Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау және "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – РҚАО) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын болып айқындалсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2014 жылғы 30 қыркүйектегі


№ 1045 қаулысына


қосымша


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2006 жылғы 29 сәуірдегі


№ 343 қаулысымен


бекітілген

Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.