Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 427 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құрылысты қаржыландыру көздеріне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, құрастырмалардың сенімділігі, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілердің жұмыс істеуінің тұрақтылығы жөніндегі, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарының қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестігі бөлігінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек ландшафттарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін белгіленіп отырған пайдалану бөлігінде объектілердің (кешендердің) құрылысына арналған инвестициялар негіздемелерінің, техникалық-экономикалық негіздемелердің және есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалардың сараптамасы жатады.».
      2. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      40)41)42 және 43) тармақшалар алынып тасталсын;
      44) және 45) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «44) республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар мен бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін әдіснамалық қамтамасыз ету;
      45) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;»;
      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «56) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамындағы басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «57-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастыру;»;
      60) және 61) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «60) бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындыларды дайындауды ұйымдастыру;
      61) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар өткізуге, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қорытындылар қалыптастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «65-1) концессия объектісінің құнын және концессионерлердің қызметіне мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындарды өтеу көздерін айқындау әдістемесін бекіту;»;
      66) және 67) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «66) концессиялар саласындағы құжаттарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тарту;
      67) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаға республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, іске асырылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік кепілдіктер беруге арналған инвестициялық жобалардың, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және мемлекеттік инвестициялық саясатты қаржы агенттіктерінің іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын жүргізу үшін құжаттарды жіберу;»;
      69) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «69) республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау;
      70) орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастыру және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 71-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «71-3) концессия шарттарының тізілімін жүргізу;»;
      72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «72) бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «72-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсету құнын айқындау әдістемесін бекіту;».
      3. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
      2-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;»;
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
      12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;»;
      13) тармақша алынып тасталсын;
      14) тармақшадағы «зерттеулер жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі ұйым болып белгіленсін.» деген сөздер «зерттеулер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.».
      4. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      мазмұнында:
      50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі»;
      мынадай мазмұндағы тақырыптармен толықтырылсын:
      «52-2-тарау. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу тәртібі»;
      «52-3-тарау. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы төлеу тәртібі»;
      «52-4-тарау. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібі»;
      50-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
      446. Осы тарау бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрi – БИЖ) техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрi – ТЭН), концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатын бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін айқындайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау шеңберінде, экономикалық сараптаманы қоспағанда, тиісті қажеттi сараптамаларды жүргiзу қаржыландырылады.
      БИЖ ТЭН-інің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, сараптамаларын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру және өткізу мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаның қаражаты, ТЭН-ді, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажеттi сараптамаларды жүргiзуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, бекiтiлген БИЖ тiзбесiнiң негiзiнде әртүрлi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлуге жатады.
      Егер жергiлiктi БИЖ-ды қаржыландыру жергiлiктi бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылса, ТЭН әзiрлеудi қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы есебiнен жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік инвестициялық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебiнен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      Егер мемлекеттік инвестициялық жобаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен республикалық бюджеттен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргiзедi.
      447. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру процесі мынадай негізгі кезеңдерді:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға өтінімдер беруін;
      2) БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру бөлінетін тиісті бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Тізбелерді қалыптастыруды және бекітуді;
      3) БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
      448. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзудi, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға өтiнiмдер бередi.
      449. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ұсынылады.
      450. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаты, техникалық тапсырма негізінде мемлекеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі – МИЖ) инвестициялық ұсыныстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хат, техникалық тапсырма негізінде олар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      451. Бюджет комиссиялары іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған БИЖ бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган, олар бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін қалыптастырады.
      452. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
      453. БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын БИЖ тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      454. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін БИЖ-дің белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, БИЖ ТЭН-іне түзету жүргізіледі.
      455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
      456. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім мыналар:
      1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
      2) ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
      3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу құнының есептемесі қоса берілген концессиялық ұсынысты қамтуы тиіс.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспауы тиіс.
      457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      458. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      460. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
      461. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
      462. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      463. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыруға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.
      464. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
      1) концессиялық жобаның атауы;
      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі туралы ақпарат;
      3) көрсетілетін қызметтердің түрлері және мәлімделетін құны.
      Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
      1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
      қызметтер ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
      қызметтер ұсыну мерзімдері;
      қызметтер ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
      3) көрсетілетін қызметтер тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
      465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      466. Тиiстi бюджет комиссиясы қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.
      467. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау – концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер.
      468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      469. Тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатының қалған сомасына Тiзбелерге толықтырулар мен өзгерістерді қалыптастыру, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу және бекiту осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Пайдаланылған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
      БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.
      БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланбағаны не ішінара пайдаланғаны үшін осы қаражатты алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.
      470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбелер негізінде БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қамтамасыз етеді.
      471. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      472. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуге, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жобаны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтауға қайтарған жағдайда, күнтізбелік отыз күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде өнім берушінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтауы туралы талапты қамтуы тиіс.
      473. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету бойынша, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау iс-шараларын iске асыру барысы туралы ақпаратты, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн ұсынады.»;
      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «474. Мыналарды:
      1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасын қаржыландыруды;
      2) республикалық БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
      3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
      4) концессионердi таңдау жөніндегі конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын;
      5) концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
      6) мемлекет кепілгерлігін алуға концессионер ұсыныстарының сараптамасын;
      7) мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
      8) республикалық бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
      9) концессиялық жобалардың iске асырылуын бағалауды;
      10) БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды;
      11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;
      12) ТЭН-ді әзірлеуді және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруын талап ететін БИЖ-дерді бюджеттік кредиттеу сараптамасын бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттама сараптамасын және бағалауды қаржыландыру деп түсiну қажет.»;
      488-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде инвестициялық шығындар өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.»;
      493-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.»;
      496497-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
      497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер концедентке бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.»;
      498-тармақ алынып тасталсын;
      499-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «499. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру концеденттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
      499-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «499-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде пайдалану шығындарының өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.»;
      499-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «499-7. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін концедент Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде жүргізеді.»;
      499-9499-10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «499-9. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концессия шартының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
      499-10. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру концедент бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
      499-13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «499-13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеуді көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.»;
      499-16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «499-16. Сыйақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.»;
      499-20499-21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «499-20. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концедент қалыптастырады.
      499-21. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен сыйақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру концеденттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
      52-3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-3-тарау. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы төлеу тәртібі
      499-22. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы (бұдан әрі – қолжетімділік үшін төлемақы) шығындарды өтеу және концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі бір үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      Қолжетімділік үшін төлемақы:
      1) концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысынан;
      2) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысынан;
      3) мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысынан тұрады.
      499-23. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға ғана қатысты қолдануға болады.
      Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      499-24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионерге қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-25. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу мүмкіндігі туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-26. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу осы қаулының 52 (инвестициялық шығындар өтемақысы), 52-1 (пайдалану шығындарының өтемақысы), 52-2 (концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы), сондай-ақ 52-4 (концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу) тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 52-4-тараумен, 499-38, 499-39, 499-40, 499-41, 499-42, 499-43, 499-44, 499-45, 499-46, 499-47, 499-48-тармақтармен толықтырылсын:
      «52-4-тарау. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібі
      499-38. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі бір үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      499-39. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын (бұдан әрі – жалдау төлемақысы) төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жеке меншіктегі (концессионер меншігіндегі) объектілер бойынша ғана жүзеге асырылады.
      499-40. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеуді көздейтін конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-41. Концессионерге жалдау төлемақысын төлеу мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-42. Жалдау төлемақысын төлеу концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
      499-43. Жалдау төлемақысын төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
      499-44. Жалдау төлемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      499-45. Жалдау төлемақысы бойынша төлемнің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының, оның ішінде жалға берілетін үй-жай мен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша талаптарын бұзған жағдайда, жалдау төлемақысы бойынша төлемнің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартында айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша, келесі жылдың бірінші тоқсанында концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге жалдау төлемақыларын төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-46. Жалдау төлемақыларын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-47. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концедент қалыптастырады.
      499-48. Концессионердің жалдау төлемақыларын төлеуге өтінімдерін қанағаттандыруды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде концедент жүзеге асырады.»;
      774-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «774. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
      2) кепілгерлік шартын жасайды;
      3) мемлекет кепілгерліктерін ұсынады.».
      5. «Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау, мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 57-құжат):
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы»;
      2) 1-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;
      4) Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар бекітілсін.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) негізінде өткізіледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғаларды тарта алады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақта:
      1), 2), 3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      24) тармақшадағы «немесе лимит» деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      1 ), 2 ), 3), 4), 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      11 ) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік сараптаманы өткізу мерзімін белгілеуі.
      Талқылау қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды қайтадан өтеді.
      Әзірленген жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау–сметалық) құжаттамасы, үлгілік жобалау шешімдері болған кезде, конкурсты ұйымдастырушы оларды концессиялық жобаны іске асыру және оңтайлы нұсқасын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге конкурстық құжаттама құрамында ұсына алады.
      Концессионерді таңдау бойынша конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізген кезде, конкурсты ұйымдастырушы жобаны әзірлеушіден іздестіру қызметінің және/немесе жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензияның болуы немесе болмауын қосымша анықтайды.»;
      12), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалар алынып тасталсын;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі.»;
      11-тармақта:
      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін.
      Конкурсқа екеуден асатын конкурстық өтінімдер түскен жағдайда, осы конкурстық өтінімдер бойынша әлеуетті концессионерлер сараптамаларды, оның ішінде мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтуді жүзеге асырады. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлерді сараптама бойынша рәсімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өту қажеттілігі туралы хабардар етеді.
      Конкурсқа екеуден аспайтын конкурстық өтінімдер түскен жағдайда, Концессия жөніндегі тиісті комиссияның шешімімен конкурсты ұйымдастырушы жанынан кіші комиссия құрылады, оның мақсаты жоба бойынша оңтайлы экономикалық шешiмді ескере отырып, үздік техникалық шешiмдер үшін кемінде екi конкурстық өтінімді таңдау болып табылады.
      Кіші комиссия үздік конкурстық өтінімдерді таңдауды жүзеге асырады және бұл жөнінде Концессия жөніндегі комиссияны және әлеуетті концессионерлерді хабардар етеді.
      Үздік конкурстық өтінімдерді іріктеу қорытындысы бойынша әлеуетті концессионерлер сараптамалардан өтуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және сараптамалар қорытындысын ескере отырып қайта пысықталған конкурстық өтінімдерді ТЭН-мен бірге тиісті сараптамалар нәтижелерін, оның ішінде мемлекеттік сараптама нәтижесін, сондай-ақ Заңның 18-1-бабына сәйкес әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін қоса ұсына отырып енгізеді.
      Концессия жөніндегі комиссияның қарауына барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдер, оның ішінде құрамында техникалық шешімдері үздік деп танылмағандар да шығарылады.
      Болжамды концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беруі қажет;
      2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін қажетті сараптамалар қорытындыларын мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын;
      3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып қарауын;»;
      10) тармақшадағы «немесе лимит» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту» деген 4-бөлім алынып тасталсын;
      29-тармақта:
      2) тармақшада:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;»;
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;»;
      жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессионерде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражатының болуы:»;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақшаның бірінші, екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім сонымен қатар мыналарды қамтуы тиіс:
      Концессия шартының жобасы;
      мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда, (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда) қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындап белгілеген талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і:»;
      51-тармақтың 1) тармақшасында:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «тиісті салық органының анықтамасында үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражаты немесе концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын сомаға банктік кепілдігі жоқ;»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну не жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді.»;
      5657 және 58-тармақтар алынып тасталсын;
      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Комиссия конкурс қатысушылары ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      Егер конкурс үшінші рет өткізілген және конкурсқа қатысуға бір ғана конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.»;
      69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «69. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын, оның ішінде концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға (концедентке) дәлелді ескертулер жолдайды.»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау қағидасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 158-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингі мен олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.»;
      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібі»;
      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Концессиялық жобаның орындалу барысын және концессия шарты мен мынадай бағыттар бойынша концессиялық жобаның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді үздіксіз бақылау және талдау процесі концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады:»;
      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) кезеңінде жүзеге асырады.»;
      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыштағы «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі» деген сөздер «концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу» деген сөздермен, «қағидасына» деген сөз «қағидаларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      тақырыбында «Концессиялық жобаларға, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу» деген сөздер «Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу» деген сөздермен, «Қағиданың» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыштағы «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі» деген сөздер «концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу» деген сөздермен, «қағидасына» деген сөз «қағидаларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      тақырыбында «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыштағы «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі» деген сөздер «концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу» деген сөздермен, «қағидасына» деген сөз «қағидаларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      тақырыбында «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген Қағидаға 4-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыштағы «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі» деген сөздер «концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу» деген сөздермен, «қағидасына» деген сөз «қағидаларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессия шарттарының, концессиялық жобалардың мониторингісінің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:»;
      көрсетілген Қағидаға 5-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыштағы «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі» деген сөздер «концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу» деген сөздермен, «қағидасына» деген сөз «қағидаларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:»;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      7) көрсетілген қаулы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптармен толықтырылсын.
      6. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ережесінде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «38) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесін келісу;»;
      39) тармақша алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 427 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен  
бекітілген      

Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-4-бабының 5-тармағына, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) концессиялық ұсыныс – тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;
      2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы – орталық мемлекеттік немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы әзірлеген концессиялық ұсынысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан бағалауы;
      3) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
      4) жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
      5) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;
      6) концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына сәйкес концессиялық жобаны одан әрі пысықтаудың экономикалық орындылығы бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы.
      4. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, концессиялық ұсынысты, конкурстық құжаттаманы пысықтау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта алады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер тізбесін қалыптастырады, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      5. Орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.

2. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі

      6. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
      1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не концессиялық ұсынысты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының концессиялық ұсынысты айқындауы және бекітуі.
      Мемлекеттік орган концессиялық ұсыныс әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.
      Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге концессиялық ұсыныс әзірлеу болып табылады.
      Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;
      жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
      барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;
      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ережелерін, ел басшылығының тиісті тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың бастамаларын, сондай-ақ дербес бастама тәртібінде жеке және заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік органның концессиялық ұсыныстарын қалыптастыруы.
      Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған жағдайда, жоспарланып отырған концессиялық жоба туралы қысқаша ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ мүдделі тараптарды (әлеуетті концессионерлер мен халықты) кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа қажетті іс-шаралар шеңберінде концессиялық ұсынысты қалыптастыру процесіне тарта алады;
      3) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігіндегі табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
      4) концессиялық ұсынысқа концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, жергілікті деңгейде – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қоюы;
      5) Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес концессиялық ұсынысқа салалық сараптама жүргізу.
      Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы:
      егер жоба республикалық болса, концессиялық ұсынысқа қол қойылған сәттен бастап;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған концессиялық ұсынысты енгізген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;
      6) әзірлеуші мемлекеттік органның қол қойылған концессиялық ұсынысты, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тарта отырып, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізуі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін концессиялық ұсынысты концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
      Сараптама концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға концессиялық ұсыныстардың келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ концессиялық ұсыныстарда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым, осы тармақшаның төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына сұрау салуды, сұрау салудың көшірмесін – құжаттар топтамасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға бір мезгілде ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабарлайды.
      Сұрау салуды жіберген күннен бастап және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессиялық ұсынысты пысықтаған жағдайда, сараптама мерзімдері тек 1 (бір) рет қана жаңартылады;
      8) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы түскен сәттен бастап, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытындысын:
      егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға;
      егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберуі;
      9) концессиялық ұсыныс бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының нәтижесі бойынша тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының концессиялық ұсынысты бекітуі;
      10) бекітілген концессиялық ұсынысты, концессиялық ұсынысқа қорытындыны және басқа тиісті сараптамаларды қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті атқарушы органға өтінімді енгізеді;
      11) республикалық жобалар бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша немесе әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
      12) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
      конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.
      Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
      Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық ұсыныста қамтылған концессиялық жобаның маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерін ескере отырып, қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.
      Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жүзеге асырылады;
      республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамадан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін, тиісті сараптамалар жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуы;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
      тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
      концессиялық ұсыныстардың сараптамасы негізінде конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;
      республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуы;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
      тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
      13) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;
      14) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Заңның 9-бабы 2) тармақшасына сәйкес тізбені қалыптастыруы және бекітуі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссиясының тиісті шешімдері шыққан сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      7. Концессиялық ұсыныс мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
      1) жоба паспорты;
      2) кіріспе;
      3) институционалдық бөлім;
      4) маркетингтік бөлім;
      5) қаржылық бөлім;
      6) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
      7) техникалық-технологиялық бөлім;
      8) тәуекелдерді бөлу;
      9) жоба бойынша тұжырымдар;
      10) қосымшалар.
      8. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:
      1) концессиялық жобаның атауы;
      2) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
      3) концессиялық жобаның мақсаты;
      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;
      5) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);
      6) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);
      7) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;
      8) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;
      9) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;
      10) концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);
      11) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі;
      12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларда берілетін мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындының болуы не болмауы.
      9. «Кіріспе» деген бөлімде:
      1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;
      2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;
      3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;
      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);
      5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;
      6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;
      7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) және т.б.);
      8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің бар-жоғы туралы ақпарат;
      9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;
      10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;
      11) концессионерді таңдау бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;
      12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;
      13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда, концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;
      14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда, құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;
      15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
      10. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл жасасу тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл жасасу схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.
      11. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтынылатын факторларын ұсынудың қазіргі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюктурасын талдауды қамтиды.
      Егер Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемі бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.
      Бөлім мыналарды қамтиды:
      1) сұраныстың мөлшерлік параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;
      2) тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау, оның ішінде бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдау;
      3) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгіленген қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу, оның ішінде концессиялық жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндіктерін талдау;
      4) тұтынушылардың санаты бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
      5) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
      6) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тарту негіздемесі;
      7) SWOT-талдау (концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау).
      Әрбір кіші бөлімде қолданылатын ақпарат көздері және жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.
      12. Қаржылық бөлімде:
      1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;
      2) есептермен расталған концессия объектісі құрылысының болжамды құны;
      3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;
      4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
      5) егер:
      ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
      көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
      мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;
      бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;
      тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
      инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
      бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
      мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
      субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;
      мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
      6) мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттілігі мен мүмкіндігін және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;
      7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;
      8) алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесімен жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;
      9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуының болжамды көздері;
      10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын болса, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;
      11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер кірістілігінің болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;
      12) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың жобаны іске асырудың өзге де ықтимал схемалармен (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және басқалар) салыстыру бойынша жобаны іске асырудың неғұрлым ұтымды ретінде негіздеу;
      13) концессияның тиімді мерзімін айқындау.
      Жобаның концессиялық ұсынысында келтірілген ақпаратты растайтын және ашып көрсететін қаржылық-экономикалық үлгілерді, кестелерді, диаграммаларды, суреттерді, жер картасын қамтитын қосымшалар концессиялық ұсыныста қамтылған.
      Жобаның қаржылық-экономикалық үлгілері жобаны іске асырудың қаралатын нұсқалардың әрбірі бойынша (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және концессия) формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады. Концессия бойынша ҚЭҮ нұсқасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесінің негізінде жасалады.
      13. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде концессиялық жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жоба ескерілмеген даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
      2) концессиялық жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
      3) нәтижелерді, салдарын және ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, концессиялық жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын концессиялық жоба бойынша пайда мен шығындарды талдау;
      4) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
      5) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
      6) концессиялық жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
      7) концессиялық жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
      14. Техникалық-технологиялық бөлім мыналарды:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;
      2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтерді;
      3) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, оның ішінде концессиялық жобаның жоспарланған өндірістік қуатын;
      4) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты жобаны іске асырудың орналасқан жерінің негіздемесін;
      5) концессияға берілуі мүмкін объектiні салудың (реконструкциялау) және пайдаланудың жоспарланған мерзімдерін;
      6) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпаратты;
      7) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты және концессиялық ұсыныстың жобасына егжей-тегжейлі ақпаратты қоса бере отырып, техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін конкурс таңдалған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.
      15. «Тәуекелдерді бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде пайда болуы ықтимал тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде жоспарланған іс-шаралар сипатталады.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
      2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
      3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
      4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
      5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
      6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаттамасы мен диапазонын, оларды азайту бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
      7) тәуекелдерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;
      8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілетін мәндерін айқындау.
      Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
      16. «Жоба бойынша тұжырымдар» деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.
      Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.
      17. Концессиялық ұсыныс:
      1) концессиялық ұсыныстар бойынша салалық сараптаманың оң қорытындысын;
      2) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылмайтын конкурс таңдалған жағдайда:
      техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырманың жобасын;
      концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, оның ішінде ТЭН немесе әзірленген ЖСҚ-сы бар, сондай-ақ концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша тиісті негіздемені қоса бере отырып, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеулерін;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланатын конкурс таңдалған жағдайда:
      тиісті негіздеме қоса берілген концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу құнының есептеулерін;
      3) концессиялық ұсынысты республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу нәтижелерін;
      4) орындау үшін жауаптыларды, іске асыру мерзімдерін және аяқталу нысандарын көрсете отырып, концессиялық жоба бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын;
      5) концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер қоса беріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
      Концессиялық ұсыныстардың, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдардың әрбір парағын тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы дәйектейді.
      Сараптама жүргізу үшін қажетті материалдарды қоса бере отырып, концессиялық ұсыныстарды тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстың (республикалық маңызды қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсына отырып, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланктегі жеке ілеспе хатпен ұсынады.
      18. Концессиялық ұсыныстарды табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу табиғи монополиялар саласына жататын мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану үшін уақытша иеленуге және пайдалануға немесе концессионердің қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (салу) құқығын концессияға беру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      19. Концессиялық ұсынысты келісу концессиялық ұсыныстардың табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, мынадай мәселелерді қарай отырып жүзеге асырылады:
      1) концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілігі және табиғи монополиялар салаларына жататын концессиялық жобаның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарлар, жұмыстар) тізбесін келісу;
      2) тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) өндірісінің өндірістік циклі, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту;
      3) концессиялық жобаның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға ықпалы және концессиялық жобаны іске асыру қажеттілігі, оның ішінде жобаның өңірдегі басқа монополистердің қызметіне ықпалы;
      4) концессиялық жобаның реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифті (алым мөлшерлемесін, бағасын) қалыптастыру тәртібі және мөлшері.
      Жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерін реконструкциялау немесе жаңғырту кезінде концессиялық жобаны іске асыру көрсеткіштерінің тарифтердің өсуіне және көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылауына, оның ішінде табиғи монополиялар субъектісі әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) олар болған жағдайда, нормативтен тыс шығындарды жою мәселесі қосымша қарастырылады.
      20. Концессиялық ұсынысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу мынадай:
      1) концессиялық ұсынысты келісу туралы;
      2) әрбір қарастырылған мәселе бойынша келіспеу себептерін не концессиялық ұсынысты пысықтау жөніндегі талаптарды немесе концессиялық жобаны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, келіспеу туралы нәтижелері бар концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жіберілетін хат түрінде ресімделеді.
      21. Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі.

3. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

      22. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
      Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.
      23. Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін, табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ концессиялық жобаның концессиялық ұсынысында бекітілген концессиялық жобаның тариф қалыптастыруымен байланысты экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне конкурстық құжаттама мен концессиялық жоба ТЭН-нің сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
      Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      24. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:
      1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен ұлғайтуға немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауға қол жеткізу және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;
      3) реттеліп және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
      4) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің шекті лимиті;
      5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;
      6) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері – пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне пайдалардың ішкі нормалары.
      25. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:
      1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;
      2) конкурстық құжаттаманың концессиялық ұсыныста және концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа тариф қалыптастыру параметрлеріне сәйкес келуі;
      3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты құжаттар тізбесін келісу;
      4) тариф қалыптастыруға байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;
      5) концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.
      Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
      26. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
      27. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беруге конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
      28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді, ол осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым көрсетілген ақпараттарды ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым қажет болған жағдайда тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға құжаттар топтамасының келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жібереді.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.
      Сұрау салуды жіберген күннен бастап және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Конкурстық құжаттаманы пысықтаған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.
      29. Конкурстық құжаттама сондай-ақ әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін қарастыруы қажет:
      1) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;
      2) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзінді.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда, әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.
      Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес - әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариус куәландырған құжат, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) сертификаты ұсынылады.
      30. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
      31. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі конкурстық құжаттаманы бекіткен күннен бастап 3 жылдан аспауы тиіс.
      32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 7-бабы 1-тармағының 2)3)4)5) және 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген тиісті бюджеттен шығындар тудыратын концессиялық жоба бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау және табыс алу көздерін ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу туралы ұсынымдарды қамтитын Заңның 15-2-бабының 6-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жоба бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.

Концессиялық жобаларды ұсыну,
қарау және іріктеу қағидаларына
қосымша         

Нысан

Концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды

Жобаның атауы


Жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның атауы


Жобаның мақсаты


Жобаның стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі


Жобаның құны, оның ішінде концессия объектісін құрудың және реконструкциялаудың құны


Жобаны іске асыру мерзімі


Концессия объектісін құрудың және реконструкциялаудың мерзімі


Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі


Концессия шартының түрі


Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары


Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым сараптамасының болуы


Өзгелер


Қорытындылар


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 427 қаулысына  
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен  
бекітілген      

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін
концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерінен өту тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
      Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды.
      3. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша беріледі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдауды, концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсына отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын Концессиялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
      4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін міндетті түрде мемлекеттік меншікке бере отырып, концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылуы тиіс.
      Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
      5. Мемлекет кепілгерліктері қазірдің өзінде тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша беріле алмайды.
      6. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
      7. Әлеуетті концессионер (қарыз алушы) концессиялық жобаларды іріктеу конкурсы шеңберінде мемлекет кепілгерлігін алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді әзірлейді және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
      8. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
      3) тиісті саладағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      4) концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      5) концессиялық өтінімді сараптаудың оң қорытындысының болуы;
      6) бұрын мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу немесе қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында төлеу мерзімі өткен басқа да берешегінің болмауы;
      7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде 20 (жиырма) пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;
      8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы.

2. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу тәртібі

      9. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлғаның (конкурстық өтінімі үздік деп танылған концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушының) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      10. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімге сараптамасының оң қорытындысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытынды әзірлеп, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша қорытындысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
      12. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жоба бойынша ақпарат дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, ол мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады.
      13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігін беру бойынша қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған кезде конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың балама көздерін қарау мақсатында келіссөз жүргізу процесін қайта бастайды.
      14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің немесе лимитінің көлемін ұлғайту шегінде әрбір концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      17. Мемлекет кепілгерлігі:
      1) концессия шартын жасасқаннан;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделгеннен және ұсынылғаннан;
      3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлемақысы (алымы) төленгеннен кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда, кепілгерлік шартын жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде беріледі.
      Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
      Қарыз алушы концессия шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.

3. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту тәртібі

      18. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
      1) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға конкурсты өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілсе және концессия шартының тараптары осындай өзгерістің немесе толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;
      2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісі құрылысының құнына объективті, концессионерге тәуелді емес себептердің (форс-мажорлық мән-жайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Берілген мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары:
      1) жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерліктерінің жалпы лимитінің болуы;
      2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жобаның ішкі кірістілігі нормасының сақталуы) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарының (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері) орындалуы;
      3) концессионер концессия объектісін салуға/реконструкциялауға салатын меншікті қаражатының мөлшерін концессия объектісі құрылысының ұлғаятын құнының кемінде 20 (жиырма) пайызын құрайтын мөлшерге дейін теңбе-тең ұлғайту;
      4) мемлекет кепілгерлігі сақтандыру шарты ұсынылмастан берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
      20. Концессионер концессия объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және салалық уәкілетті органға сараптауға және табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) келісуге жібереді.
      21. Салалық уәкілетті органның, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) оң сараптамаларын алғаннан кейін концессионер, мыналарды:
      1) салалық уәкілетті органның сараптамасын;
      2) жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптау қорытындысын;
      3) табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін келісу хатын, және;
      4) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың негіздемесі болып табылатын басқа құжаттарды қоса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін сараптамадан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым сараптаманы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алғаннан кейін концессионер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтуды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігі көлемін ұлғайтудың қаржылық сараптамасының оң қорытындысының негізінде кезекті қаржы жылы лимитінің шеңберінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      25. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекет кепілгерлігін ұлғайту көлемін айқындайды.
      26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі хаттамасының үзінді көшірмесін және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жібереді.
      27. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту мәселесі бойынша шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      28. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде концедент қаржылық және экономикалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.
      29. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін концессия шартына қосымша келісім жасалады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
      30. Концессия шартына қосымша келісім жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шартына қосымша келісім жасалады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 427 қаулысына    
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген        

Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін
әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.
      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) концессиялық жоба ТЭН-інің экономикалық сараптамасы – жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
      2) концессиялық жобаның ТЭН-і – маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
      3) ТЭН-ді түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және/немесе қосымша шығыстарға алып келетін бекітілген ТЭН-дегі жобаның техникалық-экономикалық параметрлерінің жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды бекіткенге дейінгі немесе бекітілген ТЭН-де көзделмеген қосымша құрамдауыштарын енгізуге байланысты жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бекітілгеннен кейінгі өзгеруі;
      4) концессиялық жобаның жүзеге асатындығы – жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган айқындаған концессионердің ішкі кірістілік нормасының мөлшерлемесі бойынша концессионер пайдасының оң таза келтірілген құны көрсеткіштерінің қолжетімділігі;
      5) концессиялық жобаның орындылығы – жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру мерзіміне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар концессиялық ұсынысқа сәйкестігі;
      6) концессиялық жобаның тиімділігі – жобаның бюджеттік тиімділігінің ең үздік нәтижесінің және концессиялық жобаны іске асыру кезіндегі әлеуметтік-экономикалық әсердің оң нәтижесінің қолжетімділігі.

2. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге
қойылатын талаптар

      3. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсаты жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу болып табылады.
      4. Кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, концессиялық жобаның ТЭН-ін түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
      5. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жобаның ТЭН-ге қойылатын талаптар осы Талаптарда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
      6. Әзірлеу немесе түзетудің нәтижелері бойынша концессиялық жобаның ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
      1) жобаның паспорты;
      2) кіріспе;
      3) институционалдық бөлім;
      4) маркетингтік бөлім;
      5) техникалық-технологиялық бөлім;
      6) қаржылық бөлім;
      7) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
      8) жобаның мемлекеттік бюджетке әсері;
      9) тәуекелдерді бағалау және бөлу;
      10) жоба бойынша тұжырымдар;
      11) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
      7. ТЭН-де жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша бөлімдер мен қосымшаларды қосуға рұқсат етіледі.
      8. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
      Жобаның паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) концессиялық жобаның ТЭН-іне тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
      2) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
      3) жобаның атауы;
      4) жобаны іске асыру орны;
      5) жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
      6) жобаның ауқымы;
      7) жобаның қуаты;
      8) жобаны іске асыру кезеңі:
      9) объектіні салу кезеңі;
      10) концессионердің объектіні пайдалану мерзімі;
      11) концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған, жобаның ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
      инвестициялық шығындар;
      пайдалану шығындары;
      өзге шығындар;
      12) концессиялық жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
      13) мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері;
      14) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар.
      9. «Кіріспе» деген бөлімде концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланатын саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
      10. Институционалдық бөлімде жобаның барлық тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы схемасы, концессиялық жобаның қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
      Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
      11. Маркетингтік бөлім жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
      Бөлім мыналарды қамтиды:
      1) сұраныстың сандық параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалау;
      2) тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
      3) жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндігін талдау;
      4) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгілі қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу;
      5) тұтынушылардың санаттары бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
      6) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
      7) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесі.
      Әрбір кіші бөлімде пайдаланылатын ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері көрсетіледі.
      12. Техникалық-технологиялық бөлім концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен құрамдауыштарын айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
      Бөлім мыналарды қамтиды:
      1) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
      2) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктері ескерілген көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
      3) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
      4) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
      5) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), «баға-сапа» оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды пайдалану;
      6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
      7) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
      8) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, концессияға беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
      Жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға теріс әсері ең төмен және жобаны іске асырудан барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер беретін шешімдер таңдалады.
      13. Концессиялық жобаның ТЭН-інде қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес орындалады.
      14. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама схемаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      1) жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
      2) пайдалану шығындарының есебі (өндірістік шығындар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
      3) өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (көрсетілетін қызметтер тарифтерінің) есебі;
      4) сатудан түсетін кірістердің есебі;
      5) ақша қаражаттары ағынының есебі;
      6) бөлінбеген және таза пайда есебі;
      7) инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасының және тәуекелдер түзетулерінің анықтамасы;
      8) ең аз шығындардың талдауы;
      9) ең көп пайданың талдауы;
      10) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value – NPV), кірістіліктің ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайдалар мен шығындардың, өтемділіктің дисконтталатын мерзімнің қатынасын талдау;
      11) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
      12) пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
      13) жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттілігінің, қаржылық тетігінің, борыштың қамтамасыз етілуінің, капиталдың кірістілігінің есебі;
      14) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
      Бөлімде формулалар мен қабылданған жорамалдар көрсетіле отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер тиісті түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде беріледі.
      Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған қорытындылары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық практиканы ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
      15. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жобаны ескермегендегі даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
      2) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
      3) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
      4) концессиялық жобаны іске асырған жағдайдағы саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық перспективаларын талдау, оның ішінде:
      5) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
      6) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
      7) нәтижелердің, салдарлар мен әсер етулердің, көбейтілген пайда мен шығындардың, тұтынушылардың қосымша пайдасының, қалпына келмейтін шығындардың, сыртқы әсерлердің, халықаралық әсерлердің, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындардың талдауы;
      8) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсерді есептеу;
      9) таза қоғамдық пайданың, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
      10) жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
      11) жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
      16. «Жобаның мемлекеттік бюджетке әсері» деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
      1) концессионер қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемі, олардың есептеулері және негіздемесі;
      2) жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктемені есептеу;
      3) концессия объектісін пайдалану кезінде мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдер;
      4) таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), кірістіліктің бюджеттік ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
      5) концессияның тиімді мерзімін айқындау;
      6) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың, жобаны тек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырудың салыстырмалы талдауы.
      17. «Тәуекелдерді бағалау және бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.
      Бұл бөлімде мыналар қамтылады:
      1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
      2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
      3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
      4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
      5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
      6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаты мен диапазонын, оларды төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
      7) тәуекелдерді жоба қатысушыларының арасында бөлуді талдау;
      8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау.
      Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
      18. «Жоба бойынша тұжырымдар» деген бөлімде мыналар сипатталады:
      1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
      2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
      3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды төмендету бойынша шаралар.
      19. Концессиялық жобаның ТЭН-і концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын кестелерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматындағы электрондық нұсқада ұсынылатын, жобаны іске асырудың қарастырылатын ТЭН-і нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден тұратын қосымшаны қамтиды.
      20. Концессиялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын, атап айтқанда:
      1) құрылыс құрамдастары болған кезде жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасын;
      2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасын;
      4) «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес банктік сараптаманы;
      5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы;
      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қоса бере отырып ұсынылады.
      Жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобалар бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
      1) құрылыс қызметін көздейтіндерге ТЭН-ге салалық, мемлекеттік, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге берілген тапсырмаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілер салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есептеулерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке тиісті құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері талап етіледі;
      2) инновациялық қызметті көздейтіндерге салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі.
      ТЭН-ді түзету кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына мына құжаттар ұсынылады:
      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстарды немесе концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша енгізілетін қосымша құрамдауыштарды көрсете отырып, өтінім беруші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұдан бұрын қарастырылған сараптама қорытындылары мен концессиялық жоба ТЭН-і бойынша құжаттар (бастапқы бекітілген ТЭН бойынша).

3. Концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар

      21. ТЭН сараптамасы екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, конкурстық құжаттаманың құрамында не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің құрамында ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін концессиялық жоба ТЭН-нің тиісті оң сараптамалық қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
      Концессиялық жобаның ТЭН-інің сараптамасын жүргізген кезде ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа сараптамалар талап етілуі мүмкін.
      22. ТЭН сараптамасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының сараптамасы шеңберінде не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің сараптамасы шеңберінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
      23. Құрылыс саласындағы концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
      24. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.