Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға (жалгерлікке) беру ережесінде:
1) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті Үкімет уәкілеттік берген ұйым (бұдан әрі – ұйым) жеке және заңды тұлғаларға жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.»;
2)
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы ұйым жеке және заңды тұлғаларға жабық тендер нысанындағы сауда-саттық жолымен жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.»;
2.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының |
К.Мәсімов |