"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 62 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |