Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 454-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты
біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |