Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1524 қаулысымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
      34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
      Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.»;
      50-тармақта:
      2) тармақшада:
      бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
      2) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер қаулының жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі;»;
      79-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;»;
      91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «91. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары сараптамалық қорытындылар алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі, олар ұсынымдық сипатта болады және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.»;
      91-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.»;
      95-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда сараптамалық қорытынды қабылдамау себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс;»;
      Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Регламентіне 5-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат;):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:
      19-1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және заң жобасында салалық мүдделері қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелденген жазбаша негіздемелерін келтіруге тиіс. Мемлекеттік органдар өзінің ресми сайтында сарапшылық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша сарапшылық кеңес мүшелері мен өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды сақтайды;».
      3. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 190-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінде:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.»;
      4. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сараптамалық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген бірлестіктерінің, сондай-ақ мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың және мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптасады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір аккредиттелген бірлестігі мен мүдделі коммерциялық емес ұйым өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы сараптамалық кеңестің құрамына қатысады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік органның шешімі бойынша оның тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сараптамалық кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, сараптамалық кеңестер арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті кәсіпкерлер палаталарына, жобада салалық мүдделері тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім ол Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, немесе облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палаталарға, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аз болмауы керек.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
      сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсына орналастырады;
      сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
      сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде олардың жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде береді.»;
      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы ұйым сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық актiнi қабылдағанға дейiн олардың жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеге қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      5. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, бірлесіп дербес білім беру ұйымдарына және олардың Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.»;
      5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттiк тапсырманың орындалуына жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымның немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарының немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауын;»
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйым немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдары, дербес білім беру ұйымы немесе оның ұйымы шеңберінде мемлекеттiк тапсырма орындалатын республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне шартта белгiленген мерзiмде оның орындалу барысы туралы есеп бередi.».
      6. «Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1159 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сарапшылық кеңес, оған жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдарының мамандарын тартады.».
      7. «Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1038 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 935-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес бірдей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іздеуді жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің деректер базасы да пайдаланылуы мүмкін.».

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1524 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша      

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ

1

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)


2

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы


3

Заң жобасы бойынша бас комитет


4

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні


5

*Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары


6

*Заң жобасының ғылыми сараптамасы


*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


7

*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары


*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


8

*Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды


10

Балама жобалардың бар-жоғы


11

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


12

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган


13

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі


14

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)


15

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


16

Заңның күшіне енетін уақыты


17

Өзге де белгілер


      *Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1524 қаулысына     
2-қосымша         

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестер туралы 
үлгі ережеге         
қосымша           

_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің
ХАТТАМАСЫ

№ __________                       ______ жылғы «___» _______________

Күн тәртібі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,
сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктерінің
_____________________________________________________________________
  (нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған
                               мәселе)
қарауы туралы
1. Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз
ұсынғандар:
_____________________________________________________________________
                           (ұйымның атауы)
2. Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен
ұсынғандар:
_____________________________________________________________________
  (ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны,
            олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)
3. Сараптамалық қорытынды ұсынған жоқ:
_____________________________________________________________________
                           (ұйымның атауы)
4. __________________________________________________________________
        (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)    

      Сараптамалық кеңестің төрағасы

      Сараптамалық кеңестің хатшысы

      Ескертпелер:
      *Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)
      **Мұндай жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен
келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі
көрсетіледі.