Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 441 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті;
      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
      2) акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2014 жылғы 4 мамырдағы 
№ 441 қаулысына   
қосымша        

Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      15. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      16. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      17. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      18. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      19. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      20. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      21. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      22. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      23. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      24. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      25. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      26. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      27. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      28. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      29. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      30. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикасы мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      31. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      32. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      33. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      34. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      35. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 4 мамырдағы  
№ 441 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 224-33-3 және 224-33-4-жолдармен толықтырылсын:
      «224-33-3. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы
      224-33-4. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      2. «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 17, 175-құжат):
      4-тармақ алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Мәдениет және өнер істері комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Тiл комитетi.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Министрлiктiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Министрлiктiң миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер қөрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.»;
      16-тармақта:
      1) тармақшада:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;»;
      бесінші абзац алынып тасталсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;»;
      қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мәдениет саласында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;»;
      қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші және алпыс тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетпіс үшінші және жетпіс төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде қалыптастыру, орналастыру және басып шығаруды бақылау;
      Министрліктің қарамағындағы республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыру;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ведомстволардың функциялары:
      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      мәдениет саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
      республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
      республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
      жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішхаттарын қарау;
      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
      ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнің ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ұлттық фильмдер жасау;
      фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;
      республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгiзу;
      жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнің пайдаланылуы мен күтiп-ұсталу тәртiбiн бақылау;
      жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;
      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
      жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;
      Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
      тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
      орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;
      музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiру;
      республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;
      ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
      мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
      2. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
      17. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      18. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      19. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      20 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      21. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      22. «Қазқайтажаңарту» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      24. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы.
      25. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
      26. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
      27. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
      28. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
      29. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      30. «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      31. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы
республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
      12. «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мәселелері»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті құрылсын.».
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 24-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Мәдениет комитеті» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13-4 және 13-5-жолдармен толықтырылсын:
      «13-4. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы 100%
      13-5. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөліміде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі»;
      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. «Қазқайтажаңарту» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      6. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 674 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.».
      7. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 99-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.».
      8. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 587-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.».

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2014 жылғы 4 мамырдағы 
№ 441 қаулысымен   
бекітілген       

Акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) иелік
ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрлігіне берілетін заңды тұлғалар
тізбесі

      1. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы.
      2. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
      3. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
      4. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
      5. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
      6. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      7. «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      8. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.