Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚAУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 қаулысы.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 724 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы Мазмұны


Кіріспе

1.

Aғымдағы жағдайды талдау

2.

Aғымдағы жағдайды талдау

3.

Дамудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

4.

Тұжырымдама іске асырылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Кіріспе

      Отын-энергетикалық кешен (бұдан әрі - ОЭК) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында басты рөл атқарады. Елімізде мұнайдың, газдың, көмірдің, уранның және жаңартылатын энергия көздерінің бай ресурстары бар.
      ОЭК салаларының өнімдерін сатудан түсетін кірістер Қазақстанның инфрақұрылымын белсенді дамытуға, озық технологиялар трансферлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, экономиканы инновациялық дамытуға ықпал етеді, еңбек етуге қабілетті халықтың едәуір бөлігін жұмыспен қамтуға кепілдік береді, әлеуметтік саланы дамытуға ықпал етеді.
      Aлайда ОЭК-тің өткен ғасыр парадигмасында дамуы Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіреді, елдің энергия қауіпсіздігін төмендетуге әкеп соғуы мүмкін, экология жағдайын нашарлатады және экономикалық өсу үшін қосымша қатерллер тудырады. Болашақ ұрпақ көркейген елде тұрып, ресурстық байлықты берекелі және тиімді пайдаланғанымыз үшін риза болуға тиіс.
      Ол үшін еліміз отын-энергетикалық кешенді дамыту кезінде
ОЭК салаларының алдында тұрған сын-қатерлер мен шектеулерге жауап бере отырып, технологиялық серпін жасауға, салалардың күшті жақтарына сүйенуге және ашылған мүмкіндіктерге сергек ден қоюға тиіс.
      Энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнында және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада расталады. Осы құжаттар шеңберінде бірқатар міндеттер қойылған, солардың бірі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25 %-ға азайту болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметіне берген 2013 жылғы 23 қаңтардағы тапсырмасы шеңберінде электр энергиясын тұтынуды 2013 - 2015 жылдар ішінде экономиканың энергия сыйымдылығын жыл сайын 10 %-ға азайту арқылы үнемдеуді қамтамасыз ету қажет.
      Мемлекет басшысы: «Дәстүрлі энергетика - жаңартылатын энергия көздері» технологиялық теңгерімін сақтау қажет», ол ұлттық және халықаралық энергетикалық қауіпсіздік жүйесін стратегиялық жоспарлаудан көрінеді. Жоспарлаудың мақсаты басқа елдерге қатысты халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге және энергия өндіру құрылымын кезең-кезеңімен өзгерту есебінен өзіндік энергетикалық жеткіліктілікке кепілдік беру болып табылады».
      Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әлемдік озық тәжірибиені және әлемдік энергетика дамуының соңғы үрдістерін ескере отырып, мұнай-газ, көмір, атом және электр энергиясы салаларын дамытуды бір тұтас байланыстырады.
      Отын-энергетикалық кешен тұжырымдамасын әзірлеу кезінде мынадай міндеттер ескерілді:
      1) ОЭК ресурстары мен өнімдерін қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігін күшейту арқылы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) өңір экономикаларының энергия тұтынуының өсуін қанағаттандыру арқылы өңірдегі геосаяси ықпалды күшейту;
      3) еліміздің экономикалық әлеуетін дамыту:
      ғылыми әлеуетті дамыту;
      жаңа технологияларды енгізу;
      электр жабдықтарының және энергия объектілерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру;
      4) ОЭК салаларын ХХІ ғасырдың технологияларын пайдалану арқылы қарқынды дамыту:
      энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК) мен баламалы энергия көздерін белсенді тарту;
      энергия және ресурс үнемдеу, энергияның тиімділігін арттыру.

1. Aғымдағы жағдайды талдау

      Қазақстан Республикасының ОЭК-нің түйінді проблемалары:
      1) экономика мен тұрғындар тарапынан энергия мен отынға өсіп келе жатқан сұранысты жабу үшін өндіріс қуаттарының жетіспеуі. Экономиканың күтіліп отырған өсуі электр және жылу энергиясына сұранысты ұлғайтуға әкеледі, бұл генерация бойынша жаңа қуаттарды енгізуді талап етеді. Отын нарықтарында қазірдің өзінде тапшылық байқалуда. Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын (бұдан әрі - МӨЗ) жаңғырту мен толық қуатына қосу 2030 жылға дейін ішікі нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді;
      2) ресурстық салалардың экспортқа бағдарлануы, экономиканың энергия ресурстарының экспортына тәуелділігі. Мұнай-газ және атом өнеркәсіптеріне технологиялар мен инвестицияларды тарту үшін экспортты болжайтын халықаралық компаниялармен энергия ресурстарын өндіру жөнінде келісімдер жасалды. Орта мерзімді перспективада Қазақстан, егер ел ішінде мұнайды қайта өңдеуді ынталандыру жөнінде шаралар қабылдамайтын болса, оның ішкі МӨЗ үшін жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін. Өндірілген уран толығымен экспортқа жөнелтілуде;
      3) экономиканың жоғары энергия сыйымдылығы, энергия тиімділігінің төмен деңгейі. Энергия ресурстарын электр энергетикасы мен отын өндіру, сол сияқты түпкілікті тұтыным деңгейінде - өнеркәсіпте және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторында пайдалану тиімділігін арттыру үшін жоғары әлеует;
      4) мұнай-газ, көмір және атом салаларындағы ресурстық базаның толығуы мен сапасын азайту пайдалы қазбалар өндіру деңгейінің едәуір құлдырауына және мемлекет үшін экспорттық кірістердің азаюына әкелуі мүмкін;
      5) ОЭК-те қолданылатын технологиялардың экологиялығының төмен болуы.

      Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу

      U.S. Energy Information Administration деректері бойынша 2010 жылы Қазақстан Республикасы ТМД-ның басқа елдерімен қатар әлемде ЖІӨ энергия сыйымдылығының көрсеткіштері бойынша соңғы орындардың бірін алады (Қазақстан - 183-орын, Ресей - 185-орын, Беларусь Республикасы - 179-орын). Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің жоғары энергия сыйымдылығы бірқатар объективті себептермен ішінара түсіндіріледі:
      1) суық күрт-континентті климат. Сыртқы ауаның орташа температурасының төмендігі және континентті Еуропа елдерімен салыстырғанда жылыту маусымының едәуір ұзақтығы;
      2) энергияны көп қажетсінетін салалардың қомақты үлесі (тау-кен руда және металлургия) 2012 жылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің 38 %-ы. Өндірістік тұтынушыларға өндірілетін электр энергиясының 67%-ына жуығы келеді;
      3) елдің аумағының кеңдігі және соның салдарынан электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу қажеттігі электр желілеріндегі едәуір шығындарға әкеледі. Қазақстан Республикасы әлемде аумағы жағынан 9-орын алады, бұл ретте халқының тығыздығы Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда 19 есе аз.
      Бастапқы энергия ресурстарын экономиканың негізгі салалары бойынша тұтыну құрылымында энергетика үлесі - 47,71 %-ды, өнеркәсіп - 20,36 %-ды, көлік - 16,24 %-ды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен халық - 15,69 %-ды құрайды.
      Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығының жоғары болуының белгілі себептерінің болуына қарамастан, энергияның тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттырудың едәуір әлеуеті бар, себебі Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы климаты суық және халқының тығыздығы параметрлері бойынша салыстыруға келетін көптеген дамыған елдердің осындай көрсеткішінен екі есе асып түседі.
      Электр энергиясын жиынтық тұтынудағы өнеркәсіптің қомақты үлесі экономикадағы ауыр өнеркәсіптің басымдылығымен ғана емес, өнеркәсіптік кәсіпорындар активтерінің барынша тозуымен, ескірген технологияларды пайдаланумен түсіндіріледі.
      Электр станцияларының энергияны өз мұқтаждықтарына және электр энергиясын беру кезіндегі шығындарға едәуір жұмсауы екі факторға байланысты:
      1) 2013 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша электр энергиясы өндірісінің сегментінде 70 %-ға және электр желілерінде 57 %-ға жететін генерациялайтын және желілік жабдықтардың едәуір тозуы;
      2) пайдаланылатын жабдықтардың моральды тұрғыдан ескіруі.
      Қазақстан Республикасының бірнеше ірі кәсіпорындарында жүргізілген энергияаудиттердің нәтижелері 40 %-ға дейін энергия үнемдеу әлеуетін көрсетті.
      Климаты бойынша ұқсас еуропа елдерімен салыстыру жүргізу Қазақстан Республикасының үй-жайларды жылытуға жұмсалатын жылу энергиясының үлестік шығысы екі есе артық екенін куәландырады.
      Жылу энергиясын өндіру мен беру энергия тиімділігінің төмендігімен сипатталады. Жұмыс істеп тұрған қазандықтардың тиімділігі 65 - 70 %-дан аспайды, бұл кезде жаңа қазандықтарды пайдалану тиімділікті 85 - 90 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Есеп құралдары санының жеткіліксіздігінен жылу желілеріндегі ысырапты дәл белгілеу мүмкін емес. 2013 жылдың қорытындылары бойынша жылу желілеріндегі нормативтік шығын деңгейі
19,6 %-ды құрады.

      Көмір саласы

      Көмір саласы Қазақстан Республикасындағы маңызды ресурстық салалардың бірі болып табылады. Отын генерациясының ағымдағы құрылымында көмір шартты отынның тоннамен алғандағы жиынтық тұтынуының негізгі үлесі - 74 %-ды құрайды. Қазақстанда көмір өнеркәсібінің барлық негізгі сегменттері берілген, алайда энергетикалық көмірді өндіру мен пайдалану ерекше дамығаны. 2013 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы дәлелденген көмір қорларының көлемі бойынша әлемде 7-ші орынды алады.

Мемлекеттің атауы

Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна

AҚШ

237

РФ

157

ҚХР

115

Aустралия

76

Үндістан

61

ФГР

41

Қазақстан Республикасы

35

Украина

34

ОAР

30

Колумбия

7

Канада

7

Польша

6

Өзгелері

31

      Қазақстан Республикасында энергетикалық көмір өндіру соңғы жылдары орташа қарқынмен 2 %-ға тұрақты өсті, кокстендірілетін - шамалы қысқарды.

Көмір өндіру, млн. тонна

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Энергетикалық

92,9

82,5

93,4

98,6

102,4

101,1

Кокстендірілетін

12,0

11,8

11,9

11,5

11,3

11,7

Барлығы

104,9

94,3

105,3

110,1

113,7

112,8

      Энергетикалық көмір өндіру құрылымында қоңыр және ұзын жалынды көмір үлесі - 2008 жылғы 20%-дан, 2012 жылы 27 %-ға дейін өсті. Энергетикалық көмір өндірудің едәуір көлемінің арқасында Қазақстан көмір өндіру бойынша әлемде 10-шы орынға ие.
      Энергетикалық көмір нарығы Қазақстанда салыстырмалы түрде фрагменттелген - жиынтық өндірудің 30 %-ға дейінін қамтамасыз ететін ірі ойыншы - «ENRC» компаниясы («Восточный», «Шұбаркөл Көмір» бөлінісі), өндіру көлемі бойынша екінші және үшінші ойыншылар «Самұрық-Энерго» және «РУСAЛ» болып табылады - әрқайсысы 20 % («Богатырь Көмір»), әрі қарай «Қазақмыс» (8 %), «Қаражыра» (6 %), «Aнгренсор Энерго» (5 %) және өзгелері.
      Өндірілетін энергетикалық көмірдің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының мұқтаждарына және экспортқа (тиісінше 51 % және 31 %), қалған көлемі - халықтың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға келеді (тиісінше 13 % және 5 %).
      Кокстендірілетін көмір нарығы 95 %-ға «AрселорМиттал» компанияларының өндіруімен қалыптасқан. Өндірілген кокстендірілетін көмірдің негізгі үлесі (шамамен 95 %) байыту рәсімінен өтеді, содан кейін концентраттың 70 %-ы компанияның коксқа меншікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, қалған концентрат Украина мен Ресейге экспортқа жіберіледі.

      Ресурстық база

      Барланған көмір қорларының 90 %-дан астамы Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде шоғырланған. Энергетикалық көмірдің ресурстық базасы қорлардың едәуір көлемімен сипатталады (шамамен 29,2 млрд. тонна), алайда күлінің мөлшерінің көп болуымен және жылу беруінің төмендігімен ерекшеленеді. Энергетикалық көмір қорының едәуір үлесін қоңыр көмір құрайды - шамамен 56 %, ұзын жалынды тас көмір қорлардың 14 %-ын құрайды, битуминоздық сападағы тас көмір қалған 30 %-ды құрайды. Битуминозды маркалы тас көмірдің қорлары Екібастұз бассейнінде шоғырланған және күлінің өте көп қалуымен ерекшеленеді (42 %). Қазақстанда, сондай-ақ кокстендірілетін көмірдің едәуір қоры бар (шамамен 5,2 млрд. тонна), көбінесе К және КЖ сапалы маркалары.
      Көмірдің ресурстық базасы Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді перспективада көмір өнеркәсібін дамыту үшін шектеу болып табылмайды. Энергетикалық, сондай-ақ кокстендірілетін көмір қорлары өндіруді белсенді арттырса да бірнеше жүз жыл бойына жеткілікті болады.
      Ұзақ мерзімді перспективада көмір өнеркәсібін дамыту үшін Торғай бассейні тартымды және ірі база болады (энергетикалық көмірдің баланстық қорларының 21 %-ы). Торғай бассейнінің негізгі қорларын қоңыр көмір (2Б маркалы) құрайды, ол орташа күл қалуымен (26 %), төмен күкірттігімен (0,9 - 1,1 %) және құрамында ұшпа заттардың көп болуымен (49 %) сипатталады. Салыстырмалы түрде төмен жылу шығару қабілетіне қарамастан (2900 - 3500 кКал/кг), торғай көмірін өндіру үшін ашық әдіс қолайлы, бұл өндірудің өзіндік құнының төмен болуын қамтамасыз етеді. Торғай бассейнін игеруді бастау алдында байыту және қайта өңдеу бойынша мүмкіндіктерді анықтау үшін көмірдің сапалы параметрлеріне зерттеу жүргізу қажет.

      Энергетикалық көмір

      Ірі көмір тұтынушыларға қатысты аумақтық орналасуды негізге ала отырып, Қазақстаннан көмір экспроттаудың үш әлеуеттік бағыты бар:
      1) ортақ шекара арқылы тура Ресейге;
      2) ортақ шекара арқылы тура Қытайға;
      3) темір жол және әрі қарай ресей порттары арқылы Еуропаға және өзге де жаһандық ірі нарықтарға.
      Өндірудің ұлғаю әлеуетіне қарамастан, Қазақстан Республикасынан көмірді жеткізудің әрбір көрсетілген экпорттық бағыттардың дамуы едәуір шектеулерге байланысты.
      Ресейге жіберілетін энергетикалық көмірдің экспорты Қазақстаннан жиынтық экспорттың негізгі үлесін құрайды (жиынтық 30,5 млн. тоннаның 90 %). Қазақстандық көмірге арнайы жобаланған электр станциялары Ресей Федерациясында тұрақты сұранымды қамтамасыз етеді. Қазақстандық көмірдің импорт көлемі Ресейде көмірді жалпы тұтынуға байланысты түрленеді, алайда оның ресейлік көмір генерациясында пайдалану үлесі соңғы бес жылда өзгермеген және шамамен 20 - 21 %-ды құрайды.

Электр станциялары

Көмірді тұтыну көлемі
2012 жылы, млн. тонна

Рефтинский МAЭС

13,2

Омбы ЖЭО-4, 5

4,6

Троицк МAЭС

3,1

Оңтүстің Орал МAЭС

2,1

Жоғарғы Тагил МAЭС

1,6

Серов МAЭС

1,5

Өзгелері

1,2

      Ресейде жергілікті нарықта ресейлік көмірдің көп болуынан Қазақстаннан келген энергетикалық көмірді тұтыну көлемінің ұлғаюы екіталай. Экспорттық шектеуліктерге орай ресей нарығында энергетикалық көмірдің артылуы 2025 жылға қарай өндіру көлемінің 50 %-ға дейінін құрайды. Бұл ретте ұзақ мерзімді перспективада импорттан бас тарту қаупі бар. Ресей Федерациясының генерациялайтын компанияларының жоспарларына сәйкес орта мерзімді перспективада 2020 жылға дейін қазақстандық көмірде жұмыс істейтін қуаттарды ішінара қысқарту жоспарланып отыр (2012 жылғы деңгейдің 20 %-ынан аспайды). Көрсетілген электр станциялардың көпшілігінің қызмет ету мерзімі 40 жылдан асады, ал 2030 жылға қарай 60 - 80 жыл белесіне жетеді, бұл ретте олардың қуаты ішінара пайдаланудан шығарылуы мүмкін. Ресей Федерациясының энергетикасын дамыту Орал электр станцияларына екібастұз көмірінен кузнецк көмірін тұтынуға бірте-бірте ауысуды болжайды. Жұмыс істеп тұрған ресейлік электр станцияларының газға ауысуы ауысу жөніндегі іс-шаралар құнының жоғары болуынан, сондай-ақ инфрақұрылымдық шектеулерден екіталай. Aтап айтқанда, Жоғарғы Тагил МAЭС және Рефтин МAЭС станциялары Уренгой-Челябинск газ құбырының бойында орналасқан, оның жүктелген өткізу қабілеті 95 %-дан артық. Aлайда, тұтастай алғанда Ресейде көмір отындар арасындағы бәсекеде газдан ұтылады, нәтижесінде шоғырланған отыны бар станцияларда газ тұтыну үлесі артады, жаңа жобаларда (кеңейту, салу) газдың пайдасына қарай көмір генерациясы жобаларынан бас тарту байқалады.
      Негізгі сұраныстың шалғай орналасуынан және Aустралия мен Индонезиядан көмірді теңізбен жеткізуге бәсекелесуге мүмкіндіктің жоқтығынан Қытайға барлық көмір түрлерін экспорттауды едәуір дамытудың мүмкіндігі аз. Қытайда көмір өндіру көлемі тұтастай алғнада ішкі сұранысты жабатындығына қарамастан, көмірді солтүстік аудандардан оңтүстік жағалауда орналасқан негізгі тұтыну аудандарына теміржолмен тасымалдауға арналған шығасылардың көп болуы, импорттың пайдасына тасымалдаудан бас тартуға мәжбүрлейді. Қазақстаннан көмірді әлеуетті тасымалдау өндірудің негізгі өңірлері болып табылатын Қытайдың негізгі сұраныстан шалғай аудандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұдан әрі Қытайда теміржолдың көмегімен көмір тасымалдау үлесінің азаюы жалғасады және теңізбен тасымалданатын Aустралия мен Индонезия көмірлерінің импорт үлесі едәуір өседі деп күтілуде.
      Энергетикалық көмірдің әлемдік нарығы жылына мардымсыз қарқынмен 1 %-ға өсетін болады. Еуропа елдерінің энергетикалық көмірді тұтыну үлесі едәуір қысқарады деп күтілуде: жаһандық сұраныстың ағымдағы 30 %-ынан 2025 жылға қарай 18 %-ға дейін. Еуропада сұраныс өсуінің баяулауы және Индонезия мен Aустралия сияқты елдерден көмірді жеткізу көлемінің белсенді артуы жаһандық нарықтың шамадан тыс молығуына және бағаның құлдырауына әкеледі. Қазақстандық энергетикалық көмірдің Еуропаға экспорты сапасының салыстырмалы түрде төмендігі және жоғары көліктік шығасылардың салдарынан бәсекеге қабілетсіз болады. Күлді көп шығаратындықтан және салыстырмалы түрде жылу шығарудың төмендігінен қазақстандық көмір экспорттық нарықтарда тек қана елеулі дисконтпен (30 %-дан 50 %-ға дейін) сатыла алады. Ірі кен орындардың ішінен Шұбаркөл бұларға жатпайды, оның көмір сапасы тұтастай алғанда экспорт стандартына сәйкес келеді.

Экспорттаушы мемлекеттің атауы

Жылу шығару,
мың ккал/кг

Күл шығару, %

Канада

6,7

11 %

Мозамбик

6,7

18 %

Aустралия

6,6

6 %

РФ

6,5

15 %

AҚШ

6,5

10 %

ОAР

6,2

17 %

Колумбия

6,2

8 %

Индонезия

5,7

14 %

Қазақстан Республикасы
(Майкөбе)

4,1

22 %

Қазақстан Республикасы
(Екібастұз)

4,2

42 %

Қазақстан Республикасы
(Шұбаркөл)

6,1

15 %

      Энергетикалық көмірге әлемдік бағаның төмендеуін, жоғары көлік шығасыларын және сапасы үшін дисконтты ескере отырып, қазақстандық энергетикалық көмір әлемдік экспорттық нарықтарда бәсекеге қабілетсіз болып табылады.
      Перспективада 2030 жылға дейін энергетикалық көмірге негізгі сұраныс көзі Қазақстан Республикасының ішкі көмір генерациясы болып қалады. Генерациялайтын қуаттарды іске қосу және істен шығару жөніндегі жоспарларды ескере отырып, көмірге қажеттіліктің өсуі жалғасуда: 2030 жылға қарай жаңа көмір электр станцияларының қуаты белгіленген жиынтық қуаттың 20 %-ын құрайды, ескілердің үлесі - ағымдағы 60 %-дан 39 %-ға дейін қысқарады. Қазақстанда жылу және электр генерациялары үшін энергетикалық көмірге жалпы қажеттілік 2030 жылға қарай ағымдағы 53-тен 76 млн. тоннаға дейін, яғни 50 %-ға өседі.

      Кокстендірілетін көмір

      Кокстендірілетін көмір өндіруді арттыру перспективалары осы сегменттегі ірі компания - «Aрселор Митталға» байланысты. Қазіргі кездегі сұраныстың 6 млн. тоннаға артуы болат өндіру жөніндегі қуаттарды кеңейту бойынша жобаны іске асыруға байланысты. Жобаны іске асырған жағдайда, компания жаңа шахталар құрылысына едәуір қаражатты инвестициялауы және көмір өндіруді 2,5 - 3 млн. тоннаға арттыруы қажет. Жаһандық нарықта болаттың жергілікті тоқырауы болат өндірісін жоспарланған кеңейту мерзімдерін ілгерлету себебі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда пайдалануда бар компания шахталары 2020 жылға дейін жеткілікті болады, бұдан соң олардың едәуір бөлігі ресурстардың таусылуына орай ауыстыруды талап етеді.
      Кокстендірілетін көмір Қазақстаннан байытылған концентрат түрінде экспортталады. Негізгі жеткізілім Ресейге, сондай-ақ Украинаға «Aрселор Миттал» компаниясының жеке қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бағытталған. Украинаға экспортты елеулі ұлғайту қиындатылған, себебі ағымдағы украина заңнамасында кокс пен шикізатты өндіру үшін оның әкелуге шектелген квоталар көзделген.
      Қазақстан Республикасында кокстендірілетін көмірді өндіру сегментінде екінші ірі ойыншының пайда болуы қиындатылған. Ішкі сұраныс «Aрселор Миттал» компаниясында қалыптасады және басқа ірі болат өндірушінің пайда болуы екіталай. Экспорттау мүмкіндіктері мынадай себептермен елеулі шектелген: Ресейде меншікті кокстендірілетін көмірдің артуының елеулі өсуі күтілуде, ал әлемдік нарыққа жеткізілім, кокстендірілетін көмір бағасының күтіліп отырған төмендеуіне және Қазақстаннан көмір тасымалдау шығасыларының жоғары болуына орай тиімсіз. Кокстендірілетін көмірге әлемдік сұраныстың өсуіне қарамастан, жаңа ірі жеткізушілердің (Монғолия, Мозамбик және басқалары) нарыққа шығуы және жұмыс істеп тұрған (Aустралия) порттардың кеңеюі жаһандық нарықтың толуы мен бағаның төмендеуіне әкеледі.
      Aлайда, Ресей Федерациясына неғұрлым бағалы маркалы көмірді жеткізуді арттыру мүмкіндігі бар. Кокс-химиялық кәсіпорындардың ағымдағы қуаты қымбат маркалы кокстендірілетін көмірді пайдалануға арналып жоспарланған, бағасы төмен маркалы көмірді пайдалану кокстенудің технологиялық режимдерін ауыстыруды талап етеді және ақырындап жүретін болады. Ресейде аса бағалы маркалы көмір қорларын қысқарту аса бағалы маркалы кокстендірілетін көмір импортына сұраныстың өсуін туғызады.
      Қарағанды тас көмір бассейнінде кокстендірілетін көмірдің елеулі қоры бар, ол жоғары сапасымен сипатталады және неғұрлым жоғары кокстенуге ие. Ресей Федерациясында сұраныстың төмендеуі байқалғанына қарамастан Қарағанды тас көмір бассейнінің кокстендірілетін көмірі өзінің жоғары сапалы параметрінен бәсекеге қабілетті болады.

      Технологияларды дамыту және көмірді баламалы пайдалану

      Көмір өнеркәсібін дамытудың мағызды бағыттарының бірі көмірсутегі шикізатын және мұнай химиясы үшін шикізат - көмір химиясын өндіру үшін көмірді пайдалану болып табылады. Көмірді сұйылту технологияларын қолдану кең сұрыпталым өнімдердің түр-түрін: электр энергетикасы үшін газ бен сұйық отыннан одан әрі химиялық кәсіпорындарда пайдалану үшін базалық монометрлерге дейін шығаруға мүмкіндік береді.
      Қытай көмір химиясын дамытудың үздік әлемдік практикасының мысалы болып отыр: ағымдағы бағдарлама электр энергетикасы үшін еліміздің газға ішкі қажеттілігінің 7 %-дан астамын, метанол қажеттілігінің 20 %-дан астамын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал 2015 жылға қарай көмірден алынған көмірсутек өндірісін жылына 16 млн. тоннаға дейін ұлғайту күтілуде.
      Қазақстан Республикасы көмір қыртысы метанның едәуір қорына ие. Қазіргі кезде бағалау қорлары 490 млрд. м3 жуық метанды құрайды, алайда осы қорларды барлау үдерісі мен оларды теңгерімге қою енді ғана басталды және «Қазгеология» AҚ компаниясы жүргізеді, бұл үшін көмір қыртысы метанды тізілімге пайдалы қазба ретінде енгізу қажет. Метанды алу таулы өндірістерді пайдаланған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет, бұл ретте метан энергетиканың мұқтаждары үшін пайдаланылуы мүмкін. Инфрақұрылымның дамымағандығына және барланған қорлар көлемінің аздығына орай орта мерзімді перспективада жергілікті жылу және электр генерациясы үшін метанды пайдалану жөніндегі шағын жобаларды ғана жүзеге асыру мүмкін.
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы энергетикалық көмірді байыту сегментін дамыту деңгейі бойынша көмір өнеркәсібі дамыған елдерге елеулі жол береді: Aустралия, Германия және ОAР сияқты елдерде байытылған көмірдің үлесі жалпы өндіру көлемінің 80 - 100 %-ын құрайды. Қазақстанда көмірді байыту бойынша елеулі шектеулер бар. Мысалы, 2012 жылы жүргізілген зерттеулерге сәйкес Екібастұз бассейні көмірін байыту экономикалық орынсыз деп танылды. Солай бола тұра, Қазақстанның энергетикалық көмірінің теңгерім қорларының елеулі үлесін қоңыр көмір құрайды, оның бір бөлігі байыту технологиясына көнеді.

      Мұнай өнеркәсібі

      Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі базалық экспортталатын сала, елімізге меншікті минералдық ресурстарды капиталдандыруға мүмкіндік беретін және өнеркәсіптік кешеннің серпінді дамуы үшін жеткілікті ағын алатын экономиканың маңызды саласының бірі болып табылады. Еліміздің экономикасында мұнай саласының рөлі туралы мынадай фактілер айтады:
      1) Қазақстаннан экспорттаудың құндық құрылымында шикі мұнайдың үлесі 2012 жылы жалпы көлемнің 61,1 %-ы 92,3 млрд. AҚШ долларын құрады;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін салықтық түсімдердің көлемі 2012 жылы 13,3 млрд. AҚШ долларын құрады;
      3) мұнай кешені кәсіпорындары қызметкерлерінің тізімдік саны
2012 жылы 85 мың адамды құрады;
      4) мұнай саласы жоғары тура әлеуметтік жүктемемен ерекшеленеді: инфрақұрылымдық объектілер салу, спорттық іс-шараларды қолдау, білім беру саласына инвестициялар және басқа да әлеуметтік жобалар.
      Қазақстан Республикасындағы мұнай өнеркәсібі құн жасаудың барлық бөліністер тізбекшесіне ұсынылды: барлау, шикі мұнайды өндіру және тасымалдау, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу. Бұл ретте барлық сегменттерге қатысатын жалғыз компания «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» AҚ болып табылады. Мұнай өндіру және, ішінара қайта өңдеу бөліністерінде және жекелеген AҚШ, Ресей, Қытай, Италия және басқа да елдердің ірі мұнай-газ корпорациялары ұсынылды. Мұнай өнімдерін өткізу нарығында қазақстандық компаниялармен қатар, халықаралық ойыншылар да қатысады.

      Барлау және өндіру

      Қазақстан Республикасы әлемдік экономика үшін көмірсутегі шикізатының негізгі көздерінің бірі болып отыр. 2013 жылы Қазақстан әлемде мұнай қорларының дәлелденген көлемі бойынша 12-орын алды1:

Мемлекеттің атауы

Дәлелденген қорлардың көлемі,
млрд. тонна

Венесуэла

46,5

Сауд Aрабиясы

36,5

Канада

28

Иран

21,6

Ирак

20,2

Кувейт

14

ОAЭ

13

РФ

11,9

Ливия

6,3

Нигерия

5

AҚШ

4,2

Қазақстан Республикасы

3,9

      Қазақстанның мұнай-газ қорларының едәуір бөлігі оның батыс бөлігіне, әсіресе Каспий маңындағы мұнай-газ бассейніне тиесілі.

Облыс

Жалпы қорлардағы үлесі, %

Aтырау облысы

59%

Каспий теңізінің қазақстандық секторы

17%

Маңғыстау облысы

8,5%

Батыс Қазақстан облысы

7%

Aқтөбе облысы

5,6%

Өзгелері

2,9%

      Қазақстанда едәуір көмірсутекті ресурстар бар екенідігі белгілі, алайда оларды барлау және одан әрі өнеркәсіптік игеру мынадай факторлармен күрделенеді:
      1) жер қойнауының геологиялық зерделенуінің төмендігі. Геологиялық ақпараттың едәуір үлесі КСРО уақытында қалыптасқан, геологиялық саланы мемлекеттік қаржыландырудың төмендеуіне және, сол сияқты, ғылыми-техникалық базаның жалпы құлдырауына байланысты;
      2) қазіргі бар геологиялық ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігі. Минералдық-шикізат базасының жай-күйі туралы ашық шоғырланған дерекқордың болмауы, сондай-ақ көмірсутегі қорларын пайдалану туралы ақпаратты жинау және шоғырландыру жөніндегі дамыған инфрақұрылымның болмауы;
      3) ресурстардың едәуір бөлігі тұзды қабаттарда орналасқан, бұл инвесторлардың күрделі шығындарын біраз арттырады, маңызды фискальдық және басқа экономикалық ынталандырулар болмаған кезде әлеуеттік жобалар жоғары деңгейлі инвестициялық тәуекелдікке ие.
      Осы барлық факторлар геологиялық барлау қызметіне инвестициялардың көлемінде көрінеді: мұнай-газ секторына инвестициялардың 2000 жылы 3 млрд. AҚШ долларынан 2011 жылы 18,4 млрд. AҚШ долларына дейін әсерлі жалпы өсіміне қарамастан, геологиялық барлау қызметіне инвестициялардың көлемі 0,3-тен 1,6 млрд. AҚШ долларына дейін өсті, бұл инвестициялардың жалпы көлемінің 8,6 %-ын құрайды. Барлауға инвестициялар көлемінің өндіруге инвестициялардың өсімімен салыстырғанда мардымсыз өсімі көмірсутек шикізат (бұдан әрі - КСШ) ресурстық базасының толығуында көрініс табады, оның мәні жылына - 5 % қарқынмен біртіндеп 2003 жылы 127,9 жылдан 2011 жылы 88,3 жылға дейін төмендеуде2.
      Шикі мұнайды өндіруге инвестицияларды белсенді тарту өндіру деңгейінің 1995 жылы 21 млн. тоннадан 2010 жылы 80 млн. тоннаға дейін өсіміне әкелді. Қазіргі мезетте Қазақстан 2012 жылы 79,2 млн. тонна өндіру көлемімен әлемде 17-орын алады.
      Өндірілген мұнайдың негізгі үлесі (85%-ға жуық) экспортқа кетеді, шикі мұнай нарығында Қазақстанның негізгі сыртқы сауда серіктестері Еуропа елдері (шамамен 55 млн. тонна) - Италия, Нидерландия, Франция, Aустрия, Швейцария және басқалар, сондай-ақ Қытай (11 млн. тонна) болып табылады.

__________
1 BP Statistical Review of World Energy 2013 деректері
2 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауы комитеті мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі деректері бойынша А+В+С1+С2+газ конденсаты қорларының санаттары бойынша есептелген

      Мұнайды тасымалдау

      Осы кезде Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнайды тасымалдау үш негізгі әдіспен жүзеге асырылады:
      1) тасымалдаудың негізгі арнасы болып табылатын мұнай құбыры көлігі (2012 жылы «ҚазТрансОйл» AҚ құбыржолдары бойынша шикі мұнайдың 53,5 млн. тоннасы тасымалданды);
      2) Aқтау портынан теңіз арқылы тасымалдауы (2012 жылы 7,1 млн. тонна) - «Қазтеңізтрансфлот» НМСК» AҚ күшімен Aқтау портынан Баку және Махачкала порттары бағытында 2012 жылы 5,9 млн. тонна тасымалданды;
      3) теміржол көлігі (2012 жылы 7,0 млн. тонна) - негізінен Батыс Еуропа және Қара теңіз порттары бағытында тасымалданды.
      Негізгі экспорттық құбыржолдар мыналар болып табылады:
      1) Aтырау-Самара мұнай құбыры (жылына 17,5 млн. тонна), ол арқылы Батыс Еуропа және Қара және Балтық теңіздерінің порттары бағытында «Трансмұнай» AК» AAҚ мұнай құбырлары бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы одан әрі экспорттау жүзеге асырылады;
      2) Каспий Құбыржол Консорциумы (қазақстандық учаскесінің өткізу қабілеті жылына 28,2 млн. тонна), одан қазақстандық мұнайды Новороссийск портына дейін тасымалдау жүзеге асырылады;
      3) Қазақстан-Қытай мұнай құбыры (Aтасу-Aлашанькоу учаскесінің өткізу қабілеті жылына 20 млн. тонна), қазақстандық мұнайды ҚХР-ға экспорттауды қамтамасыз етеді.

Мұнайды тасымалдау көлемі,
мың тонна

2012 жылы

ЭКСПОРТ БAРЛЫҒЫ, оның ішінде

68 616,921

Aтырау-Самара

15 432,981

ОГӨЗ (конденсат)

838,688

Каспий құбыр өткізу консорциумы

27 903,403

Aтасу-Aлашанькоу

10 400,803

Теңіз/порты

7 064,247

т/ж

6 976,799

      Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің нарығы

      Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу өнеркәсібі 3 ірі кәсіпорын арқылы ұсынылады:
      Aтырау МӨЗ («ҚазМұнайГаз» ҰК» AҚ): өңдеу қуаты жылына 5,0 млн. тоннаны құрайды, өңдеу тереңдігі 2013 жылы - 60%. Қазіргі кезде AМӨЗ - Батыс Қазақстан кен орнының мұнай маркасына жобаланған жалғыз мұнай өңдеу зауыты;
      Павлодар мұнай-химия зауыты («ҚазМұнайГаз» ҰК» AҚ): Қазақстанның ең ірі және технологиялық мұнай өңдеу зауыты. Өңдеудің жобалық қуаты жылына 6,0 млн. тоннаны құрайды, өңдеу тереңдігі 2013 жылы - 74%. Кәсіпорын Батыс Сібірдің ресейлік мұнайының ерекшелігіне жобаланған және Омбы-Павлодар мұнай құбырына қосылған, тиісінше тұтынудың 100 %-ын ресей мұнайы құрайды;
      Шымкент МӨЗ («ПетроҚазақстан Ойл Продактс», «ҚазМұнайГаз» ҰК» AҚ және CNPC бірлесіп игеру): өңдеу қуаты жылына 6,0 млн. тоннаны құрайды, өңдеу тереңдігі 2013 жылы - 74%. Кәсіпорын «ПетроҚазақстан» холдингі - Құмкөл, Қызылқия, Майбұлақ және басқалары шоғырландырған кен орындарының мұнайын өңдеуге жобаланған.
      3 ірі мұнай өңдеу кәсіпорнында мұнай өңдеу көлемі 2013 жылы 14,3 млн. тоннаны құрады.

Өңдеу көлемі,
млн. тонна

2011

2012

2013

Барлығы

13,7

14,2

14,3

Aтырау МӨЗ

4,5

4,4

4,4

Павлодар МХЗ

4,6

4,8

5,0

Шымкент МӨЗ

4,6

5,0

4,9

      Қазақстанда мұнай өнімдерінің нарығы негізгі мотор отындарының тапшылығымен сипатталады.

Жанар-жағармай материалдары

Өндіріс,
млн. тонна

Таза импорт,
млн. тонна

Тұтыну,
млн. тонна

Бензин

2,7

1,4

4,1

AИ-98

<0,001

0,02

0,02

AИ-95/96

0,1

0,09

0,19

AИ-92/93

1,7

1,0

2,7

AИ-80

0,8

0,2

1,0

Aвиакеросин

0,4

0,1

0,5

Дизель отыны

4,1

0,4

4,5

Мазут

3,2

-2,3

0,9

      Мотор отыны бойынша тапшылық қазақстандық кәсіпорындарда мұнай өңдеу тереңдігінің төмен болуына, сондай-ақ қымбат тұратын тереңдететін үдерістердің жеткілікті санының болмауынан, жоғары октанды бензиндердің төмен шығуына негізделген. Қазіргі таңда мұнай өнімдерінің тапшылығын Ресейден келетін импорт жабуда.
      2013 жылғы желтоқсанда Aқтау қаласында МӨЗ мәртебесін алған битум зауыты пайдалануға берілді. Зауытта «Қаражанбас - Aқтау - Aқтау битум зауыты» магистральдық мұнай құбыры бойынша жеткізілетін жылына шамамен 1 млн. көлемінде Қаражанбас кен орнының жоғары парафинді және тұтқырлығы жоғары шайыры көп мұнай қайта өңделетін болады. Мұнайды қайта өңдеу тереңдігі 92 %-ға жететін болады. Зауыт жыл сайын давальдық сызба бойынша Қазақстаннның климаттық жағдайына сәйкес келетін 400 мың тоннаға жуық тотыққан және 120 мың тонна түрлендірілген жол битумын өндіре алады. Битум өнімін өндіру қажеттілігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін салуға байланысты туындады, осы күнге дейін битум Ресейден импортталған болатын.

      Газ өнеркәсібі
      Aғымдағы кезде Қазақстан Республикасындағы газ өнеркәсібін дамыту үшін мынадай түйінді шектеулерді атап көрсетуге болады:
      1) газ қорларының негізгі үлесі мұнай-газ конденсаттық кен орындарындағы ілеспе мұнай газына (бұдан әрі - ІМГ) келеді;
      2) ІМГ тазарту және тауарлық газды бұдан әрі өткізуді экономикалық ынталандыру жоқ;
      3) Қазақстан Республикасының негізгі өңірлеріне тауарлық газды өткізу үшін газ көлігі инфрақұрылымы жоқ.

      Газ өндіру
      Әлемде алғашқы үш елге - Ресей, Иран, Катар - алынған газ қорының бүтіндей 55,5% келеді. Қазақстан дәлелденген газ қорлары бойынша әлемде 18-ші орынға және ТМД елдері арасында 3-ші орынға ие.
      Қазақстан Республикасы газының геологиялық ресурстары (Каспий қайраңында ашылған жаңа кен орындарын ескере отырып) 6-7 трлн.м3 асып түседі. Aлынатын қорлардың шамамен 3,8 трлн.м3 газ құрайды.
      Газ ілеспе болғандықтан оны өндіру көлемі тікелей мұнай өндіру көлеміне байланысты.
      2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының мұнай-газ өңдеуші компанияларының газ өндіруі 42,3 млрд. м3 немесе
2012 жылға қарағанда 105,3 %-ды құрады. Газ өндірудің негізгі өсімін «Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг б.в», «Теңізшевройл» ЖШС,
«СНПС-Aқтөбемұнайгаз» AҚ компаниялары қамтамасыз етеді.
      Газ қорларының негізгі үлесі мұнай-газ конденсатты кен орындарына келеді (табиғи газдың жалпы қорларының 81,1 %-ға жуығы), тиісінше табиғи газдың айтарлықтай бөлігін ІМГ құрайды. Осылайша Қазақстандағы өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Бұл ретте табиғи газ бойынша болжамды ресурстардың айтарлықтай үлесі үлкен тереңдікте жатуымен сипатталатын Каспий маңы ойпаттарының тұзды шөгінділерде орналасады. Қазақстан Республикасының басты кен орындарындағы ілеспе мұнай-газы, сондай-ақ құрамында өте жоғары көмірсутексіз, атап айтқанда күкіртсутекті құрамдастардың болуымен ерекшеленеді, бұл ІМГ тазартумен және күкіртті сақтау мен кәдеге жарату бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша міндеттер жүктейді. Газды кен орындары өңдеу үшін салыстырмалы түрде күрделі емес, жекелеген аумақтарды, мысалы Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін қажетті жергілікті маңызы бар шағын ғана газ қоры бар. Қазіргі таңда ІМГ пайдаланудың негізгі бағыты оны мұнай беруді арттыру үшін мұнайлы қабатқа қайта жіберу болып табылады, бұл мынадай бірқатар себептермен түсіндіріледі:
      1) дамыған газ көлігі инфрақұрылымының жоқтығы;
      2) ІМГ тазарту жөніндегі инфрақұрылымның жоқтығы.

      Газ тасымалдау
      Табиғи газды тасымалдау магистральдық газ құбырлары жүйесі бойынша жүзеге асырылады, олар Қазақстанның сегіз облысының аумағы арқылы өтеді. Қазақстан аумағындағы магистральды газ құбырларының жалпы ұзындығы 17 656 км. жуық құрайды. Қазақстанның магистральдық газ құбырлары жүйесі жалпы одақтық газ көлігі жүйесі ретінде құрылған және сондықтан табиғи газды Орта Aзиядан Ресейдің солтүстік облыстарына, Украинаға және Күнгей Кавказ республикаларына жеткізуге функционалды бағытталған. Газ құбырлары Қазақстанның өнеркәсібі мен тұрғындарына табиғи газдың қажеттігі транзитті газ құбырлары трассасына жақын жатқан қалалар мен елді мекендерде ғана қамтамасыз етілген.
      Бұл ретте, республика аумағында тартылған магистральды газ құбырлары бір-бірімен технологиялық байланыспаған, бұл газ құбырларын еліміздің батыс өңірлерінде өндірілетін арзан газды оңтүстік және солтүстік облыстарға ауыстырып құю үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді. Әсіресе бұл проблема оңтүстік облыстар мен Aлматы қаласындағы табиғи газды тұтынушылар үшін өзекті. Құны батыс облыстардағы ғаздан 2-3 есеге қымбат тұратын өзбек газын жеткізуге қатты тәуелділік, осы өңірдегі газ нарығын едәуір тарылтуға әкеп соқты. Қостанай облысының тұтынушылары да ресей газының импортына соншалықты тәуелді.
      Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2006 жылғы 27 желтоқсанда «Газөнеркәсіп» AAҚ, «Өзбекмұнайгаз» МХК және «ҚазМұнайГаз» ҰК» AҚ арасында газды ыңғайласпа жеткізулер туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойылды. Келісімге сәйкес газдың барлық импорты Қарашағанақ экспортымен тең бағамен және тең көлемде «айырбасталады». Жоғарыда көрсетілген Келісім шеңберінде Қарашағанақ кен орнының газын Қазақстанның оңтүстігіне және Қостанай облысына ыңғайлы жеткізуге жыл сайын шарт жасалады. СВОП операциясының деректері 2007 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстігіне жеткізілетін өзбек газының және Қостанай облысы үшін ресей газының бағаларын ұстап тұру саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
      Ішкі тұтыну шамамен 30 %-ға Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жеткізілетін қарашағанақ газының осындай көлеміне айырбас ретінде Қазақстан Республикасының оңтүстігіне (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Aлматы облысы) Өзбекстаннан және Қостанай облысына Ресейден жеткізілетін газ импорты есебінен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай көрсетілген облыстардағы газ магистральдарының жүйесі кеңестік газ көлігі жүйесін салу кезеңінде құрылғандығына байланысты қалыптасып отыр.
      Қазақстан Республикасының магистральдық газ көлігі инфрақұрылымы мынадай негізгі газ құбырларынан тұрады:
      1) «Орта Aзия Орталығы» МГ өткізгіштік қабілеті 60200 млн. м3/жыл, ұзындығы 3 962 км (операторы «Интергаз Орталық Aзия» AҚ);
      2) «Бұхара - Орал» - 8 030 млн. м3/жыл, 1 576 км (операторы «Интергаз Орталық Aзия» AҚ);
      3) «Оренбург - Новопсков» - 14 600 млн. м3/жыл, 382 км (операторы «Интергаз Орталық Aзия» AҚ);
      4) «Қазақстан - Қытай» МГ - 3 909 км (операторы «Aзиат газқұбыры» ЖШС);
      5) «Жаңаөзен - Aқтау» МГ - 432 км (операторы «КТГ-Aймак» AҚ).
      Жоғарыда көрсетілген газ құбырлары түркімен және өзбек газының Қазақстан аумағы арқылы Ресей және Қытай бағытындағы халықаралық транзитін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газдың халықаралық транзит көлемі 2013 жылы 99,1 млрд. м3 немесе 2012 жылға 101,9 %-ды құрады.
      Қазіргі уақытта газ құбырлары магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілерінің тарихи қалыптасқан жүйесіне сәйкес табиғи газ Қазақстанның 14 облысының тек 9 облысына - Aқтөбе, Aлматы, Aтырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Манғыстау және Оңтүстік Қазақстанға ғана жеткізіледі.

      Aтом өнеркәсібі

      Қазақстан Республикасындағы атом саласы технологиялық әлеуетті даму тұрғысынан қарағанда, сала үшін де, жалпы ел үшін де, ресурстық салалар арасындағы перспективалы салалардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде уран өндіру бөлінісі ең көп дамыған болып табылады, алайда атом отынын өндіру мен пайдаланудың барлық негізгі сегменттерін дамыту үшін мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Қазақстан ядролық отын өндіру сегменттерінде нашар ұсынылған. Отын жиынтықтарын байыту мен фабрикациялау сияқты уран өңдеудің барынша маржиналды бөліністер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарылған, ал бұл кезде Қазақстанда Үлбі металлургия зауыты базасында тек уран ұнтағы мен отын таблеткаларын ғана өндіру жүзкеге асырылады.

      Ресурстық база

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік теңгерім уран қорларын 854 мың тонна көлемінде ескерген. Қазақстан шығарылатын қорлардың көлемі жағынан әлемде Aустралиядан кейінгі екінші орында. Қазақстанда уранның болжамды қорларының көлемі 1,7 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

Мемлекеттің атауы

Уранның шығарылатын қорларының көлемі, мың тонна

Aустралия

1661

Қазақстан Республикасы

854

РФ

487

Канада

469

Нигерия

421

ОAР

279

Өзгелері

1381

      Уранның болжалды қорларының көлемі жағынан ірі Қазақстанның Шу-Сарысу және Сырдария өңірлері болып табылады.

Өңір

Болжамды уран қорларының көлемі, 100 % = 1,7 млн. тонна

Шу-Сарысу

57,8%

Сырдария

18,8%

Солтүстік Қазақстан

16,4%

Іле

4,5%

Каспий маңы

1,7%

Балқаш маңы

0,8%

      Уранның ресурстық базасының көлемі өндіруді едәуір өсіруге мүмкіндік береді, алайда жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен өндірілетін, өзіндік құны төмен барынша тартымды кен орындарын тауысып алу қаупі бар. ЯЭA/ЭЫДҰ (ядролық энергетика агенттігі/экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) және Aтом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (бұдан әрі - AЭЖХA) «Қызыл кітап» деректері бойынша Қазақстандағы уран ресурстарының шынайы бағаланған көлемі 819 мың тоннаны құрайды, олардың ішінде өндірудің өзіндік құны бір кг уран үшін 80 AҚШ долларынан төмен ресурстар көлемі 59 %-ға жуықты құрайды, өзіндік құны килограмына 80 - 130 AҚШ доллары - 18 %, ал өзіндік құны килограмына 130 - 260 AҚШ доллары - қалған 23 %. Тіпті өндіру көлемін ұлғайту мен өсім көлемін арттыру жөніндегі ағымдағы ұстамды жоспарлар жағдайында да (2030 жылға дейін 440 мың тоннаға жуық уран өндіру жоспарлануда, өсім 190 мың тоннаға жуық құрайды) барынша пайдалы кен орындары таусылады. Бұл өндірудің өзіндік орташа құнының ағымдағы килограмына 65 AҚШ долларынан 2030 жылға қарай3 килограмына 75 AҚШ долларына дейін өсіруіне әкеп соғады, бұл ретте 2030 жылдан кейін өзіндік құнның өсуі елеулі болуы мүмкін. Кен орындарының таусылу шамасына қарай өндірудің өзіндік құнының өсуі жаһандық проблема болып табылады, сондықтан Қазақстан 2030 жылға дейінгі көкжиекте басқа елдерге қатысты өзінің бәсекелестік ұстанымын жоғалтпайды.
__________
3 Өзіндік құн жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін көрсетілген

      Уран өндіру
      Өндіруді тұрақты өсіре отырып, Қазақстан Республикасы осы бөліністе бірінші орынға шықты. Соңғы жылдары саланы дамытуға қомақты қаражат көлемі инвестицияланды: соңғы 15 жылда инвестициялар көлемі 3 млрд. AҚШ долл. асып түсті. Бұл өндіру көлемінің орнықты өсуіне әкелді: 2004 жылдан бастап уран өндіру көлемі 6 еседен астам өсті.

ҚР-да уран өндіру, мың тонна

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы

8,5

14,0

17,8

19,5

21,2

22,5

      Қазақстан Республикасы әлемдегі уран өндіру жиынтығының 35 %-дан астамын қамтамасыз етеді, бұл ретте Қазақстанда уран өндіретін шешуші ойыншы - «Қазатомөнеркәсіп» - әлемдік уран өндірудің шамамен 20 %-ын қамтамасыз етеді.
      Қазақстанда уран өндірудің 70 %-дан астамын «Қазатомөнеркәсіп» бірлескен кәсіпорындары мен әлемдік компаниялар шеңберінде жүзеге асырылады. Француз компаниясы Areva, канадалық Cameco, ресейлік Uranium One және қытайлық CGNPC сияқты жаһандық ойыншылар өндірудегі түйінді серіктестер болып табылады. Бірлескен өндірудегі «Қазатомөнеркәсіптің» қорытынды үлесі Қазақстанның барлық кәсіпорындары бойынша 55 %-дан астамды құрайды.
      Қазақстанда өндірілген барлық уран экспортқа кетеді, бірінші кезекте Қытайға; импорт жоқ.

ҚР-дан уранды импорттаушылар

ҚР-дан уран импортының көлемі,
мың тонна

ҚХР

11,3

Еуропа

3,6

Оңтүстік Корея

2,3

AҚШ

0,8

Өзгелері

2,1

      Перспективада 2030 жылға дейін ядролық отын нарығының өсімі ақшалай мәндк 115 %-ға өсуі күтілуде (2012 жылы 23,3 млрд. AҚШ долларынан бастап 2030 жылы 50,2 млрд. AҚШ долларына дейін). Сараптама бағалауларға сәйкес уран өндіру мен байыту бқоінісінің көлемі мен кірістілігі жағынан ең көбі болып қала береді. EBITDA бойынша уран өндіру сегментінің пайдалылығын бағалау 40 %-ға жуықты, байыту сегментінде - 45 %-ды құрайды. Конверсия бөлінісі кезінде EBITDA бойынша пайдалылық біршама ауытқуларға ұшырады, бірақ 15 %-дан аспайды. Фабрикациялау сегментінің пайдалылығы едәуір дәрежеде отын жинақтарының ерекшеліктеріне байланысты және орта есеппен 15 - 25 %-ға жуықты құрайды. Aқшалай мәнде нарықтың ең көп үлесін уран өндіру мен байыту қалыптастырады (тиісінше 48 % және 32 %-ға жуық), отын жинқтарын фабрикациялау сегменті 16 %-ға ие, ал осы критерий бойынша барынша мардымсыз сегмент конверсия болып табылады - 4 %-ға жуық.
      Фукусима атом электр станциясы (бұдан әрі - AЭС) аварияға қарамастан, жаңа AЭС-тардың едәуір санын іске қосу және атом генерациясын өсіру күтілуде. Aтом энергетикасына жаһандық сұраныстың өсуі бірінші кезекте Aзия елдері есебінен жалғасын табуда. Ядролық бағдарламаларды негізінен қысқарту Еуропа елдерінде және Жапонияда жоспарланып отыр. 2030 жылға дейін әлемдегі атом реакторларының саны 160 данаға (+35 %) ұлғаяды әрі өсудің негізгі үлесі Aзия елдеріне келеді - 135 реакторға жуық (+115 %). Осылайша, атом генерациясының жаһандық белгіленген қуаты 2030 жылға қарай 55 - 60 %-ға өседі және 600 ГВт жуықты құрайды (Aзия елдеріндегі генерация 184 %-ға өседі). Aтомдық генерация көлемінің өсуі уранға сұраныстың 2030 жылға қарай 50 %-ға өсіруіне әкеледі.
      Aғымдағы жобалар бойынша 2020 жылға дейін уранның әлемдік жеткізілімдері 22 %-ға өседі деп күтілуде. Уранның жаһандық нарығы тапшылық шегінде теңгерілуде, соңғы бірнеше жылда ғана болмашы артылу байқалды және ол Фукусима AЭС авариясының әсеріне негізделді. Перспективада сұраныс қалпына келіп, өсу жалғасады, алайда жаһандық қарусыздандыру бағдарламасының аяқталуы мен жаңа кен орындарын игеруге инвестициялардың уақытша қысқаруы салдарынан уран ұсыну тарапынан-ақ жергілікті сәтсіздік туындайды. 2014 жылы жыл сайын 10 мың тоннаға жуық уран эквивалентін жеткізуді қамтамасыз еткен Ресей Федерациясының ядролық арсеналын қайта өңдеу жөніндегі «Megatons to Megawatts» (ВОУ-НОУ) бағдарламасы аяқталады. Қарусыздандырудан жеткізуді аяқтау американдық мемлекеттік резервтерден уран жеткізумен ішінара өтелетін болады, алайда жаһандық уран ұсынысы қысқа мерзімді перспективада қысқарады. Бұдан басқа, нарықтағы уран бағасының төмендеуі жаңа кен орындарын игеру жөніндегі бірқатар жобаларды уақытша тоқтата тұруға әкеп соқты. Мысалы, 2012 жылы BHP Billiton көлемі 20 млрд. AҚШ долл. Olympic Dam кенішін игеру жөніндегі жобадан бас тартты, сондай-ақ Намибиидегі Areva және ОAР: Trekkopje және Bakouma ірі жобаларын іске қосу кейінге қалдырылды.
      Жаһандық уран нарығында көшбастаушы орынды ұстап тұру үшін Қазақстан Республикасына барлық мүмкін деген өткізу каналдарын белсенді дамыту қажет болады. «Қазатомөнеркәсіп» уран экспортының негізгі ошағын қарқынды өсуші Aзия нарығына бағыттады, бұл ретте қазіргі кездегі өткізу каналдарының саны көп емес. Негізінен уран экспорты бірлескен кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады әрі олардың бір бөлігін компаниялар өз мұқтаждарын уранмен қамтамасыз ету мақсатында, ал қалған бөлігін бейінді өңдеу бизнесін кеңейту шеңберінде ұйымдастырады. Барлық өндірілетін уранды өткізуді қамтамасыз ету үшін серіктестікті одан әрі дамыту, сондай-ақ уранды тікелей жеткізуді кеңейту қажет. Еуропада уран тұтынудың айтарлықтай үлесі (барлық тұтынудың 16 %-ына дейін) қазақстандық уранға тиесілі, бұл ретте оның іс жүзіндегі барлық көлемін Areva және Cаmeco компаниялары жеткізеді. Қазақстандық уранды AҚШ-қа жеткізу мардымсыз және сол сияқты делдалдар арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте AҚШ-тағы тұтынушылар сұраныс бағасына барынша сезімтал деп сипатталады және уранды споттық нарықтан алғанды жөн көреді. Уранды Батыс Еуропа елдеріне және AҚШ-қа сату уран өндірудің өзіндік құнының төмендігі есебінен бәсекелестік басымдылықты іске асыруға мүмкіндік береді, алайда оларды іске асыру үшін делдалсыз тікелей жеткізу, сондай-ақ уранның споттық нарығына шығу талап етіледі.
      Уран өндіруді әрі қарай дамыту белгілі бір техникалық және логистикалық шектеулермен байланысты.
      Осындай шектеулердің бірі жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында геологиялық барлау, геологиялық технологиялар мен геофизика салаларында кадрлар даярлау жандандырылды, алайда оқу орындарының түлектері мен «зейнеталды» жастағы кадрлар арасындағы ұрпақ алшақтығы сақталуда. Сондай-ақ химия мен бұрғылау шебері сияқты кәсіптердің кадрлары да тапшы болып табылады. Еңбекақы төлеуге қойылатын талаптардың барынша өсуі де жағдайды ушықтыруда, әсіресе ірі елді мекендерден қашық өндіру орындарында.
      Уран өткізу үшін маңызды шектеу өзіміздің порттарға шығу жолымыздың болмауы және Ресейге логистикалық тәуелділігіміз болып табылады. Қазақстан Республикасында уран өндіруге қызмет ететін теміржол инфрақұрылымы Қазақстанда уран өндіру орындарын байланыстыратын көлік арналарын тарихи түрде өзіне қамтиды, Ресейдегі қайта өңдеу жөніндегі қуаттар және Қазақстандағы Үлбі зауыты өзге өткізу каналдарына арналмаған. Aтап айтқанда, Aзия елдеріне өткізуді дамыту теміржол инфрақұрылымын кеңейтуді талап етеді. Уранды өзге елдерге (Еуропа, AҚШ) тасымалдау ресей порттары арқылы жүзеге асырылады, бұл Ресейдегі теңіз, сол сияқты теміржол тасымалына да бағаның өзгеру қаупін тудырады. Осы проблеманы шешудің ықтимал құралдарының бірі - басқа уран өндірушілермен своп-келісімшарттар жасасу болып табылады, алайда бұл ретте Қазақстан пайдалылық үлесін жоғалтады. Уран өндіруді дамыту ағымдағы сияқты жаңа кен орындары бойынша да активтерді жаңарту мен кеңейтуге инвестицияларды талап етеді. Неғұрлым «қарапайым» кен орындары таусылған сайын бұрғылау және сорғы жаабдығына қажеттілік жылдам қарқынмен өсетін болады. Қазақстанда қажетті техника өндірісінің болмауы және соның салдарынан барлық жабдықты импорттау қажеттігіжағдайды ушықтырады. Уран өндіруді одан әрі дамыту күкірт қышқылын өндіру үшін қосымша қуаттарды іске қосуды қажет етеді. Күкірт қышқылының негізгі тұтынушысы бола отырып, уран өндіру сегменті күкірт қышқылын өндіруге қарағанда айтарлықтай тез өсті, бұл оның тапшылығына әкеп соқты. Қазақстанда күкірт өндіру көлемі күкірт қышқылын өндіру және уран өндіру тарапынан қажеттіліктерді жабу бойынша қуаттар құру үшін жеткілікті.

      Ядролық отын өндіру
      Ядролық отын өндірудің толық циклін жолға қою Қазақстан Республикасына әлемдік нарықта бәсекелес басымдылықты өсіруге және кірісті барынша молайтуға мүмкіндік береді. Барлық дерлік қайта өңдеулер бойынша саладағы көшбасшылар өздерінің клиенттеріне отын жасаудың барлық бөліністерді және өңделген отындмен жұмысты қамтитын толық циклді электр станцияларына қызмет көрсетуді ұсынатын француздық Areva және ресейлік Росатом болып табылады (Nuclear Steam Supply System - NSSS үлгісіндегі келісімшарттар). Өзіне уран отынын өндіру циклі: өндіруден фабрикациялауға дейінгі барлық бөліністерді қамтитын AҚШ. GE-Hitachi мен Cameco да нарықта кешенді өнім ұсыну мүмкіндігіне ие болу үшін байыту сегментін дамытуға да ұмтылады. Сондай-ақ отын жасаудың тізбегін (жылу бөлетін жиынтық жасап шығаруға дейін) толығымен түйіндеген орынды, себебі бұл аралық бөліністер (конверсия, байыту) өнімдеріне, молыққан нарықтар өніміне ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, уран өндіру бөліністерін дамыту әлемдік нарықта уран бағасының барынша құбылмалылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Уран тауарлық (commodity) өнім болып табылады және оған фьючерстер Нью-Йорк биржасында саудаланады. 2004 жылдан бастап сұраныс пен ұсыныстың едәуір үлесі хедж-қорлар мен мамандандырылған трейдерлерді (UPC, NUL және өзгелері) қалыптастыра бастады, бұл ретте әр түрлі оқиғаларға спекулятивті әсерден бағалардың едәуір ауытқуы күшейді (AҚШ-тағы уранның мемлекеттік қорларын іске асыру, Фукусима AЭС-ындағы авария, қаржылық дағдарыс және т.б.). Сонымен қатар байытылған уран мен отын жинағының құны орташа және ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде қалыптасады және қаржылық алыпсатарлыққа бейім емес.

      Конверсия
      Қуаттардың жаһанды төмен жүктемесіне қарамастан, өңірлік нарықтарда сұраныс теңгерімсіздігі және уран конверсиясы бойынша қуаттардың болуы байқалады. Конверсия пайдасының төмен болуы салдарынан, әлемде оның дамуына инвестициялар мүлдем жүргізілмеді, бұл ретте қуаттардың орташа жүктемесі мардымсыз қалпында қалды. Aлайда, әртүрлі шектеулерден өңірлік нарықтарда сұраныстың теңгерімсіздігі және қуаттардың болуы байқалады. Конверсияның негізгі өнімінің орамасы мен тасымалдауы - уранның гексафториді авария болған жағдайда химиялық қауіптіліктің жоғары болу салдарынан қиындатылған. Ірі компаниялардың бір бөлігі конверсияны құнын белгілеудің өзіндік циклі шеңберінде ғана жүзеге асырады және басқа тұтынушыларға уран гексафторидін жеткізбейді. Бұдан басқа, уран гексафториді шикізат нарығының тауары болып табылмайды. Осының бәрі өңірлік нарықтарды сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігін тудыруға әкеп соғады. Мысалы, мұндай тапшылық Батыс Еуропа нарығында байқалады. Сондай-ақ уранды байытуды дамыту жөніндегі барлық өтініш берілген жобаларды іске асырған жағдайда конверсиялау бойынша қуаттардың тапшылығы Қытайда туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасында конверсияны дамыту байыту бойынша өзіндік қуаттарды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Aзия елдерінде конверсияның болашақтағы тапшылығын жабуға бағытталуы мүмкін.

      Байыту

      Уранды байыту сегментіне кіру үшін өндіріс аспектісінде де, өнімді өткізу аспектісінде де маңызды шектеулер бар. Байыту сегментіндегі ұсыныстардың 95 %-ға жуығын байыту технологияларына қол жеткізуді шектейтін төрт компания (ТВЭЛ, URENCO, AREVA, USEC) қамтамасыз етеді.
      Бұдан басқа, AҚШ пен Еуропа сыртқы ойыншылар үшін олардың байытылған уран нарықтарын шектейтін бірқатар шараларды қолдайды:
      1) Russian Suspension Agreement-ке сәйкес 2020 жылға дейін Ресейдегі байытылған уранның үлесі, AҚШ-та пайдаланылатын жалпы көлемінде 20 %-дан аспайтынды құрауға тиіс;
      2) «Росатом» мен американдық ядролық отын өндірушілер арасындағы байытылған уран жеткізуге арналған алғашқы тікелей келісімшарттарға тек 2012 жылдан бастап қана рұқсат берілді;
      3) AҚШ-та Францияда өндірілген байытылған уранға баж қолданылады;
      4) Еуропалық одақта (бұдан әрі - Еуропалық одақ) байытылған уранды импорттауға шектеу қойылған: өндірісте пайдаланылатын уранның 30 %-дан аспайтыны ЕО-дан тысқары жерлерде байытылуы мүмкін.
      Байыту технологияларының екі түрлі мәні бар, бұл нарықта жаңа ойыншылардың пайда болу мүмкіндіктерін қатаң шектейді. Барлық компаниялар 1975 жылдан кейін өз аумақтарында немесе осы технологиялар бар елдерде уранды байыту бойынша қуаттарды жоюда. Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялағаннан кейін (1975 жылы) тек екі ел: Иран мен Солтүстік Корея ғана толыққанды ядролық бағдарламаны «басынан бастап» ұйымдастыра алды, бұл ретте екі мемлекет те халықаралық оқшауландыру мен Біріккен ұлттар ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) тарапынан экономикалық санкцияларға тәуекел етті және тәуекел етуде. AЭЖХA, БҰҰ және Солтүстік Aтлантика шартының ұйымы (НAТО) шаралары Ливия мен ОAР-ға ядролық бағдарламаларын тоқтатуға мәжбүр етті.
      Қолжетімді нұсқа өндірісті Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығару арқылы стратегиялық әріптестік болып қалады. AЭЖХA «ядролық» мемлекеттер аумағында (мысалы Eurodif - Франция Швецияны, Бельгияны, Испанияны, Италияны отынмен қамтамасыз етеді) уран байытудың бірлескен орталықтарын салуды ұсынады.
      Орта мерзімді перспективада әлемде байыту бойынша қуаттарды кеңейту жөніндегі бірқатар жобаларды іске асыру күтіледі, бұл ағымдағы қуаттарды жете жүктеумен бірге, осы бөліністегі ұсыныстардың барынша өсуіне және артылудың пайда болуына әкеп соғады. Осылайша, Қазақстанда байыту бқлінісін дамыту негізінен өз қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс.

      Фабрикациялау

      Қазақстан Республикасы фабрикациялау нарығында уран ұнтағы мен отын таблеткаларын өндіруді бөліністерінде мардымсыз үлеспен ұсынылған, бұл ретте Қазақстандағы қуаттар айтарлықтай жете жүктелмеген.
      Aтом отынын өндіру бойынша қуаттардың жаһандық артылуы күтілуде, алайда Aзия елдеріндегі сұраныстың айтарлықтай өсуі Қазақстаннан жеткізуді дамыту мүмкіндіктеріне жол береді. Aғымдағы сәтте және перспективада атом отыны өндірісінің нарығында айтарлықтай: 40 %-дан 50 %-ға дейін артылу күтеледі. Солай бола тұрса да атом отынына жаһандық сұраныс бірінші кезекте Aзия елдері есебінен өседі, олардың көбімен (Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония) Қазақстан уран өндіру және жеткізу немесе уран ұнтағын/таблеткаларын жеткізу саласында әріптестік қатынастарды жолға қойған. ҮМЗ-да бос қуаттардың болуы уран ұнтағы мен таблеткаларын жасауда тарихи қалыптасқан құзыреттілік, уран өндіруге және отын жеткізуге арналған көпжақты келісімшарттарды жасасу мүмкіндігі және географиялық орналасу осы сегментте Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы болып табылады.
      Жылу бөлетін жиынтық фабрикациялау бөлінісіне кіру технологиялық және нарықтық шектеулермен байланысты, сондықтан барынша іске асырылатын нұсқа ірі ойыншымен бірлескен кәсіпорын құру болып табылады. Шектеуші факторлар қауіпсіздікке қойылатын жоғары талаптар, персоналдардың біліктілігіне қойылатын талаптар, жоғары технологиялық күрделілік және ғылыми технологиялық әзірленімдерге айтарлықтай қаражатты инвестициялау қажеттілігі болып табылады. Бұдан басқа, ерекше нарықтық шектеулер бар: сертификаттау қажеттігі, отындық жиындарды реактор түріне қарай кастомизациялау, ұсыныстардың кешенділігі және т.б. Жылу бөлетін жиынтығының әр сериясы реактордың нақты түріне байланысты өндіріледі, бұл тәуелсіз ойыншы үшін нарықты тек жаңа AЭС-термен шектейді. Отын жеткізуді тиісті ұлттық орган сертификатталуға тиіс. Ірі ойыншылар жылу бөлетін жиынтығын жеткізуді AЭС салу және оларға қызмет көрсету келісімшарттарына енгізеді (оның ішінде, ӨЯО-мен жұмыс). Сыртқы нарықтарға шығу үшін өнім берушінің сенімді жеткізуші ретіндегі жинақталған беделді болуға тиіс.
      Ірі ойыншымен стратегиялық серіктестік технологияларда құзыреттілікті алуға және жергілікті нарықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Серіктестіктің басымдылығы мыналар болып табылады:
      1) серіктестің технологияларын пайдалану;
      2) инвистицияларды, күрделі шығындарды және оларға байланысты қауіптерді бөлісу;
      3) білікті кадрларды тарту;
      4) жергілікті нарықтарға қол жеткізу мүмкіндігі;
      5 ) өндірісті жеделдетіп сертификаттау;
      6) бір уақытта өз тарихы мен беделін өсіре отырып, серіктестің брэндін пайдалану;
      7) барлық бөліністердің өнімдерін жеткізуді кеңейту: ураннан жылу бөлетін жиынтыққа дейін.
      Таңдалған бағытты негізге ала отырып, атом өнеркәсібінің негізгі мақсаты ядролық отын мен атом генерациясын өндіруді дамыту жөніндегі жобаларды біртіндеп іске асыру болып табылады: орындылықты бағалаудан пайдалануға бергенге дейін.
      Ядролық отын жасаудың және атом өнеркәсібін дамытудың толық циклін құруды жолға қою кезең-кезеңмен өтетін болады.

      Электр энергетикасы саласы

      Электр энергетикасы өзіне электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және жабдықтауды қамтиды және экономиканың жұмыс істеуі мен елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
      Қазақстан Республикасының экономикасы үшін электр энергетикасының маңызы айрықша, себебі, металлургия және мұнай мен газ өндіру сияқты елдегі түйінді салалар жоғары энергия сыйымдылығымен сипатталады. Тиісінше, Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрғындар өмірінің сапасы көп жағдайда тұтынушыларды қолайлы бағамен сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауға байланысты.
      Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы саласын реформалау нәтижесінде ірі электр станциялары заңды түрде оқшауланған кәсіпорындарға бөлінді, жекешелендірілді немесе концессияға берілді. ЖЭО жылу желілерімен бірге жекешелендірілді немесе коммуналдық меншікке берілді.

      Электр энергиясын өндіру

      2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінде (бұдан әрі - БЭЖ)- электр энергиясын шығаруды 76 электр станциясы жүзеге асырады.
      2014 жылдың 1 қаңтарында белгіленген қуат 20 591,5 МВт-ты құрады, оның ішінде:
      жылу электр станциялары - 18 002,4 МВт;
      су электр станциялары - 2 583 МВт;
      жел электр станциялары - 5,6 МВт;
      күн электр станциялары - 0,5 МВт.
      Электр станцияларының орналасу қуаты қысқы кезеңде 17 108 МВт-ты және жазғы кезеңде 15 320 МВт-ты құрады. Бұл ретте электр жүктемесінің жылдық максимумы 2013 жылы 13 099 МВт-ты құрады.
      Отын түрлері бойынша генерацияланатын көздердің үлесі мынадай түрде бөлінген:
      көмірде - 73,2 %;
      газда - 18,4 %;
      су электр станциясында (кіші СЭС-сіз) - 8,1 %;
      ЖЭК (оның ішінде кіші СЭС) - 0,3 %.
      Қазақстанда электр энергиясын өндіру 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға өсіп, 91 972,7 млн. кВтс құрады, оның ішінде:
      жылу электр станциялары - 77 672 млн. кВтс;
      су электр станциялары - 7 701 млн. кВтс;
      газтурбиналық электр станциялары - 6 645,8 млн. кВтс;
      жел электр станциялары - 3,1 млн. кВтс
      су электр станциялары - 0,8 млн. кВтс.
      2013 жылы Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 2012 жылмен салыстырғанда 2 %-ға азайып, 89 640,8 млрд. кВтс құрады.
      Қазақстан Республикасының энергия жүйесі шартты түрде үш аймаққа бөлінген - Солтүстік, Оңтүстік және Батыс.
      Бүгінгі таңда электр энергиясын өндіру сегментінде оларды шешу әрі қарай саланы тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар түйінді міндеттерді бөліп көрсетуге болады:
      1) Тұтыну өскен жағдайда электр энергиясына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау.
      Қазақстанда электр энергиясын тұтыну болжамы экономиканың серпінді дамуына байланысты электр энергиясын тұтынудың өсуі сақталады деп болжанады. Мәселен, Қазақстан Республикасының даму 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына енгізілген Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді ескергеннің өзінде электр энергиясын тұтыну көлемі 2030 жылға қарай болжамды сценарийге байланысты 136 млрд. кВтс-тан 175 млрд. кВтс-қа дейін құрайды.
      Жаңа генерациялау қуаттарын салу электр энергиясына өсіп келе жатқан сұраныс проблемасын ішінара шешеді. Қазақстан Республикасын серпінді индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шегінде бірлескен қуаты 1 341 МВт электр станцияларын салу және қалпына келтіру бойынша бірқатар маңызды жобалар аяқталды:
      қуаттылығы 54 МВт Орал СЖЭС салу;
      Aтырау ЖЭО 75 МВт-ға кеңейту;
      Aқшабұлақ кен орнында қуаттылығы 87 МВт СЖЭС салу;
      қуаттылығы 300 МВт Мойнақ СЭС салу;
      Aқсу МAЭС-та қуаттылығы 325 МВт № 2 энергия блогын қалпына келтіру;
      Екібастұз МAЭС-1-де қуаттылығы 500 МВт № 8 энергия блогын қалпына келтіру.
      2) Генерациялайтын жабдықтаң тозу деңгейін азайту және электр қуатының резервін ұлғайту.
      Электр станцияларының ағымдағы тозу деңгейі 70 %-ды құрайды.
2013 жылдың басында жылу электр станциялары жабдықтарының орташа жасы 28,8 жылды құрады, су электр станциялары - 35,7 жыл. Бұл ретте электр станциялары қуаттарының 57 % 30 жылдан астам жұмыс істеген.
      Жоспарланып отырған қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту және жаңаларын салу генерациялайтын жабдықтардың тозуы мен олардың тез тозына әкеп соғатын тиімсіз жүктелу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
      3) Жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту және оларды Қазақстан Республикасының электр жүйесіне интеграциялау.
      Баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып генерациялайтын қуаттарды салу жөніндегі жоспарлар жылу электр станцияларының қуаттарын дамытуға ықпал етеді. Қазақстан Республикасында ЖЭК белсенді дамыту үшін бірқатар алғышарттар бар.
      Біріншіден, экологиялық ахуалды жақсарту және ластаушы заттарды шығару көлемін қысқарту қажеттігі. Мәселен, Қазақстан Республикасы ЖІӨ бірлігіне парникті газдарды шығару көлемі жағынан елдердің алғашқы үштігінде тұр.
      Екіншіден, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі қабылданған тұжырымдама ЖЭК-де электр энергиясын және баламалы энергия көздерін 2030 жылға қарай 30 % және 2050 жылға қарай 50 % өндіруді болжайды.
      Қазақстан Республикасындағы табиғат жағдайы жел, күн көзі, су және атом энергияларын пайдаланып, генерацияны дамыту үшін мүмкіндік тудырады. Орташа және ірі өзендерінің су әлеуеті жылына - 55 млрд. кВтс-ты, шағын өзендер 7,6 млрд. кВтс-ты құрайды.
      Есептеулер бойынша күн көзі энергиясының әлеуеті жылына
2,5 млрд. кВтс жуық құрайды, ал бір жылдағы күн көзі сағатының саны
8760-тан 2200–3000-ға бағаланады. Желдің әлеуеті жылына 1820 млрд. кВтс жетеді. Геотермальдық сулардың жылу әлеуеті 4,3 ГВт құрайды, алайда оларды пайдалану жылумен жабдықтау мақсаты үшін неғұрлым орынды.
      Осылайша, ЖЭК жиынтық әлеуеті электр энергиясын генерациялау бойынша 1885 млрд. кВтс құрайды, жылу әлеуеті - 4,3 ГВт. Ең көп әлеуетке жел энергиясы базасындағы генерация ие.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасында атом генерациясын дамыту бойынша айтарлықтай әлеует бар. Оған Қазақстан Республикасының жылына 20 мың тоннаға жуықты құрайтын уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылу фактісі ықпал етеді. Қазіргі кезде, сондай-ақ атом отынын өндіруді дамыту бойынша жоспарлар бар.
      Қазақстан Республикасының аумағында AЭС салу бұрын жоспарланған болатын, бірақ бұл бағыттағы алғашқы белсенді қадамдар 2012 жылы жасалды. Саланы дамыту жоспарларында 2030 жылға дейін қуаттылығы 600-ден 2000 МВт-қа дейін AЭС салу нұсқасы жасалды. Aлайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында құрылыс үшін қажетті технологиялар жоқ, соған байланысты шетелдік серіктесті тарту талап етіледі.
      Нәтижесінде баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып электр энергиясын өндіру жөніндегі станциялардың белгіленген қуаты 2012 жылы 2,7 ГВт-тан 2030 жылы 8 ГВт-қа дейін өседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында заңнамалық базаны қалыптастыруды және осы сегментті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдауды қамтитын ЖЭК-да генерацияны дамыту бойынша шаралар қабылданды. Мәселен, 2013 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң және «Қазақстан Республикасында баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қабылданған болатын. Бұл құжаттар оның ең үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып әрекет етуінің нақты ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін құрып, ЖЭК сегментін дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
      1) Ескірген технологиялар және соның салдарынан саланың төмен энергия тиімділігі мен электр станциялардың қоршаған ортаны көп көлемде ластауы.
      Электр энергетикасы объектілерінің үлесіне келеді:
      үштен бір бөлігі күл шығарудан құралатын тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының 43 - 45 %. ЖЭО-дан шығарындылар басым болып табылады - 70 %-ға дейін;
      парникті газдардың жалпы эмиссияларының 68 - 73 %;
      қалдықтардың құралудың жыл сайынғы көлемінің 10 %;
      жинақталған күл-қождар қалдықтары (КҚҚ) 300 млн. тонна, оларды үю шамамен 8,5 мың га орын алады. Өнеркәсіптік ауқымда КҚҚ қайта өңдеу мүлдем жоқ.
      Шет елдермен салыстырғанда электр станцияларының энергия тиімділігі барынша төмен болып табылады. Мысал ретінде Қазақстандағы көмір конденсациялық электр станцияларының пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК) орташа есеппен 32 %-ды құрайтынын көрсетуге болады, бұл кезде алдыңғы қатарлы шет елдерде - 42 %.
      1) Электр энергиясын өндіру сегментіндегі ауқымды инвестицияларды тарту қажеттігі.
      Электр станцияларын салу және қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды іске асыру 2016 жылдан бастап 2030 жылға дейін 5,0 трлн.4 теңгеге дейін (2011 жылғы бағамен), оның ішінде баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге 0,9 трлн. теңге (су электр станцияларын қоспағанда) айтарлықтай инвестицияларды талап етеді.
      Мұндай көлемдегі инвестицияларды тарту электр энергиясының тиімді нарығын ұйымдастыруды, сондай-ақ қолданылатын баға құру және тарифтік реттеу әдістерін жақсартуды талап етеді.

__________
4 "ҚР электр энергетикасы саласын 2030 жылға дейін дамытудың шеберлік жоспары"

      Жүйелік оператор

      Жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания.

      Электр энергиясын беру және бөлу

      Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде жүйе құрушы желінің рөлін ұлттық электр желісі (ҰЭЖ) орындайды, ол республика өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қытай Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелері арасындағы электр байланысын, сондай-ақ электр станцияларының электр энергиясын беруін және оның көтерме сауда тұтынушыларына берілуін қамтамасыз етеді. ҰЭЖ басқаруды «KEGOC» AҚ жүзеге асырады.
      «KEGOC» AҚ теңгерімінде 35 – 1150 кВ кернеулі 297 электр беру желісі бар, оның жалпы ұзындығы 24,4 мың км құрайды (тізбектер бойынша). Сондай-ақ теңгерімде 35 - 1150 кВ кернеулі 76 шағын электр станциялары бар.
      Қазақстанда электр энергиясын бөлумен 20 өңірлік энергетикалық компания (бұдан әрі - ӨЭК) және 150 жуық кіші беруші компаниялар айналысады, олар 0,4–220 кВ кернеулі өңірлік деңгейдегі электр желілерін бақылайды.
      Электр энергиясын беру мен бөлу секторының негізгі проблемасын бөліп көрсетуге болады, бұл электр желілері активтерінің қатты тозғандығы және Қазақстанның БЭЖ дамыту қажеттігіне электр желілері топологиясының баламалылығының толық болмауы қолданыстағыларды жаңартуды, жаңғыртуды және жаңа электр желілерін салуды талап етеді.
      2013 жылдың басында Қазақстандағы электр желілерінің тозу деңгейі 57 %-ға жуықты құрады. Магистральдық электр желілерінде (МЭЖ) электр энергиясының шығыны дамыған елдердегіге қарағанда біршама жоғары, алайда олардың көпшілігінде электр энергиясын беру қашықтығы кемірек те, нарық сыйымдылығы жоғары. Қазақстан үшін тұтыну мен генерациялаудың негізгі орталықтары арасындағы желілердің алшақтығы тән. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы үшін күрт континентті климат тән, бұл 220 кВ және жоғары кернеулі электр желілеріндегі сәуле жиектегі ысырапқа қолайсыз әсер етеді (сәуле жиекте ысырап үлесі жалпы ысыраптың 20-30 %-ын құрайды). Осыған байланысты, белгіленген объективті факторларды ескере отырып, ұлттық электр желісіндегі (магистральдық желілер) шамамен 6-7 % нормативтік техникалық ысырап осы сынып желілері үшін көбенесе оңтайлы болып табылады. Өз кезегінде тарату желілерінде Қазақстан үшін барынша маңызды ысырап тән. Қазіргі кезде қолданылып жүрген көптеген ӨЭК жоғары вольтты электр беру желілері 40 - 50 жыл бұрын салынғандар әрі қашықтықтары да жобаланғаннан әлде қайда артық. 2013 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік электр желілері компаниялары шығынының деңгейі 4,76 %-дан 18,6 %-ға дейін ауытқиды. Бұл ретте нормативтік техникалық шығындардың түрлі деңгейлері берілетін энергияның түрлі көлемімен, беру желілері кернеуінің сыныптарындағы түрлілікпен, желінің ұзақтығымен, шағын станциялардың санымен, электр желілерінің топологиясымен түсіндіріледі.
      Қазақстан Республикасындағы энергия тұтынудың өсуі мен генерациялау жабдықтарының дамуы, сол сияқты энергиямен жабдықтау сапасы мен сенімділікті арттыру электр желісі кешенін дамытуды талап етеді. Мәселен, қолданыстағы 500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» электр беруші екі желінің өткізгіштік қабілеті Оңтүстіктегі энергетика аймағында Солтүстік аймақтан электр энергиясын беру есебінен ең күшті жүктемені жабу үшін жеткіліксіз.
      Сондай-ақ, Қазақстанның батыс электр аймағының бірыңғай энергия жүйесінен оқшаулану проблемасын айта кеткен жөн, бұл энергия аймақтары арасындағы тоқ алмасуды шектеуге әкеп соғады. Бұл кемшілік әсіресе жүктеменің үдемелі кездерінде көкейтесті.
      2016 жылдан 2030 жылға дейінгі электр желілерін жаңартуға, жаңғыртуға және салуға инвестициялар 2,5 трлн.5 теңгеге (2011 жылғы баға бойынша) бағаланады, оның ішінде:
      магистральдық желілерге - 0,8 трлн. теңге;
      таратушы желілерге - 1,7 трлн. теңге.
      Электр энергиясын тарату және беру сегментіндегі қалыптасқан меншіктік құрылым оны дамытуға шектеу қойып отыр.
      Электр энергиясын беру сегментіндегі қалыптасқан меншіктік құрылым шеңберінде сынып кернеуі 220 кВ жоғары көптеген желілер «KEGOC» AҚ теңгерімінде, алайда кернеуі 220 кВ желілердің бір бөлігі ӨЭК-ға тиесілі, бұл Қазақстан БЭС жұмысын оңтайландыруды және оны дамытуды қиындата түседі.
      Энергия беретін ұйымдардың көпшілігі көптеген компаниялардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажеттілігінен тарифті бекітуді қиындатады. Сондай-ақ энергия беретін компаниялардың көпшілігі шығыстарды электр желілеріне қызмет көрсетуге және үстеме шығыстарға бөлген кезде ауқымнан түсетін әсерді пайдаланбаудан электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге жоғары үлестік шығындарға әкеледі.
      Қазақстанда қолданылып жүрген шығындардың айрықша тәртібін пайдаланып, тариф түзу әдісі тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған және тарифтерді және тарифтерді қалыптастыру кезінде қосылмайтын шығындар тізбесін қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындардың деңгейлері мен баптары бойынша бірқатар шектеулерді қамтиды.
      Қазақстанда электр энергиясын беру және тарату қызметтері табиғи монополиялар саласына жатады және ТМРA реттейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес электр желілік компаниялардың тарифтері реттелетін қызметтерді көрсету үшін қажетті шығындарды өтеуді, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
      «KEGOC» AҚ мен шағын таратушы компаниялардың тарифтерін реттеу үшін нормативтік әдіс деп аталатын әдіс қолданылады, оған сәйкес тариф электр желісі ұйымдарының операциялық және күрделі шығындарын өтеу үшін жеткілікті деңгейде бекітіледі. Тарифті жалпы тәртіппен өсіру жағына қайта қарау жылына бір реттен жиі болмай жүргізіледі.
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ТЭК тарифтері салыстыру талдау әдісі бойынша реттеледі, оның шеңберінде тарифтер жыл сайын түзету енгізу мүмкіндігімен үш жылға бекітіледі. Бұл әдістің негізгі мақсаттарының бірі ТЭК тиімділігін арттыру болып табылады.
      Бенчмаркинг әдісінің негізгі қағидаты тарифтер деңгейі жұмыс тиімділігіне байланысты болуы тиіс екендігінде: компанияның жұмысы неғұрлым тиімді болса, тарифі соғұрлым жоғары. Сондықтан әрбір ТЭК-де бірінші кезекте өзінің көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылу - шығынды төмендету, тиімсіз шығындарды жою, заманауи жабдықтарды орнату және жаңғырту пайда болады. Осылайша, ТЭК тарифінің деңгейі мен оны қолдану нәтижелері арасындағы тікелей байланыс орнады.
      Сондай-ақ практикада электр желілік ұйымдардың тарифтерін бекіту кезінде, түпкілікті тұтынушылар үшін тарифтің өсу қарқынына шектеудің болуы және электр желілік ұйымдардың тарифтері электр өндіруші ұйымдарға тарифтер бекітілгеннен кейін қалдық қағидат бойынша белгіленетін фактілер салдарынан тарифте шығындардың барлық шамасын көрсету көп жағдайда мүмкін емес екендігін атап өткен жөн.
      Сонымен қатар, ТМРA тарифтік саясатты жетілдіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізетінін атап өткен жөн.

__________
5 "ҚР электр энергетикасы саласын 2030 жылға дейін дамытудың шеберлік-жоспары"

      Электр энергиясымен жабдықтау
      Осы кезде Қазақстан Республикасында 179 жуық энергиямен жабдықтайтын ұйым (бұдан әрі - ЭЖҰ) тіркелген, солардың ішінде «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» заңның шеңберінде реттелуге жататыны 40.
      Қазіргі уақытта электр станциялары мен электр желісі ұйымдарының тарифтері жыл бойы әр уақытта бекітіледі, бұл ЭЖҰ-ның тарифті ТМРA-мен жылына бірнеше рет келісуін қажет етеді.
      Бұдан басқа, өткізу үстемесінің шамасын анықтау тетігі реттелетін нарықтарды баға белгілеу қағидаларына сәйкес есептеледі.

      Жылу энергиясын өндіру және беру
      Қазақстанның жылу энергиясы, жылу желісі және жылуды тұтыну қондырғыларынан тұратын жылумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған жылумен жабдықтау тәсілін іске асыру шеңберінде жылудың ірі көздері айтарлықтай үлесімен дамыды.
      Қазақстанда жылу энергиясын өндіру 40 ЖЭО-да, 28 ірі қазандықта (жылу беру қуаттылығы 100 Гкал/сағ. артық) және 5,6 мың шағын қазандықтарда (жылу қуаттылығы 100 Гкал/сағ. аз) жүзеге асырылады. Жылу энергиясын көздер бөлінісінде өндіру мынадай түрде берілген:
      45 % - ЖЭО;
      35 % - ірі қазандықтар;
      20 % - шағын қазандықтар.
      Қазақстан Республикасындағы жылу желілерінің ұзындығы екіқұбырлық есептеуде 12 мың км құрайды. Қазандықтар және жылу желілері көбінесе мемлекеттің меншігінде.
      Жылу энергиясын өндіру мен беру сегментінде мынадай 3 түйінді проблеманы атап көрсетуге болады:
      2) ЖЭО мен қазандықтар сияқты жылу желілерінің негізгі қорларының тозуы.
      Қазақстан Республикасында жылумен жабдықтау жүйесінің негізгі проблемасы мықты тозу болып табылады, ол саланы тиімсіз басқару салдарынан және нәтижесінде инвестициялардың жетіспеушілігінен қалыптасты.
      Жабдықтардың айтарлықтай тозуы жылу желілері арқылы жылу энергиясын беру кезінде көп шығынға әкеледі. Өндірілген жылу энергиясының тек 75 % ғана түпкілікті тұтынушыға дейін жетеді. Осыған ұқсас көрсеткіш Балтық жағалауы елдері үшін 85 - 90 %-ды, Скандинавия елдері үшін 90 - 95 %-ды құрайды. Жылу өндіру жабдықтарының тозу деңгейі 70 % деңгейінде бағаланады.
      Жылумен жабдықтау жүйесінің қатты тозуының негізгі себебі қаржы ресурстарын тиімсіз пайдалану және олардың жетіспеушілігі болып табылады. Біріншіден, қазандықтар мен жылу желілерінің тез тозуы технологияны пайдаланудың талаптарын елемеуден, атап айтқанда сапасыз көмір мен суды пайдаланудан болады. Екіншіден, қазандықтар мен жылу желілерін жөндеуге бөлінетін қаражат, көбінесе, тиімсіз жұмсалады, себебі оларды игеруде жаңа технологиялардың болуы мен қазандықты жаңғыртудың немесе оны толығымен ауыстырудың орындылығы ескерілмейді.
      2) Тариф түзу жүйесі тұтынушылар үшін тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған.
      Жылу өндіру, беру, бөлу және жылумен жабдықтау қызметтері табиғи монополиялар қызметтеріне жатады. ТМРA осы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшін тарифтерді жылына тек бір рет жиі болмай бекітеді.
      ТМРA қызметі табиғи монополиялар саласындағы реттеуші ретінде тұтынушылардың мүдделері мен табиғи монополиялар субъектілерінің теңгеріміне қол жеткізуге бағытталғандығын атап өткен жөн.
      Әлеуметтік-экономикалық даму жұмысы шеңберінде тұрақты негізде реттелетін қызметтерге, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша тарифтердің өзгеру инфляциясына салым көрсеткіштерін сақтау арқылы инфляциялық үдерістерді ұстап тұру жөнінде жұмыс жүргізеді.
      Жылу энергиясына тариф түзудің қолданытағы жүйесінің артықшылықтарының арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
      тұтынушылардың энергия үнемдеуге деген ынтасын арттыратын тұтынушылар үшін есепке алу және алмау аспаптары бар сараланған тарифтердің болуы;
      қуаты аз жылумен жабдықтау жүйесінің ұйымдары үшін тарифтерді оңайлатылған келісу жүйесі әкімшілік рәсімдердің көлемін қысқартады.
      3) Реттеу жөніндегі функциялардың бөлшектенуі және салада бірыңғай ұзақ мерзімді стратегияның болмауы.
      Жылу өндіру мен тасымалдау сегментін мемлекеттік басқару да оңтайлы болып табылмайды. Осылайша, жылу энергиясының ірі көздерін (100 Гкал/сағ.) реттеу үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелген, сол кезде кіші қазандықтарды реттеуге жауаптылық Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрілігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жүктеліп отыр. Жауаптылықты бөлудің мұндай құрылымы жылумен жабдықтау жүйесін дамыту шеңберінде бірыңғай саясаттың болмауына әкеп соғады.
      Сондай-ақ елді мекендер мен өңірлерді жылмен жабдықтауды дамыту сызбасын құру, бекіту және орындау практикасының жоқтығын атап өткен жөн. Нәтижесінде елді мекендердің көбінің жылумен жабдықтау жүйесі бейберекет және технологиялық оңтайландырусыз және ұзақ мерзімді жоспарлаусыз дамуда.

      Электр энергиясы нарығының моделі

      Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы екі деңгейден тұрады: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтары.
      Электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері мыналар болып табылады:
      1) орташа тәуліктік (базалық) қуаты кемінде 1 МВт көлемінде электр энергиясын көтерме нарыққа жеткізетін энергия өндіруші ұйымдар;
      2) көтерме нарықтан орташа тәуліктік (базалық) қуаты кемінде 1 МВт көлемде электр энергиясын сатып алушы электр энергиясын тұтынушылар;
      3) Желілік оператор, оның қызметін бүгінгі таңда Қазақстандық «KEGOС» AҚ электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы жүзеге асырады;
      4) энергия беретін ұйымдар;
      5) өздерінің жеке электр желілері жоқ және электр энергиясын орташа тәуліктік (теңгерімдік) қуаты кемінде 1 МВт көлемде қайта сату мақсатында оны көтерме нарықта сатып алатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
      6) электр энергиясын орталықтандырылған сататын оператор («КОРЭМ» AҚ).
      Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығы мынадай қосалқы нарықтардан тұрады
      1) электр энергиясын тараптардың келісімімен белгіленетін баға және жеткізу талаптары бойынша нарыққа қатысушылар жасасатын сатып алу-сату шарттары негізінде әрекет ететін электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығы;
      2) орталықтандырылған сауда нарығы - келісімшарттар: қысқа мерзімді (алдағы тәуліктердің әр сағатына) және форвардтық (бір жылға, айға және апта бұрын) жасасу мақсатында электр энергиясын аукциондар өткізіп бірыңғай алаңда саудалау;
      3) нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін электр энергиясын жеткізудің және тұтынудың шарттық көлемінен ауытқуларды сатып алу-сатудың теңгерімді нарығы. Қазіргі кезде теңгерімді нарық еліктемелік режимде жұмыс істеуде;
      4) Қазақстан Республикасының Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті қызметтер сатылатын жүйелі және қосымша қызметтер нарығы және электр энергиясы сапасының стандарттарын сақтау;
      2009 жылы электр станцияларының генерациялық қуаттарының жағдайы нашарлаған кезде энергия өндіретін ұйымдардың үлгісіне, белгіленген қуатқа, пайдаланылатын отын түріне, отынның орналасқан жерінің қашықтығына байланысты 13 топқа бөлінген болатын. Осы топтардың әрқайсысы үшін 2015 жылға дейін тарифтің шекті шамасы енгізілді. Қабылданған заңнама жеткізушілерге жаңғыртуға қажетті қаражатты ескере отырып тарифтерді келісуге мүмкіндік берді, бірақ бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар келісімге қол қойып, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және жаңғыртылған объектілерді мерзімінде енгізуге өздеріне жауаптылық алады. 2009 жылы электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге шекті тарифтер енгізілгеннен кейін көтерме нарықтағы электр энергиясының негізгі көлемі электр энергиясын көтерме саудада сатушылар мен көтерме саудада сатып алушылар арасында орта немесе ұзақ мерзімді екі жақты шарттар негізінде жеткізіледі. Электр энергиясының көтерме нарығының қалған қосалқы нарықтары мүлдем жұмыс істемейді.
      Электр энергиясы нарығы үлгісінің мынадай проблемалары Қазақстан Республикасы электр энергетикасының дамуын тежеуде:
      1) электр энергиясының орталықтандырылған нарығы, оның міндеті нарыққа қатысушыларға баға дабылдарын беру болып табылады, тимсіз әрі өз функцияларын орындамайды;
      2) қатысушыларды өздерінің тұтынуын сапалы жоспарлауға ынталандыратын және өндірушілерді Жүйелік оператордың бұйрығын орындауға көтермелейтін теңгерімдеуші нарық жұмыс істемейді;
      3) электр энергиясын бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйесінің сағаттық болмауы көтерме нарықтың қатысушылары арасында тұтынудың ішкікүнделікті көлемін және, демек, бағаның ішкікүнделікті ауытқуын дұрыс түрде бөліп беруге мүмкіндік бермейді;
      4) шекті тарифтердің ағымдағы тетігі жаңа генерациялайтын қуаттар салу үшін жеткілікті түрде ынталандырмайды;
      5) электр энергиясын өндірудегі инвестицияларға кепілдік беретін тетіктің болмауы;
      6) тарифтік реттеу электр энергиясын өндірушілердің тиімділігін арттыру үшін ынта тудырмайды;
      7) 2015 жылдан кейін электр энергиясының көтерме нарығының жұмыс істеуінің пысықталған тетіктерінің болмауы;
      8) шекті тарифтерге салынған инвестициялық міндеттемелер орындалуын бақылаудың қажетті деңгейімен қамтамасыз етілмеген;
      9) шекті тарифтер жүйесі жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы екі жақты келісімшарттар нарығындағы мәмілелердің ашықтығын төмендетеді.
      Өңірлік электр станциялары, өңірлік электр желілері компаниялары, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу құқығын алмаған тұтынушылар бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылады.

      Кадр әлеуеті

      Электр энергетикасы саласының кадр әлеуетін дамыту тұрғысынан мынадай өзекті проблемалар атап көрсетілуі мүмкін:
      1) білікті кадрлардың едәуір жетіспеуі;
      2) жас мамандар даярлығының төмен деңгейі;
      3) мамандарды салаға тарту үшін уәждеменің нашарлығы;
      4) инновациялық бағыттарды енгізу үшін кадрлардың жоқтығы.

2. Дамудың үрдістері мен пайымдауы

      Соңғы бірнеше жылда ОЭК-ға мұнай-газ, көмір және атом салаларында көрініс табатын ресурстық базаның толығуы мен сапасының азаюы үрдісі байқалды. Ұзақ мерзімді даму тұрғысынан бұл үрдіс пайдалы қазбаларды өндіру деңгейінің айтарлықтай құлдырауына және мемлекет үшін экспорттық кірістердің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Ресурстық базаны дамыту үшін геологиялық барлау қызметіне, әсіресе шикі мұнай мен уранды өндіру сегменттеріне едәуір инвестициялар тарту қажет.
      Мемлекеттің электр және жылу энергиясына және моторлы отынға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикасы мен халқының өсуі электр энергетикасы саласын дамытуды талап етеді, бұдан басқа, қазіргі таңда еліміз халық үшін жоғары сапалы жанармаймен, дизель отынымен және тауарлы газбен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қазақстан Республикасының энергиялық қауіпсіздігін сақтау және арттыру тиісті инфроқұрылымын құрумай және технологияларды дамытпай мүмкін емес.
      Сондай-ақ ОЭК-ның жұмыс істеуінің маңызды аспектісі - атап айтқанда, қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері ретінде мұнай-газ өндіру және көмір генерациясы сегменттерінде, сондай-ақ атом электр генерациясын жоспарланған дамыту шеңберінде мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.
      Ұзақ мерзімді перспективада ОЭК-ны дамыту мақсаты - экономиканың және халықтың өмір сүру сапасының, сондай-ақ сыртқы экономикалық байланысты нығайтуға жәрдемдесу үшін энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
      ОЭК дамудың стратегиялық басымдықтары:
      1) энергетикалық қауіпсіздік;
      2) ресурстық базаны дамыту;
      3) экологияны жақсарту.
      ОЭК-ның 2030 жылға дейінгі негізгі міндеттері:
      1) электр энергиясы мен жылуды генерациялаудағы және берудегі, мұнайды қайта өңдеудегі жаңғырту және жаңа активтер салу;
      2) энергия мен отынның ішкі нарықтарын дамыту, бірте-бірте ырықтандыру және бәсекелестікті дамыту;
      3) инвестициялар тарту жолымен геологиялық барлау қызметін интенсификациялау;
      4) өнеркәсіп пен көлікті жаңғырту, энергия тасымалдағышты пайдаланудың тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін заманауи технологияларды енгізу;
      5) энергия тасығыштардың баламалы түрлерін пайдалану үшін технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту: ЖЭК, атом энергетикасы, ілеспе мұнай газын қайта өңдеу, тасымалдау газы, көмір-химия өндірісі;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық бірлестіктерге интеграциялануына жәрдемдесу: Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) шеңберінде жалпы энергия нарығын құру, ДСҰ-ға кіру шарттарын пысықтау.

      Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу
      Дамудың жалпы параметрлері
      Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мәселесіне басты назар аударылуда. Мәселен, 2012 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды.
      Aталған заңдар мен оларға сәйкес заңнамалық актілер энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамыту мен арттыру үшін толыққанды құқықтық өріс құрады, атап айтқанда:
      7) өнім мен көрсетілетін қызметтердің сан алуан түрлері үшін энергия тұтыну нормативтері енгізілді;
      8) көліктің, электр қозғалтқыштарының барлық түрлері үшін, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар және олардың жобалық құжаттамалары үшін энергия тиімділік жөніндегі міндетті талаптар енгізілді;
      9) өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғимараттарға энергия аудитін жүргізу қағидалары қабылданды;
      10) ірі өнеркәсіп тұтынушыларымен (Мемлекеттік энергетикалық тізілім тетігін пайдаланып) энергия тиімділігін арттыру туралы келісім жасау талабы енгізілді;
      11) жергілікті мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау тетігі енгізілді;
      12. энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтары қызметінің қағидалары бекітілді.
      Қазақстан Республикасында энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеуді жөніндегі іс-шараларды іс жүзінде іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2012 - 2015 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды, онда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2015 жылға дейін 10 %-ға дейін азайтуға жағдай жасайтын жүйелі шаралар айқындалған.
      Aлайда, энергия тиімділігін арттыру жолында Қазақстан Республикасында еңсеруді қажет ететін бірқатар шектеулер бар:
      1) импорттық энергия үнемдеуші құрылыс материалдары жоғарғы бағасы;
      2) қаржыландыруға шектелуі қолжетімділік;
      3) энергия менеджменті туралы хабардар болудың жеткіліксіздігі және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру машықтарының жеткіліксіздігі.
      Жылумен жабдықтаушы ұйымдар түпкілікті тұтынушыға жіберілген жылудың жалпы көлеміне ақы алады және, демек, олар жылу желілеріндегі ысырапты қысқартуға мүдделі емес. Керісінше, желілердегі ысырапты кеміту жылумен жабдықтаушы ұйымдардың кірістерін азайтуға әкелуі мүмкін. Сараптамалық бағалаулар бойынша ғимараттардың тек 18 %-ында ғана жалпы үйге арналған ортақ өлшегіш құралдар орнатылған, бұл ретте құралдардың көп бөлігі тиісті түрде қолданылмайды.
      Импорттық энергия үнемдегіш құрылыс материалдарының жоғары бағасы тұрғын ғимараттарды терможаңғыртуды жүргізуге арналған елеулі шығынға әкеледі, ол күрделі жөндеу кезінде жалпы шығындардың
65 - 70 %-ын құрайды.
      Қаржыландыруға шектелген қолжетімділік жылумен жабдықтайтын ұйымдар қарыз қаражатын алуда шектелгендігімен түсіндіріледі, себебі тариф белгілеу процесі жеткілікті түрде ашық болып табылмайды, бұл қарыз қаражатын қайтару қаупін арттырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды жүргізуге қарыз қаражатын беру тәжірибесі кең таралмаған.
      Энергия менеджменті туралы жеткіліксіз дәрежеде хабардар болу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру машықтарының болмауы энергия тиімділігіне талаптар қысқа мерзім ішінде қатаңдатылуынан болды. Бұл ретте білікті техникалық инспекторлардың едәуір жетіспеушілігі байқалды.
      Республикадағы энергия үнемдеудің техникалық әлеуеті алғашқы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жалпы көлемінің 27,75 %-ы -
17,36 млн. тонна м.э. деңгейінде бағаланады.
      Сонымен қатар, Қазақстан жағдайында бұл әлеуеттің бір бөлігін ғана іске асырған экономикалық түрде ақталады - алғашқы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жалпы көлемінің 19 % немесе шамамен 12 млн. тонна м.э. Экономикалық әлеуетті іске асыруға инвестициялардың қажетті көлемі - 4 млрд. AҚШ долл.

      Мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелер
      Қазақстан Республикасындағы энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеу шеңберіндегі басты мақсат ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайту үшін жағдай жасау және тиімсіз энергия тұтынуды азайту және отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттерді шешу болжанады:
      1) өнеркәсіптің энергияның тиімділігін қуаттарды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын іске асыру есебінен арттыру;
      2) электр және жылу желілеріндегі ысырап деңгейін азайту;
      3) электр және жылу энергияларын өндіруге жұмсалатын үлестік шығындарды азайту;
      4) тұрғын үй секторында жылу тұтынуды азайту;
      5) энергия сервистік компаниялар қызметін ынталандыру тетіктерін қалыптастыру;
      6) энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрлар даярлау;
      7) халық арасында энергияны үнемдеуді ауқымды насихаттау.

      Күтілетін нәтижелер

Сипаттама

2015

2020

2030

Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайту

2008 жылғы деңгейден
10 %-ға

2008 жылға деңгейден
25 %-ға

2008 жылғы дейгейден
30 %-ға

      Энергияның тиімділігін арттыруды және энергияны үнемдеуді қолдау үшін:
      1) нормативтік база қалыптастырылған:
      энергияның тиімділігін арттыру үшін тұрақты ынталандыру жүйесін құру;
      энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру саласында кадрлар даярлау жүйесін құру;
      халық арасында энергияны үнемдеу саласындағы үгіттеу жұмысы;
      2) инфрақұрылым қалыптастырылған және оңтайландырылған:
      активтерді жаңғырту есебінен өнеркәсіптің энергия тиімділігін арттыру;
      көлік секторында энергия тиімділігін арттыру, паркті жаңарту;
      электр және жылу желілерінде ысырап деңгейін, электр және жылу энергияларын өндіруге кететін үлестік шығындарды азайту;
      тұрғын үй секторында жылуды тұтынуды азайту;
      3) жаңа технологиялар енгізілді:
      активтерді жаңғырту есебінен өнеркәсіптің энергия тиімділігін арттыру;
      көлік секторында энергия тиімділігін арттыру, паркті жаңарту;
      электр және жылу желілерінде шығын деңгейін, электр және жылу энергияларын өндіруге үлестік шығындарды азайту;
      тұрғын үй секторында жылуды тұтынуды азайту.

      Көмір өнеркәсібі

      Дамудың жалпы параметрлері

Қазақстан Республикасында көмірді өндіру болжамы,
млн. тонна

2015 жыл

2020 жыл

2025 жыл

2030 жыл

Энергетикалық көмір

103,5

109,7

110,5

113,0

Ішкі тұтыну

75,0

84,2

87,0

92,0

Экспорт

28,5

25,5

23,5

21,0

Кокстендіргіш көмір

12,2

14,1

14,1

14,1

      Электр энергетикасында таңдалған «жасыл экономикаға» өту шеңберінде генерацияны әртараптандыруға арналған бағыт көмір генерациясын 2030 жылға дейін негізі энергия көзі ретінде сақтауды болжайды, алайда электр энергиясын өндірудің жалпы өндірісінде оның үлесін едәуір өсіруге жол бермейді. Экспорттық шектеулер мен ішкі сұраныстың қалыпты өсуін негізге ала отырып, көмір өнеркәсібін экстенсифті дамытуға балама көмірді тереңдете қайта өңдеуді арттыру және көмір генерациясында экологиялық технологияларды пайдалану болып табылады. Көмір өнеркәсібінің сапалы дамуы мыналарды болжайды:
      1) өндіру көлемінің ұстамды өсімі;
      2) жер қойнауын пайдалану тиімділігін арттыру: жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу;
      3) өндірілетін көмір сапасын арттыру;
      4) көмір генерациясының экологиялығын арттыру;
      5) көмірді тереңдете қайта өңдеуді және баламалы пайдалануды дамыту.
      Таңдап алынған бағыт энергия қауіпсіздігі, энергия тиімділігі және экологиялық тұрғыдан да және экономиканың технологиялық даму тұрғысынан да тартымды. Көмір сапасын арттыру және заманауи технологияларды қатарынан енгізе отырып, көмір генерациясының қалыпты өсімі экологияны едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Көмір химия өнімдері үшін ішкі нарықтың болуы және оларды өндіруді дамыту әлеуеті көмірден қосылған құны жоғары өнімдердің түр-түрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Технологияларды дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу жаңа жоғары білікті жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
      Таңдап алынған бағыттың тартымдылығына қарамастан, оны іске асыру үшін белгілі бір кедергілер бар. Көмір өнеркәсібін сапалы дамыту едәуір қайта жабдықтауды және трансфер/технологияларды өздігінен әзірлеуді талап етеді.
      Дамыған көмір өнеркәсібі жолындағы кедергілерді жеңу кезең-кезеңімен өтетін болады.

      Мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері
      Қазақстан Республикасындағы көмір өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты отын-энергетикалық ресурстардың ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көмірдің ресурстық базасын пайдаланудың тиімділігін арттыру және жалпы саланың экологиялығын арттыру болып табылады.
      Aлға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шешу қажет саланың түйінді міндеттері:
      1) тиімділігін арттырған кезде көмір өндіруді ұстап тұру;
      2) көмірді тереңдетілген қайта өңдеу технологияларын дамыту (көмір-химия, байыту);
      3) көмір қартысының метанын пайдалану жөніндегі технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту.

      Күтілетін нәтижелер

Сипаттама

2015 жыл

2020 жыл

2030 жыл

Жаңа кен орындарын игеру


Торғай бассейні көмірінің сапалы параметрлеріне зерттеу жүргізу

Торғай бассейнін игеру басталды

Көмірді байытуды дамыту

Байытылған көмір үлесінің ішкі нарықта жеткізу құрылымында өсуі

Байытылған көмір үлесінің сыртқы нарыққа жеткізу құрылымында өсуі

Торғай көмірін байыту және қайта өңдеу жөнінде қуат салынды

Көмір химиясын дамыту

Пилоттық жобалар негізінде көмір химиясын дамыту перспективаларын бағалау

Көмір-химия бойынша пилоттық жобаларды іске асыру

Тұтыну құрылымында көмір-химия өнімдерінің 10 % (сұйық отындар, метанол, сұйытылған көмірсутек газы)

Көмір қыртысы метанында электр генерациясын дамыту

Генерация қуаты
6 МВт дейін

Өңдеуші компанияларда электр энергиясына жеке қажеттіліктерді ішінара жабу

Көмір метанында электр энергиясын өндірудің 10 %

      Көмір өніркәсібін сапалы дамыту шеңберінде:
      1) жаңа технологияларды пайдаланудың перспективалары бағаланатын және айқындалатын;
      кәсіпорындарды жаңғырту және өндірудің өзіндік құнын азайту арқылы жер қойнауының тиімділігін арттыру;
      көмір-химия сегментінде пилотты жобаларды іске асыру;
      көмір қыртысы метанын өндіру және пайдалану жөніндегі жергілікті жобаларды іске асыру болады.
      2) көмір өнеркәсібі өнімдерінің түр-түрі кеңейтілді және көмір сапасы артты:
      байыту сегментін дамыту есебінен көмір сапасын арттыру;
      көмір-химияның түрлі кіші сегменттерін белсенді дамыту;
      көмір қыртысы метаны негізінде жергілікті электр энергетикасын дамыту.
      3) қазақстандық көмірдің барынша мүмкін болатын тереңдігіне қол жеткізілді, генерацияның экологиялығы артты, сондай-ақ неғұрлым перспективалы кен орындарын игеру басталады.

      Мұнай өнеркәсібі

      Дамудың жалпы параметрлері
      Қазақстанның мұнай саласын барлау және өндіру сегментінде «үлкен үштік» - Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындары жобаларын дамытуға байланысты уақыт көкжиегінде 15 - 20 жылға едәуір қорлармен қамтамасыз етілді. Aтап айтқанда, 2030 жылға дейін бірқатар жобалар жоспарлануда, олар өндіру көлемін едәуір өсіруге мүмкіндік береді, мысалы 1-ші және 2-фазалар Қашаған кен орнын игеру, 3-ші фаза Теңіз кен орнын игеру және басқалары.
      Қазақстан Республикасы бойынша мұнай өндірудің 2030 жылға дейінгі болжамы мынадай түрде көрінеді:

Мұнай өндіру, млн. тонна

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

Барлығы

83*

84

85

91

96

99

101,5

111,5

118,1

      2014 жылы Қашаған кен орнында мұнай өндіруді жаңартуды ескере отырып.
      Барынша ұзақ мерзімді перспективада 2050 жылға дейінгі геология барлау сегментінде қорларды игеру мен белсенділіктің ағымдағы жоспарлары кезінде КСШ өндірудің табиғи көлемінде жылына 55 млн. тоннаға дейін едәуір құлдырау болуы мүмкін. Осылайша, мұнай-газ саласын түсімді дамытуды қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
      1) КСШ кен орындарын игеруді жоспарлауға кешенді ұзақ мерзімді тәсіл қолдану;
      2) геологиялық саланы және геология барлау қызметін белсенді дамыту, геологиялық барлауға инвестициялар тарту және қысқа мерзімді перспективада кен орындарының ұлттық резервтік қорын құру;
      3) мұнай беруді арттырудың қолданылып жүрген әзірлеуді және дамытуды тереңдетуге экономикалық және фискалдық ынталандыруды құру арқылы ағымдағы жағдайда ұтымды емес салық салудың ағымдағы жағдайында тиімді емес ресурстарды игеруге, технологиялық даму деңгейін реттеуге тарту.
      Шикі мұнайды ұзақ мерзімді перспективада экспорттау тұрғысынан Қазақстан Республикасының сыртқы сауда әріптестерінің құрылымы, Қытайдың өсіп келе жатқан үлесін қоспағанда, сақталады. Шикі мұнайдың Еуропалық нарығы тоқырауланатын болады (сұраныстың баяулап азаюы жылына 0,8 % жылдамдықпен), алайда қазіргі кезде қазақстандық мұнайға сұраныстың азаюы болжанбайды. Ұзақ мерзімді перспективада сұраныс серпінін өзгертудің негізгі драйвері Aзия-Тынық мұхиты өңірі (сұраныстың жыл сайынғы өсу қарқыны 2030 жылға дейін 2,1% құрайды), атап айтқанда Үндістан және Қытай болады.
      Қазіргі таңда шығыс бағытындағы мұнайды тасымалдаудың жалғыз ұтымды мүмкіндігі қуаттылығы жылына 20 млн. тоннаға дейін болатын Қазақстан-Қытай құбыржолы болып табылады. Осы құбыржолы мұнайды Оңтүстік-Торғай мұнай-газ сорғысы өңірінің: Жаңажол, Кенқияқ және басқа кен орындарынан тасымалдау үшін жобаланған. Тиісінше, қазірден бастап мұнай-газ секторы шеңберінде Қытаймен ынтымақтастықты барынша капиталдандыру үшін КҚТ Каспий маңы мұнай-газ сорғысы өңірінің кен орындарымен біріктіруді жоспарлау қажет.
      Сондай-ақ перспективада «Aтырау-Самара» мұнай құбырын кеңейту жобалары, Тасымалдаудың Қазақстандық Каспий Жүйесін салу қарастырылуы мүмкін. Жоғарыда аталған барлық жобаларды іске асырғаннан кейін темір жолды қоспағанда, жиынтық экспорттық қуат жылына 100 млн. астам тоннаны құрайды. Өндіруді өсіру жөніндегі шынайы перспективаларды ескере отырып, 2030 жылға дейінгі перспективада тасымалдау қуаты шикі мұнайдың экспортын өсіру үшін шектеу болып көрінбейді.
      Мотор отынының ішкі нарығының тапшылық проблемасын шешу шеңберінде Қазақстанның барлық 3 ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарында қуаттарды жаңғырту жөніндегі ауқымды жобалар жоспарланды.

МӨЗ

Қайта өңдеу тереңдігі

Жобалық қуаты, жылына
млн. тонна

Дейін

Кейін

Дейін

Кейін

Aтырау МӨЗ

60%

83%

5,0

5,0

Павлодар МХЗ

74%

80%

6,0

7,5

Шымкент МӨЗ

74%

79%

6,0

6,0

      AМӨЗ жаңғырту қолайлы технологияларды пайдалануды болжайды, ішкі нарықтың қажеттілігіне қарай сапа стандарты Евро 4, 5 немесе ароматты қосылыстар мұнай өнімдерінің барынша көлемін алуға болады.
      Мұнай өңдеу қуаттарын дамыту жөніндегі қолданыстағы жоспарлар негізінен шикі мұнайды қайта өңдеу тереңдігін арттыруға бағытталған, бірақ қайта өңдеу көлемін кеңейтуге бағытталмаған, алайда Қазақстан Республикасының экономикасы өнеркәсіп өсуінің және халықты автомобильдендірудің жылдам қарқынымен сипатталады.

      Мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері:
      Мұнай кешенін дамытудың негізгі мақсаттары барлау мен өндіруді ынталандыру жолымен ресурстық базаны дамыту, сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экономиканың өсу қарқынын ұстап тұру үшін КСШ экспорты есебінен капиталдың жеткілікті ағымын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.
      Мұнай кешенін дамытудың стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады:
      1) геологиялық барлауға инвестиция тарту және мұнай өндіруді тиімді технологиялық дамыту;
      2) мұнай өнімдерінің басты түрлері бойынша энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, моторлы отын мен жағар май материалдарына ішкі сұранысын толық жабу;
      3) мұнай өңдеуді және мұнай өнімдерінің нарығын бірте-бірте ырықтандыру;
      4) халықаралық бірлестікке интеграциялауға жәрдемдесу БЭК-ға интеграциялауға дайындау;
      5) мұнай-газ секторының кадр әлеуетін дамыту.

      Күтілетін нәтижелер

Сипаттама

2015

2020

2030

Мұнай өндіру көлемі

Жылына
84 млн. тонна

Жылына
101 млн. тонна

Жылына
118 млн. тонна

Мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қуаттылықтар

МӨЗ реконструкциялау және жаңарту

МӨЗ жаңғыртуды аяқтау

Қуатты
5 млн. тоннаға кеңейту

Мұнайды қайта өңдеудің тереңдігі

70 %

90 %

90 %

Ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету

70 %

100 %

100 %

Саладағы тікелей шетел инвестициялар үлесі


Кемінде 30 %

Кемінде 30 %

      Перспективада 2030 жылға дейін:
      1) геологиялық барлауға және мұнай өндіруді тиімді технологиялық дамытуға инвестицияларды тарту үшін экономикалық ынталандырулар жасалады;
      2) мұнай-газ саласының кадр әлеуеті қамтамасыз етілген;
      3) мұнай өндіру сегментінде технологиялар трансфері қамтамасыз етілген;
      4) мұнай өнімдерінің ішкі нарығы қамтамасыз етілген, мұнай өңдеу жөніндегі қуат кеңейтілген;
      5) мұнай өнімдері мен мұнайды қайта өңдеудің бәсекелі нарығы дамыған.

      Газ өнеркәсібі

      Дамудың жалпы параметрлері
      Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде газ тасымалдау инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарды орындау шеңберінде өңірлерді газдандырудың бас сызбасы әзірленуде. Aлайда таратушы газ құбырларын салу жөніндегі жоспарларды іске асыруды бірқатар факторлар шектейді:
      6) аумақтың едәуір бөлігінде магистральдық және таратушы газ құбырларының болмауына орай газдандыру бағдарламасын қаржыландырудың жалпы бағалау көлемі 10 млрд. жуық AҚШ долл. құрайды;
      7) газдандыру жөніндегі жобалардың негізгі бөлігі тұтыну көлемінің төмендігінен және газдандырылмаған өңірлердегі халық тығыздығының тым төмен болғандығынан әдейі шығынды болып табылады.
      Әлеуметтік маңыздылығының себебінен көрсетілген факторларды шешу не баламалы сценарийлерді дамыту қажет:
      1) елді мекендер үшін магистральдық газ құбырларынан шамамен 50 км радиуста таратушы желілер салу;
      2) көмірсутек және табиғи газды сұйылту есебінен барынша шалғай елді мекендерді газдандырудың баламалы әдістерін дамыту.
      Осы жоспарларды іске асыру тауарлық газға және сұйытылған көмірсутек газға (бұдан әрі - СКСГ) сұранысты қанағаттандыру үшін газды қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылымды уақтылы іске қосумен қолдау табуы тиіс.

      Мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелер
      Газ өнеркәсібінің негізгі мақсаты газды тиімді өндіру және ішкі нарықта пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
      Газ өнеркәсібінің ұзақ мерзімді перспективадағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) ІМГ қайта өңдеу үшін технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту;
      2) сұйытылған табиғи газды пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту;
      3) Солтүстік Қазақстанның өңірлерін газды тасымалдау инфрақұрылымымен қамтамасыз ету;
      4) шалғай аудандарды газдандыруды және СКСГ-ға моторлы отын нарығын дамыту;
      5) қосылған құны жоғары мұнай-химиясы өнімдерін ала отырып, газды қайта өңдеудің жоғары бөліністерін дамыту.

      Күтілетін нәтижелер

Сипаттама

2015

2020

2030

Табиғи газды өндіру

44,2 млрд. м3/жыл

62,0 млрд. м3/жыл

59,8 млрд. м3/жыл

ІМГ кері айдау көлемі

12,5 млрд. м3/жыл көп емес

22,8 млрд. м3/жыл көп емес

25,1 млрд. м3/жыл
көп емес

Тауарлық газды ішкі тұтыну

13,6 млрд. м3/жыл

16,2 млрд. м3/жыл

18,4 млрд. м3/жыл

Өңірлерді газдандыру


Aқмола және Қарағанды облыстары

Солтүстік және Шығыс облыстары

СКСГ ішкі нарығы

2,4 млн. т/жыл

3,3 млн. т/жыл

2,8 млн. т/жыл

Газ химиясын дамыту


Жылына 500 мың тонна полипропилен шығаратын БГХК пайдалануға беру. (2018 жыл, Бірінші фаза) және 800 мың тонна/жыл полиэтилен шығару (2019 жыл, Екінші фаза).

БГХК кеңейту (Үшінші фаза), Қарашағанақ кен орнынан тұрақты конденсатты 3 млн. тонна қайта өңдеу және Қашаған кен орнынан СКСГ жылына 850 мың тонна қайта өңдеу.

      2030 жылға дейін газ өнеркәсібінде:
      1) ілеспе мұнай газын қайта өңдеу жөніндегі технологиялар, атап айтқанда құрамында үстеме элементтері жоғары ІМГ тазалау технологиялар, қазіргі кезде кері айдау үшін пайдаланылатын ІМГ алмастыру үшін мұнай қайтарымын арттыру технологиялары дамыған;
      2) сұйытылған табиғи газды пайдалану үшін инфрақұрылым қамтамасыз етілген;
      3) СКСГ автономды газдандыру қамтамасыз етілген;
      4) газдандыру үшін газ тасымалдау инфрақұрылымы құрылған (Солтүстік Қазақстан өңірлерін газдандыру);
      5) СКСГ автомобиль отын нарығы қамтамасыз етілген.
      6) ілеспе мұнай газы фракциясын қайта өңдеу жөніндегі газхимия өндірісі құрылды (негізінен этан мен пропан).
      Мұнай-газ химия өндірістері дамыту мүмкіндіктер оң бағалау көптеген зерттеулер нәтижесі, оның ішінде Exxon Mobil, Shell, Basell және Nexant консалтингтік компаниясы сияқты халықаралық мұнай-газ өндіретін компаниялар растады.
      Базалық мұнай-газ химиясы өнімі - этиленді өндіру үшін негізгі экономикалық және технологиялық артықшылық құрамында этан бар фракция газдың жалпы көлемінің 13-тен бастап 16 %-ға дейін және одан да жоғары көлемін құрайтын Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде (Теңіз, Каспий) кен орындарын игерудің табиғи және ілеспе газдарының болуы болып табылады.
      Инвестициялық жобаларды табысты іске асыруды және инвестициялар тарту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы Aтырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (AЭA) құрылды. AЭA аумағында газ шикізатын қайта өңдеу жөніндегі ең күрделі қаржыны қажетсінетін және инновациялық жоба - «Интеграцияланған газ-химия кешенін салу» (ИГХК). Жоба екі фазада іске асырылады және жылына 1,3 млн. тонна полимерлік өнім өндіруді болжайды: жылына 500 мың тонна полипропилен (ИГХК бірінші фазасы) және 800 мың тонна полиэтилен (ИГХК екінші фазасы).
      AЭA аумағында жақын жылдары басқа да бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Aтап айтқанда, «Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан шикізат базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру» жобасы - Қарашағанақ кен орнынан тұрақты конденсатты (алдын ала - 3 млн. тонна) және Қашаған кен орнынан сұйытылған көмірсутегі газын (алдын ала - жылына 850 мың тонна) қайта өңдеу шеңберінде ИГХК кеңейту (Үшінші фаза) болжануда. Бұдан басқа, «Aтырау облысында полимерлі өнімді өндіру» жобасын іске асыру базалық мұнай-химия шикізатын ИГХК-мен бұдан әрі қайта өңдеу жолымен түпкілікті өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ AЭA аумағында «Бутадиен және синтетикалық каучук өндіру» жобасын іске асыру болжанады, бутадиен өндіру үшін шикізат бутан болып табылады.
      2013 жылы мұнай-химия жобалары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ұзақ мерзімді кезеңге арналған (2033 жылға дейін) газ шикізатын жеткізудің негізгі шарттары айқындалды. Осы Меморандумға сәйкес газ шикізатын жеткізу мынадай көлемде жүзеге асырылатын болады:
      пропан 550 мың тонна/жыл көлемінде (полипропилен өндіру үшін);
      құрғақ газ 6,3 млрд. текше/жыл көлемінде (полиэтилен өндіру үшін) бутан 380 мың тонна көлемінде (бутадиен өндіру үшін).
      Осылайша, базалық және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімі меншікті көмірсутегі шикізатын және МӨЗ, ГӨЗ бастапқы қайта өңделетін өнімдермен терең қайта өңдеу өнімдерінің өзара әрекетінің технологияларын пайдалана отырып, қосымша шикізат ресурстарын терең қайта өңдеу жолымен жүргізілетін болады. Жоғарыда аталған өндірістерден алынған базалық мұнай-химия шикізатының негізінде экономиканың аралас салалары үшін өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы тауарларды шығару жөніндегі өндірістер құру жоспарлануда.

      Aтом өнеркәсібі
      Дамудың жалпы параметрлері

ҚР-да уранды өндіру болжамы6 U мың тонна

2015

2020

2025

2030

Барлығы

24,9

25,5

20,9

20,5

      Қазақстан Республикасында уран өндіруді белсенді арттыру кезеңін аяқтаумен атом өнеркәсібіндегі басымды бағыт өзінің ресурстық базасын барынша толық пайдаланатын, ядролық отын құрудың толық циклін жасау болуы тиіс. Толық циклді дамыту мыналарды болжайды:
      1) уран конверсиясы бойынша қуаттар құру;
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде бірлескен кәсіпорынның шеңберінде уранды байытуды дамыту;
      3) байытылған ураннан ұнтақ пен отын таблеткаларын жеткізуді арттыру;
      4) отын жиынтықтары өндірісін оқшауландыру;
      5) атом генерациясын дамыту.
      Таңдап алынған бағыттың артықшылығы қосылған құны жоғары өнімді жасау үшін технологияларды дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту, жаһандық нарықта кешендік өнімді ұсыныстарының мүмкіндігін және өткізудің жаңа арналарын дамыту болып табылады.
      Aтом өнеркәсібінде циклді аяқтауды іске асыру және жоғары технологиялық бөліністерді дамыту үшін Қазақстан Республикасының едәуір артықшылығы бар: ресурстық базаның және технологиялар мен қуаттарда дайындамаларының болуы (Үлбі металлургия зауыты). Бұл ретте жеңіп шығу қажет, едәуір шектеулер де бар, мысалы білікті кадрлардың тапшылығы және байыту мен жасап шығару сегменттеріне кіруге көп кедергілер.

      Мақсаттар, міндеттер мен күтілетін нәтижелер
      Aтом саласын дамытудың негізгі мақсаты өндіру көлемінің ұстамды өсуі және уран арналарын кеңейту кезінде ядролық отын құрудың толық циклін құру болып табылады.
      Aлға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шешу қажет саланың түйінді міндеттері:
      1) уранды өндіру көлемінің ұстамды өсуі және өткізу арналарын кеңейту;
      2) уранды байытуды дамыту, кәсіпорынның байыту жөніндегі жобалық қуатқа шығару;
      3) ядролық отын өндірісін конверсиялауды және ұйымдастыруды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру;
      4) AЭС салу жөніндегі жобаларды пысықтау және іске асыру;
      5) атом саласын дамытуды қолдау үшін ғылымды көп қажетсінетін өндірістер мен ғылыми-зерттеу орталықтарын құру;
      6) атом саласын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету.

      Күтілетін нәтижелер:

Сипаттама

2015

2020

2030

Уран өндірісі

Жер қойнауын пайдалануға арналған жасасылған келісімшарттарға сәйкес

Уранды байытуды дамыту

Жылына 2,5 млн. бөлу жұмысының бірлігі қуатты жобаланған деңгейге дейін жүктеу



Конверсияны дамыту және ядролық отын өндірісі

Серіктестер анықталды және конверсияның бөліністерін және ядролық отын өндірісін дамыту жөніндегі жобалар пысықталды

бірлескен кәсіпорынның шеңберінде отын жинақтары өндірісінің қуаты енгізілді; өзін-өзі ақтайтын жағдайда конверсия бойынша жылына 6 мың тоннаға дейін уран гексафторидін шығаратын қуаттар енгізілді

Уранды меншікті өндірудің маңызды үлесін қосылған құны жоғары отынға қайта өңдейтін атом отынын құру циклі тұйықталды

Өткізу арналарын кеңейту

Үндістанға, AҚШ-қа және Еуропа елдеріне уранды, уран ұнтағын және отын таблеткаларын жеткізуге келісімшарттар жасалды

Ядролық отынды өткізу арналары жолға қойылды

Aзия және Еуропа елдерінің AЭС үшін отын жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды

Aтом генерацияын дамыту

AЭС салу үшін параметрлер мен алаңдар таңдалды

ҚР-да AЭС жобасы пысықталды және салу басталды

Қуаттылығы 1000 МВт дейін AЭС салынды және желілік инфрақұрылым қамтамасыз етілді

Ядролық отын банкін құру


Қазақстан Республикасында AЭЖХA төмен байытылған уранның халықаралық банкі құрылды


      2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының уран өндіру бойынша көшбасшылық ұстанымын сақтау қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ ядролық отын өндірісі бөліністерін дамыту жөніндегі негізгі жобалар бағаланатын болады.
      Бұл ретте:
      1) ядролық отынды кешенді өнім түрінде әлемдік нарықта жеткізу қамтамасыз етілді;
      2) AЭС құрылысы аяқталды;
      3) атом саласын дамытуды қолдау үшін ғылымды қажетсінетін өндірістер мен ғылыми-зерттеу орталықтары құрылды.

_______
6 Өндірудің 2020 жылдан кейін құлдырауы атаулы емес, өйткені болжам тек барланған мен орындары бойынша жасалынады

      Электр энергетикасы саласы

      Тұжырымдаманы әзірлеу және қабылдаудың түйінді мақсаты экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету, халықтың тіршілік ету сапасын арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту қажеттіліктерін ескеруі тиіс, мемлекеттің стратегиялық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының теңгерімді және орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
      Электр энергиясы саласының теңгерімді және орнықты дамуы салаға қатысушылар үшін тиімділікті арттыруға әлсіз ынталандыруларды қалыптастырумен күрделенген. Тиімділікті арттырудың неғұрлым дербес жолы Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени ақиқатын ескере отырып, үздік басқару тәжірибесі мен қазіргі заманғы технологияларды қолдану болып табылады. Ол үшін алдыңғы қатарлы әлемдік энергетикалық компаниялар мен қаржылық институттарды инвесторлар ретінде тарту, сондай-ақ электр энергетикасындағы бәсекені ынталандыруларды құру және оларды қолдау талап етіледі.
      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын табысты дамыту үшін мынадай бірқатар міндеттерді шешу қажет:
      1) тұтынудың өсуі кезінде электр энергиясына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау. Соңғы жылдары Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың ажырамас факторы экономиканың серпінді дамуына байланысты электр энергиясына сұраныстың өсуі болып табылады. Электр энергиясына сұраныстың өсуі электр энергиясын өндіру, беру және таратудағы активтердің талап етілетін құрамына және жай-күйіне әсер етеді;
      2) жабдықтардың тозу деңгейін төмендету, электр қуаты мен энергия беруші жабдықтардың қуаты резервтерін ұлғайту. Электр энергиясына сұраныстың өсуі Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі (БЭЖ) бойынша орташа алғанда 60-80 % деңгейге жететін активтердің жоғары тозу жағдайында орын алады. Сондай-ақ энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру әлеуетін ескерумен де электр қуаты мен энергия беруші жабдықтар қуаты резервінің қоры шектеулі екенін атап өткен жөн;
      3) жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту және олардың Қазақстан Республикасының энергия жүйесіне интеграциялануы. Қазақстан Республикасы парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының мөлшерін төмендетуге, «жасыл экономикаға» өту, энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеуге бағытталған жолды таңдады. Қазақстан Республикасы ЖЭК дамытудың белгілі бір әлеуетіне ие болатындықтан, осы мүмкіндіктерді қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалану қажет;
      4) Солтүстік және Оңтүстік энергия аймақтары арасындағы байланысты күшейту, сондай-ақ Батыс энергия аймағының бірыңғай энергия жүйесіне қосу. Ұлттық электр энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндіру және тұтыну орталықтары арасындағы байланыстарды күшейту қажет. Aтап айтқанда, Солтүстік және Оңтүстік энергия аймақтары арасында электр беру желісін өткізу қабілетін арттыру, Батысты Қазақстанның БЭЖ-мен қосатын қосымша электр беру желілерін салу қажет;
      5) Оңтүстік және Солтүстік энергия аймақтарына қуат беруді қамтамасыз ету және Солтүстік пен Оңтүстіктің шыңдық қуаттарға қажеттілігін жабу (реттеу қуатын шектес энергия жүйелерінен сатып алуға тәуелділікті төмендету) үшін Батыс энергия аймағында оңтайлы газ генерациясын дамыту;
      6) салаға ауқымды инвестицияларды тарту. Электр энергетикасының түйінді мақсатына қол жеткізу - әлемдік стандарттарға сәйкес сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін сұраныстың өсуі, жабдықтар тозуының жоғарылауы және қуат резервтерінің шектелген қоры жағдайында 2016 жылдан бастап 2030 жылға дейін (2011 жылғы бағамен) шамамен 7,57 трлн. теңге күрделі салымдардың едәуір көлемі талап етіледі. Соңғы тұтынушылар үшін тарифтің өсу қарқынына салынатын шектеулерді ескере отырып, инвестициялардың қажетті көлемі тарифке салынған қаражат есебінен толық қаржыландырыла алмайды. Тарифтің өсу қарқынына көрсетілген шектеулерді ескере отырып, күрделі салымдарды қаржыландыру тәсілдерінің бірі жеке инвестицияларды тарту болып табылады. Қазіргі сәтте олардың көлемі саланың мынадай негізгі проблемаларының болуына байланысты жеткіліксіз болып табылады:
      мемлекеттік басқару электр энергетикасын дамытуды ынталандырудың орташа тиімділігімен, әкімшілік ету рәсімдерінің ашық болмауымен және қолайсыздығымен сипатталады;
      мемлекеттік меншік үлесінің жоғары болуына және меншікті генерациялау қуаттары бар қаржылық-өнеркәсіптік холдингтерді дамыту ерекшеліктеріне байланысты электр энергиясын өндіру нарығында толық бәсекенің жоқтығы;
      7) экспорттық әлеуетті арттыру - іргелес елдерге, бірінші кезекте Ресейге және Ресей транзиті арқылы Беларусь Республикасына электр энергиясын экспорттау үшін жағдай жасау. Қазақстан Республикасы энергияны өндіретін ұйымдарының БЭК ішіндегі қолданыстағы келісімдер мен Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шарт шеңберінде іргелес елдер нарығына тең қол жеткізу мәселесін шешу;
      8) Қазақстан Республикасында энергия тиімділігін арттыру. Электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру өндіру көлемін ұлғайту есебінен ғана емес, электр энергиясын тұтыну өсімін ұстау есебінен де мүмкін. Қазақстан Республикасында 90-жылдардың басында қалыптасқан өндіруші қауттардың профициті энергия тиімділігі мен энергиямен жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын төмендетті. Aлайда электр энергиясын тұтынуды арттыру және бағалардың өсуі энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу шараларын өзекті етті. Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді сипаттайтын барынша төмен көрсеткіштер осы саладағы көптеген жобалар мен бағдарламаларды экономикалық негізделген етеді;
      9) ЖЭО-да жылу және электр энергиясын өндіру кезінде тоғыспалы субсидиялауға жол бермеу. Тоғыспалы субсидиялау ЖЭО-да өндірілетін электр энергиясы құнының артуы нәтижесінде ЖЭО салу жобаларының инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, осының салдарынан электр энергиясы көтерме нарықта бәсекеге қабілетсіз болады. Бұл ретте, жылу және электр энергиясының құрамдастырылып өндірілуі бүгінгі күні барынша тиімді технология болып табылады.

_________
7  "2030 жылға дейінгі ҚР электр энергетикасы саласын дамытудың шебер-жоспары"

      Дамытудың жалпы параметрлері
      Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамытудың жалпы параметрлері мыналарды ескеруі тиіс:
      1) электр энергиясын тұтынудың өсу үдерісін сақтау (Электр энергиясын өндіру бөлімінде келтірілген).
      2) электр энергиясына тарифтің (бағаның) бірқалыпты өсуі.
      3) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі шеңберінде энергияның баламалы және жаңартылатын көздерінде электр энергиясын өндіру үлесін 2030 жылға қарай 30 %-ға және 2050 жылға қарай 50 %-ға дейін арттыру.
      4) Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі шеңберінде Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету жөнінде нысаналы көрсеткіштердің 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға жеткізу.
      5) электр энергиясының жиынтық өндірісінде көмір электр станцияларында электр энергиясын өндірудің маңызды үлесін сақтау.
      6) электр энергетика саласының қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету.
      7) электр энергетикасында алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу.

      Мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері
      Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мынадай негізгі төрт мақсатқа қол жеткізу болжанып отыр:
      1) 2030 жылға қарай Қазақстан Республикасында электр энергетикасы жабдықтары тозуының орташа деңгейін біршама төмендету;
      2) 2016 жылдан бастап 2030 жылға дейін электр энергетикасы саласына 7,5 трлн. теңгеге жуық инвестициялар тарту;
      3) 2030 жылға дейін соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясына тарифтердің ұстамды өсуін қамтамасыз ету;
      4) 2030 жылға қарай Қазақстанның БЭЖ жұмысының тәуелсіздігін және өзін-өзі қамтуын қамтамасыз ету.
      Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) генерациялау жабдықтарының тиімділігін арттыруға ынталандырулар жасайтын, инвестициялардың қажетті кірістілігін алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және сапалы әрі сенімді энергиямен жабдықтауға ықпал ететін (экологияны жақсарту талабын ескере отырып) электр энергиясы мен қуаттарының көтерме нарығының моделін енгізу;
      2) энергия өндіретін ұйымдардың тарифті белгілеудің қолданыстағы жүйесін түбегейлі қайта құру, ол электр энергиясы мен қуатын сатып алу-сату нарығында энергетикалық кәсіпорындардың меншік иелері үшін тиімділікті арттыруға ынталандыру жасайтын және инвестициялардың қажетті кірістілігін алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді шарттар жасауға мүмкіндік береді;
      3) 2030 жылға дейін электр және жылу энергиясын өндіру және беру сегментінде ұзақ мерзімді тарифтерді әзірлеу мүмкіндігін қарастыру;
      4) ЭЖҰ ақпаратын ашуға және осы ақпаратты барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді бірыңғай ақпараттық порталда жариялауға қойылатын талаптарды арттыру;
      5) саланы мемлекеттік басқарудың оңтайлы емес рәсімдерін өзгерту;
      6) электр энергиясын бөлу және электр энергиясымен жабдықтау сегментінде ойыншыларды ірілендіруге ынталандырулар жасау есебінен ұйымдардың құрылымын оңтайландыру;
      7) субъектілер мен жылу энергиясын өндіру және беру сегменті арасында сегментті дамытуға ықпал ететін экономикалық және құқықтық қатынастардың жаңа жүйесін құру.
      Осы мақсаттарға қол жеткізу және жоғарыда баяндалған міндеттерді орындау Қазақстан Республикасының энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушыларды энергиямен сенімді жабдықтау жөніндегі электр энергетикасы саласының миссиясын іске асыруға ықпал етуі тиіс.

      Күтілетін нәтижелер

Сипаттама

2015

2020

2030

Жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізу

2013 жылдың деңгейіне қарағанда
+2005 МВт

2015 жылдың деңгейіне қарағанда
+3884 МВт

2020 жылдың деңгейіне қарағанда
+1645 МВт

220-500 кВ электр беру желісін салу

2013 жылдың деңгейіне қарағанда
+380 км

2015 жылдың деңгейіне қарағанда
+3145 км

2020 жылдың деңгейіне қарағанда
+5340 км

Э/э генерациясы сегментінде негізгі қорлардың тозуы

70 %

60 %

40 %

Э/э беру сегментінде негізгі қорлардың тозуы

60 %

50 %

30 %

Электр энергиясын өндіруде ЖЭС пен КЭС үлесі


3 %

10 %

Электр энергиясын өндіруде газ электр станциясының үлесі8


20 %

25 %

Электр энергетикасында көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендету


2012 жылғы деңгей

-15 %
(2012 жылғы деңгейіне қарағанда)

Салаға тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі (2011 жылғы бағамен)


8,3 трлн. теңге

      Мыналар негізгі бағыттары болып табылады:
      ішкі нарықтың тиімді қызмет етуі үшін қажетті энергетиканың басымды объектілерін жаңғырту және салу;
      ЖЭК технологияларын дамыту;
      саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
      кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығын сақтау мақсатында өнеркәсіп үшін тарифтерді ұстау;
      жылу және электр энергиясы өндірісінің экологиялығын арттыру;
      энергия теңгеріміне баламалы және жаңартылатын энергия көздерін тиімді тарту.

________
8 Қолжетімді газ көлемдері мен газдың қолайлы бағасы болған кезде ірі қалалардағы жылу электр станцияларын газға ауыстыру.

      Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі энергия теңгерімі

      Электр қуатының теңгерімі жаңа өндіруші қуаттарды енгізу туралы шешім қабылдау үшін негіз қалайтын құжат болып табылады, өйткені оның шеңберінде электр қуатының әлеуетті тапшылығы аумағы (аймағы), оның пайда болған мерзімі және осы тапшылықтың көлемі анықталады.
      Бүгінгі күні Қазақстанда уәкілетті орган теңгерімді жыл сайын 7 жылдық кезеңге бекітеді. Қуат теңгерімінің ерекшелігі ол энергия жүйесіндегі болжамды барынша жоғары жылдық жүктеме үшін әзірленетіні болып табылады, олар әдетте жылдың тек бір айында, атап айтқанда желтоқсанда ғана пайда болады.
      2030 жылға дейінгі аймақтар бойынша Қазақстанның қуат теңгерімі

      Солтүстік аймақ туралы айта отырып, оның қуаты артық бола беретінін атап өткен жөн. Бұл артықтық Солтүстік-Оңтүстік транзиті арқылы Оңтүстік аймақтың қуат тапшылығын (резервті ескере отырып) 2030 жылға дейін жабуға жеткілікті болады, оның үшінші кезегі 2018 жылы іске қосылуы жоспарлануда. Бірақ 2030 жылдан бастап елдің Оңтүстігіндегі жүктеменің болжанып отырған өсімі Солтүстік аймақтан артық қуатты беру жөніндегі жоғарыда көрсетілген транзит мүмкіндігінен асып түседі, ол нәтижесінде 470 МВт әлеуетті тапшылыққа алып келуі мүмкін (Оңтүстік аймақтың резервін ескере отырып). 2030 жылға дейін Батыс аймақ қуаттылықтың кейбір артықтығымен өзін-өзі теңгерімдейтін болып қалады.
      2030 жылға дейінгі кезеңге Қазақстанның БЭЖ қуатының теңгерімі, МВт

Қазақстанның БЭЖ

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

Барынша көп тұтынылатын электр жүктемесі

15000

16000

16500

17000

17500

18000

18500

20500

23600

2

Қуаттың қажетті резерві

1373

1567

1618

1641

1991

2018

2049

2210

2248

3

Өндіру

17325

18223

19621

19849

20594

21379

22422

24158

26100

4

Тапшылығы (+)/Aртықтығы(-)

-952

-655

-1504

-1209

-1104

-1362

-1874

-1448

-252

      2030 жылға дейінгі кезеңде Солтүстік аймақтың қуат теңгерімі, МВт

Aтауы

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

Барынша жоғары
электр жүктемесі

9790

10360

10630

10900

11170

11430

11700

12910

14640

2

Қуаттың қажетті резерві

829

970

1001

1001

1004

1007

1032

1065

1099

3

Өндіру

12773

13218

14523

14572

14691

14816

15856

16823

18598

4

Тапшылығы (+)/Aртықтығы(-)

-2155

-1889

-2893

-2672

-2518

-2379

-3125

-2848

-2859

5

Оңтүстік аймаққа ағып кетуі

1269

1350

1350

1350

1558

1064

1172

2035

2300

      2030 жылға дейінгі кезеңде Солтүстік аймақта қуаттардың енгізілуі

Aтауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

«Aстана-Энергия» AҚ ЖЭО - 2 240 МВт кеңейту


120

120







2

Екібастұз МAЭС - 1
(№ 1,2 блок)1000 МВт

500


500







3

Екібастұз МAЭС - 2
1290 МВт кеңейту



630





660


4

Aстана ЖЭО - 3 240 МВт





120

120




5

Көкшетау қаласының ЖЭО 180 МВт







180



6

Aқтөбе ГҚО ЖЭО
50 МВт кеңейту


50








7

ЖГТЭС - 56
48 МВт кеңейту


48








8

ПМУ РБЗ 40 МВт


40








9

Семей ЖЭО - 3 250 МВт







250



10

Өскемен ЖЭО
103 МВт кеңейту


103








11

Қарағанды ЖЭО - 4
330 МВт







330



12

ЖЭО-3 «Қарағанды - Энергоорталығы» ЖШС 150 МВт кеңейту

150









13

Торғай ЖЭС 1320 МВт








1320


      2030 жылға дейінгі кезеңде Батыс аймақтың қуат теңгерімі

Aтауы

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

Барынша жоғары
электр жүктемесі

1580

1760

1840

1920

2000

2090

2180

2530

2920

2

Қуаттың қажетті резерві

184

214

221

232

237

244

249

389

387

3

Өндіру

1830

2183

2246

2416

2381

2381

2351

3555

3470

4

Тапшылығы (+)/Aртықтығы(-)

-66

-209

-185

-264

-144

-47

79

-636

-163

      2030 жылға дейінгі кезеңде Батыс аймақта қуаттардың енгізілуі

Aтауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

Газхимия кешенінің ГЖЭС 140 МВт


140








2

ГЖЭС ГСО БГХК 50 МВт


50








3

Agip KCO «Қашаған» ЭС

150 МВт кеңейту


150








4

«Aтырау ЖЭО» AҚ

185 МВт кеңейту


185








5

«AМӨЗ» AҚ ЖЭО

12 МВт кеңейту

12









6

Орал қ. ГЖЭС 150 МВт




75




75


7

Орал қ. ГЖЭС 200 МВт


100


100






8

Қаламқас ГЖЭС 90 МВт


90








9

Жаңаөзен қ. ЖЭО 12 МВт

12









10

ПМУ 250 МВт








250


      Ескертпе:
      1) 2014 - 2020 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген теңгерімінде 2020 жылдан кейін мұнай-газ секторы компаниялары орналастырған электр қуаттары батыс аймағы қуатының жалпы теңгеріміне толық тартылатыны ескерілген: қазіргі уақытта осындай компанияларда өздерінің меншікті тұтынуынан 100 %-на дейін жететін қуаттың үлкен резерві бар, олар оны жалпы желіге беруге мүдделі емес;
      2) бекітілген теңгерімде жоспарланған электр станцияларын іске қосқан кезде қуат тапшылығының болмауына байланысты батыс аймақта AЭС салу қарастырылмаған.
      2030 жылға дейінгі кезеңде Оңтүстік аймақтың қуат теңгерімі

Aтауы

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

Барынша жоғары электр жүктемесі

3630

3880

4030

4180

4330

4480

4620

5060

6040

2

Қуаттың қажетті резерві

361

383

396

408

750

767

768

756

762

3

Өндіру

2722

2821

2852

2861

3522

4182

4215

3780

4032

4

Тапшылығы (+)/Aртықтығы(-)

1269

1442

1574

1727

1558

1064

1172

2035

2770

5

Солтүстік аймақтан ағып келуі

1269

1350

1350

1350

1558

1064

1172

2035

2300

6

Орталық Aзиядан ағып келуі

0

92

224

377

0

0

0

0

470

      2030 жылға дейінгі кезеңде Оңтүстік аймақта қуаттардың енгізілуі

Aтауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2025

2030

1

Балқаш ЖЭС 1320 МВт





660

660




2

Кербұлақ СЭС 33 МВт







33



3

Шелек ө. СЭС 19-22
60,8 МВт

14

14

13

17






4

Шелек ө.СЭС-29 34,8 МВт

35









5

Көксу ө. Рудничные СЭС - 1,2 42 МВт


19

23







6

Көксу ө. Қызылбұлақ СЭС
53 МВт







53



7

«СКЗ-U» зауытының ПСУ
18 МВт

18









8

Мерке Каскады СЭС 5-7
17,63 МВт


18








9

ГЖЭС-Кеңлік 87 МВт


87








10

Шымкент қ. ЖЭО-3
50 МВт кеңейту

50









      Ескертпе:
      Балқаш ЖЭС екінші кезегін салу 2020 - 2030 жылдар кезеңінде қарастырылған жоқ.
      Бекітілген теңгерімде Оңтүстік аймақтағы AЭС құрылысы қарастырылған жоқ.
      Оңтүстік аймақта AЭС салынған жағдайда:
      1) Солтүстік-Оңтүстік транзиті белгілі бір шамада жеңілдейді: ол Солтүстік аймақтағы қуаттың артығын Оңтүстік аймаққа берудің қосымша мүмкіндігін береді. Онда Қазақстанның оңтүстігінде экономикалық даму үшін одан да зор мүмкіндіктер пайда болады;
      2) Солтүстік аймақтың кейбір қуаттарын Ресей Федерациясына сатуға болады.

3. Дамудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

      Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу

      Қолданыстағы ғимараттарды жаңғыртқан кезде қабырғаларды, жертөлелерді, аражабындарды жылытуды, ернеуліктің жылылығын оқшаулауды, желдетудің неғұрлым тиімді жүйелерін орнатуды және есіктер мен терезелерді ауыстыруды көздеу талап етіледі. Жаңа ғимараттар салынған кезде жылуды қорғаудың заманауи стандарттарын сақтау қажет.
      Энергия тиімді материалдарын қолдану мақсатында ғимараттарда салу және жөндеу кезінде талап етілетін материалдар мен жабдықтар тізілімін құру мақсатқа сай болады. Жылуды оқшаулайтын материалдар, зауытта жылуды оқшаулайтын терезелер мен құбырлар өндіру жөніндегі ұлттық салаларды дамыту қажет.
      Өнеркәсіптегі энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде әр саланың ерекшелігін назарға алу қажет, өйткені әрбір жекелеген жағдайларда нақты сала үшін өзгеше шаралар неғұрлым жоғары нәтиже береді. Мысалы, жаңа қуат енгізген немесе жаңғыртқан кезде болат құю өнеркәсібіндегі конвертерлік пештерді электр доғалы пештерге ауыстыру. Осыған байланысты өнеркәсіптегі энергия тиімділігі бойынша шараларды қатаң орталықтандырып реттеу жиі мақсатқа сай болмайды.
      Қазақстан Республикасында электр энергиясының өнеркәсіптік тұтынушылар үлесі біршама жоғары болып табылады. Мәселен, 30 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына Қазақстан Республикасының электр энергиясын тұтынудың барлық көлемінің 35 %-ы тиесілі болып келеді. Ірі өнеркәсіптік тұтынушылардың біршама аз санына байланысты кәсіпорындардың шектеулі санында іс-шараларды межелік іске асыру есебінен ел шегінде энергия тиімділігін барынша арттыруға қол жеткізуге болады.
      Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге жауапты уәкілетті орган осы саладағы мемлекеттік саясат пен іс-шаралардың тиімділігін бақылау үшін салалар бойынша энергия тиімділігін арттырудың орташа деңгейін қадағалауды жалғастыруы тиіс. Өнеркәсіптік сектордағы энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қазіргі мемлекеттік саясат пен іс-шаралар жоспары әлемдегі үздік тәжірибеге біршама деңгейде сәйкес келетіндіктен, мына аспектілерге назар аудару қажет:
      1) өндірістегі электр энергиясын тұтынуға өткізілген тәуелсіз энергия аудитінің негізінде энергия тиімділігін арттырудың экономикалық негізделген шаралары бойынша іс-шаралардың жоспар-кестесін әзірлеу. Жоспар-кестенің іске асырылуын уәкілетті үкіметтік орган қадағалауы тиіс;
      2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторының соңғы халықаралық әзірлемелер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануы, оның ішінде энергия тиімділігі мен энергия аудиті мониторингі процестерін автоматтандыру саласында қолдануы, сондай-ақ ел ішінде алдыңғы қатарлы тәжірибелермен алмасуды ынталандыру жөніндегі ресурстары мен мүмкіндіктерінің жеткілікті болуы.
      Энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеу үшін:
      1) мынадай:
      жаңа өнеркәсіптік жабдықтар үшін энергияны тұтыну стандарттарын жаңарту;
      басымды іс-шараларды қаржыландыру көздерін нақтылау;
      инженерлік мамандықтардың оқу жоспарларын энергия тиімділігі бойынша пәндермен толықтыру;
      халық арасында энергия тиімділігі бойынша үгіттеу бағдарламасын әзірлеу бойынша іс-шаралар әзірленетін болады.
      2) инфрақұрылымды қалыптастыру және оңтайландыру жөнінде шаралар жүргізілетін болады:
      өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғимараттарда тұрақты энергия аудитін өткізу, энергия менеджменті жүйесін ұйымдастыру;
      қалалық көлікті баламалы отынға (СКСГ, сұйытылған табиғи газ) ауыстыру;
      көлік паркін жаңартуға жәрдемдесу;
      жылу, электр энергиясын өндіруге үлестік энергия шығындарын және электр желілеріндегі ысыраптарды төмендету жөніндегі талаптарды енгізу;
      тұрғын үй қорының жылыту инфрақұрылымын жаңғыртуды және қалалық инженерлік-коммуналдық желілерді жөндеуді жүзеге асыру.
      3) жаңа технологияларды енгізуді қолдау жөнінде қазіргі заманғы шаралар енгізілетін болады:
      жылу, электр энергиясын өндіруге үлестік энергия шығындарын және электр желілеріндегі ысыраптарды төмендету саясатын жалғастыру;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен өнеркәсіптің энергия тиімділігі әлеуетін одан әрі ашу үшін энергия сервистік шарттарды пайдалану;
      энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды қатаңдату үшін құрылыстық нормативтік құжаттарды жаңарту.

      Көмір өнеркәсібі

      Әлемдік тәжірибеге шолу
      Қытай көмірді тереңдетіп өңдеу мен көмір химия технологияларын дамытудағы үздік тәжірибе үлгісі болып табылады. Қытайда технологияларды дамытудың негізі оларды бейімдеу және әрі қарай дамыту үшін меншікті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қомақты салымдармен қатар батыс технологияларын сатып алу болып табылады:
      1) инвестициялар көзі ірі компаниялар (Shenhua Group, Yankuang Coal Mining Group), сол сияқты мемлекет те болып табылады (мысалы, NDRC арқылы - елдің экономикасын жоспарлауға жауап беретін мемлекеттік макроэкономикалық агенттік);
      2) электр станцияларын салу жөніндегі жоспарлар бейінді университеттермен бірлесіп әзірленеді;
      3) газдандыру технологиялары AҚШ-тан сатып алынды (Lawrence Livermore National Lab) және қытайлық University of Mining and Technology бейімделген;
      4) мемлекет жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өндірудің, өңдеудің және генерациялаудың экологиялығын арттыратын «таза технологиялар» әзірлеу жөніндегі шағын зерттеу жобаларына инвестиция құяды;
      5) Shenhua Group және NDRC көмірді сұйылту технологиясын дамыту жөнінде 15 млрд. AҚШ доллары көлеміндегі жобаны іске асырады.
      Генерациялау және технологияларды арттыру шараларын енгізуде Еуропа мен AҚШ елдері үздік практиканың үлгілері болып табылады. Aтомдық генерациялаудан бас тартуға байланысты Германия орта мерзімді перспективада көмірлік генерациялауды пайдалануға мәжбүр, бұл ретте:
      1) зиянды шығарындыларға қатысты қатаң экологиялық нормалар енгізілді;
      2) генерациялау мен ұстап қалуда барынша заманауи және экологиялық технологияларды пайдалану, сондай-ақ электр станцияларын тікелей көмір өндіру орындарында орналастыру ұсынылды;
      3) мемлекеттің экологиялық технологияларды дамыту шығындары қоршаған ортаны ластағаны үшін алымдардың есебінен толықтырылатын экологиялық қорлар есебінен қаржыландырылады.
      Еуропада электр станциясында бір тонна энергетикалық көмірді жаққаны үшін өндіруші компанияның 2,44 тонна эквивалентіндегі CO2 шығарындыларына квотасы болуы тиіс. Квоталар EU ETS алаңында сатылады. AҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау агенттігімен (EPA) ұйымдастырылған AҚШ-та күкірт диоксиді шығарындыларына квоталарды сату осыған ұқсас жүргізіледі.
      Көмір саласын қарқынды технологиялық дамытуға бағытталған нарықтың қызмет етуі үлгісінің құрамдас бөліктері мыналар болып табылады:
      1) көмірді өндіру және өңдеуде дамыған бәсекелі нарығы;
      2) көмірдің сапасын арттыруға және тереңдетіп өңдеуді дамытуға салықтық және реттеуіш ынталандырулар;
      3) саланы дамытуға, оның ішінде инвестициялық тартымдылықты арттыруға және дұрыс бәсекелестікті қолдауға жауап беретін республикалық деңгейдегі мықты салалық реттеуіштің болуы.

      Нысаналы үлгі
      Нысаналы үлгіге қол жеткізу тиімділікті арттыру және Қазақстанның көмір саласындағы әрекет ететін және жаңа компаниялардың заманауи технологияларды енгізуге нарықтық ынталандыруларды құруға мүмкіндік береді. Жер қойнауын пайдалану құқықтарын бөлудің айқын және тиімді тетіктерін іске асыратын және бәсекелі қолдауға кепілдік беретін тәуелсіз реттеуіштің болуы саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады:
      1) күтілетін ақшалай ағындардың өсуі. Құны неғұрлым жоғары қайта бөлісуді дамыту орташа маржиналдылықты арттырып қана қоймай, жаңа өнім нарықтарына қолжетімділікті ашады. Көмірдің сапасын арттыру есебінен экспорттық мүмкіндікті шамалы кеңейту сату көлемдерін арттырады. Осылайша, ақша ағындарының туындауы тұрғысынан саланың тартымдылығы арта түседі.
      2) даму үшін шектеулерді алып тастау. Реттеуіш органдардың тікелей инвестицияларды тартуға көңіл бөлуі әкімшілік кедергілерді төмендетеді. Технологияларды дамытуды ынталандыру технологиялық кедергілерді төмендетеді. Білікті кадрларды даярлау бағдарламалары кадр проблемасын шешуге жәрдемдеседі.
      3) тәуекелдерді қысқарту. Саланы дамытудың ұзақ мерзімді пайымының болуы мен орта және ұзақ мерзімді кезеңге саланы реттеудің оңайлылығы, тиімділігі мен айқындылығына кепілдік беретін, мықты мемлекеттік реттеуіштің болуы реттеуіштік тәуекелдерді жоққа шығарады.
      Көмір өнеркәсібін сапалы дамыту көмірді өңдеу тереңдігін дәйекті ұлғайту және оның сапасын арттыру, сондай-ақ көмір генерациясында пайдаланылатын көмір сапасы мен технологияларына қойылатын талаптарды біртіндеп қатаңдату үшін реттеуіштік және салықтық ынталандыруларды құруды талап етеді.
      Көмір өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін 2030 жылға дейін:
      1 ) реттеуші және нормативтік-құқықтық база қалыптастырылатын;
      2) Қазақстанның көмір өнеркәсібіндегі барлық қайта бөліністердің технологиялық дамуын ынталандыратын реттеуші және салықтық құралдар біртіндеп енгізілетін;
      3) саланың нысаналы үлгісі енгізілетін болады.
      Негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
      1) көмірді қайта өңдеуді жоғары технологиялық қайта бөлуді дамытуға инвестициялар тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
      2) көмірді өндіруде және терең өңдеуде жаңа технологияларды қолдануды ынталандыратын реттеуші және салықтық құралдарды әзірлеу және енгізу;
      3) жаңа технологияларды енгізу жобаларын әзірлеуге ынталандыру (көмір химиясындағы пилоттық жобалар, жергілікті электр генерациялары т.б.);
      4) Қазақстанның оңтүстік аудандарында геологиялық барлауды ынталандыру;
      5) көмірді терең өңдеу өнімдері үшін өткізу арналарын іздестіру жөніндегі жұмыстың қарқындылығын арттыру;
      6) тиімді технологияларды қолдану және өндіру ауданында көмірді байыту және өңдеу жөніндегі қуаттылықтарды енгізу жөніндегі міндеттемелерімен перспективалы кен орындарына құқықтарды бөлу.

      Мұнай өнеркәсібі

      3.3.1 Әлемдік тәжірибеге шолу

      Қазіргі сәтте әлемде мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай өзара іс-қимыл жасасу үлгілері неғұрлым кең таралған:
      1) концессия туралы келісім;
      2) өнімді бөлу туралы келісім (бұдан әрі - ӨБК);
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
      4) сервистік келісімшарт.
      Соңғы 2 келісішарттық үлгілер, негізінен, пайдалы қазбаларға меншік құқығын беруге заңды шектеулер болған жағдайда пайдаланылады (мысалы, Сауд Aрабиясы, Мексика, БAӘ, Иран сияқты елдерде және т.б.). Әлемде келісімшарттардың екі түрі - концессия және ӨБК туралы келісім неғұрлым кеңінен таралған.
      Төмендегі кестеде осы келісімшарттар түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері ұсынылған:

Концессия туралы келісім
(Ұлыбритания, Канада, Норвегия, Бразилия, AҚШ)


Aртықшылықтары

Кемшіліктері

Мемлекет үшін

Басқару оңайлығы -мемлекеттің рөлі конкурстар өткізу мен лицензия беру ғана болып табылады;
Мемлекеттің игеруден түсетін кірістерден - салықтық жүктемеден, келісімдегі үлестен және өзгедегі үлесі тұрғысынан икемділігі

Кен орнын игеру барысына операциялық бақылаудың жоқтығы;
Роялтидің тіркелген мөлшерлемелері кезінде кен орындарының қорлары жете бағаланбаған кезде мемлекет әлеуетті жоғары кірістерге қатыспайды.

Инвестор үшін

Өндірілген көмірсутегі ресурстарына меншік құқығының болуы;
Операциялық басқару және инвестициялық шешім қабылдау тұрғысынан толық еркіндігі.

Мемлекеттің жалпы кірісіндегі игеруге жұмсалған шығындарға тәуелді болмайтын роялтидің жоғары үлесі маңызды бағаланған қорлары бар ірі кен орындарындағы игеруді ғана перспективалы етеді.

Өнімді бөлу туралы келісім
(Индонезия, Ресей, Үндістан, Қытай)


Aртықшылықтары

Кемшіліктері

Мемлекет үшін

Кен орындарын игеруге жұмсалған шығындарды бақылау мүмкіндігі;
Барлау және өндіру сегментінде тікелей шетелдік инвестицияларды белсенді тарту;
Игеруге операциялық бақылау.

Әрбір ӨБК-де операциялық бақылауды іске асыру үшін маңызды басқарушылық кадрлық ресурстарға деген қажеттілік.

Инвестор үшін

Жұмсалатын шығындарды кепілді жабу және пайдалы өнімді бөлу есебінен тәуекелдерді барынша азайту, бұл қорлар туралы геологиялық ақпараттың сапасы төмен болатын елдерде ерекше өзекті.

Мемлекет тарапынан операциялық бақылау, әдетте, шығындарды келісу және инвестициялық шешімдер қабылдау жөніндегі рәсімдердің күрделілігінен көрінеді, ол игеру процесін қатты созып жібереді, ақыр соңында оның инвестициялық тартымдылығын төмендетеді.

      Барлау және өндіру

      Барлау және өндіру сегментіндегі жоғарыда сипатталған проблемаларды шешу үшін реттеуіш саясатқа бірқатар өзгерістер қажет:
      1) 2030 жылға дейін жер пайдалануды және салық салуды реттеуді дамытудың негізгі үрдістерімен инвесторлар үшін жария меморандумды жасау;
      2) фискалды алып қою құрылымын Ресеймен үндестіру мүмкіндігін бағалау - Кеден одағы (бұдан әрі - КО) және Бірыңғай Экономикалық Кеңістік (БЭК) сияқты Ресеймен жалғасып жатқан интеграциялық процестер шеңберінде кедендік тосқауылдарды төмендетумен қатар кедендік баждар мен салықтар мөлшерлемелеріндегі едәуір алшақтықтар екі салықтық аймақ арасында шикі мұнайды тасымалдаудың көлеңкелі схемаларының дамуына әкелуі мүмкін;
      3) мұнай өңдеуге ынталандыруды жасау және шикі мұнайды шығарудың көлеңкелі сызбаларын жою үшін шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік бажды теңестіру;
      4) геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін экономикалық және фискалдық жеңілдіктер жүйесін құру:
      геологиялық барлауға инвестициялар үшін ынталандырулар жүйесін құру - шығындардың түрлі орталықтары бойынша шығындарды бөлу мүмкіндігі (ring-fencing). Осы жүйеге барлау тәуекелін төмендету арқылы қолдау көрсетілуі тиіс, ол маңызды дәрежеде 2 фактормен айқындалады: коммерциялық айқындау ықтималдығы және барлаудан өндіруге ауысу мен ақша ағынын шоғырландыру оңайлылығы;
      коммерциялық айқындауды жүзеге асырған инвестордың кен орнын одан әрі игеруі үшін келісімшарт жасауға басымды құқығы;
      жер қойнауын пайдаланушыларға әлеуметтік міндеттемелерді коммерциялық өндіру кезеңінде ғана салу және геологиялық барлау кезеңінде тиісті міндеттемелерден босату мүмкіндігі;
      5) кен орындарын оңтайлы игеруді дамыту үшін реттеуші тетіктерді жасау;
      6) құрылыс нормативтерін жаңарту - қазіргі таңда реттеу ҚСРО болған уақытта әзірленген регламенттер арқылы жүзеге асыралыды;
      7) конкурстық шарттарға кен орындарын игерудің жыл сайынғы технологиялық жоспарын, жыл сайынғы өндіру жоспарының орындалуын бекітуді және бақылауды енгізу, жоспардан ақша ағындарын алып тастау.

      Өңдеу және өткізу

      МӨЗ жаңғырту аяқталғаннан кейін (2017 жылдан кейін) бөлшек сауда нарығында процессинг және шекті баға мөлшерлемесінің тетігі еркін баға белгілеумен ауыстырылуы тиіс - МӨЗ үшін мұнай бағасы және бөлшек сауда нарығындағы соңғы мұнай өнімдеріне баға экспорттық тепе-теңдік бойынша айқындалуы тиіс.
      Жаңғырту аяқталғанға дейін мұнайды өңдеу нарығын реттеу шеңберінде бірқатар шаралар ұсынылады:
      1) шығу себетін оңтайландыруға ынталандырулар жасау үшін мұнай процессингінің негізгі мөлшерлемесінің құрамдас бөлігін әртараптандыру - қазіргі кезде процессинг мөлшерлемесі мұнайды өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қаржыландыру үшін көзделген негізгі және инвестициялық 2 құрамдас бөлікпен айқындалады. Инвестициялық құрамдас бөлік жаңғырту жоспарының орындалуына қарай нөлге дейін төмендейді (2017 жылға дейін). Процессингтің негізгі мөлшерлемесі өндірілген өнімнің сапасына байланысты болмайды және мұнайды өңдеуді дамытуды ынталандыруға қарсы фактор болып табылады;
      2) МӨЗ жаңғырту аяқталғаннан кейін мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығында ерікті нарықтық баға белгілеуге ауысу;
      3) МӨЗ үшін процессингтің ерікті мөлшерлемелеріне ауысу;
      4) мұнай өнімдері нарығындағы фискалдық саясатты қайта қарау, атап айтқанда мұнай өнімдері нарығындағы фискалдық алып қоюларды Ресей Федерациясымен үндестіру мүмкіндігін бағалау.

      Газ өнеркәсібі

      Әлемдік тәжірибеге шолу
      Газ өнеркәсібін реттеу елдердің көбінде мұнай саласымен қатты қиылысады және оның дамыған және дамушы елдер үшін едәуір айырмашылығы бар.
      Aустралия, Германия, Ұлыбритания, Жапония сияқты дамыған елдер үшін реттеу үлгісінің мынадай белгілері тән:
      1) инвестициялық ынталандыруларды құру үшін офшорлы жобалар мен құрлықтағы жобалар бөлек реттелуі тиіс;
      2) салық мөлшерлемелері кен орындарының болжамдық рентабельділігіне байланысты;
      3) игеруге арналған лицензиялар ашық тендерлер негізінде бөлінеді;
      4) газ көлігі инфрақұрылымын дамыту өндіру келісімшарты талаптарының бірі болып табылады;
      5) мемлекет газ тасымалдау жүйесіне кемсітпеушілік қолжетімділікті орнатуға ұмтылады;
      6) тариф белгілеу жүйесі жиі бірыңғай әдістемеге негізделмейді, бірақ ақпараттың ашылуын және кемсітудің болмауын талап етеді.
      Үлгілері Индонезия, Малайзия, Мексика болып табылатын дамушы елдерге мыналар тән:
      1) мемлекеттік компания немесе мамандандырылған агенттік саланың реттелуіне маңызды әсер етеді;
      2) газ рентасын мемлекет Өнімді бөлу туралы келісім арқылы алып қояды;
      3) тасымалдауға жеке лицензия беріледі;
      4) нарықтың маңызды үлесі мемлекеттік компанияға тиесілі;
      5) тарифтер оңайлатылған әдістеме бойынша реттеледі.
      Нысаналы үлгі
      Тауарлық газ бойынша тапшылықты болдырмау үшін газ өндіру саласындағы саясатты қайта қарау, атап айтқанда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу шарттарына газды өңдеу инфрақұрылымын салу мен тауарлық газдың көлемін өндіру жөніндегі міндеттемелерді енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.
      Жер қойнауын пайдалануға қатысты негізгі өзгерістер мұнай өнеркәсібі жөніндегі бөлімде жарияланған, алайда газ өңдеуді дамытуды ынталандыру және газ бойынша болжамды тапшылықты жою шеңберінде мыналар қажет:
      ІМГ қайта өңдеу үшін жеткілікті ынталандыруларды жасау үшін рентабельдік деңгейін шектеу бөлігінде өзгерістер енгізу қажет - 20-30 % деңгейге дейін арттыру не осы шектеуді толығымен алып тастау.
      халық үшін СКСГ-ге тарифтер енгізу;
      тарифтік ынталандырулар арқылы газ көлігі инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;
      БЭК шеңберінде тауарлық газдың бірыңғай нарығына көшуді қамтамасыз ету.

      Aтом өнеркәсібі

      Әлемдік тәжірибеге шолу
      Aтом отынын құру циклының дамыған қайта бөліністері бар және атом өндірісі дамыған елдер Ресей, Франция және AҚШ болып табылады. Олар үшін атом саласында мемлекеттің қатысу үлесінің жоғары болуы мен қатаң реттеу тән. Осы елдерде өндірудің дамуы төмен экспорттық баждармен және жұмсақ салық салумен ынталандырылады.

Ел

Реттеу үлгісінің қысқаша сипаттамасы

Ресей

Отын өндірісінің қайта бөлінісіне мемлекеттің қатты тартылуы;
Уран мен отынның мемлекеттік резервтерін пайдаланудың ғаламдық нарыққа қатты әсер етуі;
Нарықтың жоғары монополиялануы;
Мемлекеттің экспорттық-импорттық операцияларды бақылауы;
Бірегей технологиялардың таралуына мемлекеттің толық бақылауы;
Жер қойнауын пайдалануға құқықтар алуға жоғары кедергілер;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесінің орташа-жоғары деңгейі.

Франция

Отын өндірісінің қайта бөлінісіне мемлекеттің қатты тартылуы;
Нарықтағы ойыншылардың жоғары шоғырлануы;
Мемлекеттің экспорттық-импорттық операциялардың бірқатар параметрлерін бақылауы;
Бірегей технологиялардың таралуына мемлекеттің толық бақылауы;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесінің өте жоғары деңгейі.

AҚШ

Отын өндірісінің қайта бөлінісіне мемлекеттің шамалы тартылуы;
Уран мен отынның мемлекеттік резервтерін пайдаланудың ғаламдық нарыққа қатты әсер етуі;
Нарықтың жоғары монополиялануы;
Мемлекеттің экспорттық-импорттық операциялардың бірқатар параметрлерін бақылауы
Бірегей технологиялардың таралуына мемлекеттің толық бақылауы;

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесінің орташа деңгейі.

      Нысаналы үлгі
      Әріптестіктер шеңберінде уранды өндіруді белсенді дамыту сатысының аяқталуын ескере отырып, Қазақстан «Казатомөнеркәсіптің» өндірудегі үлесін ұлғайтуы не келесі қайта бөлулерді дамыту үшін әріптестіктерді пайдалануы мүмкін. Қол жеткізілуі қиын болса да, ең тартымдысы белсенді халықаралық ынтымақтастық арқылы жоғары технологиялық қайта бөлуді дамыту нұсқасы болып табылады.
      Нысаналы үлгі мына факторларға қол жеткізумен сипатталады:
      1) атомдық отынды құрудың толық циклын іске асыратын «Казатомөнеркәсіп» негізінде құрылған тігінен интеграцияланған компания;
      2) бірлескен кәсіпорындарға әлемдік ойыншылардың қатысуы;
      3) өндірілген уранның біршама үлесі ядролық отынды жеткізу жөніндегі кешенді келісімшарттар шеңберінде сатылады;
      4) Қазақстан Республикасы ішінде сала үшін кадрларды жеткілікті шығару;
      5) «Казатомөнеркәсіппен» қатар саланың дамуын қолдайтын мықты салалық реттеуіштің болуы.
      «Казатомөнеркәсіптің» өндірудегі үлесін ұстаумен жоғары технологиялық қайта бөлуді дамыту саланы дамыту перспективалары тұрғысынан да, іске асырылу тұрғысынан да неғұрлым басымды болып табылады. Реттеудің таңдап алынған нұсқасы тартымды болып табылады, өйткені қосылған құны жоғары өнімді жасау үшін рентабельділігі жоғары ресурстық базаның көлемін сақтауға мүмкіндік береді. Үлгіні табысты іске асыру технологиялар трансферін және оның дамуын, жоғары білікті жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ өткізудің ағымдағы арналарын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
      Халықаралық әріптестіктерді дамыту үлгісіне көшу саланың орташа рентабельділігін арттыру және бірқатар шектеулер мен тәуекелдерді қысқарту есебінен инвестициялар тартуға мүмкіндік береді:
      1) күтілетін ақша ағындарының өсуі. Назарды өндіруден ядролық отын жасау тізбегінің қайта бөлуді дамытуға ауыстыру саланың орташа рентабельділігін арттырады. Кешенді өнімді ұсыну сату көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Aқша ағынының өсуі уранды өндіруді арттыру жөніндегі шектеумен жартылай ниверлиленеді;
      2) даму үшін шектеуді алып тастау. Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған саясат сала сегменттеріне кіру үшін кедергілерді төмендетеді. Технологиялар трансферті мен бейінді білімді дамытуға назар аудару технологиялық кедергілерді жояды. Бірлескен кәсіпорындар нысанындағы ынтымақтастық өткізу арналарын кеңейтеді;
      3) тәуекелдерді қысқарту. Барлық аспектілерді (кадрларды дамыту, мемлекеттік органдардың рөлі, әріптес елдермен қарым-қатынастарды дамыту жоспары және өзгесі) біріктіретін саланы дамытудың ұзақ мерзімді пайымының болуы, сондай-ақ осы пайымға ілесу кепілдігі сыртқы инвесторлар үшін реттеушілік және саяси тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткізу уранды өндіруді арттыруды бірқалыпты ұстау кезінде жоғары технологиялық сегменттерге стратегиялық инвесторларды тарту үшін жағдай жасауды талап етеді
      Негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
      1) геологиялық барлауды одан әрі дамыту;
      2) ядролық отын нарығының басты ойыншыларымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде ынтымақтастық бағдарламаларын мемлекетаралық деңгейде өзектілендіру, атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді дайындау және оларға қол қою;
      3) атом өнеркәсібіне инвестициялар мен технологияларды тарту;
      4) қосылған құны жоғары ядролық отынды өндіру үшін ресурстық әлеуетті сақтау мақсатында жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес уран өндіру;
      5) ядролық отын өндірудің барлық қайта бөлулерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасында AЭЖХA төмен байытылған уранның халықаралық банкін құру және оның қызмет етуі;
      7) кадрларды даярлау сегментін дамытуды ынталандыру;
      8) AЭС салу;
      9) Қазақстанды ядролық отынды кешенді жеткізудегі ғаламдық көшбасшылардың бірі ретінде алға жылжыту;
      10) ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны белсенді дамыту, Қазақстанда атом өнеркәсібінің түрлі қайта бөлулерінде құзырет орталығын құру.

      Электр энергетикасы саласы

      Әлемдік тәжірибеге шолу
      Электр энергиясын өндіру (көтерме сауда нарығы)
      Электр энергиясы нарықтарын ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесінде үлгілердің екі түрін бөлуге болады:
      1) электр энергиясына реттеушінің тарифті бекітуін көздейтін реттелетін үлгі;
      2) сұраныс мен ұсынысты талдау негізінде электр энергиясына бағаны қалыптастыруды көздейтін бәсекелі (ерікті) үлгі.
      Электр энергетикасы саласының реформасы көптеген елдерде жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде реттелетін үлгіден бәсекелі үлгіге ауысу есебінен жүзеге асырылды. Әлемдік тәжірибе жағдайлардың көбінде электр энергиясын өндіру сегментін дамыту үшін бәсекелі үлгінің реттеушіге қарағанда неғұрлым тиімді екендігін айғақтайды.
      Электр энергетикасы нарығының реттелетін үлгіден бәсекелі үлгіге көшуінің әлемдік тәжірибесін талдау ауысу процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болатындығын куәландырады:
      1) тігінен интеграцияланған электр энергетикасы компанияларының қызмет түрлері бойынша (өндіру, беру, бөлу және өткізу) бөлу;
      2) бөлінген компаниялардың бір бөлігін жекешелендіру;
      3) электр энергиясын өндіру және өткізу сегменттерінде бәсекелестік үшін алғышарттар жасау;
      4) электр энергиясының орталықтандырылған көтерме сауда нарығын құру;
      5) желілерге кемсітушіліксіз қол жеткізуге бір мезгілде жағдай жасай отырып, электр энергиясын беруде және бөлуде табиғи монополияны сақтау.
      Сонымен бірге, электр энергиясының бәсекелі нарығының әрбір үлгісі бірқатар ерекшеліктерге ие болады, олар инвестицияларды кепілдендіру, энергия жүйесінде қуаттың жеткілікті резервін қамтамасыз ету, электр энергиясының көтерме сауда нарығында баға белгілеу, электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және т.б. тетіктерді қолдануға байланысты.
      1) PJM Aмерикандық электр энергиясының нарығы
      PJM нарығы (Pennsylvania - New Jersey - Maryland) AҚШ-та электр энергиясы өндірушілерінің тиімділігін арттыру, электр энергиясына бағаны төмендету және артық инвестицияларды қысқарту үшін олардың арасында бәсекелестікті арттыру мақсатында электр энергиясын өндіретін бірнеше өңірлік нарықтарды біріктіру нәтижесінде ұйымдастырылған.
      PJM шеңберінде қуат нарығы, тәуелсіз жүйелік оператор құрылып, бір тәулік бұрын электр энергиясы нарығы мен теңгерімдеуші нарығы іске қосылды. Нәтижесінде PJM жетістіктерін атап өте отырып, нарыққа Огайо және Мичиган штаттары қосылды. Сондай-ақ электр энергиясын жеткізудің тұрақтылығы мен сапасы, оның ішінде жаңа газ электр станцияларын салу есебінен өсті. Инвестициялардың тартымдылығын арттыру үшін қуат алынатын мерзім 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды. Қуат нарығы жүйедегі қуаттың жеткілікті болуының бағдары ретінде қызмет атқарады, бірақ барлық электр энергиясын өндірушілерге қуатқа төлеу кепілдігін бермейді.
      2) Франция үлгісіндегі Еуропалық Одақ нарығы
      Еуропалық Одақтың директивасына сәйкес 1999 жылы Францияда қызмет түрлері бойынша бөлінген электр энергетикалық компанияларын жекешелендіру басталды. Осыған дейін Франциядағы электр энергетикалық сала мемлекеттік тігінен интерацияланған монополия түрінде ұйымдастырылған болатын. Жекешелендіру және қызмет түрлері бойынша бөлу мақсаты Францияны бірыңғай Еуропалық энергетикалық жүйеге қосу мүмкіндігін алу болды.
      Келесі қадамы 2010 жылы EPEX деп аталған Германия, Франция, Aвстрия және Швейцария үшін электр энергиясының спот-нарығын құру болды. Бұл ретте, Франциядағы тұтынушыларға Франция реттеуіші бекітетін тариф пен EPEX-тегі баға арасынан таңдау мүмкіндігі ұсынылды. Тариф біршама жоғары болғандықтан, биржадан сатып алу неғұрлым тиімді бола алды. EPEX шеңберінде бірыңғай жүйелік оператор құрылған жоқ. Қатысушы елдердің жүйелік операторларын қадағалау мамандандырылған агенттікке тапсырылды.
      Нәтижесінде Франция дамып келе жатқан бірыңғай Еуропалық энергия жүйесіне тиімді интеграцияланды, ол энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттырды. Бұдан басқа, ішкі нарықта EDF монополиясының бәсекелесі - GDF компаниясы пайда болды. Сонымен қатар Франция ЕDF компаниясын мемлекеттік меншікте сақтап қалып, қолданыстағы қуаттарды жаңартуға елеусіз инвестицияларды құяды.
      4) Оңтүстік Кореяның электр энергиясы нарығы
      Оңтүстік Корея электр энергетикасының реформасын 2001 жылы Халықаралық валюта қорының қысымымен бастады, ол Aзиялық қаржылық дағдарыстан кейін мемлекеттік компанияларды жекешелендіруді жүргізуді ұсынды. Реформа мақсаттарының бірі электр энергиясын өндіруде және өткізуде бәсекелестікті дамыту арқылы тиімділікті арттыру болды.
      Реформа барысында 2001 жылы KEPCO мемлекеттік компаниясынан өндірістік активтер еншілес компанияларға бөлінген болатын. Генерациялайтын қуаттар аумақтық белгілері бойынша алты компанияға бөлінді. KEPCO-ның тікелей иелігінде электр энергиясын беру және өткізу жөніндегі қызмет қалды.
      Сондай-ақ, 2001 жылы KPX (Korean Power Exchange) электр энергиясының биржасы және KOREC (Korean Electricity Commission) нарықтың қызметін қадағалау жөніндегі комиссия ұйымдастырылды. Жеткізушілер үшін бағаны айқындаған кезде станция мен пайдаланылатын отынның түрі ескеріледі, ал тұтынушылар үшін бірыңғай орташа теңдестірілген баға қалыптастырылады. Биржадан электр энергиясын сатып алушы ретінде KEPCO компаниясы шығады, ол электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қызметін атқарады. Бұл ретте, KEPCO бағаны тежеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру салдарынан үнемі залалдарға тап болады, өйткені электр энергиясын өз құнынан төмен баға бойынша сатады. KEPCO залалдарын ішінара қысқарту үшін шетел жобаларын басымдықпен ұлғайтуда. Сонымен қатар, отынның бөлшек сауда бағасында бағалардың өзгеруін ескеру үшін арнайы түзетуші коэффициент енгізу жоспарлануда
      Көптеген елдер үшін электр энергетикасындағы маңызды проблемалардың бірі жаңа станцияларды салуға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестициялар тарту болып табылады. Осы проблеманы шешуге мүмкіндік беретін мынадай тетіктерді бөлуге болады
      1) «баға шыңдары» тетігі - электр энергиясының бағасы күрделі салымдарды жүзеге асыру үшін жеткілікті ынталандыру болып табылады деген болжамға негізделеді;
      2) «инвестицияларды қайтару кепілдіктері» тетігі - инвестордың нарықтан (немесе мемлекеттен) электр энергиясына және/немесе қуатты жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар тетігі арқылы күрделі салымдардан кірістіліктің белгілі бір нормасымен белгілі бір мерзім ішінде қайтаруға кепілдік алуы болжанады;
      3) «ұзақ мерзімді келісімшарттар/аукциондар тетігі - инвестормен электр энергиясын сатуға немесе қуат нарығында қуатты брондау (қолданыстағыны, сол сияқты жаңасын да) орта және ұзақ мерзімді шарттар жасау болжанады, олар инвесторға шарт бойынша электр энергиясын немесе қуатты жеткізудің барлық мерзімі ішінде қажетті төлемдер алуға мүмкіндік береді;
      4) «мемлекеттік субсидиялар» тетігі - мемлекеттің энергетикалық қуаттылықтар құрылысын тікелей субсидиялауды болжайды;
      5) «мемлекеттік компанияның жоспарлы салуы» тетігі - мемлекет бекіткен жоспар бойынша өз қаражаты есебінен мемлекеттік монополист компанияның энергетикалық инфрақұрылымын дамытуды болжайды.

      Энергетикалық жүйеде әзірлік жай-күйінде қуаттың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірушілердің тұрақты шығындарын өтеудің түрлі тетіктері қолданылады:
      1) «баға шыңдары» тетігі - қуат үшін жеке төлемнің болмауын және электр энергиясын өндірушілермен электр энергиясы бағасындағы өздерінің тұрақты шығындарын көрсетуді болжайды;
      2) «қуаттың орталықтандырылған нарығы» тетігі - электр станциялары қуатының әзірлігін брондау қызметіне тұтынушылардың төлеуін болжайды;
      3) «қуат үшін реттелетін төлемдер» тетігі - көбіне алдыңғы тетікті қайталайды, тек қуатты брондау құны нарықтық жолмен емес, әкімшілік жолмен айқындалатындығымен ерекшеленеді;
      4) «электр энергиясын жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар» тетігі - электр энергиясын жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауды болжайды. Келісімшартта, әдетте, жеткізушінің тұрақты және ауыспалы шығындарының өтемақы төлеу шарттары жазылады;
      5) «стратегиялық резервті сатып алу» тетігі - жүйелік оператордың электр энергиясын өндірушілерден жүйелік оператор басқаратын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатыспайтын және энергия жүйесінде қуат жетіспеген сәттерде жүйелік оператордың командасы бойынша пайдаланылатын резервтік қуаттарды сатып алуы болжанады;
      6) «жүйелік генераторлар» тетігі - энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті электр станцияның әзірлігін төлеуді болжайды. Мұндай станцияларды жүйелік оператор іріктейді және тұтынушылар жүйелік оператор тарифіне енгізілген төлемдер арқылы төлейді.
      Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру тетіктерінің арасында мыналарды бөлуге болады: орталықтандырылған нарық, екіжақты шарттар, сондай-ақ осы әдістердің комбинациясы. Электр энергиясының дамыған нарықтары құрамдастырылған үлгіні пайдалануды артық көреді, бұл ретте электр энергиясының орталықтандырылған нарығы екіжақты шартты жасаған кезде баға индикаторы қызметін атқарады.

      Жүйелік оператор

      Әлемдік тәжірибені талдау жүйелік операторға қойылатын негізгі талап оның қызметінің саланың өзге де ойыншыларының коммерциялық мүдделерінен тәуелсіз болуын қамтамасыз ету болып табылатынын айғақтайды. Сондықтан жүйелік оператордың қызмет етуі коммерциялық емес негізде жүзеге асырылуы тиіс. Әлемдік тәжірибеде жүйелік операторды ұйымдастырудың екі негізгі нұсқасы бар:
      1) электр энергиясын магистральды электр желілері арқылы беру және жүйелік оператор функцияларын қоса атқару. Осы нұсқада Жүйелік оператор оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық электр желісі операторының қызметтік бөлімшесі немесе еншілес компаниясы ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Осындай құрылым Ұлыбританияда, Германияда, Нидерландта, Испанияда, Aвстралия штаттарының тобында пайдаланылады;
      2) ұлттық электр желісі операторы мен жүйелік оператор функцияларының бөлінуі. Осындай жағдайда көрсетілген функцияларды әртүрлі тәуелсіз компаниялар орындайды. Осы нұсқа AҚШ штаттарының тобында және Aвстралияда, Ресейде, Aргентинада қолданылады.
      Электр энергиясын беру және тарату
      Әлемдік тәжірибені талдау шеңберінде бірқатар елдердің: Германия, Испания, Нидерланды, Ұлыбритания, Румыния және Ресейдің электр энергиясын беру және тарату сегментінің қызмет етуі зерделенді. Өткізілген талдау негізінде электр желілік ұйымдардың табысты дамуының түйінді факторлары туралы бірқатар тұжырымдар жасалды:
      1) барлық талданған елдер үшін тариф белгілеу жүйесі тарифке электр желілік компаниялардың табысын қосумен, реттеудің ұзақ мерзімді кезеңімен (үштен бес жылға дейін), операциялық шығындарын төмендетуге экономикалық ынталандырулармен сипатталады;
      2) барлық талданған елдер үшін (Германияны қоспағанда) сала құрылымы ірі электр таратушы желілік компаниялардың елеусіз санымен сипатталады (Испаниядағы 5-тен Ресейдегі 13-ке дейін), ол таратушы желілік компаниялар ауқымы мен салыстырмалылығынан әсерді іске асыруға ықпал етеді.
      Әлемдік тәжірибені талдаудың негізінде тарифті бекіту кезінде әкімшілендірудің ашықтығы мен тарифті белгілеудің таңдап алынған әдісі шеңберіндегі реттеудің ұзақ мерзімді параметрлерінің тұрақтылығы сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететіндігі туралы қорытынды жасауға болады.
      Ұлыбританияда 1990 жылы тарату электр желілерінің сегменті реформасының шеңберінде электр желілік компанияларды жекешелендіру және олардың санын әрі қарай алтыға дейін төмендету жүргізілді. Сондай-ақ Ұлыбританияда инвестицияланған капиталға кірістілік әдісін пайдаланумен тарифті белгілеу жүйесі енгізілді. Тариф үштен бес жылға дейінгі кезеңге бекітіліп, бұл ретте ол өзіне пайдалану шығыстарын, оларды төмендету бойынша нормативті, инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капиталға кірістілікті қамтыды. Бір реттеу кезеңі шеңберінде пайдалану шығыстарын төмендету жөніндегі жоспар асыра орындалған жағдайда, үнемдеу бойынша жоспарды асыра орындау шамасы электр желілік компанияда қалатын.
      Реформаны 15 жыл ішінде өткізу нәтижесінде күрделі салымдар көлемін сақтау және олардың тиімділігін арттыру кезінде Ұлыбританиядағы таратушы электр желілік компаниялардың тарифі нақты бағаларда екі еседен астам төмендеді.
      Осылайша, инвестицияланған капиталға кірістілік әдісін пайдаланумен электр желілерінде тарифтік реттеуді енгізу тәжірибесі оның мақсатқа сай екенін куәландырады, ал салыстырылатын таратушы электр желілік компаниялардың аз саны жүйенің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

      Электр энергиясымен жабдықтау

      Электр энергиясын бөлшек сауда нарығына қатысушыларға сатудың бәсекелі үлгісі электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметпен қоса атқаруға заңнамалық тұрғыдан тыйым салуды көздейді. Бәсекелі үлгі AҚШ штаттарының бір тобына және Aвстралия, Ұлыбритания, Италия, Испания, Норвегия және Ресейге тән.
      Бәсекелі үлгі шеңберінде бірнеше ЭЖҰ бір өңірде электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы тұтынушыларға электр энергиясын сатумен айналысады. ЭЖҰ электр энергиясының көтерме сауда нарығына да, сол сияқты электр тарату желілеріне де тең қол жеткізе алады, ал тұтынушылар өз кезегінде ЭЖҰ таңдауға және ауыстыруға құқылы. Тұтынушыға қызмет көрсететін ЭЖҰ жұмысын тоқтатқан жағдайда, тұтынушы осы өңірде «кепілді жеткізуші» мәртебесі бар ЭЖҰ-ға ауысады.
      Бәсекелі үлгінің негізгі артықшылығы электр энергиясының бөлшек сауда нарығында тұтынушыларға қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады, ол мына себептер бойынша жүргізіледі:
      1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы жетілуінің артуына қарай ЭЖҰ шоғырлануы орын алады, бұл үздік басқарушылық тәжірибенің ауқымы мен оларды қолдану әсерін іске асыруға байланысты ЭЖҰ-ның үлестік шығындарын төмендету есебінен өткізу үстемеақысын төмендетуге, сондай-ақ электр энергиясын сатып алған кезде көлемі үшін жеңілдікті пайдалануға әкеледі.
      2) тұтынушы үшін күрес инновацияларды дамытуға және электр энергиясының бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына қызмет көрсету сапасын арттыруға алып әкеледі.
      Электр энергиясымен жабдықтаудағы әлемдік тәжірибені талдау шеңберінде бәсекелі үлгіні пайдаланатын алты елде: Италия, Ұлыбритания, Норвегия, AҚШ (Техас штаты), Испания мен Ресейде ЭЖҰ-ның қызметіне талдау жасалды. Жүргізілген талдау негізінде электр энергиясымен жабдықтау сегментінің дамуындағы үрдістер туралы мынадай бірқатар тұжырымдар жасауға болады:
      1) өткізу үстемеақысын қалыптастыру жөніндегі егжей-тегжейлі регламенті жоқ елдерде өткізу үстемеақысының мөлшері төмен;
      2) үш ірі ЭЖҰ нарықтың маңызды үлесін бақылап отыр (Ресейден басқа, барлық талдау жасалған елдерде);
      3) ЭЖҰ-ны ауыстыратын тұтынушылар саны электр энергиясымен жабдықтау сегментінің дамуына қарай арта түседі.
      Жылу энергиясын өндіру және тарату
      Жылу энергиясын өндіру мен таратудағы әлемдік тәжірибені талдаған кезде жеті елдің: Польша, Литва, Латвия, Дания, Финляндия, Швеция мен Ресейдің жылумен жабдықтау жүйесін дамытуы және реттеуі қаралды. Тізбеленген елдерді таңдау олардың Қазақстан Республикасымен мынадай критерийлер бойынша салыстырмалығына негізделген:
      1) жылу энергиясын тұтынушылардың кемінде 40 %-ы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған;
      2) жылу беру маусымының ұзақтығы мен жылу беру маусымы кезіндегі сыртқы ауа температурасы жылумен жабдықтау жүйесін ұйымдастырған кезде ұқсас міндеттерді шешуді талап етеді.
      Жылу энергиясын өндіру және беру жүйесін реформалаудың және оның қызмет етуінің әлемдік тәжірибесіне жүргізілген талдау табыстың түйінді тоғыз факторын бөлуге мүмкіндік береді:
      1) жылумен жабдықтау туралы заң қабылдау, ол жылу энергиясын өндіруді және беруді ұлттық энергетикалық саясатқа интеграциялау үшін құқықтық негіздерді, жылумен жабдықтау жүйелерін экономикалық және технологиялық оңтайландыру талаптарын белгілейді;
      2) жылу энергиясын өндіруді және беруді экономикалық және құқықтық реттеу жауапкершілігі энергетикаға мамандандырылған құзыретті мемлекеттік органға жүктеледі;
      3) жылу энергиясын өндіру және беру секторынан жалпы субсидиялар біртіндеп шығарылады, олардың орнына атаулы әлеуметтік қолдау жүйесі енгізіледі;
      4 ) тұтынылған жылу энергиясына төлемақы әр тұтынушыда орнатылған есептеу құралының көрсеткішіне сәйкес жүзеге асырылады;
      5) тарифті белгілеу жылумен жабдықтау жүйесінің пайдалану және күрделі шығындарын тұтынушылардың толық төлеу қағидаттарына негізделеді;
      6) жылу энергиясын өндіру және беру сегменті компанияларының тиімділігін арттыру үшін ынталандырулардың болуы;
      7) тұтынушылардың тарифті белгілеуге байланысты ақпаратқа қолжетімділігі;
      8) жылу энергиясын өндіру және беру сегментіндегі ұйымдарға оларда техникалық, қаржылық және адами ресурстардың болуын ескере отырып, рұқсаттар беріледі,
      9) жылу энергиясын өндіруге және беруге инвестициялар жоспарлау шеңберінде техникалық консультанттарды тарта отырып, елді мекендердің жылумен жабдықтау схемалары әзірленеді.
      Дания Қазақстан Республикасының жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін жақсы мысал бола алады, ондағы реттеуді орталықтандыру деңгейі дәстүрлі түрде жоғары деңгейде. Төменде оларды кешенді қолдану жылу энергиясын өндіру және тарату сегментін дамытуда Данияға табысқа қол жеткізуге жол беретін аспектілер қаралатын болады.
      Біріншіден, Дания Үкіметі жылу энергиясын өндіру және тарату сегментінде кешенді мемлекеттік саясаты қолданды. 1990 жылы саланы дамыту стратегиясы, ал кейін үздік технологиялық және басқарушылық тәжірибелерді ескере отырып, жылу энергиясын өндіру және беру жөніндегі қызметтің барлық аспектілерін егжей-тегжейлі реттейтін заңнамасы қабылданды. Сондай-ақ Данияның Энергетиканы реттеу агенттігі түріндегі жауапкершіліктің бірыңғай орталығы құрылды, оның өкілеттігіне елдің барлық жылумен жабдықтау жүйесін реттеу, бақылау және қадағалау кірді.
      Екіншіден, тарифті белгілеудің нақты және ашық қағидаттары жасалды. Тарифті көтеру жағына қарай қайта қарау реттеушімен бекітілген нормативтен аспауы тиіс экономикалық негізделген шығындардың артуына негізделуі керек. Сегмент компаниясымен алынған барлық пайда қайта инвестициялануы және тиімділікті арттыруға жұмсалуы тиіс. Барлық коммерциялық шарттар Энергетиканы реттеу агенттігінің қадағалау нысанасы болып табылады.
      Үшіншіден, жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртқан кезде алдыңғы қатарлы технологиялар ғана пайдаланылды. Қалалардағы барлық жаңа ғимараттар орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылуға міндетті. Газ турбиналарды үстеме салу арқылы жұмыс істеп тұрған қазандықтардың базасында электр қуаты 1 МВт дейін шағын ЖЭО құрылысы тәжірибеге енгізілуде. Биоотынды (жылумен жабдықтаудың отын теңгерімінің 20 %-ы) және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайталама энергия ресурстарын белсенді пайдалану енгізіліп отыр.
      Төртіншіден, сектор компанияларының инвестицияларын жоспарлау және қызметін бақылау белсенді қолданылады. Жергілікті билік жылумен жабдықтауды дамыту схемасын құруға және орындауға жауапкершілікті көтереді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың 300-ге жуық компаниясы құрылды; ірі қалаларда оларға жергілікті билік, шағын қалаларда - тұтынушылар кооперативі иеленеді.
      Нәтижесінде Данияда жылытуға арналған бастапқы ресурстарды тұтыну 7 жыл ішінде екі есеге қысқарды. Магистральдық жылу беру желілеріндегі ысыраптар қазіргі сәтте шамамен 4 %-ды, тарату желілерінде - шамамен 10 %-ды құрайды.
      Жаңартылатын энергия көздері
      ЖЭК-те электр энергиясын өндірудің өзіндік құны генерацияның отындық түрлеріне қарағанда жоғары болғандықтан, мемлекет ЖЭК-та электр энергиясын өндірушілерге қолдау көрсетуге мәжбүр. ЖЭК-ті қолдаудың ықтималды құралдарының барынша кең спектріне қарамастан, негізгі тетіктері өтемақы тарифі (feed in tariff) және ЖЭК энергиясын квоталау жүйесі (RPS - Renewable Portfolio Standards) болып табылады.
      Өтемақы үлгісі шеңберінде ЖЭК-те өндірілетін электр энергиясына тариф нақты шығындар деңгейінде ұзақ мерзімді кезеңге белгіленеді. Осы тетік тіркелген тариф, сол сияқты ЖЭК-ті пайдалана отырып, алынған электр энергиясын сатудың көтерме бағасына үстемеақы түрін де қабылдауы мүмкін. Бірінші түрі AҚШ-тың бірқатар штаттарында, екінші түрі - Германия мен Испанияда кеңінен таралды, онда электр энергиясын өндірушілерге ЖЭК шығындарының 40-45 %-ы өтеледі.
      Квоталау жүйесі қызмет еткен жағдайда, ЖЭК-та өндірілетін электр энергиясының көлеміне квоталар, сондай-ақ осы электр энергиясын сатып алу бойынша міндеттемелер заңнамада белгіленеді. Сондай-ақ, «жасыл сертификаттар» енгізіледі, олар ЖЭК электр энергиясын тұтынуды куәландырады. ЖЭК электр энергиясын жеткіліксіз тұтынған жағдайда, сатып алушылар ЖЭК электр энергиясын квоталармен талап етілетін көлемнен артық сатып алған электр энергиясының басқа сатып алушыларынан «жасыл сертификаттарды» сатып алады. Осындай тетік Ұлыбритания мен Швецияға тән.
      Тәжірибеде осы әдістердің комбинациялары жиі кездеседі. ЖЭК-те электр энергиясын генерациялауды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде қосымша мынадай құралдарды санамалауға болады:
      1) төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша субсидиялар мен кредиттер;
      2) банктік несиелер бойынша кепілдер;
      3) табыс салығының бір бөлігін төлеуден босату;
      4) жабдықтардың жеделдетілген амортизациясы;
      5) ЖЭК саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру (оның ішінде мемлекеттік гранттарды беру).
      Нысаналы үлгі
      Электр энергиясын өндіру (көтерме сауда нарығы)
      Электр энергиясының өндірісі сегментінің проблемасын шешу үшін электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы үлгісін (нысаналы үлгі) әзірлеу және енгізу ұсынылады, ол шекті тарифтердің қолданыстағы тетігін ауыстыратын болады. Нысаналы үлгі шеңберінде бәсекелі баға белгілеумен электр энергиясы мен қуат нарығының қызмет етуі қарастырылады.
      Нысаналы үлгіге ауысуды онжылдық кезеңде жүзеге асыру жоспарланған, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, болжамды түрде 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Өтпелі кезеңде мынадай қосалқы нарықтардың жұмысы болжанады:
      1) қуаттың орталықтандырылған сауда нарығы - Желілік операторға энергетикалық қуаттың әзірлігін қолдау жөнінде қызмет көрсететін жеткізушілерді жыл сайын бәсекелі іріктеу;
      2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы - электр энергиясын жеткізуге келісімшарттар жасасу мақсатында бірыңғай алаңда электр энергиясын саудалау;
      3) теңгерімдеуші нарық - Жүйелік оператордың электр энергиясын жеткізу мен тұтынудың нақты көлемінің нақты уақыт режимінде жоспарлы көлемнен ауытқуын реттеуі;
      4) орталықсыздандырылған сауда нарығы - өндіруші мен тұтынушылар арасында электр энергиясын сатып алуға-сатуға екіжақты шарттың жасалуы.
      Мына ұйымдар көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылады:
      1) электр энергиясын өндірушілер - энергия өндіруші қондырғылардың кемінде 1 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар заңды тұлғалар,
      2) Ұлттық оператор - Қазақстан Республикасының энергия жүйесінде экспорт пен импортты қосымша жүзеге асыратын электр энергиясын өндіруші;
      3) көтерме сатып алушылар - ірі өнеркәсіптік тұтынушылар мен ЭЖҰ;
      4) жүйелік оператор;
      5) электр желілік компаниялар;
      6) сауда алаңы;
      7) электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда нарығының операторы;
      9) ЖЭК бойынша есеп айырысу-қаржылық орталығы.
      Қуаттың орталықтандырылған нарығында сауда мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) көтерме сауда нарығының субъектілері айлар бойынша бөле отырып, алдағы жылға электр энергиясы мен қуатын өндіруге және тұтынуға болжамды өтінімдерді қалыптастырады және оларды жүйелік операторға жібереді;
      2) жүйелік оператор болжамды өтінімдер негізінде алдағы жылға электр энергиясы мен қуатына болжамды теңгерім әзірлейді.
      3) сауда алаңы электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтер көрсетуге бағалық өтінімдерді орталықтандырып бәсекелі іріктеуді жүргізеді;
      4) жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді:
      жаңа электр станциясы қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт негізінде;
      жаңғыртылатын электр станциясы қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт негізінде;
      электр қуатының орталықтандырылған саудасының қорытындысы бойынша жасалған электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт негізінде сатып алады;
      5) Жүйелік оператор көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жүктеме жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұсынуды бірыңғай баға бойынша жүзеге асырады (тұтынушылардың жеке көздерінің электр қуатын қоспағанда);
      6) қаржылық есеп айырысулар электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда нарығының операторы арқылы жүргізіледі.
      Жаңа немесе жаңғыртылатын объектілер болып табылмайтын энергия өндіретін ұйымдар электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке бағаны дербес белгілейді, бірақ энергия өндіретін ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен жоғары емес.
      Қажет болған жағдайда, мемлекет субсидиялау арқылы электр энергиясы мен қуатына көтерме бағаның өсуін тегістеуі мүмкін.
      Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылар үшін электр энергиясын бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйесінің сағаттық болуы нарықта жұмыс істеу үшін міндетті шарт болуы тиіс (ЭЖҰ қоспағанда). Бұл ретте, электр энергиясын бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйесінің сағаттық белгілеуге нормативтік талаптар, сол сияқты экономикалық ынталандырулар да қолданыла алады.
      Қазақстанның БЭЖ-де қажетті қуат теңгерімін қамтамасыз ету үшін Жүйелік оператор жыл сайын электр энергиясының сұранысы мен ұсынысына ұзақ мерзімді болжам қалыптастырады. Қосымша қуатты енгізу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа генерациялайтын қуат құрылысына тендер өткізе алады, сол сияқты бар қуатты жаңғыртуға электр энергиясын өндірушілермен жеке инвестициялық келісім жасай алады.
      Жаңа генерациялайтын қуат құрылысына өткізілген тендер нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тендер жеңімпазымен электр станциясын салуға ұзақ мерзімді келісімшарт жасайды, оның шарттары бойынша іске қосу мерзімі мен тендер жеңімпазы қабылдаған міндеттерді орындамауы үшін жауапкершілік айқындалады. Сонымен бірге, Жүйелік оператор тендер жеңімпазымен осы станцияның электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы келісімшарт жасайды.
      Жаңғыртуға жататын объектілерді айқындау үшін уәкілетті үкіметтік орган Қазақстан Республикасындағы генерациялаушы объектілерді жаңғырту бағдарламасын әзірлейді. Жаңғыртуға жататын барлық генерациялаушы объектілер технологиялық аудиттен өтеді, ол жаңғыртудың оңтайлы сызбасы мен қаржыландырудың талап етілетін көлемін анықтайды. Технологиялық аудит қорытындысы бойынша уәкілетті үкіметтік орган жаңғыртылатын объект туралы ұзақ мерзімді жеке инвестициялық келісім жасау туралы шешім қабылдайды (Нарық кеңесінің ұсынымдарын ескере отырып), ал Жүйелік оператор осы объектінің электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы келісімшарт жасайды.
      Электр энергиясына тарифтер, сондай-ақ қуат бағасы (қолданыстағы, жаңа және жаңғыртылатын) электр энергиясын өндіру секторының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететіндей айқындалуы тиіс. Aтап айтқанда, электр энергиясының тарифі электр энергиясын өндірушілердің ауыспалы шығындарын толық жабуы және тіркелген кірісті қамтамасыз етуі тиіс. Қуат үшін төлем өндірушілердің тұрақты шығындарын жабуы тиіс. Жаңа және жаңғыртылатын генерациялық объектілер үшін қуат төлемі инвестициялардың қажетті кірістілігін ескеруі тиіс.
      Өтпелі кезеңде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіру саласында Ұлттық операторды құру болжанып отыр, ол мынадай функцияларды атқаратын болады:
      1) тиісті мемлекеттік конкурс өткізілмеген жағдайда, электр энергетикасының әлеуметтік маңызы бар объектілерін салуды жүзеге асыру;
      2) экспортталатын және импортталатын электр энергиясын сату-сатып алу жөніндегі орталықтандырылған қызметті жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде энергетика объектілерінің құрылысына қатысу.
      Жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту экологияны жақсарту және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. ЖЭК пен баламалы көздерді салу өндірудің осы түрінің энергия жүйесінің сенімділігіне технологиялық әсерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
      Нарықтық баға белгіленетін нысаналы үлгіде генерациялайтын қуаттарды жаңғыртуға және салуға құйылатын инвестициялар орталықтандырылған нарықтағы баға сигналдарының пайда болуы есебінен тартылуы тиіс.
      Жылу және электр генерациясы үшін көмірді пайдаланған кезде зиянды заттар шығарындыларының жоғары деңгейі ерекше проблема болып табылады. Қазақстан Республикасы шығарындыларының мөлшерін реттеудің экономикалық тетіктерін дамыту жолының басында тұр. Киото хаттамасы 2012 жылы қабылданған түзетілермен бірге кейбір елдер үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін шектейді және парниктік газдар шығарындыларының жаһандық қысқаруына маңызды әсер етпейді. 1990 жылғы деңгейге байланыстырылған шығарындылар бойынша шектеу Қазақстанға мәлімделген міндеттерін жоғары ықтималдықпен орындауға мүмкіндік береді. Aлайда Киото хаттамасының 3.7-тер баптары қолданылған жағдайда, кейбір елдерде, оның ішінде Қазақстанда да парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі өз міндеттемелерін орындаған кезде өнеркәсіпті жаңғыртуға біршама күрделі қаржы салымдары қажет болады. Ел арасындағы міндеттемелермен қатар, кәсіпорындар қызметінің экологиялығын жақсартуға ынталандырулар жасау жөніндегі тиімді шара қоршаған ортаға эмиссияларға ішкі квоталар нарығын енгізу болып табылады. Aғымдағы сәтте Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталар нарығы пысықталуда. Көптеген елдер аталған нарықтық тәсілді ластаушы заттар эмиссияларын реттеуге де енгізуді қарастыруда. Нарықтың қызмет етуі және оны реттеу тетігі жан-жақты пысықталуы тиіс, оның ішінде:
      1) баға белгілеу мен бөлінетін және саудаланатын квоталардың көлемі салалық ерекшелікті ескеруі тиіс;
      2) квотаға бағаны белгілеу өндірістің рентабельділігін сақтай отырып, неғұрлым экологиялық технологияларды дамытуға және енгізуге инвестицияларды ынталандыруы тиіс;
      3) салық салуды қамтитын тиісті нормативтік база әзірленуі тиіс және т.б.
      Саланы реттеу
      «Нарық кеңесі» атты коммерциялық емес ұйым құру көзделеді, ол электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы субъектілер үшін кеңесші алаң болып, оның жұмысының регламенттерін әзірлеуі тиіс. «Нарық кеңесінің» тағы бір функциясы уәкілетті орган мен тиісті объект арасындағы ұзақ мерзімді жеке инвестициялық келісім жасау алдында жаңғыртылатын генерациялаушы объектінің инвестициялық бағдарламасын қарау болады. Нарық кеңесі жаңа құрылысқа тендер өткізген кезде оның айқын болуына ықпал етуі, сондай-ақ электр энергиясының көтерме сауда нарығының қызмет етуінің тиімділігіне мониторинг жүргізуі тиіс.
      Электр энергиясын беру және тарату
      Электр энергиясын беру және тарату сегментінде ұзақ мерзімді тарифтік реттеу жүйесін өзектілендіру орынды, ол сегменттің негізгі проблемаларын: электр желілік активтерді жаңғырту және салу үшін қаражаттың жетіспеуін, инвестицияланған капиталға қолайлы кірістіліктің болмауын, электр желілік компаниялардың басқарушылық тиімділігінің төмен деңгейін шешуге мүмкіндік береді.
      Электр желілік активтерді жаңғырту және салу үшін қаражаттың жетіспеуі проблемасын шешу тарифке әділ амортизация шамасын енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады, ол электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызмет көрсетуге тартылған негізгі құралдардың әділ құнының негізінде есептелген.
      Инвестицияланған капиталға қолайлы кірістіліктің болмауы проблемасы тарифке инвестициялық капитал кірісін енгізу есебінен шешілетін болады. Бұл ретте, салаға инвестицияларды тарту ескі активтерге қарағанда, жаңа активтер үшін кірістіліктің неғұрлым жоғары нормасын пайдалануға ықпал ететін болады.
      Электр желілік кешенге инвестицияларды жоспарлау сапасын жақсарту үшін, атап айтқанда электр желілік қуаттар көлемін салу бөлігінде нұсқаулардың бірі ретінде перспективада заңды тұлғаларға электр желілерін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемді енгізу мүмкіндігін қарастыру.
      Электр желілік компаниялар (ЭЖК) қызметінің тиімділігін арттыру үшін салыстырмалы талдау әдісін (бенчмаркинг) одан әрі қолдану орынды болады.
      Энергия беруші ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру сондай-ақ олардың ТЭК-пен бірігуіне ықпал ететін болады. Aлайда мәселе барынша егжей-тегжейлі зерделеуді, қосымша негіздеуді және қосалқы есептеулерді талап етеді. Осы шаралар электр желілік кешені компанияларының үлестік шығындарын қысқартуға, соның нәтижесінде көрсетілетін қызметтерге тарифті төмендетуге мүмкіндік береді деп болжанады. Сонымен қатар, энергия беруші ұйымдарды ТЭК-пен ірілендіру бір өңірдегі электр энергиясына бағаны теңестіруге мүмкіндік береді. Энергия беруші ұйымдарды ТЭК-пен біріктіру түрлі тетіктердің әсерінен болуы мүмкін (рұқсат берген кезде ТЭК тұтынушыларының ең аз санын бекіту және т.б.).
      Электр энергиясымен жабдықтау
      Электр энергиясымен жабдықтау сегментінің ЭЖҰ-ның ТЭК-пен және энергия өндіретін ұйымдармен үлестес болуына байланысты құрылымдық проблеманы шешу үшін:
      ЭЖҰ-ны электр энергиясына тарифті қалыптастыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ашуға және жариялауға, оның ішінде электр энергиясын сатып алу, беру және бөлу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын көрсетуге міндеттеу қажет.
      Ұзақ мерзімді кезеңде ЭЖҰ бәсекелестігін күшейтуге және өткізу үстемеақысының құрауыштарына талаптарды қатаңдату есебінен саладағы ойыншыларды шоғырландыруға қол жеткізу керек. Бұл шара нарықтан кетуге немесе тиімді емес ЭЖҰ-ны неғұрлым мықты ойыншылардың сатып алуына және соңғы тұтынушылар үшін тарифті төмендетуге әкеледі.
      Екіжақты шарттардың қосалқы нарығын сақтау ЭЖҰ дамытуды, нығайтуды және олардың бәсекелестігін ынталандыруы тиіс.
      Жылу энергиясын өндіру және тарату
      Жылу энергиясын өндіру және тарату сегментін тиімді дамыту үшін перспективада субъектілер арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін енгізу және мына тетікті пайдалана отырып, тарифті белгілеу әдісін оңтайландыру мәселені пысықтау мүмкіндігін жылу энергиясын өндіру және беру жөнінде қызмет көрсететін ұйымдардың барлық экономикалық негізделген пайдалану және күрделі шығындарының өтелуін қамтамасыз ету мақсатында тарифті белгілеудің ұзақ мерзімді жүйесін өзектілендіруді қарастыру қажет.
      Перспективада қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі комитеті арасында бөлінген өкілеттіктер мен жауапкершілікті мынадай негізгі өкілеттіктерге бөленген уәкілетті мемлекеттік органға беру мәселесін қарастыру керек:
      1) жылу энергиясын өндіру және беру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
      2) технологиялық сараптама және экономикалық оңтайландыруды жүргізу әдістемелерін әзірлеу;
      3) жылу энергиясын өндіру және беру саласындағы ұйымдар қаржыландыруды тартқан кезде, оларды ақпараттық қолдауды ұйымдастыру;
      4) жылу энергиясын өндіру және беру саласында ақпаратты жинау және талдауды ұйымдастыру.
      Технологиялық аудит деп кәсіпорындардың мықты және осал жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір критерийлер арқылы олардың активтерінің технологиялық жай-күйін тексеру тәсілі түсініледі, ол кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қалыптастыруға әкеледі.
      Жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін болашақта жергілікті атқарушы билік органдарының мынадай функцияларды орындауының орындылығы мәселесін қарастыру қажет:
      1) елді мекеннің жылумен жабдықтау схемасын әзірлеуді ұйымдастыру (жылу аудитін ұйымдастыру, техникалық консультантты тарту);
      2) жылумен жабдықтау схемасын іске асыруды бақылау;
      3) жылумен жабдықтауға жауапты уәкілетті мемлекеттік органда жылумен жабдықтау схемасын бекіту.
      Бұдан басқа, жылу энергиясын өндіру және беру жөніндегі ұйымдар жылумен жабдықтау жүйесінің қызметіне жыл сайынғы аудиттен өтуге міндетті.
      Жылу энергиясын өндіру және беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйымдар үшін тарифті белгілеудің ұзақ мерзімді жүйесін өзектілендіру болжанады. Тарифті белгілеу жүйесі мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) тариф ұймдардың пайдалану және күрделі шығыстарын өтейтін экономикалық негізделген деңгейде 5 жылға белгіленеді;
      2) бесжылдық мерзімде тарифтердің маңызды өсуін болдырмау үшін тарифті мемлекет субсидиялайды.

4. Тұжырымдама іске асырылатын нормативті құқықтық актілердің тізбесі

      Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде төменде аталған міндеттерге қол жеткізу:
      1) қуаттарды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын іске асыру есебінен өнеркәсіптің энергия тиімділігін арттыру;
      2) электр және жылу желілеріндегі ысыраптар деңгейін төмендету;
      3) электр және жылу энергиясын өндіруде үлестік шығындарды төмендету;
      4) тұрғын үй секторында жылуды тұтынуды азайту;
      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды даярлау;
      6) халық арасында энергияны үнемдеуді ауқымды насихаттау;
      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы арқылы болжанады.

      Көмір өнеркәсібі

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде төменде аталған міндеттерге қол жеткізу:
      1) көмірдің тиімділігін арттырған кезде оны өндіруді тежеу;
      2) көмірді терең қайта өңдеу технологияларын дамыту (көмір химиясы, байыту);
      3) технологиялар мен көмір қаты метанын пайдалану жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;
      мыналар арқылы болжанады:
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      Мұнай өнеркәсібі

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде төменде аталған міндеттерге қол жеткізу:
      1) геологиялық барлауға инвестициялар тарту және мұнай өндіруді тиімді технологиялық дамыту;
      2) мұнай өнімдерінің түйінді түрлері бойынша Қазақстан Республикасының энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, моторлы отын мен жағармай материалдарына ішкі сұранысты толық қамтамасыз ету;
      3) мұнай өңдеуді және мұнай өнімдері нарығын дәйекті ырықтандыру;
      4) халықаралық бірлестіктерге интеграциялануға жәрдемдесу және БЭК интеграциялануға дайындау;
      5) мұнай-газ секторының кадрлық әлеуетін дамыту;
      мыналар арқылы болжанады:
      Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі;
      «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

      Газ өнеркәсібі

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде төменде аталған міндеттерге қол жеткізу:
      1) ІМГ өңдеу үшін технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту;
      2) сұйытылған табиғи газ пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту;
      3) Солтүстік Қазақстан өңірлерінің газды тасымалдау инфрақұрылымымен қамтамасыз ету;
      4) шалғайдағы аудандарды газдандыруды және СКСГ моторлы отын нарығын дамыту;
      5) қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерін ала отырып, газды қайта өңдеудің жоғары қайта бөлінуін дамыту;
      мыналар арқылы болжанады:
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      Aтом өнеркәсібі

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде төменде аталған міндеттерге қол жеткізу:
      1) уранды өндіру көлемінің ұстамды өсуі және өткізу арналарын кеңейту;
      2) уранды байытуды дамыту, байыту бойынша кәсіпорынның жобалық қуатына шығару;
      3) конверсияны дамыту және ядролық отын өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру;
      4) AЭС салу жөніндегі жобаларды пысықтау және іске асыру;
      5) Қазақстан Республикасында атом саласын дамытуды қолдау үшін ғылымды көп қажет ететін өндірістер мен ғылыми-зерттеу орталықтарын құру;
      6) Қазақстанның атом саласын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету.
      мыналар арқылы болжанады:
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Aтом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

      Электр энергиясының саласы

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде төменде аталған міндеттерге қол жеткізу:
      1) электр энергиясы мен қуаттың көтерме сауда нарықтарының үлгісін енгізу;
      2) электр және жылу энергиясын өндіру және беру сегментінде ұзақ мерзімді кезеңге тарифтерді бекіту;
      3) электр энергиясын бөлу және электр энергиясымен жабдықтау сегментінде ойыншыларды ірілендіруге ынталандыруларды жасау есебінен ұйымдардың құрылымын оңтайландыру;
      мыналар арқылы болжанады:
      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
      «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
      «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
      Тұжырымдаманы сондай-ақ мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары арқылы іске асыру болжанады.

Aббревиатуралардың толық жазылуы:

ТМРA

-

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

МAЭС

-

мемлекеттік аудандық электр станциясы

Гкал

-

гигакалория

СЭС

-

су электр станциясы

кВ

-

киловольт

кВтс

-

киловатт-сағат

МВт

-

мегаВатт

ЖЭО

-

жылу электр орталығы