Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 189 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Әбдіқалықова |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Құл-Мұхаммед |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
Омаров |
- |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы |
Қайырбекова |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Ыдырысов |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қарабалин |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
Сәрінжіпов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Қаппаров |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі |
Мамытбеков |
- |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Дүйсенова |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Әзілханов |
- |
Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің төрағасы |
Есентаев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Әзімова |
- |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Тұрғымбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Тұрлыбекқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша) |
Ерімбетов |
- |
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Калюжный |
- |
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша) |
Назханов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша) |
Сабиров |
- |
«Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Сәрсембаева |
- |
«Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Шәуеев |
- |
«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының төрағасы (келісім бойынша) |
Сыдықов |
- |
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшылығының басшысы (келісім бойынша) |
Дүйшенов |
- |
«Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |