Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 621 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жетпіс бес айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленсін.

      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 шілдедегі
№ 787 қаулысымен
бекітілген

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау және қайтару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Тағайындауды және төлеуді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) жүргізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

      5. Біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындалады және төленеді.

      6. Біржолғы ақшалай төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінген сәтте бала асырап алушылар бөлек тұрған жағдайда, ол асырап алынған бала бірге тұратын бала асырап алушыға тағайындалады және төленеді.

      7. Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі бөлімге мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін;

      3) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігін электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесін;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

      Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шартты бөлімнің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Бөлім бала асырап алушының біржолғы ақшалай төлем алуға құқығын тексереді және өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Біржолғы ақшалай төлем жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде бала асырап алуышының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.

      12. Бала асырап алуға байланысты төлем тағайындаудан бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбау;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алуды жарамсыз деп тану негіздеме болып табылады.

3-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетіне қайтаруы тиіс.

      14. Бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган бала асырап алушыны аударылған біржолғы ақшалай төлемді қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      15. Бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, оны қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.

  Жетім баланы және (немесе)
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы асырап алуға
байланысты біржолғы ақшалай
төлемді тағайындау және
қайтару қағидаларына
  1-қосымша

      Нысан

  __________________________

      (бөлімнің атауы)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ___________________________________________________________

      асырап (баланың (балалардың) Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)

      алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.

      Тегі______________________________________________________________

      Аты_______________

      Әкесінің аты (бар болса) ______________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Соттың атауы ______________________________________________________

      Соттың 20___ жылғы "_____"_____________ №_______ шешімі

      Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

      __________________________________________________________________

      сериясы ____________ нөмірі _______________ кім берген

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________

      Жеке шотының № _______________________________

      Банктің атауы ________________________________

      Қосымшалар:

      1) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

      2) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

      4) асырап алынған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесі.

      Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық туралы ескертілді.

      20 ___ жылғы "_____" ______ Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________

      Құжаттар қабылданды:

      20___ жылғы "___" ___________

      __________________________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (қию сызығы)

      Азамат _______________________ өтініші қоса берілген құжаттармен

      20 ___ ж. "_____" ___________ саны _____ данада қабылданды

      __________________________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

  Жетім баланы және (немесе) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап
алуға байланысты біржолғы ақшалай
төлемді тағайындау және қайтару
қағидаларына
2-қосымша

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем тағайындау
(тағайындаудан бас тарту) туралы шешім

      20___жылғы "___" ________ № _________

      __________________________________________

      (органның атауы)

      Азамат ____________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Өтiнiш берiлген күн _______________________________________________

      Асырап алынған баланың Т.А.Ә. _____________________________________

      Асырап алынған баланың туған күні _________________________________

      Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)

      № ____________________ берiлген күнi _______________________

      баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген

      органның атауы ____________________________________________________

      Бала асырап алу туралы соттың 20 ___ ж. "____"________________ шешімі

      Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған

      сомасы _________________________________ теңгені құрайды

      (сомасы жазбаша)

      _____________________________________________________________ себебі

      бойынша біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды.

      М.О.

      _________ (органның басшысы) _________

      (қолы) (тегі)