Ескерту. 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі. ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығын қараңыз. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына және 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
3) «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 175 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін,
Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін
айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – сәйкестікті растау, аккредиттеу бойынша сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі – аттестат) және/немесе тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша сарапшы-аудитордың біліктілік аттестаты (бұдан әрі – біліктілік аттестаты), сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Қағаз жеткізгіште аттестат, біліктілік аттестатын, аттестаттың немесе біліктілік аттестатының телнұсқасын алу үшін жүгінген жағдайда, аттестат, біліктілік аттестаты, аттестаттың немесе біліктілік аттестатының телнұсқасы электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
аттестат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша жеке тұлғаға арналған өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
жеке тұлғаның сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында мына жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы есептер: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша – 5 (бес) есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда); жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні тағылымдамалар туралы менеджмент жүйесі (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда), аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда) – 4 (төрт) есеп; персонал – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (кемінде 3 есеп);
біліктілік аттестатын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша жеке тұлғаға арналған өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысқанын растайтын тағылымдамадан өткені туралы есептер – 10 (он) есеп.
Аттестаттың немесе біліктілік аттестатының телнұсқасын алу үшін:
Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы аттестаттың немесе біліктілік аттестатының нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, аттестатты немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы растама;
еркін нысандағы өтініш.
2) порталға:
аттестат алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
жеке тұлғаның сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында мына жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы есептер: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша – 5 (бес) есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда); жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні тағылымдамалар туралы менеджмент жүйесі (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда), аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда) – 4 (төрт) есеп; персонал – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (кемінде 3 есеп);
порталда біліктілік аттестатын алу үшін мынадай құжаттар қажет:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысқанын растайтын тағылымдамадан өткені туралы – 10 (он) есеп.
Аттестат немесе біліктілік аттестаты жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетінде» аттестаттың немесе біліктілік аттестатының электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-33-12, 79-33-14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін, Кеден
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
__________________________________________________________________
(аттестаттау органының толық атауы)
____________________________________________________________бойынша
(қызмет бағыты)
сарапшы-аудиторға кандидат ________________________________________
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Мені _________________________________________________ бойынша
(қызмет бағыты)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу саласындағы заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға міндеттенемін.
Қолы, күні
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін, Кеден
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін,
Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін
айқындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат
1. Аттестаттау түрі _______________________________________________
2. Аттестаттаудың ішкі түрі _______________________________________
3. Білімі туралы деректер _________________________________________
4. Аяқтаған оқу орнының атауы _____________________________________
___________________________________________________________________
Өтініш иесі туралы деректер:
8. Оқу орнын бітірген жылы _________________________________________
9. Диплом нөмірі ___________________________________________________
10. Диплом бойынша мамандығы _______________________________________
11. Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________
12. Ғылыми дәрежесі ________________________________________________
13. Сарапшы-аудитор аттестаты ______________________________________
14. Аттестат нөмірі ________________________________________________
15. Берілген күні __________________________________________________
16. Жұмыс орны _____________________________________________________
17. Лауазымы _______________________________________________________
18. Телефоны _______________________________________________________
19. Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________
Өндірістік қызметі туралы деректер
20. Еңбек қызметі (ұйым атауы, лауазымы, негізгі міндеттері,
өндірістік қызметті бастаған және аяқтаған күні көрсетілсін)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша жұмыстарға қатысқандығы туралы деректер
21. Тексерілетін кәсіпорын атауы
22. Тексерілетін кәсіпорын мекенжайы
23. Орындалған жұмыстар
24. Тексеру күні
25. Тексеру түрі
26. Тексерілетін кәсіпорын атауы
27. Тексерілетін кәсіпорын мекенжайы
28. Орындалған жұмыстар
29. Тексеру күні
30. Тексеру түрі
Біліктілікті арттыру туралы деректер
31. Күні __________________________________________________________
32. Оқыту түрі ____________________________________________________
33. Мамандандыру __________________________________________________
34. Куәлік № ______________________________________________________
35. Оқытуды өткізген оқу орталығы _________________________________
36. Күні __________________________________________________________
37. Оқыту түрі ____________________________________________________
38. Мамандандыру __________________________________________________
39. Куәлік № ______________________________________________________
40. Оқытуды өткізген оқу орталығы _________________________________
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан
|