"Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1062 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға (жалгерлікке) беру ережесінде:

      1) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті Үкімет уәкілеттік берген ұйым (бұдан әрі – ұйым) жеке және заңды тұлғаларға жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.";

      2) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы ұйым жеке және заңды тұлғаларға жабық тендер нысанындағы сауда-саттық жолымен жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.";

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының


Премьер-министрі

К.Мәсімов