"Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2024 № 151 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринге және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2024 № 151 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі С. Ахметов