«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.
Қоса беріліп отырған:
1)
концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері;
2)
ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы |
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері мыналар болып табылады:
1)
концессия объектісінің техникалық күрделілігі*;
2)
концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу;
3)
концессиялық жобаны республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы концессиялық жобаларды іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылады;
4)
концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.
* «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объект құрылысының техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі - жоғарыға жатқызылатын жағдайда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі
Р/с |
Атауы |
1 |
2 |
1.Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері |
|
2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер |
|
1. |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану» |