"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі иңдустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде:
      «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 37-жолдың 2-бағанындағы «Индустриялық саясат туралы» деген сөздер «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 5-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»;
      реттік нөмірі 6-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
      реттік нөмірлері 30, 31 және 32-жолдарда:
      3-бағандағы «Әділетмині» деген аббревиатура «IIМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      7-бағандағы «Ә.Т. Аманбаев» деген сөздер «А.Ж. Күреңбеков» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

            Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов