"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 131 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 62-63, 577-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";

      47-тармақ алып тасталсын;

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 143-147-тармақтарының талаптарына сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң аумағына өту жолдарында ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі" талаптарына сәйкес оларға қолданыстағы және салынып жатқан және уақытша ғимараттар (құрылыстар), өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң, өрт сөндiру және байланыс құралдарының, өрт техникасының орналасқан орны көрсетiлген схемалар iлiнедi.

      Схемалар атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.";

      54, 55-тармақтар алып тасталсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Мыналарға:

      1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларына;

      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына;

      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол берілмейді.

      Көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын орналастыруға жол берiлмейдi.";

      75-тармақ алып тасталсын;

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Балалар мекемелерiнiң ғимараттарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың топтары (сыныптары) үшінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Оқу сыныптары мен кабинеттерiндегi парталар (үстелдер) саны жобалау құжаттамасында белгiленген саннан аспауы тиiс.";

      95-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) иллюминация электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторынсыз электрмен жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты – 25 Ватт;";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Сайлау учаскесi телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында өртке қарсы қызметті шақыру телефонының нөмiрi бар тақташа орнатылады (iлiнедi).";

      2-бөлімнің 15-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биiктігі 28 метрден астам тұрғын үйді және қоғамдық ғимараттарды ұстау тәртiбi";

      241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253-тармақтар алып тасталсын;

      254-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Биіктігі 28 метрден астам ғимараттарда:";

      5) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) автоматты өрт хабарлағыштары мен суландырғыштарды бояуға, ақтауға;";

      7), 9), 10) тармақшалар алып тасталсын;

      258, 283, 284-тармақтар алып тасталсын;

      3-бөлімнің 2-тарауының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      344-тармақтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      375-тармақтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      465-тармақ алып тасталсын;

      514-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "514. Темiржол төгу-құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өткел көпірлер жасырын бұрандамасы бар ағаш тіректермен немесе ұшқынның шығуын болдырмайтын басқа да материалдармен жабдықталады.";

      1256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1256. Жарылыс және өрт қауiптi үй-жайларда көмiрсутектердің шоғырлануын тұрақты бақылау үшiн жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.";

      1281, 1390, 1392-тармақтар алып тасталсын;

      1431-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында көлемi кемiнде 100 литр жылжымалы ұнтақты өрт сөндiргiш орнатылады;";

      1443-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1443. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезiнде жұмыс iстеу жобасында құрылыстың барлық кезеңiне өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шаралар көзделеді.";

      1463-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1463. Жобалық құжаттамада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, түтік жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден, ал биіктігі 50 метрден астам ғимараттарды салу кезінде – әрбір келесі қабаттың тұрғызылуына қарай орнатылады.

      Жобалық құжаттамада көзделген түтік жалғау құбырларды монтаждау мүмкіндігі болмаған кезде әр қабатта өрт краны бар диаметрі 89 миллиметр уақытша түтік жалғау құбырлары орнатылады.

      Ғимараттың тұрғызылуына қарай 50 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан қабаттан бастап және одан жоғары мотопомпалары бар көлемі кемінде 3 текше метр уақытша аралық сыйымдылықтар орнатылады. Мотопомпалары бар уақытша аралық сыйымдылықтардың арасындағы аралық жоғары орналасқан қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды беру кезінде қысымның жоғалуына байналысты есептеудің негізінде анықталады.";

      1603-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1603. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.

      Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi.

      Отын өткiзгiштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткiзгiшiнде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.

      Салынып жатқан ғимаратта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтаған жағдайда қатты отынмен жұмыс істейтін және кіріктірілген отын багы бар тасымалданатын немесе жылжымалы ауа жылытқыш аспаптарды қолдануға жол беріледі.";

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 4-қосымшаның 5-бағанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көбікті өрт сөндіргіштер ОВП-10";

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 4-қосымшаның 9-бағанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлемі 2х1,5м өртке қарсы төсеме";

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымшаның 3-бағанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өрт сөндіргіштер ОП-5";

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымшаның 6-бағанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлемі 2х2м өртке қарсы төсемелер";

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымшадағы кестенің сипаттамасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "**** Бірақ кемінде екі өрт сөндіргіш пен құмы бар бір жәшік. Құмы бар жәшікте көлемі 1,5x1,5 метр өртке қарсы төсеме болуы тиіс.";

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымшадағы кесте ескертпесінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда көзделген өртке қарсы жабдықтан басқа қоймалардың, уақытша ғимараттардың құрылысы аумағында мынадай өрт жабдығының (керек-жарағының) жинағы бар өрт сөндіру пункттері (шкафтар, қалқандар) орналастырылуы қажет, данада: балта – 2; сүймен және күрек – 2; темір багор – 2; қызыл түске боялған шелек – 2; өрт сөндіргіш – 2.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев