Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№1060 қаулысымен
бекітілген

Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі
 

Р/с

Атауы
 

1

2
 


1.Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері


2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

1.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану»