Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары осы қаулыға қосышаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 226 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық
ставкалары
Төлеушілер |
Төлемақының жылдық ставкалары, % |
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары |
1,0620 |
Ұялы байланыс операторлары |
1,0620 |