Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 205 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 205 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 491-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 492-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуді, сақтауды және шығаруды регламенттейтін құжат (бұдан әрі - Операция жүргізу жоспары);

      4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия - азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылатын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі консультациялық-кеңесші орган;

      5) уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) - уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік резерв номенклатурасы өзгерген кезде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды броннан шығару тәртібімен шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды броннан шығару туралы шешімдерінің негізінде құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды броннан шығару тәртібімен шығару уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Босқындарға көмек көрсету қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген құзыреттері шегінде босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын енгізеді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Уәкілетті орган және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарлар бағасына мониторинг жүргізеді.

      Бағаның нарыққа реттеушілік ықпал етуі орынды болатын деңгейге жеткен жағдайда көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттігі туралы ұсыныс жібереді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажет болған кезде материалдық құндылықтардың атауын, санын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия айқындайды және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға енгізеді.".

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 497-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік материалдық резервті сақтау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) әкімшісі ретінде уәкілетті орган әрекет етеді, ол жыл сайын алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      8. Осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың сомасы бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібіне сәйкес, оның ішінде жыл сайын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттері ұсынатын материалдық құндылықтарды ұстауға және сақтауға жұмсалатын шығындар есебі негізінде есептеледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік материалдық резервтен броннан шығару тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.