Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысы.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 601-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 9 қарашадағы
  № 736 қаулысымен
  бекітілген

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелері

Төлеушілер

Төлемақының мөлшерлемелері, % *

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары

1,3992

Ұялы байланыс операторлары

1,3992

      * Ескертпе: 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 600-бабына сәйкес жылдық төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 9 қарашадағы
  № 736 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 135 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 145-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 251-құжат).

      4. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 443-құжат).

      5. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 226 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 20, 150-құжат).

      6. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 68-құжат).

      7. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 17 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 1, 10-құжат).