Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.11.2018 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары осы қаулыға қосышаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 226 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысымен бекітілген |
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық
ставкалары
Төлеушілер | Төлемақының жылдық ставкалары, % |
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары | 1,0620 |
Ұялы байланыс операторлары | 1,0620 |