Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 – 2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 – 2015 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 70-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1783 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2015 – 2016 жылдарға арналған
перспективалық жоспары
Р/с |
Заң жобасының атауы |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Ұсыну мерзімі |
||
Әділетмині |
Үкімет |
Парламент |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери мүлік айналымның мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қорғанысмині |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2 |
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚОСРМ |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
3 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Әділетмині |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
4 |
2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы |
ЭБЖМ |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
5 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы |
ЭБЖМ |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
6 |
Қазақстан Республикасында мөгедектігі бойынша асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Еңбекмині |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
2015 жылғы |
7 |
Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің |
ДСМ |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
8 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ДСМ |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
9 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ЭҚСЖКА |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
10 |
2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы |
ЭБЖМ |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
11 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы |
ЭБЖМ |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
12 |
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы |
ЭБЖМ |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
13 |
Өзін өзі реттеу ұйымдары туралы |
ӨДМ |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
2016 жылғы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭҚСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы)