Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 және "Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 513 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) халықаралық шарттарды жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын мақұлдау;»;
      2) «Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын:
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін;
      халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.
      Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов