Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 - 2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1554 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 – 2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 – 2015 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 70-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1783 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2015 – 2016 жылдарға арналған
перспективалық жоспары

Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Әділетмині

Үкімет

Парламент

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери мүлік айналымның мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

2015 жылғы
1-тоқсан

2015 жылғы
1-тоқсан

2015 жылғы
1-тоқсан

2

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚОСРМ

2015 жылғы
1-тоқсан

2015 жылғы
2-тоқсан

2015 жылғы
2-тоқсан

3

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

2015 жылғы
1-тоқсан

2015 жылғы
2-тоқсан

2015 жылғы
2-тоқсан

4

2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

ЭБЖМ

2015 жылғы
3-тоқсан

2015 жылғы
3-тоқсан

2015 жылғы
3-тоқсан

5

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ЭБЖМ

2015 жылғы
3-тоқсан

2015 жылғы
3-тоқсан

2015 жылғы
3-тоқсан

6

Қазақстан Республикасында мөгедектігі бойынша асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

2015 жылғы
3-тоқсан

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жылғы
4-тоқсан

7

Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің
кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру туралы

ДСМ

2016 жылғы
1-тоқсан

2016 жылғы
1-тоқсан

2016 жылғы
2-тоқсан

8

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

2016 жылғы
1-тоқсан

2016 жылғы
1-тоқсан

2016 жылғы
2-тоқсан

9

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭҚСЖКА

2016 жылғы
2-тоқсан

2016 жылғы
2-тоқсан

2016 жылғы
2-тоқсан

10

2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

ЭБЖМ

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

11

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ЭБЖМ

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

12

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

ЭБЖМ

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

13

Өзін өзі реттеу ұйымдары туралы

ӨДМ

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
3-тоқсан

2016 жылғы
4-тоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ЭҚСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы)