Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 36-құжат);
      2) «Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 540-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.01.2015 № 18 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов