"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 189 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 29.12.2016 № 910 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1299 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сартаев                   – Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы
Исатай Бақтиярұлы           барлау қызметі директорының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Есентаев                  – Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Тастанбек Құтжанұлы         шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Бектұров                  – Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы              коммуникация вице-министрі

Ермегияев                 – «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық
Талғат Амангелдіұлы         компаниясы» акционерлік қоғамының
                            төрағасы (келісім бойынша)

      көрсетілген құрамнан Руслан Ысқақұлы Омаров, Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов, Әлішер Хабибұллаұлы Пірметов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов