Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 және "Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 513 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық шарттарды жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын мақұлдау;";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов