Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1002 қаулысы

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері болып;
      2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының бір жүз жиырма үшінші, бір жүз жиырма төртінші, бір жүз жиырма бесінші, бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз жиырма жетінші, бір жүз жиырма сегізінші, бір жүз жиырма тоғызыншы, бір жүз отызыншы, бір жүз отыз бірінші, бір жүз отыз екінші, бір жүз отыз үшінші, бір жүз отыз төртінші, бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы, бір жүз отыз жетінші, бір жүз отыз сегізінші, бір жүз отыз тоғызыншы, бір жүз қырқыншы, бір жүз қырық бірінші, бір жүз қырық екінші, бір жүз қырық үшінші, бір жүз қырық төртінші, бір жүз қырық бесінші, бір жүз қырық алтыншы, бір жүз қырық жетінші, бір жүз қырық сегізінші, бір жүз қырық тоғызыншы, бір жүз елуінші, бір жүз елу бірінші, бір жүз елу екінші, бір жүз елу үшінші, бір жүз елу төртінші, бір жүз елу бесінші, бір жүз елу алтыншы, бір жүз елу жетінші, бір жүз елу сегізінші, бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз алпысыншы, бір жүз алпыс бірінші, бір жүз алпыс екінші, бір жүз алпыс үшінші, бір жүз алпыс төртінші, бір жүз алпыс бесінші, бір жүз алпыс алтыншы, бір жүз алпыс жетінші, бір жүз алпыс сегізінші, бір жүз алпыс тоғызыншы, бір жүз жетпісінші және бір жүз жетпіс бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының үш жүз отыз үшінші, үш жүз отыз төртінші, үш жүз отыз бесінші, үш жүз отыз алтыншы, үш жүз отыз жетінші, үш жүз отыз сегізінші, үш жүз отыз тоғызыншы, үш жүз қырқыншы және үш жүз қырық бірінші абзацтары көрсетілген Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнің аумақтық
бөлімшелеріне қосу жолымен қайта ұйымдастырылған Қазақстан
Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы
комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      9. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      10. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      12. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      13. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      14. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері болып қайта аталған
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелерінің
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық
мемлекеттік мекемелері болып қайта аталған Қазақстан
Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      9. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      10. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      12. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      13. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      14. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      15. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      16. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

2. Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      9. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      10. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      12. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      13. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      14. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      15. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      16. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      17. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      18. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      19. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      20. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      21. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      22. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      23. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      24. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      25. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      26. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      27. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      28. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысына    
4-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1415 қаулысымен   
бекітілген       

Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы
бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды
адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды
жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар
қызметкерлерiнiң тiзбесi

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
      2. Комитет төрағасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары.
      3. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар басшылары, бас сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
      4. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
      5. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
      6. Комитеттiң аумақтық бөлімшелері басшыларының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
      7. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы.
      8. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.

Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды
жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар

      1. Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары, және олардың орынбасарлары – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі инспекторлар.
      2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас аңшылық танушы және бас ихтиолог, аңшылық танушы және ихтиолог, бас қорықшы, қорықшы-инспектор.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесі;
      4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі.»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының орнықты дамуы үшін жағдай жасау.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
      2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
      3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;
      4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
      6) биологиялық әртүрлілікті сақтау;
      7) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
      8) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
      9) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
      10) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтасты дамыту;
      11) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.»;
      16-тармақта:
      214-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 239), 240), 241), 242), 243), 244), 245), 246), 247), 248) 249) 250), 251), 252), 253), 254), 255), 256), 257), 258), 259), 260), 261), 262), 263), 264), 265), 266) 267), 268), 269), 270), 271), 272), 273), 274), 275), 276) 277), 278), 279), 280), 281), 282), 283), 284), 285), 286), 287), 288), 289), 290), 291), 292), 293), 294), 295), 296), 297), 298), 299), 300) 301), 302), 303), 304), 305), 306), 307), 308), 309), 310), 311), 312), 313), 314), 315), 316), 317), 318), 319), 320), 321), 322), 323), 324), 325), 326), 327), 328), 329), 330), 331), 332), 333), 334), 335), 336), 337), 338), 339), 340), 341), 342), 343), 344), 345), 346), 347), 348), 349), 350), 351), 352), 353), 354), 355), 356), 357), 358), 359), 360), 361), 362), 363), 364), 365), 366), 367), 368), 369), 370), 371), 372), 373), 374), 375), 376), 377), 378), 379), 380), 381), 382), 383), 384), 385) және 386) тармақшалармен толықтырылсын:
      «239) орман, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      240) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту, пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      241) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      242) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      243) су ресурстарын басқару, ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      244) биоәртүрлілікті сақтау, жерлердің шөлейттенуі саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
      245) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
      246) жануарлар санын реттеу тәртібін әзірлейді;
      247) нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін бекітеді;
      248) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады;
      249) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      250) Қазақстан Республикасының Үкіметіне биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
      251) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алу көлемі бойынша ұсыныстар енгізеді;
      252) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      253) Қазақстан Республикасының орман қорын сақтау, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бекітеді;
      254) Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      255) Орман шаруашылығы саласындағы көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      256) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      257) орман дақылдарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алаңдарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      258) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
      259) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      260) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және көлемін айқындау бойынша әдістемелік нұсқауларды, орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      261) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      262) арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекітеді;
      263) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін бекітеді;
      264) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін бекітеді;
      265) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;
      266) су объектілері мен ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекітеді;
      267) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алу жөнінде ұсыныс енгізеді;
      268) жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      269) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      270) жануарлар дүниесін және орманды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      271) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемелерiн бекiтедi;
      272) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
      273) ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін бекітеді;
      274) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді;
      275) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      276) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
      277) су алу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлеп бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
      278) балық аулауға уылдырық шашу кезеңінде тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      279) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта оларды сату үшін марка беруді жүзеге асырады;
      280) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізеді;
      281) аңшылық шаруашылықтары, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шекараларының аншлагтары үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
      282) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      283) қорықшының төсбелгісі мен айырым белгілері бар арнайы киім нысанын әзірлейді және бекітеді;
      284) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      285) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      286) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      287) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      288) Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      289) қай жерден ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
      290) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
      291) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
      292) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері аумағының шекарасын және оларды қорғау режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      293) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін бекітеді;
      294) Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      295) Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      296) Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      297) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      298) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      299) Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      300) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамы мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
      301) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      302) Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
      303) гидромелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттандыруды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
      304) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін әзірлейді;
      305) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді және бекітеді;
      306) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      307) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
      308) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
      309) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4)5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
      310) Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді;
      311) дериваттар тізбесін әзірлейді;
      312) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
      313) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;
      314) Жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді;
      315) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
      316) Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді;
      317) Аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді;
      318) Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      319) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін әзірлейді;
      320) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      321) Мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді;
      322) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
      323) Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
      324) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
      325) Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
      326) Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      327) Зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
      328) Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
      329) аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      330) Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді;
      331) Аңшылықта пайдаланылатын аң аулайтын жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      332) Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
      333) Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      334) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
      335) Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді;
      336) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстары саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындайды;
      337) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      338) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекітеді;
      339) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласында саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асуын ұйымдастырады;
      340) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге пайыздық арақатынаста есептелетін астықты жеткізу мөлшерін айқындайды;
      341)астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтауды, беруді, астық қолхаттары айналымы және өтеу, нан қабылдау өнеркәсібін уақытша басқаруды жүргізу, электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекітеді;
      342) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін бекітеді;
      343) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынау мен мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
      344) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін бекітеді;
      345) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекітеді;
      346) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекітеді;
      347) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін бекітеді;
      348) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
      349) шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын бекітеді;
      350) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережені бекітеді;
      351) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін бекітеді;
      352) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру тәртібін бекітеді;
      353) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекітеді;
      354) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекітеді;
      355) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      356) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекітеді;
      357) уәкілетті органның ұсынысы бойынша тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін, олардың құрылымы мен көлемін айқындайды;
      358) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген бірегей және элиталық тұқымдардың сорттарын өндіруді, өткізуді және сатып алуды субсидиялау тәртібін айқындайды;
      359) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      360) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      361) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      362) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      363) басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      364) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекітеді;
      365) топырақты агрохимиялық зерттеп тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
      366) мақта талшығы сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын бекітеді;
      367) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекітеді;
      368) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын бекітеді;
      369) биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      370) алғаш өндірілген (дайындалған) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекітеді;
      371) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібін бекітеді;
      372) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін бекітеді;
      373) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын айқындайды;
      374) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды, суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;
      375) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      376) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын бекiтеді;
      377) орман қорын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
      378) ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      379) мемлекеттік орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын бекітеді;
      380) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекітеді;
      381) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;
      382) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
      383) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын бекітеді;
      384) аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      385) акваөсіруді дамыту үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн пайдалану қағидаларын бекітеді;
      386) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін бекітеді.»;
      17-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220), 221), 222), 223), 224), 225), 226), 227), 228), 229), 230), 231), 232), 233), 234), 235), 236), 237), 238), 239), 240), 241), 242), 243), 244), 245), 246), 247), 248), 249), 250), 251), 252), 253), 254), 255), 256), 257), 258), 259), 260), 261), 262), 263), 264), 265), 266), 267), 268), 269), 270), 271), 272), 273), 274), 275), 276), 277), 278), 279), 280), 281), 282), 283), 284), 285), 286), 287), 288), 289), 290), 291), 292), 293), 294), 295), 296), 297), 298), 299), 300), 301), 302), 303), 304), 305), 306), 307), 308), 309), 310), 311), 312), 313), 314), 315), 316), 317) 318), 319), 320), 321), 322), 323), 324), 325), 326), 327), 328), 329), 330), 331), 332), 333), 334), 345), 346), 347), 348), 349), 350), 351), 352), 353), 354), 355), 356), 357) және 358) тармақшалармен толықтырылсын:
      «200) арнайы су пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
      201) су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;
      202) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      203) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және белдеулерінде шаруашылық қызметтің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      204) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
      205) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      206) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;
      207) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуді және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
      208) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
      209) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
      210) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи, антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      211) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      212) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      213) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      214) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      215) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің қорғалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      216) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      217) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
      218) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      219) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;
      220) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, әрбір су объектісінің бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа өлшемдерінің нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
      221) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың жауындылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
      222) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
      223) су объектілерінің ақпараттық деректер базасын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      224) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылыстарының және құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
      225) су объектілерін бірлесіп пайдалануға беруді келіседі;
      226) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
      227) Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсаттар беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
      228) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      229) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растауды жүзеге асырады;
      230) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
      231) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      232) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
      233) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
      234) судың және оны пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
      235) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
      236) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
      237) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;
      238) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      239) ерекше қорғалатын су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, оларда белгіленген шаруашылық қызметі режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      240) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      241) су объектілері бойынша су тұтыну мен су бұрудың белгіленген нормалары мен қағидаларының, лимиттерінің, сондай-ақ суды пайдалану режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      242) Су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      243) су объектілерінен жиналатын су мен оларға жіберілетін су мөлшерін бастапқы есепке алуды жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен жіберуді есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      244) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      245) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      246) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жерүсті және жерасты суын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      247) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
      248) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің, озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      249) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтауға және су объектілерін, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметке сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
      250) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
      251) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар береді;
      252) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
      253) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
      254) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, жануарлар дүниесін пайдалануға, сондай-ақ жерсіндіруге рұқсаттар береді;
      255) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
      256) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
      257) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
      258) ғылыми ұсынымдар негізінде балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті жою мүмкін болмаған жағдайларда балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
      259) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      260) су жинау құрылыстарына балықтарды қорғау құрылғыларын орналастыруды келіседі;
      261) бекітілген лимиттер негізінде қоғамдық аңшылар бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің, сондай-ақ қоғамдық балық аулаушылар бірлестіктерінің және балық шаруашылығы субъектілерінің қатысуымен жануарлар дүниесінің объектілерін алу квоталарын бөледі;
      262) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерінің шегінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес ғылыми зерттеулер үшін жануарлар дүниесі объектілерін алу квотасын белгілейді;
      263) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
      264) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
      265) балық шаруашылығын жүргізуге және балық аулауға шарттар жасайды;
      266) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      267) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
      266) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      269) Аң, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      270) Аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      271) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      272) жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібінің, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      273) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      274) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушының қызметін тоқтата тұрады немесе қызметіне тыйым салу туралы ұсыныс енгізеді;
      275) жеке және заңды тұлғалардың аң және балық шаруашылығын жүргізу шартының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      276) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      277) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
      278) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      279) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
      280) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетудің, қорғаудың және қалпына келтірудің, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      281) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандардың өсімін молайту және орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми-зерттеулер және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
      282) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
      283) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін бекітеді;
      284) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
      285) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
      286) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
      287) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
      288) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
      289) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын бекітеді;
      290) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
      291) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келіседі;
      292) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
      293) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар береді;
      294) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқой (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;
      295) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтарды дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
      296) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
      297) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастырады;
      298) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      299) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
      300) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді;
      301) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама береді;
      302) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жүргізген балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
      303) облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiн келіседі;
      304) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы  17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
      305) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
      306) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олардың өтiнiмдерi бойынша оларға конкурссыз бекітіп беру туралы облыстық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;
      307) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;
      308) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлейді;
      309) мемлекеттік су кадастрындағы ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      310) бассейндік схемалар негізінде өзендер бассейндері бойынша суды пайдалану лимиттерін және су объектілеріне рұқсат етілген шекті зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлейді;
      311) Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      312) су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды өткізуді ұйымдастырады;
      313) бассейндік қағидат негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқаруды жүзеге асырады;
      314) оң экономикалық әсерге, қисынды, адал және экологиялық орнықты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      315) су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;
      316) бассейндер бойынша су объектілерінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
      317) заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, қолданысын тоқтата тұруды және қайтарып алуды жүзеге асырады;
      318) тиісті бассейннің су объектілерін оңтайлы пайдалану бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
      319) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу орындарын айқындау бойынша ұсыныстарды келісуді жүзеге асырады;
      320) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялау жобаларының жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектілерінде, суды қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстарын, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарды; су объектілерінің жай-күйін сақтау, жақсарту бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
      321) судың жай-күйіне әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды пайдалану жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      322) суды пайдаланушылар бөліндісінде және тиісті бассейн бойынша суды пайдалану лимиттерін айқындайды;
      323) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
      324) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;
      325) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру бойынша конкурсты ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
      326) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      327) тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау схемасын, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын келіседі;
      328) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеуге қатысады;
      329) су объектілерін оқшауланған және бірлескен пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын келіседі;
      330) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етеді;
      331) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      332) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      333) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар суды алу немесе бұру құрылыстарында немесе қондырғыларында орнататын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      334) салық органына бергенге дейін жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептерін растайды;
      335) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен консультациялар жүргізуді, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен суды пайдаланушыларға жеткізуді ұйымдастырады;
      336) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылайды;
      337) су қорын пайдалану мен қорғауды, Қазақстан Республикасының су заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      338) бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының, салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режимін бақылауды жүзеге асырады;
      339) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдалану кезінде белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      340) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылайды;
      341) су объектілерін өз еркімен пайдалануға, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуге жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
      342) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен судың жай-күйіне әсер ететін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су тарту саласында белгіленген нормалар мен қағидаларды бұзумен жүзеге асырылатын су шаруашылығы және өзге де объектілерді қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы талаптар қояды;
      343) кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту үшін Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      344) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы талап-арыздарды сотқа ұсынады.
      345) Өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
      346) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:
      жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      ветеринариялық препараттарды шығаратын адамдарда;
      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілердің орнын ауыстыру кезінде шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде);
      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру, экспорттау (импорттау) және транзиті кезінде;
      экспорт (импорт) және транзит кезінде жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдау жолдарында, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      құзыреті шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функцияларының жүзеге асырылуын қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда және оның бөлімшелерінде функциялардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      347) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      348) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      349) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      350) аңшылық алқаптардың және балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      351) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
      352) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      353) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеуді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашуды және жабуды жүзеге асырады;
      354) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
      355) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтандыруды түзету жобаларын келісуді жүзеге асырады;
      356) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсуді жүзеге асырады;
      357) жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
      358) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беруді және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдармен толықтырылсын:
      «5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қ.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 429, 430, 431, 432, 433, 434, 435, 436, 437, 438, 439, 440, 441, 442, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 449, 450-жолдармен толықтырылсын:
      429. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      430. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      431. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      432. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      433. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      434. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      435. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      436. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      437. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
       438. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      439. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      440. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      441. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      442. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      443. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
      444. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
      445. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы.
      446. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
      447. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
      448. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
      449. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
      450. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.»;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      реттік нөмірлері 8, 9, 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 және 39-жолдармен толықтырылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      29. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      31. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      32. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      33. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      34. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      35. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      36. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      37. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      38. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      39. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      2. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі» деген мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      276. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      277. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      278-6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      278-7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы селекциялық орман орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау селекциялық орман орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      278-12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы.
      278-13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
      3. «Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.