Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

      2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жетпіс бес айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленсін.

      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 шілдедегі
№ 787 қаулысымен
бекітілген

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау және қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – органдар) жүргізеді.

      3. Тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау тәртібі

      4. Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

      5. Біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындалады және төленеді.

      6. Біржолғы ақшалай төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінген сәтте бала асырап алушылар бөлек тұрған жағдайда, ол асырап алынған бала бірге тұратын бала асырап алушыға тағайындалады және төленеді.

      7. Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

      3) бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;

      4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Тұрғылықты жері бойынша орган болмаған кезде, бала асырап алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң әкіміне тапсырады.

      9. Ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң әкімі бала асырап алушының құжаттарын осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және бала асырап алушыдан құжаттар қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды органға жібереді.

      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың төлнұсқалары мен көшірмелері органға немесе ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң әкіміне ұсынылады, одан кейін тіркеледі, құжаттардың төлнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң жыртпалы талоны бала асырап алушыға қайтарылады.

      10. Орган бала асырап алушының біржолғы ақшалай төлем алуға құқығын тексереді және өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы не бас тарту туралы шешім шығарады.

      11. Біржолғы ақшалай төлем жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде бала асырап алуышының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.

      12. Бала асырап алуға байланысты төлем тағайындаудан бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбау;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алуды жарамсыз деп тану негіздеме болып табылады.

3. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем
түрінде төленген ақша қаражатын қайтару

      13. Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетіне қайтаруы тиіс.

      14. Бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган бала асырап алушыны аударылған біржолғы ақшалай төлемді қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      15. Бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, оны қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.

  Жетім баланы және (немесе) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап
алуға байланысты біржолғы ақшалай
төлемді тағайындау және қайтару
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ______________________________

      (органның атауы)

Өтініш

      Бала __________________________________________________ асырап

      (баланың (балалардың) Т.А.Ә., туған күні)

      алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.

      Тегі _____________________________________________________________

      Аты _______________ Әкесінің аты (бар болса) _____________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Соттың атауы _____________________________________________________

      Соттың 20___ жылғы "______"_____________ №_______шешімі

      Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

      __________________________________________________________________

      сериясы ____________ нөмірі _______________ кім берген

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________

      Жеке шотының № _______________________________

      Банктің атауы ________________________________

      Қосымша:

      1) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің

      көшірмесі;

      2) бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;

      3) бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі;

      4) асырап алынған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген

      түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке

      шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.

      Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық

      туралы ескертілді.

      20 ___ жылғы "_____" ______ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________

      Құжаттар қабылданды:

      20___ жылғы "___" ___________

      ______________ __________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (қию сызығы)

      Азамат _______________________ өтініші қоса берілген құжаттармен

      20 ___ ж. "_____" ___________ саны _____ данада қабылданды

      _______________ _________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

  Жетім баланы және (немесе) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап
алуға байланысты біржолғы ақшалай
төлемді тағайындау және қайтару
қағидаларына
2-қосымша

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем тағайындау
(тағайындаудан бас тарту) туралы шешім

      20___жылғы "___" ________ № _________

      __________________________________________

      (органның атауы)

      Азамат ____________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Өтiнiш берiлген күн _______________________________________________

      Асырап алынған баланың Т.А.Ә. _____________________________________

      Асырап алынған баланың туған күні _________________________________

      Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)

      № ____________________ берiлген күнi _______________________

      баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген

      органның атауы ____________________________________________________

      Бала асырап алу туралы соттың 20 ___ ж. "____"________________ шешімі

      Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған

      сомасы _________________________________ теңгені құрайды

      (сомасы жазбаша)

      _____________________________________________________________ себебі

      бойынша біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды.

      М.О.

      _________ (органның басшысы) _________

      (қолы) (тегі)