Ақмола облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін босалқы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 487 қаулысы

Қолданыстағы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» мемлекеттiк мекемесiнің жалпы алаңы 33,0 га жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін «ҚазТрансОйл-Сервис» акционерлік қоғамына беруді қамтамасыз етсін.
      3. «ҚазТрансОйл-Сервис» акционерлік қоғамы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн және алынған сүректі Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазалау бойынша шаралар қабылдасын.
      4. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiнде:
      «Ақмола облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

3

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

129532

Бурабай ауданы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

                                                      ».

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 487 қаулысына  
қосымша        

«Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының
«Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» мемлекеттік
мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлер санатынан
босалқы жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орманды жерлер

алаңдар

жайылым

шабындық

жолдар

құмдар және алқаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

«Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» мемлекеттік мекемесі

33,0

33,0

-

-

-

-

-

2

Жиыны

33,0

33,0

-

-

-

-

-