"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 шілдедегі N 674 Қаулысы

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):

      1) 290-баптың екінші бөлігіндегі "Облыстық" деген сөздің алдынан "Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың," деген сөздермен толықтырылып, "облыстық" деген сөз кіші әріппен жазылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 290-1-баппен толықтырылсын:

      "290-1-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
                  мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына
                  жатқызылған қылмыстық істер

      1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына:
      1) облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында және үшінші бөлігінің в) тармағында), 121-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында және үшінші бөлігінің в) тармағында), 122, 124, 131, 132, 133, 134, 135-баптарында, 136-бабында (бірінші бөлігінде), 137, 138, 139-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатқызылады.
      Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.";

      3) 295-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "3. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстарды кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасаған адамдарға қатысты қылмыстық істер, оларды жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жатады.
      4. Қылмыстарды кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасаған әскери қызметшілерге қатысты қылмыстық істер, оларды жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жатады.".

      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2001 ж., N 15-16, 239-құжат; 2003 ж., N 14, 109-құжат; 2004 ж., N 17, 97-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):

      1) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-3-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы даулар; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.";

      2) 317-1-бапта:
      "аудандық және оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді баланың тұрғылықты (тұратын) жеріндегі аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):

      1) 538-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;";

      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.";

      2) 541-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      "95 - 112" деген цифрлар "95 - 110-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "115, 117" деген цифрлар алып тасталсын;

      "318 - 321" деген цифрлар "318, 319, 319-1, 320 (бірінші бөлігінде), 321" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "325 - 328" деген цифрлар "325, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "331" деген цифрлар алып тасталсын;

      "332" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "513 - 535, 537" деген цифрлар "513 - 518, 520 - 537" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
      1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 320 (екінші бөлігінде), 331, 332 (үшінші бөлігінде), 334 (үшінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 500-баптарында (екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
      2) осы Кодекстің 111, 111-1, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 327 (екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      3) 543-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      "113, 114, 116," деген цифрлар алып тасталсын;

      "334" деген цифрлар "334 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "341" деген цифрлар "341 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "500" деген цифрлар "500 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлігінде:
      2) тармақшадағы "334" деген цифрлар "334 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "113, 114, 116," деген цифрлар және "334 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 544-баптың бірінші бөлігіндегі "334" деген цифрлар "334 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында:
      "111, 112, 115" деген цифрлар "111 - 117" деген цифрлармен
ауыстырылсын;

      "332," деген цифрлардан кейін "334 (үшінші бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "340," деген цифрлардан кейін "341 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "484," деген цифрлардан кейін "500 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 655-бапта:
      екінші бөлігіндегі "әкімшілік сот" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлігіндегі "әкімшілік сотқа" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 661-баптың бірінші бөлігіндегі "әкімшілік сот" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 664-баптың үшінші бөлігіндегі "әкімшілік сот" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 668-баптың бесінші бөлігіндегі "әкімшілік сот" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 672-баптың мәтініндегі бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Кодекстің 674-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы бойынша, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар судьяларының шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша күшіне енген қаулылары, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, жоғары тұрған соттар судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстің 664-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.".

      2-бап . Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін соттардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді осы Заңда белгіленген соттауға жатқызылуына қарамастан, іс жүргізіліп жатқан соттар қарайды.

      3-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев