"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын
есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) тәртібін айқындайды және реттейді.
2. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметте пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
3) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі – өткеннен кейін материалдық құндылықтар одан әрі қолдануға жатпайтын мерзім;
4) мемлекеттік материалдық резерв – жұмылдыру мұқтаждарына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
5) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару – тұтынушылық қасиеттерінен толық немесе ішінара айырылуы, оның ішінде физикалық және сапалық тозуы салдарынан мемлекеттік материалдық құндылықтарды одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп тануға байланысты іс-шаралар кешені;
7) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін, оларға адамдар мен жануарлардың қолжетімділігін болдырмайтын әсер ету (термиялық, химиялық, механикалық не басқа) рәсімі;
8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері (бұдан әрі – сақтау нормативтері) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
9) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi (бұдан әрі – сақтау пункттері) – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
10) мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтары – "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сай келмейтін, техногенді немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен материалдық құндылықтар;
11) уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2015 № 205; 15.11.2016 № 704 қаулыларымен. 2. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын
есептен шығару және кәдеге жарату (жою) тәртібі
3. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйым жыл сайын, 30 мамырдан кешіктірмейтін мерзімде ведомствоға, тоқсан сайын ұсынылатын тамақ өнімдерінің тізбесін қоспағанда, мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесін ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.4. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйым ұсынған мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесі негізінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамына:
1) құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары (Комиссия төрағасы);
2)ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы немесе оның орынбасары/жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынып тасталған мемлекеттік органның өкілі (Комиссия төрағасының орынбасары);
3)мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілі;
4)құрылымдық бөлімшенің бас бухгалтері немесе оның орынбасары;
5)құрылымдық бөлімшенің мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының есебіне жауапты адам;
6)сақтау пунктінің басшысы немесе орынбасары;
7)сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның бас бухгалтері немесе оның орынбасары;
8)сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның бас инженері немесе бас механигі;
9)сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның технологиялық бөлімінің бастығы;
10) сақтау пунктіндегі/ведомстволық бағынысты ұйымдағы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына жауапты тұлға енгізіледі.
5. Комиссия есептен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тікелей қарап шығуды жүзеге асырады, бұл ретте техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерін пайдаланады және оның қайта қалпына келтіру мен одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды, тендерде сату, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру, нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдалану бойынша қабылданған шаралар туралы материалдарды қарайды, есептен шығару себептерін анықтайды, материалдық құндылықтарды сақтау кезінде сақтау нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуді, есептен шығарылатын мүліктің жекелеген түзілімдерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3 (үш) данада мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының техникалық (сапалық) жай-күйінің хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) жасайды.
Хаттаманың бір данасы сақтау пунктінде/ведомстволық бағынысты ұйымда қалады, хаттаманың екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынып тасталған мемлекеттік органға жолданады, үшінші данасы ведомствоға оған қол қойылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолданады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.6. Комиссия хаттама негізінде 3 (үш) данада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару актісін (бұдан әрі – есептен шығару актісі) жасайды.
Уәкілетті орган басшысы есептен шығару актісіне қол қойылған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны бекітеді.
7. Хаттама мен есептен шығару актісінің негізінде ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) үшін броньнан шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) үшін броньнан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін ведомство есептен шығару актісін мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын одан әрі кәдеге жарату (жою) үшін сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.9. Есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) орнын айқындау үшін сақтау пункттері немесе ведомстволық бағынысты ұйым жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
10. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағанға дейін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратуға (жоюға) жол берілмейді.
11. Сақтау пункттері немесе ведомстволық бағынысты ұйым есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) кезінде жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, өртке қарсы қызмет, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерін тартады.
12. Өртену, жарылу қаупі бар, сондай-ақ арнайы технология бойынша жоюдың айрықша жағдайларын талап ететін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратуды (жоюды) оларды кәдеге жарату (жою) бойынша тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
13. Адам мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату (жою) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Жарамсыз болып қалған, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кәдеге жарату (жою) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.15. Есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратуды (жоюды) жүргізген сақтау пункттері немесе ведомстволық бағынысты ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2 (екі) данада мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) туралы акті жасайды және қол қойылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның бір данасын ведомствоға жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының
техникалық (сапалық) жай-күйінің хаттамасы
Сақтау пунктінің/ бағынысты ұйымның атауы____________________________
Сақтау пунктінің/ бағынысты ұйымның толық мекенжайы__________________
____ жылғы "__" ____________ № _____ хаттама
__ жылғы "_"__ № _ бұйрыққа сәйкес мынадай құрамда құрылған комиссия:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
есептен шығаруға және кәдеге жаратуға (жоюға) жататын мемлекттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарап тексеруді жүзеге асырды, бұл ретте техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерін пайдаланды және олардың қайта қалпына келтіруге және одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтады.
Құжаттармен танысу, материалдық құндылықтарды қарап-тексеру (тексеру) барысында мыналар анықталды:
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | МЕМСТ, ТШ, артикулы, сериясы, талдау | Өлшем бірлігі | Саны | Дайындалған күні | Салынған күні | Жарамдылық мерзімі | Сақтау мерзімі | Бір бірлігінің бағасы | Құны (теңге) | Техникалық жай-күйі | Есептен шығару және кәдеге жарату (жою) себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Ескертпе:
Түрлі маркалы, МЕМСТ, ТШ бұйымдарды жеке жолда көрсету қажет.
Комиссия қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолдары:
Комиссия төрағасы _____________ _______________
(лауазымы) (Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері ______________ _______________
(лауазымы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларына 2-қосымша |
|
Бекітемін (басшы)
_______________ _____________
(лауазымы) (қолы)
20___ж. "__"_________________
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын
есептен шығару актісі
____ жылғы "__" ____________ № _____ АКТ
____ жылғы "__" ____________ № _____ бұйрықпен құрылған комиссия ___ жылғы "__" _____________ № _____ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының техникалық (сапалық) жай-күйінің хаттамасы негізінде ________________________________ (сақтау пунктінің атауы) сақтаудағы төменде көрсетілген, одан әрі қолдануға жарамсыз мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару туралы осы актіні жасады.
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі | Салынған жылы | Саны | Салыну бағасы, бір бірлік үшін теңге | Салыну сомасы, теңгемен | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
М.О
Комиссия төрағасы ______________________ ___________________________
(лауазымы) (Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: _____________________ ___________________________
(лауазымы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын
кәдеге жарату (жою) туралы акт
Сақтау пунктінің/ бағынысты ұйымның атауы __________________________
Сақтау пунктінің/ бағынысты ұйымның толық мекенжайы_________________
_____ жылғы "__" ___________ № _____ АКТ
____ ж."__"________ сағ._____ _________________
(күні, уақыты) (жою орны)
Біз: ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратуға (жоюға) қатысқан адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) үшін броннан шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы "__" _________ № ______ шешімі мен _____ жылғы "__" ___________ № _____ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару актісі негізінде одан әрі қолдануға жарамсыз мынадай мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жараттық (жойдық).
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | МЕМСТ, ТШ, артикулы, сериясы | Өлшем бірлігі | Саны | Жою негіздемесі | Жою тәсілі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қолдары:
_______________ (мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратуға (жоюға) қатысқан адамдардың Т.А.Ә.).