Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына,  9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының                         К. Мәсімов
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 533 қаулысымен
бекітілген    

"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық
белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация
құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық
заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
      мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қатаң есептілік бланкісі болып табылатын куәлік.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру www.azpp.gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары бойынша жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) балалар тамағы өнімдеріне, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларға, генетикалық түрлендірілген объектілерге, бояғыштарға, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарына, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарға, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарға, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлеріне мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны;
      дайындаушы (өндіруші) растаған өнімдер негізге алынып дайындалатын құжаттардың көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);
      дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің (өнім үлгілерінің) негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасының көшірмесі;
      бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаттарының көшірмелері (нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші растаған оның көшірмесі);
      заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы растаған бақылаудағы тауарларға арналған олардың макеттері;
      көрсетілетін қызметті алушы растаған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері;
      зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары.
      Кеден одағына (бұдан әрі – КО) мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша:
      мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың көшірмелері;
      тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім өндірілетін елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және еркін айналысына рұқсат беретін құжаттарының көшірмелері немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер;
      мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған КО-ға  мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны;
      3) дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнімдерді жасауда негізге алынған құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);
      4) өнімнің (өнім үлгілерінің) негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы дайындаушы (өндіруші) жазбаша хабарламасының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері;
      5) бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) бойынша дайындаушы (өндіруші) құжаттарының (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар) сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушы куәландырған (бар болса) өнімдер заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері;
      6) заттаңбалардың (қаптамалардың) сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған олардың макеттері, өнімдер заттаңбаларының (қаптамаларының) куәландырылған көшірмелері;
      7) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушы куәландырылған өнімдер заттаңбаларының (қаптамаларының) куәландырылған көшірмелері;
      8) зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері, (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары.
      КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша:
      1) мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері;
      2) тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған, осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында еркін айналысына рұқсат беретін құжаттарының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері немесе мұндай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер;
      3) мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері ұсынылады.
      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу мынадай:
      1) ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өнімдерді дайындаушының не көрсетілетін қызметті алушының атауы өзгерген;
      2) өнімдердің құрамына өзгерістер енгізілген;
      3) олар бойынша өнімдер шығарылатын нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарға өзгерістер енгізілген;
      4) қабылдануы гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнімдердің құрамына өзгерістер енгізуге әкелмейтін, өнімдерге қойылатын талаптарды қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акті шығарылған жағдайларда жүргізіледі.
      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу кезіндегі құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны;
      3) дайындаушы (өндіруші) растаған, өнімдер жасауда негізге алынған құжаттардың көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);
      4) дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің (өнім үлгілерінің) оларды жасауда негізге алынған құжаттардың талаптарына сай келетіні туралы жазбаша хабарламасының көшірмелері;
      5) бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаттарының (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар) көшірмелері не оның көрсетілетін қызметті алушы растаған көшірмесі (болған жағдайда);
      6) заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы растаған олардың бақылаудағы тауарларға арналған макеттері;
      7) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көрсетілетін қызметті алушы растаған көшірмелері;
      8) зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері, (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары;
      9) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).
      КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша:
      1) препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған құжаттардың көшірмелері;
      2) дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және еркін айналысына рұқсат беретін тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім өндірілетін елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған құжатының көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер;
      3) КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады;
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны;
      3) бұрын берілген куәліктердің сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері.
      Электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күнін көрсетіп отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымның тіркелі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Портал арқылы электрондық шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуін, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрмет ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,  
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция  
және дератизация құралдарын, сумен және 
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар 
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                  

нысан

_______________________________________
мемлекеттік органның атауы
______________________________________
басшының Т.А.Ә.
____________________________________
өтініш берушінің  Т.А.Ә.
_______________________________________
жеке  куәлігінің (паспортының) №
_______________________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
____________________________________
мекенжайы, деректемелері (ЖСН/БСН)
_______________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға
ӨТІНІШ

      Сізден
_____________________________________________________________________
                          (өнімнің атауы)
________________________________________________ мемлекеттік тіркеуді
(қайта тіркеуді)   жүргізуді сұраймын.
      (қажеттісінің астын сызу)

                                                                 Қолы
                                                     күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттар көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

М.О.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,  
генетикалық түрлендірілген объектілерді, 
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция  
және дератизация құралдарын, сумен және 
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар  
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті
алуға арналған құжат туралы
мәліметтер нысаны

      1. Дайындаушының (өндірушінің) тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар-жоғы туралы декларациясының болуы туралы ақпарат:
      1) декларацияның нөмірі мен күні______________________________;
      2) дайындаушының (өндірушінің) атауы _________________________;
      3) дайындаушының (өндірушінің) елі____________________________;
      4) өнімнің (заттардың) атауы _________________________________.
      2. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеп алу актісінің болуы туралы ақпарат:
      үлгілерді (сынамаларды) іріктеп алу актісінің нөмірі мен берілген күні_______________________________________________________;
      үлгілерді (сынамаларды) іріктеп алу актісін берген органның атауы ________.
      3. Кеден одағының кедендік аумағына үлгілердің, бақылаудағы тауарлардың әкелінуін растайтын құжаттардың болуы туралы ақпарат (тек КО-дан тыс дайындалған бақылаудағы тауарлар үшін):
      1) үлгілердің әкелінуін растайтын құжаттың атауы _____________;
      2) құжаттың нөмірі мен күні __________________________________;
      3) құжатты берген органның (ұйымның) атауы ___________________;
      4) импорттаушы елдің атауы ___________________________________;
      5) өнімнің (заттың) атауы ___________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 533 қаулысымен
бекітілген   

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және
гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын  Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі  (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Агенттік  және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті   беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4.  Көрсетілетін  мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы  құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15  (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15  (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті  беруші басшысының қолымен куәландырылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы хабарлама  жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында  сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен  сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      аккредиттелген (аттестатталған) зертханалар жүргізген сынақтар, зерттеулер хаттамасы.
      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары бойынша жүзеге асырылады.
      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      аккредиттелген (аттестатталған) зертханалар жүргізген сынақтар, зерттеулер хаттамасының электрондық көшірмесі.
      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон арқылы алуға болады.
      Портал арқылы электрондық шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен куөрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың    
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі 
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық- 
эпидемиологиялық қорытынды беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

___________________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
____________________________________
өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы
____________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
                                           (аудан, көше, үй, пәтер)
________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
                    объектінің нысаналы мақсаты
_____________________________________________________________________

      тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

                                          __________________________
                                            қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың      
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық- 
эпидемиологиялық қорытынды беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Талон

1. Сұраныстың нөмірі және қабылданған күні
_____________________________________________________________________
2. Сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі:
____________________________
_____________________________________________________________________
3. Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы
______________________________
_____________________________________________________________________
4. Құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны

5. Құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә.,
қолы, байланыс телефондары
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 22 мамырдағы 
№ 533 қаулысымен бекітілген

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 16 (он алты) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы тізілімнен үзінді көшірме.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
      электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің көшірмесі.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының мәліметтерін, қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Портал арқылы электрондық шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Санитариялық-эпидемиологиялық 
қадағалауға жататын тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік   
нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына      
қосымша             

нысан

____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
_________________________________
жеке немесе заңды тұлғаның атауы,
почталық мекенжайы
____________________________
байланыс телефоны

Өтініш

Сізден
_____________________________________________________________________
                     (аудан, көше, үй, пәтер)
мекенжайы бойынша орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
_____________________________________________________________________
________               (объектінің атауы)
тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беруді сұраймын.

                                                                Қолы
                                                     күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 533 қаулысымен 
бекітілген     

«Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      1. «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы;
      3) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталық арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) Орталық – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар жобалау құжаттамасы және материалдар;
      болжанатын құрылысқа арналған жер учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар жобалау құжаттамасының және материалдардың электрондық көшірмесі;
      болжанатын құрылыстың учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
      2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау кезінде оның техникалық-экономикалық негіздемесіне, жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      объектілерді реконструкциялауға арналған техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау құжаттамасы;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      объектілерді реконструкциялауға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің, жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады;
      3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;
      порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалардың және нормативтік құжаттаманың электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
      4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймағын (бұдан әрі – СҚА) белгілеу бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге, құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      СҚА жобасы, оның ішінде жерасты және жерүсті көздері суының сапасы мен гидрогеологиялық зерттеулер қорытындысы;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      СҚА жобасының, оның ішінде жерасты және жерүсті көздері суының сапасы мен гидрогеологиялық зерттеулер қорытындысының электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
      5) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобасы;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жобаның, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
      6) қалалық және ауылдық елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелеріне, бас жоспарлары, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      қалалық және ауылдық елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, бас жоспарлары, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобалары;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      қалалық және ауылдық елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің, бас жоспарларының, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобаларының электрондық көшірмелері;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
      7) жаңа шикізат түрлеріне, технологиялық жабдықтарға, тағам өнімдерін өндіру процестеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      өнімдер дайындалған кезде негізге алынатын құжаттар (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер); гендік-инженерлік-түрлендірілген ағзалардың, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің (тағам өнімдері үшін) болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы;
      бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар);
      Кеден одағының (бұдан әрі – КО) заңнамасына сәйкес расталған зерттелетін үлгілердің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын дайындаушының (өндірушінің) құжаты;
      зерттеулер (сынаулар) хаттамалары, ғылыми есептер, сараптама қорытындылары;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      өнімдер дайындалған кезде негізге алынатын құжаттар (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);
      гендік-инженерлік-түрлендірілген ағзалардың, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің (тағам өнімдері үшін) болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы;
      бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар);
      мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО заңнамасына сәйкес расталған зерттелетін үлгілердің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын дайындаушының (өндірушінің) құжаты;
      зерттеулер (сынаулар) хаттамалары, ғылыми есептер, сараптама қорытындылары;
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
      8) азық-түлік шикізат өнімдеріне, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелендіру көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға, ыдыстарға, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын қаптау және полимер материалдарына, парфюмерлік-косметикалық және кеңінен қолданылатын басқа да тауарларға, жабдыққа, аспаптарға және жұмысшы құрал-сайманға (бұдан әрі – өнімдер) арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      өнімдерге арналған стандарт жобасы;
      өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамалары (өнімнің қауіпсіздігінің белгіленген гигиеналық көрсеткіштері немесе сақтау шарттары (мерзімдері) өзгерген кезде);
      бұйымдарды дайындаған кезде қолданылатын материалдар мен заттардың тізбесі және дайын бұйымнан көшуге қабілетті заттардың тізбесі (рұқсат етілген шекті шоғырлануды, әсер етудің шамалық қауіпсіз деңгейі (бұдан әрі – ӘШҚД) көрсете отырып);
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      өнімдерге стандарт жобасының электрондық көшірмесі;
      өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамаларының электрондық көшірмелері (өнімнің қауіпсіздігінің белгіленген гигиеналық көрсеткіштері немесе сақтау шарттары (мерзімдері) өзгерген кезде);
      бұйымдарды дайындаған кезде қолданылатын материалдар мен заттардың тізбесі және дайын бұйымнан көшуге қабілетті заттардың тізбесі (рұқсат етілген шекті шоғырлануды, ӘШҚД-ны көрсете отырып);
      мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қолхат беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Орталықтан алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға Орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді.
      Жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді немесе анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Орталықтың қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, Халыққа қызмет көрсету орталығының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық тұрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі.
      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Орталықтың басшысына жолданады.
      Орталықтың кеңсесіне қолма-қол, сонымен бірге почтамен келіп түскен шағымдарды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін Орталықтың басшысына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің, Орталықтың мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің, Орталықтың кеңсесіне қолма - қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті көрсету
ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Денсаулығына байланысты Орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бару арқылы орталықтың қызметкері жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурсында орналастырылған:
      Агенттіктің www.аzрр.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      Орталықтың: www.con.gov.kz.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға
және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша               

______________________________________
аумақтық бөлімшенің атауы
______________________________________
аумақтық бөлімше басшысының Т.А.Ә.
_______________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
______________________________________
мекенжайы, деректемелері (ЖСН/БСН)
______________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (жобаның атауы)
жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
жүргізуді және  санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді
сұраймын.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

                                                                Қолы
                                                     күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

«Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға  
және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша              

      (Т.А.Ә., не қызмет алушы
      ұйымының атауы)
      _________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №  бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) ____________________________;
      2) ____________________________;
      3) ..
      мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету) құжаттар қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әр бір тарап  үшін бір данадан 2 данада жасалды.

      (Орталық қызметкерінің Т.А.Ә.)                      (қолы)

      Орындаушы Т.А.Ә. _____________
      Тел.________
      Алдым: Т.А.Ә. / қызмет алушының қолы

      20 __  жылғы  «____ » _______________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 533 қаулысымен
бекітілген    

«Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы
қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес)минут;
      3) қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге микробиологиялық зертханаларға рұқсат беру.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжат;
      3) үй-жайлардың қолданылу мақсатын көрсете отырып, зертхананың схемаларын және таза, жұқпалы ағындар қозғалыстарының схемаларын қоса беру арқылы, оның бейініне сәйкес зертхананы режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актісі;
      4) зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық базаны, кадр құрамын және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;
      5) зертхананың бейініне сәйкес орталық режимдік комиссия сарапшыларының қорытындылары;
      6) персоналдың медициналық кітапшалары;
      7) персоналдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген профилактикалық егулерді алуы туралы анықтама.
      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Микробиологиялық зертханаларға    
патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен
жұмыс істеуге рұқсат беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша               

нысан

____________________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
____________________________________
өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы
____________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
                                       (аудан, көше, үй, пәтер)
________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
объектінің (жобаның, өнімнің, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің) атауы
_____________________________________________________________________

      микробиологиялық зертханаға патогендігі 1-4 топтардағы
      қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймын

      _______________________________________________________________
                                              Қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

«Микробиологиялық зертханаларға    
патогендіг 1-4-топтардағы қоздырғыштармен
жұмыс істеуге рұқсат беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Талон

1. Сұраныстың нөмірі және қабылданған күні
_____________________________________________________________________
2. Сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі
____________________________
_____________________________________________________________________
3. Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы
______________________________
_____________________________________________________________________
4. Құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 533 қаулысымен
бекітілген    

«Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу
шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты –15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын келісу.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Қызмет алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарына келісім алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      оларға сәйкес өнім дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) растаған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер) көшірмелері;
      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген қауіпсіздіктің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігіне тамақ өнімдерінің сынамаларын зерттеу (сынау) хаттамалары;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      сұрау салуға қоса тіркелетін оларға сәйкес өнім дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) растаған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер) электрондық көшірмелері;
      сұрау салуға қоса тіркелетін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген қауіпсіздіктің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігіне тамақ өнімдерінің сынамаларын зерттеу (сынау) хаттамаларының электрондық көшірмелері.
      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге рұқсат етілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы электрондық шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.azpp.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тамақ өнімдерінің жарамдылық
мерзімдерін және сақталу 
шарттарын келісу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
қосымша           

_______________________________
мемлекеттік органның атауы
_______________________________
басшысының Т.А.Ә.
________________________________
заңды немесе жеке тұлғаның атауы,
почталық мекенжайы

____________________________________________
байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
                      (аудан, көше, үй, пәтер)
мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
       (өндіріс объектісінің атауы) дайындаған (өндірген)

_____________________________________________________________________
тамақ өнімінің атауы, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және
сақталу шарттарын келісуді сұраймын.

                                                                Қолы
                                                    күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 533 қаулысына
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 488-құжат).
      2. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1063-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 292-құжат).
      4. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 329-құжат).