"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы Жұманғаринге және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.09.2022 № 669 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |