сақтауға жол берiледi. Бұзылған бумалар бөлек учаскелерде немесе арнайы бөлiнген алаңдарда сақталады. Олар қайта өңдеуге ең алдымен жiберiледi.

      1382. Жабық қоймаларда талшықты материалдар бумаларын жинау енi 2 метр бiр бойлық өту жолы мен енi дәл сондай болатын әр есiкке қарсы көлденең өту жолдары қалатындай етiп жүргiзiледi. Биiктiгi бойынша бумалар буманың үстiнен бастап электр шамдарына дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр болатындай етiп жиналады.

      1383. Өндiрiстiк қалдықтарды шикiзатпен және дайын өнiммен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.

      1384. Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.

      1385. Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезiнде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезiнде темекi шегуге жол берiлмейдi.

      1386. Жабық қоймалардағы және шатыр астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы аралықтар бос ұсталады.

      1387. Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын сөндіргіштерсiз темiр жол (паровоздардан басқа) және автокөлiктiң 5 метр, ал тракторлардың 10 метр жақын келуiне жол берiлмейдi. Бұл орындарда шектеу бөренелерi орнатылады. Автокөлiк жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына пайдаланылған құбырға қарама-қарсы жағынан өтедi, бұл ретте ажыратқыш жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталады.

11. Автожанармай құю станцияларын ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер

      1388. Осы бөлiмнiң ережелерi негiзiнде автожанармай құю станцияларының иелерi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтар әзiрлейдi, онда мыналар көрсетiледi:

      1) мұнай өнiмдерiн қабылдау тәртiбi, оны сақтау және тұтынушыларға жiберу шарттары;

      2) аумақты ұстау тәртiбi;

      3) өрт сөндiру құралдарын ұстау, оларды iске қосу және өрттi байқаған кезде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру қағидалары;

      4) май сүртiлген материалдар мен құмды жинау, сақтау және шығару, арнайы киiмдi сақтау, үй-жайларды жинау және технологиялық жабдықты тазалау тәртiбi;

      5) автожанармай құю станцияларының өзге де өзiндiк ерекшелiктерi.

      1389. Автожанармай құю станцияларында өрт қауіптi жағдайлар туындағанда технологиялық жүйелердiң электр қоректендiргiшiн (аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң электр қоректендiргiшiнен басқа) ажыратып, автожанармай құю станцияларын пайдалану тоқтататылады және оның аумағы көлiк құралдары мен келушiлерден босатылады және сонымен қатар өрт қауіптi жағдайды жоюға кiрiседi.

      1390. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1391. Отын автоцистернаға тiкелей жақын жерге төгiлгенде (бензин төгiлгенде бұл қашықтық төгiлген жерден бастап автоцистернаның габаритiне дейiн 6 метрге дейiн және дизельдiк отын төгiлгенде 3 метр етiп қабылданады) автоцистерна қозғалтқышын қосуды және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығару (егер бұл адам өмiрiне қауiп төндiрмесе) төгiлген отын тұтанғанда ғана немесе өрт қауіптi жағдайды жою үшiн төгiлген отын көмiлген ластанған құм шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзіледi. Едәуiр қашықтықта төгiлгенде автоцистерна бензин төгiлген шектен кемiнде 6 метр және дизельдiк отын төгiлген шектен 3 метр қашықтықта төгiлген жердi айналып өтiп, дереу шығарылады.

      1392. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1393. Автожанармай құю станцияларында өрт шыққан жағдайда өрт туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарланып, аумақты келушiлер мен көлiк құралдарынан босату шараларын қолданумен қатар, алғашқы өрт сөндiру құралдарымен отты сөндiру басталады.

      1394. Автожанармай құю станцияларының барлық жұмысшылары мен автоцистерна жүргiзушiлерi өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және қайта) және өрт-техникалық минимумы сабақтарынан тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтедi.

Автожанармай құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын,
құрылыстарын және аумағын ұстау тәртiбi

      1395. Автожанармай құю станцияларының аумағы жоспарланады және абаттандырылады, жанғыш қоқыс пен төгiлген мұнай өнiмдерiнен үнемі тазартылып тұрады.

      1396. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi әртүрлi заттар мен материалдарды жинау үшiн, көлiк құралдарын орналастыру және күрделi және уақытша объектiлердi салу үшiн пайдалануға болмайды.

      1397. Автожанармай құю станцияларының аумағы арқылы көлiк құралдарының қозғалысы бiр жақты етiп көзделеді. Бұл ретте кiру және шығу жолы бөлек қамтамасыз етiледi.

      1398. Автожанармай құю станцияларының аумағына кiру алдында оның аумағында көлiктiң қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргiзушiлер мен жолаушылар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы талаптары бар стенд iлiнедi.

      1399. Автожанармай құю станцияларының аумағына өту жолдары, су көздерiне кiреберiстер мен алғашқы өрт сөндiру құралдарына бару жолдары әрдайым бос ұсталады. Қысқы уақытта өту жолдары мен өтетiн жерлер қардан тазартылады.

      1400. Пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен құмды жинау үшiн қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшiктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен құм аптасына кемiнде бiр рет автожанармай құю станцияларынан (бұдан әрi – АЖС) тыс шығарылады.

      1401. АЖС аумағында темекi шегуге болмайды.

      1402. АЖС барлық үй-жайларына кiретiн есiктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:

      1) "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiне сәйкес жарылыс, өрт қаупi мен өрт қауiптiлiгi бойынша үй-жайлардың санаты;

      2) Электр қондырғыларын орнату қағидалары бойынша жарылыс қауiптi және өрт қауiптi аймақтардың сыныбы;

      3) өртке қарсы жай-күй үшiн жауапты жұмысшының тегi, аты-жөнi;

      4) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру телефондарының нөмiрлерi көрсетiлген жазбалар дайындалады.

      1403. АЖС үшiн мыналар әзiрленедi және көрiнетiн жерлерде iлiнедi:

      1) өрт қауiпсiздiгi шаралары жөнiндегi нұсқаулықтар;

      2) қолда бар үй-жайлар, эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндiру құралдары мен дабылды орналастыру орындары көрсетiлген ғимараттардың жоспарлары.

      1404. Автожанармай құю станцияларының аумағынан жанып жатқан көлiк құралын шұғыл эвакуациялау үшiн АЖС ұзындығы кемiнде 3 метрлiк қатты буксирлеу штангасымен қамтамасыз етiледi.

      1405. АЖС қауiпсiздiк белгiлерiмен және жол белгiлерiмен қамтамасыз етiледi, оның қатарында темекi шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салатын, жолаушылар мен жанармай құйылатын көлiктiң қозғалысын реттейтiн белгiлер болады.

      1406. Автожанармай құю станциясында АЖС персоналы үшiн мынадай қызметтiк және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады: оператор бөлмесi, әкiмшiлiк, тамақ iшетін бөлме, күзет қызметi, сондай-ақ санитарлық тораптар, арнайы киiм, құрал, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдық үшiн қойма. Көрсетiлгендерден басқа, АЖС аумағында жер асты резервуарларымен қатар жолаушыларға, жүргiзушiлер мен олардың көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету ғимараттарын (үй-жайларын) орналастыруға болады.

      Жолаушылар мен жүргiзушiлерге сервистiк қызмет көрсетуге бөлiнген үй-жайларда iлеспе тауарлар дүкенiн, дәмхана мен санитарлық тораптарды, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету үшiн – автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жуу бекеттерін орналастыруға болады. Жер бетi резервуарлары бар АЖС аумағында автожанармай құю станциясының персоналына арналған үй-жайлармен қатар сауда залы жоқ iлеспе тауарлар дүкенiнiң үй-жайын орналастыруға болады.

      1407. Автожанармай құю станциясының ғимараты орталық жылу жүйесiмен жабдықталады. Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейiнгi тиiстi қашықтықты сақтай отырып орнатуға болады. Жылыту аспаптары мен әртүрлi құбырларға жанғыш материалдарды (арнайы киiмдi, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киiм мен аяқ киiмдi кептiруге болмайды. Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға болмайды.

      1408. Қызмет көрсетушi персоналдың арнайы киiмi металл шкафтарда iлiнген күйде сақталады.

      1409. Автожанармай құю станциясын жалын таралуы мүмкiн (дәндi дақылдар, мақта егiсi) ауыл шаруашылығы дақылдары егiсiне немесе егiстiктер мен дала алқаптарына iргелес дала алқаптары бойымен жақын орналастыру кезiнде АЖС шекаралары енi кемiнде 4 метр етіп жыртылады.

Технологиялық жабдықты пайдалану тәртiбi

      1410. АЖС технологиялық жабдығы:

      1) жобалық, техникалық-пайдалану құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкес болуы;

      2) бақылау және реттеу аспаптары жарамды болуы;

      3) герметикалы болуы тиiс.

      1411. Технологиялық жабдықты:

      1) отын ағып тұрғанда;

      2) бақылау және реттеу құралдары болмағанда, ақаулы болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзiмi өтiп кеткенде;

      3) кез келген жарамсыздық кезiнде пайдалануға болмайды.

      1412. Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауiптiлiгі дәрежесiнен артық құрылымдық өзгерiстер енгiзуге болмайды.

      1413. Бақылау-өлшеу аспаптарына пломба салынады және технологиялық жабдықтың өртке қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн анық белгiленген шектi рұқсат етiлген өлшемдермен (қысым, температура, қосылым, құю деңгейi) белгiленедi.

      Рұқсат етiлген шектерден тым болмаса бiр параметрінен ауытқу орын алса, автоматты түрде ескерту (жарық немесе дыбыс) сигналдары берiледi.

      1414. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерiн дайындаушы зауыттың келiсiмiнсiз аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң жұмыс iстеу параметрлерін өзгертуге болмайды.

      1415. Негiзгi және қосалқы технологиялық жабдық статикалық электрден қорғағышпен қамтамасыз етiледi.

      1416. Фланецтердiң, келте құбырлардың, штуцерлердiң және атмосферадан отын мен оның буын бөлетiн басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнiмдерi мен қоршаған ортаның әсерiне тұрақты төсемдермен жабдықталады.

      Пайдалану кезiнде ашу үшiн көзделген көрсетiлген қақпақтар мен бiтеуiштер ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.

      1417. Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желiлерiмен жабдықталады.

      Деаэрация желiлерiнiң құбыржолдары от бөгегiштермен немесе қосымша от бөгегiштерi бар тыныс алу клапандарымен жарақталады, олар жылдың кез келген мезгілінде жұмысқа қабілетті болады.

Жөндеу және регламенттiк жұмыстарды жүргiзу тәртiбi

      1418. Жанғыш бу-ауа қоспалары түзiлуi мүмкiн аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын киiм мен аяқ киiммен, ұшқынға қауiпсiз аспаппен орындалады.

      1419. Бұрын пайдалануда болған резервуарлары отын толықтай шығарылғаннан, су буымен буландырылғаннан, жылы сумен жуылғаннан, инерттi газбен үрленгеннен және газ талдағыштың көмегiмен отын буының бар-жоғы тексерiлгеннен кейiн ғана тасымалдау, алаңда орындарын ауыстыру, орнату, жөндеу жүргiзiледi.

      Сыйымдылықтағы отын буы шоғырлануының тұтанудың ең төменгi шоғырлану шегiнен 20 % артуына жол берiлмейдi.

      1420. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерiнiң герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргiзу үшiн (резервуардың қабырға аралық кеңiстiгi, резервуардың iшкi кеңiстiгi, құбырлар) жанбайтын газдар (азот, көмiр қышқыл газы) пайдаланылады. Жабдықтың герметикалы емес екендiгi анықталған жағдайда автожанармай құю станциясын пайдалану тоқтатылады.

      1421. Қатты бөлшектердi (шламдарды) iске қосып, барлық резервуар түрлерiнен тауар суын шығару жабық тәсiлмен жүргiзiледi. Осы мақсатта қолданылатын жабдық ұшқын шығармайтын материалдан жасалады және бензинмен және дизельдiк отынмен жұмыс iстеуге арналады. Қол сорғыларды пайдалану кезiнде шлам булану алаңы мүмкiндiгiнше ең аз ашылған, жабық сыйымдылыққа ғана ағызылады. Шламдарды шығару кезiнде осы операциямен байланысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабық болады. Шламға арналған сыйымдылық резервуарға жапсарлас аумақтағы тұғырға орнатылады және жерге тұйықталады. Бiрнеше камералы резервуарлардан шламдарды шығару әр камера үшiн бөлек-бөлек жүргiзiледi.

      Шлам шығару аяқталғаннан кейiн шлам автожанармай құю станциясынан тыс шығарылады.

      1422. От бөгегiштi немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесiн құбырының шығу жолында осы құбырды тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға болмайды. От бөгегiштiң түрi пайдалану аймағының климат жағдайларында оның қалыпты жұмыс iстеу жағдайларына сәйкес орындалады.

      1423. Технологиялық жүйенiң құрылымында резервуарға көлiк құралының отын багынан шығатын отын буын рециркуляциялау желiсi болған жағдайда отын буын рециркуляциялауды жүзеге асыру үшiн резервуарды деаэрация құбырын жабуға болмайды.

      1424. Автожанармай құю кешендерiнiң жабдығына техникалық қызмет көрсету, аспап және сақтандыру жабдығын метрологиялық сынау қатаң түрде осы жұмыстардың кестесiне сәйкес жүргiзiледi. Технологиялық жабдыққа техникалық пайдалану құжаттамасында көрсетiлмеген қандай да бiр регламенттiк жұмыстарды жүргiзуге болмайды. Мұндай жұмыстар жөндеу шеберханаларында жүргiзiледi.

      1425. Автожанармай құю кешендерiнiң аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге объектiнiң басшысы жазбаша рұқсат ресiмдейдi.

Отын қабылдау мен беруге арналған жабдықты
пайдалану тәртiбi

      1426. Автоцистерналардан отын құю жабық сызба бойынша орындалады. Резервуарлар мен автоцистерналардың тыныс алу құрылғыларынан басқа, қоршаған ортаға отын буының шығуына жол берiлмейдi.

      1427. Автоцистерналардан отын құймас бұрын резервуардағы отын деңгейi өлшенедi және қорғағыш құрылғылардың жарамдылығы тексерiледi. Құю процесін автожанармай құю станциясының жұмысшылары немесе автоцистерна жүргiзушiсi бақылайды.

      1428. Резервуардағы отын түрiн ауыстыру кезiнде (бензин – дизельдiк отын) соңғысы бұдан бұрын сақталған өнiмнен мұқият тазартылуы және резервуардың корпусында немесе жер асты резервуарларының құятын құбырларының көрiнетiн жерлерiнде сақталған отынның түрiн көрсетiлген жазба болады.

      1429. Бiрнеше камералы резервуарда егер технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделген жағдайда бензин мен дизельдiк отынды бiр мезгiлде сақтауға болады.

      1430. Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар өтерде оны аумағынан барлық көлiк пен бөгде адамдар шығарылады. Бiр мезгiлде екi және одан астам автоцистерналардың болуына жол берiлмейдi.

      1431. Автоцистернадан отын құю операциясын автожанармай құю станциясының кемiнде екi жұмысшысы және мынадай талаптарды орындағанда жүргiзiледi:

      1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында көлемi кемiнде 100 литр жылжымалы ұнтақты өрт сөндiргiш орнатылады;

      2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнiмдерiмен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгiндiсiн авариялық резервуарға бұру құбыры ашылады;

      3) автоцистерна жерге орнатылады, одан кейiн автожанармай құю станциясының резервуарларына отын құю операциясына кiрiсуге болады. Автопойыздан мұнай өнiмiн құю кезiнде әр цистерна оны әбден босатқанға дейiн жеке-жеке жерге орнатылады.

      Ескерту. 1431-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1432. Иiлгiш жерге тұйықталатын мыс сым автоцистернаның корпусына тұрақты қосылады және ұшында жерге тұйықтайтын құрылғыға қосуға арналған құрылғы (қысқыш, бұранда ұштығы) болады.

      Жерге тұйықталатын сымдарды автоцистернаның сырланған және ластанған металл бөлiктерiне қосуға болмайды.

      1433. Автожанармай құю станциясында көлiк құралдарына жанармай құю кезiнде:

      1) мотоциклдер мен мотороллерлер отын құю колонкаларына қозғалтқыштары өшiрiлiп берiледi, оларды iске қосу және тоқтату колонкалардан кемiнде 15 метр қашықтықта жүргiзiледi, автомобильдер өздiгiнен жүредi;

      2) қозғалтқышты қосқанға дейiн жүргiзушi немесе автожанармай құю станциясының қызмет көрсетушi персоналы көлiктiң мұнай өнiмдерiмен ластанған бөлiктерi құрғатып сүртіледi;

      3) жерге төгiлген мұнай өнiмдерi құммен жабылады, ал мұнай сіңген құм мен май сүртiлген материалдарды қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшiктерге жинау қажет және жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн автожанармай құю станциясының аумағынан шығарылады;

      4) жанармай құятын жерде тұрған автомобильден бастап кезекте тұрған келесiсiне дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр етiп көзделеді.

      1434. Автожанармай құю станциясында:

      1) қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрған көлiк құралдарына жанармай құюға;

      2) егер белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген, қолданылатын технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделген болса, жер асты резервуарларымен көлiк құралдарының өтуiне;

      3) найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болу қаупi болғанда резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге;

      4) бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясына ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуiне;

      5) автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тiкелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргiзуге;

      6) жолаушылары бар көлiк құралдарына (кемiнде төрт есiктi жеңiл автомобильдерден басқа) жанармай құюға;

      7) жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивтi заттар мен басқа да қауiптi бұйымдар мен материалдар тиелген көлiк құралдарының кiруiне болмайды.

Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртiбi

      1435. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлiнген алаңдарға орнатылады.

      1436. Арнайы бөлiнген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:

      1) бақылау-өлшеу аспаптары және шолып қарау арқылы станциялардың герметикалығы тексерiледi;

      2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткiзгiшi алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;

      3) көлiк құралының отын багының астына қою үшiн тұғырлар дайындалады;

      4) көлiк құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуiн шектейтiн кемiнде 1 метр тосқауылдар орнатылады;

      5) ескерту белгiлерi мен ақпарат қалқаны орнатылады.

Байланыс және өрт сөндiру құралдарымен жабдықтау тәртiбi

      1439. Автожанармай құю станциялары өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу шақыру үшiн телефонмен немесе радио байланысымен, сондай-ақ дауыс зорайтқыш байланыс жүйесiмен жарақталады.

      1438. Автожанармай құю станциясының өндiрiстiк және қоғамдық үй-жайлары өрт сөндiргiш қабiлетiне, өрттiң ауданы мен сыныбына байланысты "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiнiң 17-қосымшасының талаптарына сәйкес өрт сөндiргiштермен қамтамасыз етiледi.

      1439. Резервуарлардың электр пульттерi мен жануын сөндiру үшiн көмiрқышқыл немесе ұнтақты қол өрт сөндiргiштерi көзделеді.

      1440. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын сыйымдылығы 10 литр бiр ауа-көбiктi өрт сөндiргiшпен және сыйымдылығы 5 литр бiр ұнтақты өрт сөндiргiшпен жарақталады.

      1441. Өрт сөндiргiштердi орналастыру орындары тиiстi сiлтеме белгiлермен белгiленедi.

12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
Құрылыстың, ғимараттар мен үй-жайлардың аумақтарын
ұстау тәртiбi

      1442. Құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн өртке қарсы алаңдардағы барлық құрылымдар мен құрылыстар бұзып алынады.

      1443. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезiнде жұмыс iстеу жобасында құрылыстың барлық кезеңiне өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шаралар көзделеді.

      Ескерту. 1443-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1444. Құрылыс аумағында өндiрiстiк, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзiрленген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.

      1445. Ауданы 5 гектар және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кiретiн кемiнде екi кiру жолы көзделеді. Жолдар жылдың кез келген мезгiлiнде өрт сөндiру автомашиналарының өтуi үшiн жарамды жабынмен қамтамасыз етiледi. Кiру жолына арналған қақпаның енi кемiнде 4 метр етiп көзделеді.

      Құрылыс алаңына кiру жолының қасына салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кiреберiстер, су көздерi, өрт сөндiру және байланыс құралдары көрсетiлген жоспарлар қойылады (iлiнедi).

      1446. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның iшiнде уақытша) ғимараттарға, құрылыс материалдарын, құрылымдар мен жабдықты ашық сақтау орындарына еркiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi.

      Салынып жатқан ғимараттарға кiреберiстер мен жолдар салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн аяқталады. Ғимараттардың бойымен енi 18 метрден астам өту жолдары екi жағынан бойлай, ал енi 100 метрден астам – ғимараттың барлық жағынан болады. Өту жолының шетiнен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейiнгi қашықтық 25 метрден аспайды.

      1447. Ғимараттар мен өрт сөндiретiн су көздерiне өту жолдары мен кiреберiстер, сондай-ақ өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткiзу әрқашан бос ұсталады. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi материалдар, жабдық, буып-түю ыдыстарын жинауға және автомобиль тұрағы үшiн пайдалануға болмайды.

      Темiржол арқылы өтетiн барлық жолдар, өткелдер мен кiреберiстер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндiру автомобилдерiнiң кедергiсiз өтуi қамтамасыз етiледi.

      Жолдар арқылы құбырлар немесе кәбілдердi төсеу кезiнде өткелдер, көпiрлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу немесе жолдардың, өткелдердiң уақытша жабылуы туралы бас мердiгер жақын маңдағы өрт сөндiру бөлiмiне дереу хабарлайды.

      1448. Жанғыш материалдардың ашық алаңдары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндiрiстiк, қойма және қосалқы құрылымдар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтар мен жоңқалардан тазаланады.

      1449. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдары (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид) жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды, сондай-ақ жанғыш орамда жабдық пен жүктердi сақтау кезiнде 100 м2 аспайын алаңда қатарлап немесе тобымен орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi бөлiктер кемiнде 24 метр етiп қабылданады.

      1450. Жеке блок контейнерлер мен тұрмыстық вагоншаларды топтағы саны 10-нан аспайтындай етiп тобымен орналастыруға болады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан бастап басқа құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 18 метр етiп қабылданады. Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және өзге де ғимараттардан бастап кемiнде 18 метр қашықтықта немесе тұйық өртке қарсы қабырғалардың қасында орналастырылады.

      1451. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлiмнiң талаптарын орындаған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдардың қоймаларынан, қымбат тұратын және құнды жабдық, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдық қоймаларынан, өндiрiстiк үй-жайлар мен жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтан басқа) орналастыруға рұқсат берiледi.

      Әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды I типтi тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3 типтi қалқалармен бөлiнген ғимараттардың бөлiктерiнде орналастыруға болады.

      Қорғалмаған көтергiш металл құрылымдар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панельдерден жаңадан салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (зат қоятын бөлмелердi), шеберханалар мен әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.

      1452. Құрылыс алаңында, жаңадан салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына болмайды.

      1453. Ауданы 300 шаршы метр және одан астам асханалар дыбыстық және жарық сигналын құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығару арқылы автоматты өрт дабылымен жабдықталады.

      1454. Сөндiрiлмеген әк жабулы жеке тұрған қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың еденi жердiң деңгейiнен кемiнде 0,2 метр биiк етiп көтерiледi. Сөндiрiлмеген әктi сақтау кезiнде оған ылғалдың өтуiне жол берiлмейдi.

      Әк сөндiруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемiнде 5 метр және басқа да ғимараттардан, құрылыстардан және қоймалардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.

      1455. Объектiлердi реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезiнде алынып жатқан бөлiгiн қолданыстағы бөлiгiнен 1-типтi уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3-типтi қалқалармен бөледi. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөлiктерiнен қауiпсiз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берiлмейдi.

      1456. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып және реконстукцияланып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдары нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

      1457. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндiру жүйелерi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады.

      Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндiру жүйелерi мен дабылы жүйелерi iске қосу, реттеу жұмыстарын (кәбіл құрылыстарында – кәбіл төсегенге дейiн) жүргiзгенде қолданысқа енгiзiледi.

      1458. Жобада көзделген өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады. Депо ғимаратын мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

      1459. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өртке қарсы қызметтi немесе өртке қарсы ерiктi құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшiн арнайы жылытылған үй-жайлар көзделеді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1460. Биiктiгi 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезiнде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.

      1461. Саты торларында ағаш басқыштар екi қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.

      1462. Құрылыс кезiнде зақымданудан қорғау үшiн жанбайтын сатылар жанғыш материалдармен жабылады.

      1463. Жобалық құжаттамада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, түтік жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден, ал биіктігі 50 метрден астам ғимараттарды салу кезінде – әрбір келесі қабаттың тұрғызылуына қарай орнатылады.

      Жобалық құжаттамада көзделген түтік жалғау құбырларды монтаждау мүмкіндігі болмаған кезде әр қабатта өрт краны бар диаметрі 89 миллиметр уақытша түтік жалғау құбырлары орнатылады.

      Ғимараттың тұрғызылуына қарай 50 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан қабаттан бастап және одан жоғары мотопомпалары бар көлемі кемінде 3 текше метр уақытша аралық сыйымдылықтар орнатылады. Мотопомпалары бар уақытша аралық сыйымдылықтардың арасындағы аралық жоғары орналасқан қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды беру кезінде қысымның жоғалуына байналысты есептеудің негізінде анықталады.

      Ескерту. 1463-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1464. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етiп салу кезiнде құрал-саймандық металл ағаштар қолданылады.

      Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрiнiң әрбiр 40 метріне бiр сатымен немесе басқышпен, бiрақ барлық ғимаратқа кемiнде екi сатымен (басқышпен) жабдықталады.

      Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.

      1465. Адамдарды биiк ғимараттар мен құрылыстардан (түтiн құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшiн құрылыстың барлық кезеңiне жанбайтын материалдардан жасалған кемiнде екi саты салынады.

      1466. Жанғыш материалдардан жасалған қалыпты бiр мезгiлде үш қабаттан аспайтындай етiп жасалады. Бетонның қажеттi төзiмдiлiгiне қол жеткiзгеннен кейiн ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.

      1467. Ғимараттар мен құрылыстардың iшiнде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.

      1468. Металл құрылымдардың отқа төзiмдiлiк шегiн арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргiзiледi.

      1469. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен қалқаларға (iшкi және сыртқы қабырғалардың және қабатаралық қалқалардың жапсарларын герметизациялау, қажеттi отқа төзiмдiлiк шектерiн қамтамасыз ете отырып, инженерлiк коммуникациялар өтетiн орындарда тығыздау) өрттiң таралуын болдырмау шаралары қабылданады.

      1470. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берiлетiн және құрылыстың өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргiзiледi.

      Жұмыс жүргiзу орындарында "Отқа қауiптi – тез тұтанатын жылытқыш" деген аншлагтар iлiнедi.

      1471. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидрооқшаулағыш кiлемдi орнату, тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау ауданы 500 м2 аспайтын учаскелерде жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып және 1000 м2 аспайтын учаскелерде жануы қиын жылытқыштармен жүргiзiледi.

      1472. Жанатын жылытқыштарды темiрбетон плиталардың бойымен пайдалану кезiнде кемiнде 30 миллиметр өндiрiстiк ғимараттардың жабындарын тегістеу цемент-құм ерiтiндiсiнен орындалады, темiрбетон плиталар арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.

      1473. Жұмыс жүргiзу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттiлiгiнен артуына жол берiлмейдi.

      1474. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) енi кемiнде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белдеулермен бөлiнедi.

      1475. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемiнде 18 метр қашықтықта сақталады.

      Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панельдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың iшiнде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөлiктерде қалдыруға болмайды.

      1476. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, бөлiктер бойынша жүйелi түрде жүргiзiледi.

      1477. Бөлiкте жылу оқшаулағыш орнатылғаннан кейiн оның қалдықтары жинап алынады және дереу оттан қорғайтын жабын қабаты жағылады. Жұмыс жүргізу процесінде жанатын жылу оқшаулағыштың қорғалмаған ауданы 500 м2 аспайтындай етіп және жануы қиын болғанда 1000 м2 етiп қабылданады.

      1478. Өртке қарсы белдеулердi, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезiнде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етiледi. Өртке қарсы белдеулерде, аймақтарда бекiтiлмеген тесiктер қалдыруға болмайды. Кезектi бөлiктiң жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белдеулерiн тексергеннен және қабылдағаннан кейiн ғана орнатуға кiрiсуге болады.

      1479. Жанатын жылытқыштары бар панельдердiң металл қаптамалары зақымдалған жағдайда, механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегiмен оларды жөндеу және қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

      1480. Полимерлi жылытқыштары бар панельдердi монтаждауды, жабынға полимерлiк жылытқыштарды төсеудi, жабындарды орнату жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшiн жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.

      1481. Өрт сөндiру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргiзу кезiнде уақытша өртке қарсы су құбыры көзделеді. Өрт крандары арасындағы қашықтықты әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемiнде екi ағыста су жабынның кез келген нүктесiне беру шартымен қабылданады.

      1482. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде электрлiк дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

      Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды пайдалану басталғанға дейiн жүргiзiледi.

      1483. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезiнде кескiнделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.

      1484. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшiн жабындарды темiр бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.

      1485. Жабындағы агрегаттарға отын құю екi өрт сөндiргiшпен және құмы бар жәшiкпен қамтамасыз етiлген арнайы орында жүргiзiледi. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берiлмейдi.

Мастикалармен, битуммен, полимер және басқа да жанғыш
заттармен және материалдармен жұмыс iстеу тәртiбi

      1486. Жарылыс-өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғы желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.

      Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады.

      1487. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады.

      Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады.

      1488. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.

      1489. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты адамның бақылауымен 100 шаршы метрден аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындарда, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.

      1490. Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

      1491. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады.

      1492. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен адамдар жүргiзедi.

      Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 шаршы метр үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

      1493. Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.

      1494. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiне жауапты адамның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi.

      1495. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.

      Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды.

      1496. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) көзделеді. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 метрден аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды.

      1497. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 метр болғанда олар тобымен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орынды арнайы бөлiнген алаңдардан бөледi және мынадай:

      1) отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 метр;

      2) отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 метр;

      3) отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырады.

      1498. Оттыққа мастиканың төгiлуiн және оның жануын болдырмау үшiн қазандықты оның оттықтың үстiнде орналасқан шетi қарсы жағынан 5-6 сантиметр жоғары болатындай етiп көлбеу орналастырылады.

      1499. Жұмыс аяқталғаннан кейiн қазандықтардың оттықтары сөндiрiлiп, су себiледi.

      1500. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазандықтардан кемiнде 20 метр қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады.

      1501. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады.

      1502. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.

      1503. Битум мастикасымен жұмыс iстеу кезiнде:

      1) жұмыс орындарына (қабаттарына) ыстық битум мастикасын қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жеткiзу жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;

      2) құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғымен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы қолданылады. Көлденең учаскелер мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.

      1504. Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 сантиметр сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi.

      1505. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады.

      1506. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.

      1507. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 метр радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
Жалпы ережелер

      1508. Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты отпен жүргізілетін басқа да жұмыстар осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес орындалады.

      1509. Дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстар орындары:

      1) осы мақсаттарда арнайы жабдықталған цехтарда, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты;

      2) отты жұмыстар тiкелей салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсiпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс құрылымдарын монтаждау мақсатында уақытша етiп көзделеді.

      1510. Отты жұмыстарды тұрақты жүргiзу орындарын 10 бекеттен (дәнекерлеу, кесетiн шеберханалар) артық ұйымдастыру кезiнде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау көзделеді.

      1511. Дәнекерлеу шеберханасында 10-нан аспайтын дәнекерлеу бекеттері болған жағдайда әрбiр бекет үшiн оттегi және жанғыш газы бар бiр қосалқы баллоннан болуға болады. Қосалқы баллондар жанбайтын материалдардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.

      1512. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектердi алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргiзiлетiн үй-жайларда жанбайтын негiзде ағаш бөренелi едендер орнатуға болады.

      1513. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды белгiленген тәртiппен техникалық минимумнан өткен және өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптарын бiлуi бойынша сынақ тапсырған адамдар жүргiзедi.

      1514. Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда отпен жүргізілетін жұмыстарды тұрақты жүргiзу орындары кәсiпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады.

      1515. Уақытша электрмен дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстарды жүргiзу орындары тек объект басшысының немесе оның мiндеттерiн атқарушы адамның жазбаша рұқсатымен (осы Қағидаларға 5-қосымша) ғана анықталады.

      1516. Құрылыс алаңдарында және өртке қауiпсiз орындарда жазбаша рұқсатты алмай-ақ отпен жүргізілетін жұмыстарды тек өрт-техникалық минимумы бағдарламасы мен осы Қағидалардың ережелерiн игерген тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандар ғана жүргiзе алады. Жазбаша рұқсатты алмай-ақ отпен жүргізілетін жұмыстарды дербес жүргiзуге жiберiлген мамандардың тiзiмiн объектiнiң басшысы бекiтедi.

      1517. Уақытша (бiр жолғы) отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана берiледi. Егер бiрдей жұмысты жүргiзу кезiнде олар бiрнеше ауысым немесе күн бойы жүргiзiлетiн болса, объектiнiң әкiмшiлiгiнен қайта рұқсат алу қажет емес.

      Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады. Отпен жүргізілетін жұмыстардың жүргiзiлуiн уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң салалық өртке қарсы қызметiне, ал ол жоқ жерлерде оларды жүргiзген күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құралымдарға келiп түсуi тиiс.

      1518. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдайда отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзілетін орынға өрт крандарынан оқпандары бар өрт сөндіру түтіктерi төселедi. Отпен жүргізілетін жұмыстармен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын орынды пайдаланады.

      1519. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге жауапты адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi.

      1520. Отпен жүргізілетін жұмыстарды тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауiптi және жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.

      1521. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу қарастырылатын технологиялық жабдық:

      1) жарылыс, өрт қауiптi заттардан босату;

      2) қолданыстағы коммуникациялардан (отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;

      3) алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы жарылыс, өрт қауiпсiз жай-күйiне келтiрiледi.

      1522. Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 %-ға тең етiп қабылданады.

      1523. Технологиялық жабдықты жуу ондағы будың (газдың) шоғырлануы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статикалық қауiпсiз режимде болғанда жүргiзiледi.

      1524. Отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзiлетiн үй-жайларды, сондай-ақ жабдық пен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiн және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.

      1525. Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзiлетiн үй-жайлардың қалқаларындағы, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады.

      1526. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу орны осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылаы.

      1527. Көрсетiлген радиустар шегiндегi құрылыс констукциялары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен немесе басқа да жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады.

      1528. Отпен жүргізілетін жұмыстар орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты мүмкiндiгiнше ашық болады.

      1529. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отты жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.

      1530. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метр етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.

      1531. Отпен жүргізілетін жұмыстарды бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiн бақылау жүзеге асырылады.

      Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатордың шоғырлануы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылыс қауiпсiз шоғырлану мәнiне дейiн төмендеген жағдайда отпен жүргізілетін жұмыстар дереу тоқтатылады.

      1532. Отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологиялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды.

      1533. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады.

      1534. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.

      1535. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу кезiнде:

      1) аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;

      2) жанғыш бояулармен (лактармен) жаңадан сырланған констукциялар мен бұйымдарда отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;

      3) майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғапты пайдалануға;

      4) дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;

      5) бiлiктiлiк куәлiгi мен өрт қауiпсiздiгi техникасы бойынша талоны жоқ оқушыларды, сондай-ақ жұмыскерлердi дербес жұмыс iстеуге жiберуге;

      6) электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;

      7) жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;

      8) жабынға гидрооқшаулағыш пен буоқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен, едендердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, мастикалар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;

      9) электр дәнекерлеушiмен және газ дәнекерлеушiмен (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуiне болмайды.

      1536. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл конструкцияларынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге болмайды.

      1537. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрмен дәнекерлеу жұмыстары жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен бөлiктерде ғана жүргiзiледi.

      1538. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және реконстукциялау кезiнде отпен жүргізілетін жұмыстар жанатын конструкциялардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындалады.

      1539. Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және реконстукциялау кезiнде және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге өрт қауiпсiздiгiн күшейту жоспарын әзiрлейдi.

      1540. Өрт шығу қаупi неғұрлым жоғары орындарда, отпен жүргізілетін жұмыстардың көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру бекеттері (қызмет көрсетушi персонал, өртке қарсы ерiктi құралым санынан) қойылады.

      Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптар көзделеді.

      6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiкте отпен жүргізілетін жұмыстарды iстеуге болмайды.

      1541. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды адам уақытша отпен жүргізілетін жұмыстар аяқталғаннан кейiн 3-5 сағат iшiнде олар жүргiзілген орындарды тексерудi қамтамасыз етедi.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1542. Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.

      1543. Дәнекерлеу сымдары сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнаулы қысқыштар арқылы жалғастырылады. Электр сымдары электр тұтқышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кәбіл ұштықтарының көмегiмен қосылады.

      1544. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанына және өзге де жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар сенiмдi түрде оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.

      1545. Электрмен дәнекерлеу машиналарының кәбілдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 метр, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады.

      Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырға жалғанған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады.

      1546. Дәнекерленетiн бұйымды дәнекерлеу тогының көзiмен қосатын керi өткiзгiш ретiнде егер олардың қимасы қыздыру шарты бойынша дәнекерлеу тогының қауiпсiз ағуын қамтамасыз ететiн болса, кез келген пiшiндегi болат немесе алюминий шиналары, дәнекерлеу плиталары қолданылады.

      1547. Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтер өзара қосу бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады.

      1548. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр тұтқышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет.

      1549. Керi өткiзгiш ретiнде iшкi темiржол жолдарын, жерге тұйықтау немесе нөл сымына қосу желiлерiн, сондай-ақ ғимараттардың металл конструкцияларын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай жағдайларда екi сымды қолдану арқылы дәнекерленедi.

      1550. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.

      1551. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр тұтқышының құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр тұтқыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан көзделеді.

      1552. Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады.

      Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады.

      1553. Электрмен дәнекерлеу қондырғысы жұмыс iстеу кезiнде жерге тұйықталады. Негiзгi электрмен дәнекерлеу жабдығын жерге тұйықтаудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосылады.

      1554. Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеуi кестеге сәйкес жүргiзiледi.

      1555. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қорабынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi.

      1556. Атомды-сутектi дәнекерлеу кезiнде шiлтерде тiзбек үзiлген жағдайда кернеудi автоматты ажырату және су берудi тоқтату көзделеді.

      1557. Iске қосылған шiлтерлердi қараусыз қалдыруға болмайды.

      1558. Жарылыс, өрт қауiпi аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

      1) тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн ("разряд" түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;

      2) П-II сыныпты өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жеткiзу қиын орындарды көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2 алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңдеу ұсынылады;

      3) тiгiнен және төбедегi жағдайдан дәнекерлеу диаметрi 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасын төменгi көлденең жағдайда дәнекерлеу кезiндегiден қарағанда 20 % төмен етiп көзделеді;

      4) электрмен дәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод тұтқышта электродтың болмауы тексерiледi.

Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1559. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәнекерлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.

      1560. Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi.

      1561. Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi.

      Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.

      1562. Ацетилен генераторлары отпен жұмыс iстейтiн жерден, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткiштермен ауа жинау орнынан кемiнде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.

      1563. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге "Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi", "Темекi шегуге болмайды", "Отпен өтуге болмайды" деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi.

      1564. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.

      1565. Ашық лай шұңқырлары шарбақтармен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады.

      1566. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi iлiнедi.

      1567. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен сенiмдi бекiтiледi.

      Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi.

      1568. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады.

      Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төменгі жерлерде орналастыруға болмайды.

      Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидiнің барабандары тiгiнен үш қабат етiп, ал механизация болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатардан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi. Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп көзделеді.

      1569. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшердің ішінен тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы тиіс.

      1570. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады.

      1571. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.

      1572. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi.

      1573. Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалады.

      1574. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 метр, ал ашық отты жылу көздерiнен кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырылады.

      Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 метр, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метр етiп көзделеді.

      Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi.

      1575. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.

      Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады.

      1576. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.

      1577. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

      1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;

      2) оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;

      3) бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;

      4) өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;

      5) кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ "карбидке су" генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;

      6) жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;

      7) ұзындығы 30 метрден, ал монтаждау жұмыстарын жүргізу кезiнде 40 метрден асатын, белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсат ресімделгеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат берілетін шлангiлердi қолдануға;

      8) газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;

      9) газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;

      10) ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;

      11) кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүмкiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға болмайды.

Отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу тәртiбi
Металл кесу тәртiбi

      1578. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезiнде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезiндегiдей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгiлуiне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимiн сақтауға және жанармайы бар бакты күтiп ұстауға ерекше назар аударылады.

      1579. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу орындарынан кемiнде 10 метр қашықтықта сақталады.

      1580. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшiн бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кiшкентай бакты оның көлемiнен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды.

      1581. Кiшкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етiп жасалады. Кiшкентай бакта манометр, сондай-ақ кiшкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтiн сақтандыру клапаны көзделеді.

      10 атмосфералық қысымға сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық ағатын немесе ақаулы сорғысы бар кiшкентай бактарды пайдалануға болмайды.

      1582. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегi шлангiлер қосқыштарының тығыздығы, салмалы сомындар мен бастиектердегi бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексерiледi.

      1583. Кескiштiң буландырғышын жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы жылытуға болмайды.

      1584. Жанармайы бар кiшкентай бак оттектi баллон мен ашық от көзiнен кемiнде 5 метр және жұмыс орнынан кемiнде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кiшкентай бак жұмыс iстеген кезде жалын мен ұшқын түспейтiндей орналастырылады.

      1584. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

      1) жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескiштегi оттегiнiң жұмыс қысымынан артық болуына;

      2) шие түсiне дейiн қатты қыздыруға, сондай-ақ кескiштi жұмыс кезiнде басымен жоғары қаратып тiгiнен iлiп қоюға;

      3) кескiшке оттегi немесе жанармай беретiн шлангiлердi қысуға, бұрауға немесе сындыруға;

      4) бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегi шлангiлерiн кескiште пайдалануға болмайды.

Балқытып біріктіру жұмыстары

      1586. Балқытып біріктіру жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемiнде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе су бүркілледi.

      1587. Балқытып біріктіру шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелерi мен тексерген күнін арнайы журналға енгiзе отырып, кемiнде айына бiр рет олардың төзiмдiлiгi мен герметикалығы тексерiледi. Бұдан басқа, жылына кемiнде бiр рет гидравликалық бақылау сынағы жүргiзiледi.

      1588. Әрбiр балқытып біріктіру шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелерi мен рұқсат етiлген қысымы көрсетiлген паспортпен қамтамасыз етiледi. Шамдар тиiстi қысымда реттелген, серiппелi сақтандыру клапандарымен жарақталады.

      1589. Балқытып біріктіру шамдарына осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезiнде жанармайдың төгiлуiне және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

      1590. Балқытып біріктіру шамынан жалынның шығуын болдырмау үшiн шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.

      1591. Балқытып біріктіру шамының жарылуын болдырмау үшiн:

      1) жанармай ретiнде керосинмен жұмыс iстейтiн шамдар үшiн бензин немесе бензиннiң керосинмен қоспасын қолдануға;

      2) ауа толтыру кезiнде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетiлген, рұқсат етiлген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;

      3) шамға оның резервуарының көлемiнен артық жанармай құюға;

      4) шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винтi мен отын құю тығынын ашуға;

      5) ашық оттың қасында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға жол берiлмейдi.

Үй-жайларға жылу беру және кептiру қондырғыларын орнату
және пайдалану тәртiбi
Жалпы ережелер

      1592. Бiрыңғай жедел құрастырмалы (жедел жылжымалы) ғимараттарға жылу беру үшiн бу және су калориферлерi, сондай-ақ зауыттан шығарылған электр жылытқыштары пайдаланылады.

      1593. Киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiру осы мақсатқа арнайы лайықталған, орталықтан сумен немесе су калориферлерiн қолдана отырып жылытылатын үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргiзiледi.

      1594. Кептiргiштердi тамбурларда және ғимараттардан шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды.

      1595. Полимер жылытқыштары бар металл констукциялардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардан тыс кемiнде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейiн оттық құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесi ғана қолданылады.

      Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейiнгi қашықтықтың 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi.

      1596. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге және электр калориферлерiн және инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын қолдануға болмайды.

Үй-жайларды инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларымен
кептiру тәртiбi

      1597. Инфрақызыл сәулелi жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғы сөнген кезде газ берудi тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.

      1598. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды арнайы бағдарлама бойынша газ iсi жөнiндегi техникалық минимумнан өткен және газ жұмыстарына жiберу құқығымен бiлiктiлiк куәлiгi бар персонал жүргiзедi.

      1599. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етiледi. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемiнде 1,5 метр, ал электр есептегiштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемiнде 1 метр қашықтықта орналасады.

      Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейiн кемiнде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейiн 0,4 метр етiп көзделеді.

      Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезiнде шлангiлердiң ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететiндей мүмкiндiгiнше қысқа етiп көзделеді. Едәуiр қашықтағы кептiру орнынан бастап қосу торабына дейiнгi қашықтық 30 метрден аспайтындай етiп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселедi, ал оған жанарғылар иiлгiш шлангiлермен қосылады.

      Иiлгiш шлангiлер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететiн бұрандалары мен сомындары бар қамыттардың көмегiмен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иiлгiш шлангiлердi олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемiнде 2 метр биiктiкте төселедi.

      1600. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс iстеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс iстеуге болмайды.

      1601. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын пайдалану кезiнде:

      1) жұмыс iстеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;

      2) керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;

      3) егер үй-жайда газдың иiсi шықса, қондырғыны пайдалануға;

      4) жанарғылардың жылу сәулесiн тiкелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткiзгiштерi жағына бағыттауға;

      5) газ қондырғыларын қатты отынмен жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға болмайды.

      1602. Ашық алаңдарда жұмыс iстегенде (жұмыс орындарын жылыту үшiн және дымқыл жерлердi кептiру үшiн) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.

Сұйық және газ тәрiздес отынмен жұмыс iстейтiн жылу
генераторларын монтаждау және пайдалану тәртiбi

      1603. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.

      Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi.

      Отын өткiзгiштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткiзгiшiнде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.

      Салынып жатқан ғимаратта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтаған жағдайда қатты отынмен жұмыс істейтін және кіріктірілген отын багы бар тасымалданатын немесе жылжымалы ауа жылытқыш аспаптарды қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 1603-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1604. Газ отынымен жұмыс iстейтiн қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезiнде:

      1) жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар, стандартты жанарғылар орнатылады;

      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажетi реттеу шегiнде оны жанарғыға өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi қажет;

      3) жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткiш 1 сағатта үш еселiк ауа алмасуды қамтамасыз етуi қажет.

      1605. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезiнде:

      1) отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнiмдерiнiң өтуiне ықпал ететiн түтiн мұржалары ақаулы, электр қозғалтқыштары мен iске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс iстеуге;

      2) форсунка ретке келтiрiлмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс iстеуге;

      3) отын құбырларын қосу үшiн резеңке немесе полихлорвениль шлангiлерi мен муфталарын пайдалануға;

      4) қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;

      5) отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;

      6) қысқа мерзiмге тоқтағаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға;

      7) жанғыш қоспаны бақылап қарау тесiгi арқылы жағуға;

      8) жылу шығаратын қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде шамдар электродтарының арасындағы саңылауды реттеуге;

      9) ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға болмайды.

Электр калориферлердi монтаждау және пайдалану тәртiбi

      1606. Тек зауытта дайындалған, дабылы және желдеткiш жұмыс iстемеген кезде қыздыру элементтерiне электр энергиясын берудi болдырмайтын бұғаттағышы мен электр және жылу қорғағышпен көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы жарамды электр калориферлерiн ғана пайдалануға және монтаждауға болады.

      1607. Электр калорифердi монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.

      1608. Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.

      1609. Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде:

      1) дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;

      2) электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарылатуға;

      3) желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағыш қондырғыны әр iске қосар алдында тексеріледi);

      4) электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;

      5) жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға болмайды.

Өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт сөндiру және байланыс
құралдарын ұстау тәртiбi

      1610. Тұрақты сыртқы су өткiзу желiсiн төсеу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндiретiн су айдындары мен басқа да су көздерiн салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанда оларды өрт сөндiру үшiн пайдалана алатындай есеппен жүргiзiледi.

      1611. Тұрақты сумен жабдықтау көздерiн салу негiзгi құрылыс жұмыстарын жүргiзудi бастағанға дейiн аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда уақытша өртке қарсы су құбырлары төселедi немесе өрт резервуарлары орнатылады.

      1612. Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынатын объектiде орналастыру орны жобалық құжаттамада анықталады.

      1613. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерiнде бiр көздi (оның iшiнде бiр ысырмада су алу кезiнде сыртқысын) пайдалану кезiнде сыйымдылықтарда өрт сөндiруге су көлемi "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiнде көрсетiлгеннен екi есе артық көзделеді.

      1614. Құрылыс аумағында орналасқан жасанды су айдындары жылытылады және өрт сөндiру автомобильдерiн маневрлеу үшiн ауданы 12х12 метр болатын кiреберiстермен қамтамасыз етiледi. Су айдындарындағы судың деңгейi өрт сорғыларымен су алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Егер құрылыс маңында табиғи су көздерi (өзендер, көлдер, тоғандар) орналасқан болса, оларға өрт сөндiру автомобильдерiне арналған пирстер орнатылады. Қысқы уақытта оларға "қатып қалмайтын" ойықтар жасалады.

      1615. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен автоматты өрт сөндiру жүйесi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады. Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстары басталғанға дейiн, ал автоматты өрт сөндiру және дабыл жүйелерi iске қосу-реттеу жұмыстарына дейiн (кәбіл құрылыстарында кәбілдердi төсегенге дейiн) қолданысқа енгiзiледi.

      1616. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар осы Қағидаларға 7-қосымшада келтiрiлген нормаларға сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру құралдарын тiкелей мақсатынсыз қолдануға жол берiлмейдi.

      1617. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салу басталғанға дейiн өрт техникасы мен жеке құрамды орналастыруға арналған арнайы жылытылған үй-жайлар бөлiнедi.

      Өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады.

      1618. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар дабылды ғимараттың (құрылыстың) қасбетiне немесе тәулiк бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады.

      Салынып жатқан әрбiр объектiде өрт сөндiру бөлiмдерiн шақыруға арналған байланыс құралдары көзделеді. Тәулiктiң кез келген уақытында құрылыс аумағында байланыс құралдарына қолжетiмдiлiк қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефонның (радиостанцияның) жанына өртке қарсы қызметтi шақыру тәртiбi туралы тақтаны, жұмысшылардың өрт болған жағдайдағы iс-қимылдары туралы жадынаманы, мемлекеттiк емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлiк есептерiнiң тiзiмiн, өрт сөндiру үшiн күштер мен құралдардың тәртiбi iлiнедi. Құрылыс аумағының көрiнетiн жерлерiнде дабыл беру үшiн дыбыстық дабылдар (қоңырау, сирена) көзделеді, олардың жанында "Өрт дабылы" деген жазу iлiнуi қажет.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
1-қосымша

Эвакуациялау жоспарын жасау жөніндегі ұсыныстар

      1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді.

      Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтіндік бөлімдерден тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.

      Мәтіндік бөлімде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.

      2. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) түрі көзделеді.

      Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлімде әрбір нұсқа бойынша мыналар:

      өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттілігі, хабарландыру аймағы мен хабарландыру әдістері, хабарландыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды);

      қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);

      эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері);

      эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);

      көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әртүрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану көзделеді.

      3. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдар жаппай жиналған болса, жоспарларда бұл аймақтарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолмен) көрсетіледі.

      4. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтіндік бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекеттері мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады.

      Графикалық бөлімдегі белгілердің толық жазылуы эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

      5. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр аймақ (сектор, үй-жайлар тобы) аймақтар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілер болуы тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзінділермен (әртүрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі.

      Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі.

      Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, аймақтың әр қабаттық жоспарында "Сіз тұрған үй-жай, аймақ..." деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолы бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетіледі.

      Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі.

      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзінді үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20 х 30 сантиметрден кем емес.

      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі.

      Үзіндінің мәтіндік бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі.

      Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтіндік бөлігі аймақтан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын адамда болады.

      Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді.

      Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қосалқы күштер танысады.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
2-қосымша

Дүңгіршектер мен павильондардың отқа төзімділік дәрежесіндегі қашықтық, метрмен

I, II, III

IIIa, IIIб, IV, IVa, V

I, II, III

6

8

IIIa, IIIб, IV, IVa, V

8

10

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
3-қосымша

Операция жасайтын бөлмеде өрттер мен жарылыстардың
алдын алу жөніндегі қорғау шаралары

      1. Есірткінің өздігінен тұтануын болдырмау үшін жұмыстан кейін олар буландырғыштан герметикалық түрде жабылатын ыдысқа төгіледі. Эфир ақырын, шашыратпай төгіледі. Наркоздан кейін қалған эфирді раковинаға төгуге жол берілмейді.

      Эфирді буландырғыштан қабылдау ыдысына бос құламалы ағыспен құюға жол берілмейді. Ол үшін электр өткізгіш материалдан жасалған май құйғыш қолданылады, май құйғыштар жерге тұйықталады, май құйғыштың шеті ыдыстың түбіне жетуі тиіс. Олай болмайтын жағдайда эфир ыдысқа осы өткізгіш арқылы ағуы үшін жерге тұйықталған өткізгіштің шеті май құйғыш арқылы ыдыстың түбіне жеткізілуі қажет.

      2. Есірткіні төккеннен кейін буландырғыш, шлангілер және наркоз аппаратының барлық алмалы бөлшектері жылы сумен шайылады.

      3. Ингаляция наркозының аппараттарын зарасыздандыру және тазарту (жуу) ведомстволық нормалар талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      4. Операция жасау бөлмелерінде газдарды бір баллоннан екінші баллонға құюға және қысымдағы газдары бар баллонға қосымша газдар мен есірткілерді кіргізуге жол берілмейді. Мұны машықтанған персонал арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізеді.

      5. Операциялық және наркоз үй-жайларында ашық отты (спиртовка, газ оттықтары, тұтатылған сіріңкелерді) қолдануға, темекі шегуге және электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Баллонның вентилін жылыту үшін жылытқы қолданылады.

      6. Наркоз және операция жасайтын үй-жайларда қолданылатын жабдықтардың ашық беттерінің температурасы 120о C аспайды.

      7. Эндоскопиялық құралдардың шағын шамдарының қатты қызуына жол берілмейді.

      8. Наркоз кезінде бұзылған және ұшқын шашатын электр жабдығын пайдалануға жол берілмейді.

      9. Қауіпті аймақтарда қолданылатын барлық электр медициналық жабдық жарылыстан қорғалған түрде орындалған болуы тиіс.

      10. Наркоз кезінде термокаутердің тұтанғыш анестетикасын, диатермия аппаратын, ЭН-57 типті электр хирургиялық аппараттарды және басқа жарылыстан қорғалмаған түрде орындалған рентген аппараттарын, дефибрилляторларды қолдануға жол берілмейді.

      Ескертпе. Фторотан, азоттың шала тотығы, хлороформ және басқа тұтанбайтын қоспаларға көшкен жағдайда жоғарыда аталған аппаратураны қолдануға жол беріледі, бұл ретте тұтанғыш дезинфекциялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

      11. Операция жасайтын бөлмелердің статикаға қарсы материалдан жасалған едендерін (лас шөгінділерінің негізінде) электр өткізгіш қасиетін жоғалтуы ықтимал өткізбейтін үлбірінің пайда болуын болдырмау үшін үнемі жуып тұрады. Еденнің бетін балауызбен немесе лакпен өңдеуге жол берілмейді.

      12. Наркоз аппаратының бөлшектерін (бейөткізгіш) лейкопластырмен жабыстыруға, статикаға қарсы емес резеңкедан есірткі қоспаларын атмосфераға жою үшін шлангтарды пайдалануға, электр өткізгіш материалдың бұзылған бөлшектерін бейөткізгіштен жасалған бөлшектерге ауыстыруға жол беріледі.

      Ескертпе. Наркоз аппараттарының барлық бөлшектері электр өткізгіш материалдарынан жасалады: қаптар, шлангтар, маскалар, демалу трубкалары және аппараттың демалу контурының басқа бөлшектері, сондай-ақ доңғалақтардың тысы мен төсемдері электр өткізгіш резеңкедан, ал өткізгіштер – түсті металлдан немесе электр өткізгіш пластмассадан жасалады.

      13. Наркоз аппаратының барлық бөлшектері арнайы майлаумен майлануы тиіс. Эндотрахиалды трубкалар мен дәке тампондарын тек таза глицеринмен ғана майланады.

      14. Жабдықтың белдік берілістерін еденнен 0,25 метр қауіпті аймақтар шегінде (наркоз затының тым жоғары концентрациясында) орналастырылмайды. Белдік берілістер қауіпті аймақтан жоғары орнатылған жерлерде белдіктерді үлес қарсылығы 105 Ом/м статикаға қарсы материалдан жасау керек.

      Белдіктерді шайырмен, балауызбен және сыртқы қарсылықты арттыратын басқа да заттармен майлауға жол берілмейді.

      15. Қауіпті аймақтарда қолданылатын тоқымалы маталарға тиісті статикаға қарсы заттар сіңдіріледі. Бұндай маталарға жуылғаннан кейін қайтадан статикаға қарсы заттарды сіңдіру керек.

      16. Жабдықтың барлық металл және электр өткізгіш металлды емес бөліктері статикалық электр зарядтарын шығару үшін жерге тұйықталады.

      Жабдықтың металлды емес бөліктері егер олардың сыртқы және ішкі қабатының жерге тұйықтау шинасына қатысты кез келген жерінің қарсылығы 107 Ом асқанда электр статикалық түрде жерге қосылған болып саналады. Операцияның алдында наркоз аппаратының резеңкедан жасалған бөліктерін сумен сулау керек.

      17. Қызмет көрсету персоналының электрленуін болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау керек:

      1) Операция жасау бөлмесіндегі қызмет көрсету персоналының киімі мақта-матадан жасалады, жабық және толық қонымды, әбден кептірілген және қатты крахмалданбаған болады. Пайдаланар алдында киім мен аяқ киімді ылғалдығы 80 % асқан үй-жайларда ұстау ұсынылады.

      Науқас мақта-матадан тігілген киімде болуы тиіс. Операция жасайтын бөлмеде және басқа жарылыс қауіпті үй-жайларда қозғалғанда қатты электрленетін, адамның денесінде зарядтардың тез жиналуына соғатын жүн, жібек, сондай-ақ нейлон, капрон және басқа да синтетикалық маталардан тігілген киімді киюге жол берілмейді.

      2) Қызмет көрсетуші персоналдың аяқ киімінің табаны былғарыдан немесе электр өткізгіш резеңкедан жасалған болады, ол аяқ киімнің үстінен мақта-матадан жасалған арнайы операциялық бахилдар киіледі. Операция жасайтын бөлмеде табаны резеңкедан, пластиктан немесе басқа бейөткізгіштерден жасалған аяқ киімді киюге жол берілмейді.

      3) Операция жасайтын бөлмеде қызмет көрсету персоналының шаштары қалпақпен немесе мақта-мата бас жаулықпен жабылады.

      18. Операция жасайтын бөлменің персоналына білезік, жүзік және басқа да металл заттарды тағуға жол берілмейді.

      19. Наркоз аппараттарына қызмет көрсету персоналының қолдарында, сондай-ақ науқастың бетінде майдың, помаданың іздері болмау керек.

      20. Операция жасайтын бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылық гигрометр немесе психрометр арқылы операция жасар алдында және операция барысында бақыланады. Ауа температурасын бақылау ұсынылады. Операция жасайтын бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 %-дан болса, наркоз үшін тез тұтанғыш есірткі қоспаларын немесе анестетиканы қолдануға жол берілмейді.

      21. Тұтану мен жарылыстан кепілді сақтандыру – тез тұтанғыш есірткі заттарын (фторотан, хлороформ, азоттың шала тотығы, центран) қолдану. Тұтанғыш анестетикалармен жұмыс істегенде жарылыстардың алдын алу тұтанудың себептері мен көздерін жоюдан тұрады.

      22. Желдеткіш жүйесінің жұмысқа қабілеттігін бақылау үшін операция кезінде құрамында есірткі буының бар-жоғына ауа сынамасы алынады. Сынамаларды операциялық бригаданың мүшелері дем алатын аймақта орналасқан ауданнан алады. Анестетика буының құрамы белгіленген шекті рұқсат етілген деңгейден аспайды.

      23. Ауаны тазартқыш сүзбелерінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау үшін аптасына кемінде бір рет операция жасайтын бөлмеге жеткізілетін ауаның тазалығын, қосалқы бөлшектердің және бактериялы флораның болуы анықталады. Ауада бактериялы флора пайда болған жағдайда, оның себептері жойылғанша операция тоқтатылады.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
4-қосымша

Мұнай өнімімен қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы
кәсіпорындарға арналған алғашқы өрт сөндіру құралдарының
қажеттілік нормалары

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Ғимараттардың, үй-жайлардың және өндірістік учаскелердің атаулары

Қорғалатын аудан

Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер

Көбікті өрт сөндіргіштер ОВП-10

Ұнтақты өрт сөндіргіштер

Құмы бар жәшік

Көлемі 2х1,5м өртке қарсы төсеме

ОУ-2

ОУ-5 немесе ОУ-8

ОП-5 немесе ОП-10

ОП-100

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю алаңы

-

-

-

4

-

-

1

1

Бір жақты, екі жақты темір жол ағызу-құю эстакадасы

ұзындығының әрбір 50 метріне

-

-

-

-

2

4

1

2

-

-

1

2

1

2

Мұнай өнімдерін айдайтын сорғы бөлмелер

50 м2

-

2

2

-

-

1

1

ООА және А үй-жайлары

50 м2

-

2

-

-

-

-

-

Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау қоймасы

200 м2

-

-

1

2

-

-

-

Мұнай өнімдерін шағын ыдысқа босату орындары

-

-

-

1

-

-

1

1

Өзен және теңіз айлақтары

әрбір 50 метрге

-

2

2

2

-

1

1

Құйылмалы мұнай өнімдері

50 м2

-

-

2

-

-

1

1

Манифольд ғимараттары

50 м2

2

-

2

-

-

1

1

Айдау станциясының электр қозғалтқыш үй-жайлары

әрбір электр қозғалтқышқа

1

1

-

-

-

-

-

Қалқымалы сорғы станциялары


-

2

4

-

1

1

1

Ыдыстың ішіндегі мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалар

100 м2

-

-

3

2

-

1

1

Зертханалар

50 м2

1

-

2

-

-

-

-

Газ электр дәнекерлеу үй-жайлары

50 м2

-

-

1

1

-

1

1

АГТС:

Станция ғимараты

Сорғы-компрессорлық бөлім

Автомашина баллондарын толтыруға арналған колонкалар

Үй-жайға

-

-

-

1

1

-

-

1

1

2

-

1

1

1

-

-

-

-

-

-

-

Регенерациялық қондырғылар

100 м2

1

-

1

1

-

1

-

Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар

200 м2

-

-

1

-

-

-

-

Есептеу орталықтары, машина-есептеу станциялары (бюролары), мұрағаттар, кітапханалар, Жобалық-конструкторлық бюро

100 м2

-

1





1

Көшіргіш-көбейткіш машиналар үй-жайы

100 м2

-

1

1

-

-

-

-

Материалдық қоймалар

50 м2

-

-

2

1

-

-

-

Қазандықтар

100 м2

1

-

2

1

-

-

-

Су сорғы

әрбір электр қозғалтқышқа

-

1

1

-

-

-

-

Авто гараждар

100 м2

-

1

2

1

-

1

-

Электр станциялары мен шағын станциялар

100 м2

2

2

-

1

-

1

-

Құрамында мұнай бар қалдықтардың кәріздік сорғы бөлмесі

50 м2

1

1

1

-

-

1

-

Биологиялық тазарту станциясы

50 м2

-

-

1

1

-

1

-

Озонаторлық бөлме

25 м2

-

-

1

1

-

-

-

Басқа өндірістік үй-жайлар









А және Б санатты

200

-

-

2

2

-

1

1

В1-В4, Г санатты

300

-

-

2

1

1

-

-

Д санатты

400

-

-

1

-

-

-

-


      Ескертпе:

      1. Кәсіпорын аумағында әрбір 5000 м2 жинағы бар қалқандар орнатылады: ұнтақты өрт сөндіргіштер – 2, құмы бар жәшіктер – 1, қалың төсем (асбест, киіз) – 1, сүймендер – 2, балталар – 2.

      2. Автоматты стационарлы өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар осы қосымшада көрсетілген санның 50% есебінен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      3. Бағасы қымбат аппаратура мен жабдықтардың жинақталу орындарында өрт сөндіру құралдарының саны көбейтілуі мүмкін.

      4. Осы Қағидаларда аталмаған қондырғыларды орнату үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарын басқа үй-жайлармен (қондырғылармен) ұқсастығы бойынша, олардың өрт қауіптілігі ескеріліп қабылданады.

      5. А, Б, В1-В4 санатындағы кез келген үй-жайдағы өрт сөндіргіштердің саны осы қосымшаға сәйкес қабылданады, бірақ кемінде – 2, әкімшілік, қызметтік-тұрмыстық ғимараттарда – бір қабатқа кемінде – 2.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
5-қосымша

Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат

      "___" ________ 20____ ж.

      Объект ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      жұмыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды орындағаннан кейін:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (отпен байланысты нақты қандай жұмыстар екенін және ол жүргізілетін

      жерді көрсету)

      жүргізуге рұқсат берілді.

      Рұқсат:

      20__ ж "___" ___________ сағ. "___" бастап,

      20__ ж. "___" ___________ сағ. "___" дейін жарамды

      Бас инженер __________________

      (қолы)

      Рұқсат

      20__ ж. "___" _______ сағ. "___" бастап,

      20__ ж. "___" ___________ сағ. "___" дейін ұзартылды.

      Бас инженер __________________

      (қолы) _____________________________________________________________ жүргізу

      (қандай жұмыс екенін көрсету)

      Жұмыстар мынадай өрт қауіпсіздігі талаптары орындалған жағдайда атқарылады.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      20__ж. сағ. "___" бастап "___"_________ дейін

      Рұқсат:

      20__ж. сағ. "___" бастап, "___"_________ дейін ұзартылды.

      Өрт қауіпсіздігі шаралары мен рұқсатта ұсынылған іс-шараларды орындау туралы нұсқама алдым:

      _____________________________________________________________________

      (жұмысты жүргізетін адамның қолы)

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
6-қосымша

Еден немесе іргелес аумақ деңгейінің үстіндегі дәнекерлеу нүктесінің биіктігі, метрмен

Тазалау аймағының ең аз радиусы, метрмен

0

5

2

8

3

9

4

10

6

11

8

12

10

13

10-нан жоғары

14

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
7-қосымша

Салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттарға,
құрылыстар мен қосалқы үй-жайларға арналған алғашқы өрт
сөндіру құралдарының нормалары

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Ғимараттар, үй-жайлар, қоймалар мен құрылыстар

Өлшем бірліктері

Алғашқы өрт сөндіру құралдарының саны

Өрт сөндіргіштер ОП-5

Құм мен күрегі бар, көлемі 0,5 м2 жәшіктер

Сыйымдылығы 250 л және 2 шелек, суы бар күбілер

Көлемі 2х2м өртке қарсы төсемелер

1

2

3

4

5

6

Салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттар

200 м2 еден ауданына

1*

1

1

-

Құрылысқа арналған ағаш

(әр қабат бойынша) ағаштар ұзындығының әрбір 20 метріне

1*

-

-

-

(әр қабат бойынша) ағаштар ұзындығының әрбір 100 метріне

-

-

1**

-

Кеңселер үй-жайы

200 м2 еден ауданына

1*

-

-

-

Балташы және ағаш өңдеу цехтарының, шеберханаларының үй-жайы

100 м2

1***

1

1

-

Ағаш материалдары мен жанармайдың (төсемелердің, көбіктің) жабық қоймалары

100 м2

1***

-

1

-


Жанғыш материалдар болған жағдайда шаруашылық қоймалары

100 м2

1**

1

1

-

Ағаш материалдарының ашық қоймалары

300 м2 қойма ауданына

1****

-

-

-

Жылытқышы жанғыш немесе жанғыш шатырлары бар жабындар

200 м2 қойма ауданы

1

1

1

-

Бөренелердің ашық қоймалары

500 м2 қойма ауданына

1****

-

-

-

Өртенбейтін материалдардың жабық қоймалары

400 м2 қойма ауданына

1***

-

1

-

Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар ыдыстарының қоймалары

50 м2 еден ауданына

1****

1***

-

-

Кальций карбиді қоймалары

100 м2 еден ауданына

-

1

-

-

Сығымдалған, сұйылтылған және ерітілген газдары бар баллондар қоймасы

200 м2 еден ауданына

-

1

-

-

Биік темір бетон құбырлардың діңгектерін бетондауға арналған жұмыс алаңқайы

200 м2 еден ауданына

1

-

-

-

Салынып жатқан құрылыстың ішіндегі қорғаныш жабын

200 м2 еден ауданына

3

1

1

-

Градирня құрылысына арналған агрегаттық бесікшесі

200 м2 еден ауданына

8

-

-

-

Коррозияға қарсы және гидрооқшаулағыш материалдарының жұмыс құрамдарын дайындауға арналған үй-жай

200 м2еден ауданы

3

1

-

3

Жылу генераторлары мен калориферлерді орнату орындары

Агрегат

2

1

-

-

Ашық автомашина тұрақтары

100 м2

1

1

-

1

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу цехтері

200 м2

1

1

-

-

Аула алаңқайы

200 м2

1

-

1

-


      Бірақ бір қабатқа кемінде екі өрт сөндіргіш.

      **Бір қабатқа кемінде екі күбі.

      *** Бірақ шеберханаға немесе әрбір жеке қоймаға кемінде екі өрт сөндіргіш.

      **** Бірақ кемінде екі өрт сөндіргіш пен құмы бар бір жәшік. Құмы бар жәшікте көлемі 1,5x1,5 метр өртке қарсы төсеме болуы тиіс.

      Ескертпе:

      1. Осы кестеде көрсетілмеген қоймалар мен құрылыстардың алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны тиісті министрліктер бекіткен тиесілік нормаларына сәйкес айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда көзделген өртке қарсы жабдықтан басқа қоймалардың, уақытша ғимараттардың құрылысы аумағында мынадай өрт жабдығының (керек-жарағының) жинағы бар өрт сөндіру пункттері (шкафтар, қалқандар) орналастырылуы қажет, данада: балта – 2; сүймен және күрек – 2; темір багор – 2; қызыл түске боялған шелек – 2; өрт сөндіргіш – 2.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен