Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысымен бекітілген |
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы №1060 қаулысымен бекітілген |
Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 21.02.2019 № 82 қаулысымен.
Р/с № | Атауы |
1 | 2 |
1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері | |
2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер | |
1. | "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |
2. | "Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану" |